Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 15:46, реферат
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құрудың қазіргі кездегі қажеттілігін келесідей түсіндіріп өтуге болады. Яғни, статистикалық мәліметтерді тиімді жинақтап, топтарға құрып, жиналған мәліметтер негізінде кесте құру арқылы статистика саласындағы алға қойған міндеттерді айқындауға болады. Елдегі, жалпы қоғамдағы болып жатқан маңызды мәліметтерден нақты деректер алуға, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы,
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ, ЖӘНЕ КЕСТЕ ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕ АҚПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құрудың қазіргі кездегі қажеттілігін келесідей түсіндіріп өтуге болады. Яғни, статистикалық мәліметтерді тиімді жинақтап, топтарға құрып, жиналған мәліметтер негізінде кесте құру арқылы статистика саласындағы алға қойған міндеттерді айқындауға болады. Елдегі, жалпы қоғамдағы болып жатқан маңызды мәліметтерден нақты деректер алуға, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, халықтың әл-ауқаты, халық саны, қоғамның барлық салаларындағы ағымдағы мәліметтерден хабардар болуы үшін, нақты деректер негізінде арнайы мемлекеттік қорытындыларды жариялау үшін маңыздылығы жоғары болып отыр. Сондықтан Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құру кезінде статистика саласындағы мамандарға мәліметтерді тез әрі сапалы жинақтап, қорытынды шығаруға әрбір Қазақстандық азамат ат салысып, мекемелер, ұйымдардың қолдау көрсетулері маңызды.
Статистикалық мәліметтерді
жинақтау – арнайы жүйе бойынша
орындалған және қорытынды есептердің
көмегімен алғашқы
Жалпы, топтау келесідей түрлерге жіктеледі: -типтік, (әлеуметтік- экономикалық типі); -құрылымдық (бірыңғай жіктелу құрылымы); -аналитикалық (қоғамдық құбылыстардың ара байланыстығы мен тәуелділігінің алғашқы белгілерінің байланыстығын ашу)
Статистикалық мәліметтерді
топтау – алғашқы жинақталған
статистикалық мәліметтерді пайдалану
негізінде жатыр. Статистикалық
мәліметтерді жинақтаудың қорытындысын
негізінен статистикалық кесте
ретінде береді. Статистикалық мәліметтерге
кесте құру – зерттелген қоғамдық
құбылыстардың мазмұндамасына сәйкес
сандық (цифровой) талдау және арнайы формадағы
мәліметтер жинағы ретінде түсіндіріледі.
Статистикалық мәліметтерге кесте
құру мазмұнына қарай келесідей
топтарға бөлінеді: -жай (мұнда тек
зерттелетін объектілердің
Статистикалық қызмет негізінде деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды камтитын статистикалық ақпаратты өндіру процесі жатыр. Әрбір технологиялық кезеңнің оларды орындауға арналған стандарттарда сипатталған өз ерекшеліктері бар. Статистикалық деректерді өндірудің күрделі әрі ұзақ процесі статистикада бірыңғай ақпараттық жүйе құруды қиындатады. Сондықтан да осы уақытқа дейін ақпараттық технологияларды енгізу жекелеген кезеңдер мен процесстер үшін жүзеге асырылды. Бұл бағытта қазірдің өзінде бірқатар іс тындырылды: - барлық зерттеулер үшін деректерді енгізу мен өңдеуге арналған бағдарламалық кешендер бар, статистикалық сыныптамалар мен анықтамалықтар электрондық түрде ұсынылған және уақытылы жаңғыртылып отырады; - мемлекеттік статистикалық тіркелім жүргізу үшін ақпараттық жүйелер, деректердің серпінділік қатарларының базалары, статистикалық жарияланымдар базалары және басқалары енгізіледі; - қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, деректерді электрондық почтамен облыстық деңгейден республикалық деңгейге, сондай-ақ аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру жүзеге асырылады; - статистикалық ақпаратты тарату республикалық және облыстық деңгейлерде Интернет-сайттар, Web порталдар аркылы жүзеге асырылады, ал жергілікті желілер шеңберінде Интернет технологияларын пайдалана отырып деректер алмасу камтамасыз етіледі
Деректерді жинау, топтау, кесте құру Мемлекеттік статистикалық тіркелім және Әлеуметтік статистика үшін жасалатын тіркелім негізінде үйлестіріледі. Барлық кезеңдер мен процестер үшін сыныптамалар мен анықтамалықтардың жалпы базасы құрылады, бұл оларды пайдалануды оңтайландыруға және жүйе ішінде берілетін ақпараттың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Жүйе шеңберінде деректерді жинаудың, берудің, өңдеудің, сақтаудың және таратудың толассыз технологиясы пайдаланылады. Қызмет көрсету жүйелерін Интернет арқылы енгізу жолымен статистиканың пайдаланушылары мен респонденттері үшін сервис кеңейтіледі және жақсартылады.
Көптеген батыс елдерінде, мысалы, Италияда, ресми статистикалық мәліметтерді мемлекеттік статистика арқылы жинау ұйымдары мен жеке тұлға сұранысымен қаржыландыруы бойынша жүргізілуі мүмкін. Жалпылай алғанда отандық және шетелдердегі статистикалық жинақтардьң түрлері көп. Олар шолу жинақтары және арнайы жинақтар болып бөлінеді:
- шолу жинақтары, яғни мұнда жалпы мемлекет бойынша маңызды әлеуметтік-экономикалык көрсеткіштер керсетіледі;
- арнайы, жеке экономикалық сала бойынша материалдарды қамтиды.
Бұл жариялама түрінің ішінде бөлінетіндері: цифрлық, яғни тек сандық мәліметтерді қамтиды, ал, аналитикалық түрінде цифрлық материалдарды талдау арқылы жеке көрсеткіштерді есептеуде әдістемелер талқыланады.
Мәліметтерді жинау, топтаумен қатар оларды талдаумен айналысатын отандық статистикалық қызметтен шетелдердегі статистикалық қызметтің ерекшелігі - мәліметтерді талдау оларды жинау мен өңдеуден бөлек болуында. Көптеген елдерде статистикалық қызмет міндетіне статистикалық мәліметтерді талдау (интерпритация) кірмейді. Мұндай жұмыстармен көбінесе, ғылыми зерттеу институттары, мемлекеттік жоспарлау комиссиялары, сонымен бірге ресми емес статистикалық ұйымдары айналысады. Сондай-ақ, мұндай талдау жекелеген ұйымның бақылау мәліметтері негізінде жүзеге асуы мүмкін. Мұндай әрбір мекеменің зерттеу жұмысында жалпы ішкі өнім және оның компоненттерін бағалау, конъюктураны (кұрылымын) талдау және жобалау, «шығын-шығарылған өнім» кестесін құру, экономикалық салалық құрылымын талдау және тағы сондай сияқты өзінің арнайы бағыты болады.
Мәліметтерді жинау,
топтастырудың кейбір институттарында
әдістемелік жұмыстар жүргізіледі
және мемлекеттік мекемелерге
АҚШ-та мемлекеттік статистика орталықтанбағандықтан статистикалық мәліметтерді жинау, топтау және кесте құрумен министрліктер, ведомстволар және штаттардағы құзырлы орындар айналысады. Бірақ, сонда да мәліметтердің негізгі көлемі Сауда министрлігі қарамағындағы Санақ бюросы, Еңбек министрлігі қарамағындағы Еңбек статистикалық бюросы, Ауылшаруашылық министрлігіне қарасты ауылшаруашылық өнім түрлерімен қамтамасыз ету қызметі, Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі қарамағындағы халықтың табиғи өсім статистикасы арқылы алынады.
Статистиканың барлық саласындағы үйлесімділік жұмысы АҚШ президентінің басшылығымен Бюджет бюросы қарамағында құрылған статистикалық саясат бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Бұл бюро әдістемелік кеңес беру жұмыстарымен айналысады, статистикалық ұйымдардың бюджетін қарастырып, есеп беру формасын бекітеді және бөлімшелердің жұмыс жоспарын жасайды. Статистикалық мәліметтерді талдаумен айналысатын органдары: АҚШ Президентінің атқарушы аппаратына қарасты Экономикалық кеңесшілер комитеті, Экономикалық талдау бюросы, Федералды зерттеу жүйесін басқаратын бюролар, Отандық және халықаралық жұмыстарды басқару, Тұтыну және тамақтану институты.
Тұтастай алғанда реформалар жылдары ішінде мемлекеттік статистиканың түрлі статистикалық ақпараттың үлкен көлемін өндіруге бағытталған жаңа жүйесі құрылды. Өндірілетін статистикалық көрсеткіштердің тізбесі негізінен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Алайда статистикалық деректердің сапасына деген талаптардың қазіргі деңгейі өте жоғары. Сапа тұжырымдамасы статистикада уақыттылығымен және деректерді қамтумен шектелмейді. Ақпараттың ролі үздіксіз арта түсуде. Пайдаланушылардың қажеттіліктерін статистикалық жинақтармен немесе шығарылған өнімнің көлемі туралы ақпарлармен қанағаттандыру мүмкін емес. Статистикалық деректер күрделі эконометрикалық модельдерде, ғылыми зерттеулерде, маңызды сыртқы саяси мәселелерді болжауда және шешуде өте жиі пайдаланылады. Статистикалық деректер сапасының маңызды құрамдас бөліктері – пайдаланушылар үшін салыстырымдылығы мен ашықтығы.
Сонымен, алдымызда тұрған басты мақсат - статистикалық ақпараттың сапасын арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешумен қамтамасыз етілетін болады – бұл біздің басты ұсыныстарымыз:
- статистикалық жүйені
статистикалық қызметтің
- халықаралық ұсынымдар мен стандарттарды ұлттық деңгейде бейімдеу мақсатында статистиканың әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу және енгізу;
- мемлекеттік және
салалық бағдарламаларды
деректерді жинау, топтау, және кесте құру жөніндегі халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретін "Мемлекеттік статистика" бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйе құру;
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құрудың келесідей жетілдіру жолдары бар: - мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құрудың жаңа электрондық базасын құру; - Статистикалық мәліметтер: жинақтау, топтау, кесте құру бойынша “Мемлекеттік статистика туралы” Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
ҚОСЫМША: Статисткиалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру негізінде мысал ретінде, топқа жүргізілген статистикалық топтау:
Топ р/н |
Топтар бойынша баллдар (GPA)-орташа балл |
Студенттер баллдары (GPA)-орташа балл |
Студенттер аты-жөні |
I-топ |
2,33 – 2,64 б.б. |
2,33; 2,62 |
Альфламов Е, Садирова А. |
II-топ |
2,64 – 2,95 б.б. |
2,77; 2,73; 2,81; 2,83; 2,89 |
Курсаков Р., Оразалина Г., Ортабаева Қ., Рахимжанова Н, Айбекұлы Н. |
III-топ |
2,95 – 3,26 б.б. |
3,25; 2,99; 3,25; 3,24; 3,22 |
Оразбаева А., Тасболатов Д., Тлеукажиева А., Турсунгалиев Ж., Умирханова Г. |
IV-топ |
3,26 – 3,57 б.б. |
3,55; 3,49; 3,47; 3,50; 3,53 |
Нұрланова С., Сапарбек Б., Смагулова Д., Тұрарбеков Қ., Шапатова Б. |
V-топ |
3,57 – 3,88 б.б. |
3,85; 3,86; 3,79; 3,81; 3,83; 3,82; 3,84; 3,88 |
Шаяхметов Д., Қанатұлы М., Нұртаева Н., Халелов Д., Рахметханова А., Худашев Е., Теміржанова М., Төкенова Г. |
Информация о работе Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау