Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2011 в 23:00, реферат
Динамикалық қатарлар негізгі екі элементтен тұрады:
уақыт көрсеткіштері – t және қатарлардың деңгейі – У.
Уақыт көрсеткіштері арқылы күн, ай, тоқсан, жыл сияқты уақыт мезгілдері көрсетіледі.
Қатар деңгейі деп құбылыстың шамасын сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы сандық мәнін айтады.
Уақыт көрсеткіштеріне байланысты динамикалық қатарлар мезеттік және интервалды болып бөлінеді.
Мезеттік қатарда қатардың деңгейі құбылысты белгілі бір уақыт мезгіліне байланысты сипаттайды. Мысалы: оқу жылының басындағы студенттер саны, жыл аяғындағы жұмысшылар саны және т.б.