Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 14:47, реферат
Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тіркеу, жинау тәсілі айтылады. Мысалы, жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның өз аты – жөні, туған күні, айы, жылы, ұлты, ата – анасының ұлты, білімі, жұмыс істейтіндігі және басқа фактілер жазылады. Статистикалық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс ұйымдастыру - өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми мекемелердің қатысу арқылы жасалынатын жұмыс.
Кіріспе 2
Статистикалық бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және оның бағдарламасы 3
Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі формалары 5
Статистикалық бақылаудың түрлері 8
Статистикалық бақылаудың тәсілдері 10
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер тізімі 13
ЖОСПАР
Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тіркеу, жинау тәсілі айтылады. Мысалы, жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның өз аты – жөні, туған күні, айы, жылы, ұлты, ата – анасының ұлты, білімі, жұмыс істейтіндігі және басқа фактілер жазылады. Статистикалық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс ұйымдастыру - өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми мекемелердің қатысу арқылы жасалынатын жұмыс. Себебі, кез – келген статистикалық бақылаудың өзіне тән бағдарламасы, ұйымдастыру жоспарлары болуы керек. Ол үшін әр түрлі дайындық жұмыстары жасалынатын .
Жалпы алғанда, статистикалық бақылаудың алдына қойған негізгі мақсаты – зерттеліп отырған зерзаттар туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін, ғылымға негізделген, сапалы мәліметтерді белгіленген мерзімде жинау. Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында төмендегі талаптар толық орындалуы тиіс:
1.Халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы керек.
2.Жалпы жиынтыққа әсерін тигізетін себептерді анықтауы қажет және қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өзгерісте болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз етілуі тиіс. Себебі дұрыс ұйымдастырылмаған, толық қамтылмаған және жан-жақты қарастырылмаған бақылау процесіне талдау жасағанда нәтижелі қорытынды шықпайды. Мұндай жағдайда статистикалық бақылау өзінің әлеуметтік – экономикалық маңызы мен мәнін жоғалтады .
3.Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты, дәлдікті көрсетуі үшін оның сапалылығы жан-жақты, ұқыпты түрде, әрі өз уақытында тексерілуі тиіс. Өйткені, бақылау көрсеткіштеріндегі орын алған жетіспеушіліктер, кемшіліктер, ауытқушылықтар өңдеу процесінде толық түзету жасауға мүмкіндік бермейді. Осының салдарынан ғылыми негізіндегі қорытынды және экономикалық баланс жасауымыз қиындыққа әкеліп соғады, тұйыққа тіреледі.
4.Статистикалық
бақылау ғылыми негізде, алдын-
Сонымен, статистикалық бақылау кезінде бастапқы жиналған көрсеткіштерде көптеген кемшіліктер кездесетін болса, онда бақылау жұмысының қорытындысы нәтижесіз болып шығады және алдына қойған мақсатына жете алмайды. Мұның барлығы бақылау бағдарламасы мен ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жолға қойылмағандығынан туындайды.
Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың мәні. Статистикалық бақылауды жүргізбес бұрын оның ұйымдастыру жоспары жасалынады. Мұндағы негізгі қарастырылатын мәселе бақылауды жүргізбес бұрын оның ұйымдастыру жоспары жасалынады. Мұндағы негізгі қарастырылатын мәселе бақылаудың мәні мен маңызын, міндетін және алдына қойған мақсатына байланысты бастапқы мәліметтерді жинаудың формаларын, түрлерін, тәсілдерін, орнын анықтау болып табылады. Сондықтан бұларды нәтижелі шешу үшін алдын ала бағдарлама жасалуы тиіс. бірақ алдымен статистикалық бақылаудың мақсаты мен міндетті анықталады да, соңынан оның бағдарламасы жасалынады.
Ұйымдастыру жұмыстарының ішіндегі ең негізгісі - статистикалық бақылауды жүргізудегі алдына қойылған мақсат, оның өзі сол жүргізілетін зерттеудің мәні мен маңызына байланысты. Бұл дегеніміз бақылауды не үшін және қайда жүргізетінімізді, қандай мәліметтердің жиналатындығын, қалай өңдеу керек екендігін, қолданылатын кестенің пішінін және есептеу тәсілдерін анықтау болып табылады. Сол себепті статистикалық бақылауды ұйымдастыру және онң бағдарламасының жасау мағынасы жағынан өте күрделі жұмыс болып есептелінеді.
Статистикалық бақылау зерзаты (объектісі).
Статистикалық бақылаудың бағдарламасында зерзаты мен бақылау бірліктері дұрыс анықталуы тиіс. Статистикалық бақылау зерзаты дегеніміз – зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы. Мысалы, өнеркәсіпті зерттеу керек болса, онда бақылау зерзатына Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп орындары, ал ауыл шаруашылығын зерттеу қажет болса, онда ұжымшарлар мен кеңшарлар жиынтығы жатады. Ал халық санағын жүргізу қажет болатын болса, онда бақылау зерзатына республикамызда тұратын белгілі бір шекті мезгілдегі бүкіл халық жатады.
Статистикалық бақылау жұмыстарын ғылыми жүйеде ұйымдастыру кезеңіндегі ең бастысы - бақылау зерзатының шегін дұрыс анықталмаған болса, онда оның кейбір бөліктерінің зерттеуден тыс қалуы немесе зерттеуге жатпайтын мүлде басқа зерзаттардың кіріп кетуі де мүмкін. Сондықтан бақылау зерзатының шегін дұрыс анықтап алу зерттеу кезіндегі мәліметтердің анық та, қанық болып шығуына әсері өте зор.
Статистикалық бақылаудың зерзаттары бөлек элементтерден тұрады және оны нышандарына қарай бір – бірінен ажыратуға болады. Сондықтан, ол статистикалық бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Оны статистикалық бақылау бірлігі деп атайды .
Бақылау бірлігі деп, бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігін айтады .
Бақылау бірлігін анықтау – зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алдына қойған мақсатына, атқаратын міндетіне байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығын зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде өндірілген өнімнің көлемі, ал жалақы қорын зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде жұмысшылардың тізімдік саны алынады.
Статистикалық бақылау кезінде бақылау бірліктерімен бірге жиынтық бірліктері де қолданылады. Бірақ, оларды бір – бірінен ажырата білуіміз керек.
Статистикалық жиынтық бірлігі – жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгісі. Мысалы, республикадағы ұжымшарлардың, өнеркәсіп орындарының, халықтың жиынтық бірліктері болып ұжымшар, кәсіпорын және адам есептеледі. Статистикалық бақылаудың бағдарламасын жасайтын болсақ, ол – жиынтық бірлігі, ал бастапқы деректерді жинау туралы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізетін болсақ, ол – бақылау бірлігі болып саналады .
Статистикалық бақылаудың бағдарламасы. Статистикалық зерттеуді жүргізер алдында оның зерзатын, жиынтық және зерттеуді жүргізер алдында оның зерзатын, жиынтық және бақылау бірліктерін анықтағаннан кейін, негізгі бір ұйымдастыру жоспарына жататыны бақылау бағдарламасына жете дайындала білу. Статистикалық бақылау бағдарламасы деп зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды, жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығын айтады.
Статистикалық бланк дегеніміз – бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға және керекті мәліметтерді жинауға арналған бір рет қағаз. Статистикалық бланк – бұл бастапқы мәліметтерді сақтаушы, таратушы болып табылады. Бірақ, статистикалық бақылау формулярлары әр түрлі атпен аталуы әбден мүмкін.
Статистика органдары бастапқы мәліметтерді жинауда ұйымдастырудың негізгі екі жолын қолданады. Оның біріншісі – есеп беру, екіншісі – арнайы ұйымдастырылған бақылау.
Статистикалық есеп беру. біздің қоғамымызда статисти-калық есеп беру статистикалық бақылаудың негізгі формасы болып саналады. Себебі, бастапқы мәліметтердің көпшілігі бухгалтерлік есеп беру формалары арқылы жиналады. Демек, есеп беру деп кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, ұжымшарлар мен кеңшарлар және т.б. өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында керекті мәліметтерді статистика органдарына немесе тиісті орындарға тапсырып отыруды айтады.
Біздің қоғамымыздағы құбылыстар мен процестерге халық шаруашылық салалары бойынша зерттеу жүргізу есеп беру жұмыстарымен тығыз байланысты. Бірақ, әрбір сала өздері өндіретін өнімдердің түрлеріне , атқаратын істеріне қарай есеп беру жұмыстарын әр түрлі формада жүргізеді. Осыған орай статистикалық есеп беру екі түрге бөлінеді. Оның біріншісі – жалпы мемлекеттік есеп беру, яғни барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және шаруашылықтар өз жұмыстары туралы керекті мәліметтерді міндетті түрде тапсырып отырады. Екіншісі – ішкі ведомстволық есеп беру, яғни әрбір ведомствоның, министрліктің өздерінің ішкі істерін басқару үшін қолданатын мәліметтер жинағы . оны кейде оперативтік - жедел есеп деп те атайды.
Мемлекеттік және ведомствалық есеп беру формалары қолданылуына қарай бір үлгідегі және мамандандырылған болып екіге бөлінеді. Барлық халық шаруашылығы салаларына бір үлгідегі есеп беру формасында көрсетілетін көрсеткіштер ортақ, яғни бірдей формада беріледі.
Мамандандырылған есеп беру формасында әрбір кәсіпорын, мекеме ұжым немесе шаруашылық өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне байланысты ондағы көрсетілетін көрсеткіштер де өзгеріп отырады. Мысалы, Алматы тоқыма және темекі фабрикаларының өндіретін өнімдерінің түрлеріне қарай олардың есеп беру формаларында көрсетілетін көрсеткіштердегі айырмашылықтың бары немесе өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық арасындағы есеп беру формаларында өзгерістердің бар екендігі анық көрсетіледі .
Есеп беру формаларындағы мәліметтердің келіп түсуіне, жеткізілуіне қарай почталық және телеграфтық болып екіге бөлінеді. Негізгі, мәліметтер құжат түрінде почта арқылы жеткізіледі, ал телеграф, телетайп, телефон арқылы тек шұғыл көрсеткіштер ғана беріледі де, соңынан құжаттармен куәландырылады.
Әрбір есеп беру формаларында төмендегідей риквизиттер міндетті түрде көрсетілуі қажет:
1. Есеп беру формасының мазмұнын толық көрсететін аты;
2. Статистика агенттігінің бекіткен уақыт мерзімі және нөмірі;
3. Мәліметтердің есепке алынған уақыт мерзімі, кезеңі;
4. Есеп берудің кесімді уақыты;
5. Есеп берудің формасы жіберілетін мекеменің аты, мекен -жай;
6. Есеп беру формасын жіберген мекеменің аты, мекен –жайы;
7. Мекеме, кәсіпорын және шаруашылық бағынатын министрліктің аты;
8. Есеп беру формаларында көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығына, нақтылығына жауап беретін адамдардың қолдары мен аты – жөндері толық көрсетілуі керек.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды толығымен орындау есеп жұмыстарын басқару және оның дұрыс ұйымдастырылуы үшін өте қажет. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикамыздағы қолданылатын есеп беру формаларына айтарлықтай өзгерістер енгізуде және сандық, сапалық жақтарын қарастыруда. Барлық мемлекеттік органдарға, қоғамдық ұйымдарға, сонымен бірге кәсіпорындардың, мекемелердің, ұжымдардың басшыларына бекітілмеген есепберу формаларын жоюға және оны қолданғандарды жауапқа тартуға құқық берілген. Сондықтан, кез –келген зерттеу жұмыстары үшін мәліметтерді жинауда қолданылатын есеп беру формалары статистика органдарының келісімі бойынша ғана жүргізіледі .
Арнайы ұйымдастырылған бақылау. Әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестер туралы маңызды да мәнді мәліметтер есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайларда, немесе есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайларда, немесе есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайларда, немесе есеп беру арқылы жинауға мүмкіндік жоқ болса, онда сол керекті мәліметтерді жинау үшін арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, әр отбасының бала санын немесе әр отбасының азық – түлік және өнеркәсіп тауарларын тұтыну туралы мәліметтерді тек арнайы ұйымдастырылған бақылау арқылы ғана жинауға болады.
Кейінгі кезде біздің республикамызда әр түрлі арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, оған халық санағы, орнатылмаған құрал–жабдықтар санағы, орнатылмаған құрал–жабдықтар санағы, мал санағы, құнды материалдарды түгендеу, жұмысшылардың, қызметкерлердің және ұжымшар мүшелерінің отбасы бюджетін зерттеу және т.с.с. жатады. Осының ішіндегі ең негізгісі 9-10 жылда бір рет жүргізілетін халық санағы. Осындай арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жұмыстарының арқасында біз есеп формаларында көрсетілмеген көптеген қызықты мәліметтерге кезігеді .