Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 16:07, реферат
Қазіргі егемен республикамыздағы статистиканың дамуы еліміздегі статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Яғни, статистикалық теория мен әдістемелердің түбегейлі мәселелері зерттеліп, оларды пайдаланудың жаңа әдістері жасалады. Нарықтық экономикада 1996 жылы статистика туралы заң мен ереже кабылданды және оның негізгі міндеттері мен функциялары анықталды. Статистика органы халық шаруашылығы салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі болып саналады.
Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.
1. Статистика жөніндегі жалпы түсінік және оның даму тарихы
2. Статистиканың мәні және оның - теориялық негіздері
3. Статистика пәні және оның зерттеу объектісі (зерзаты)
4. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
3) статистика жаппай белең алған қоғамдық құбылыстарды зерттейді, яғни статистика көп заттардың санын олардың әр түрлі белгілері бойынша сипаттайды. Статистика статистикалық жиынтық, вариация, ва-риацияланатын белгілер, статистикалық заңдылықтар, көп сандар заңы сияқты категориялармен байланысты.
Статистика – қоғамдық ғылым, сондықтан басқа қоғамдық ғылымдар сияқты ол экономикалық теория мен философияға негізделеді.
Статистика және экономикалық теория. Статистик өзі зерттейтін құбылыстардың мәнін дұрыс түсіну үшін ол жаксы экономист болуы тиіс.
Статистик озық экономикалық теорияны басшылыққа ала отырып, статистикалық жинақтаудағы факторлардың жиынтығын ғылыми жағынан қорытады және оларды қойылған мақсатқа орай топтарға бөледі немесе біріктіреді. Ол қоғамның дамуының заңдылыктарын білген жағдайда статистика қоғамдық құбылыстардың нақты сандық сипаттамасын беретін көрсеткіштерді, топтар мен жіктемелерді анықтай алады.
Сонымен катар статистика
экономикалық теорияны
Статистика және философия. Статистикалық әдіснама диалектикалық және тарихи материализмнің жалпы заңдарына негізделеді.
Диалектикалық
таным әдісінің талабының бірі
- барлық құбылыстарды бір-
Диалектикалық
таным әдісінің екінші бір
ерекшелігі ретінде оның
Статистика, сондай-ақ санның жаңа сапаға көшудің диалектикалық заңына да сүйенеді. Даму санның шамалы әрі жасырын өзгеруінен түбегейлі және сапалы өзгеруге көшу ретінде қарастырылады. Сондай-ак статистикада кездейсоқ және қажеттілік, жеке дара және жаппай белең алушылық, жеке және жалпы сияқты ұғымдар диалектикалық түрде колданылады.
Қоғамдық
жаппай белең алған процестер
мен құбылыстардың заңдылығы.
Статистика жаппай белең алған
қоғамдық құбылыстардың
1) кұбылыстардың даму (динамикасының) заңдылықтары (мысалы, халық санының, өндіріс мөлшерінің, халықтың әл-аукатының деңгейінің, өнімнің өзіндік кұнының және т.б. динамикасы);
2) құбылыстар құрылымының өзгеру заңдылықтары (мысалы, қала халқының оның жалпы санындағы үлесі; салалардың өнеркәсіптегі техникалық прогресті қамтамасыз ететін үлестері; жекелеген өнімдердің халыктың тұтынуындағы өзіндік салмағының үлесі);
3) жиынтыктың
ішінде бірліктерді бөлу
4) жиынтықтағы вариацияланатын әр түрлі белгілердің бір-бірімен байланысты өзгеруінің заңдылықтары (өнімділіктің енгізілген тыңайткыш-тың мөлшеріне байланысты болуы, жүмысшылардың біліктілігінің жұмыс өтіліне байланысты болуы және т.б.).
Талдап қорытылған статистикалық деректер күрделі себептердің кешенінің ықпалынан пайда болады. Осы себептер кешенінің ішіндегі бір себептер негізгі, жиынтықтың бірліктері үшін ортақ, ал басқа себептер жеке бірлікке тән (бүкіл жиынтық үшін кездейсоқ) болады. Жаппай бақылаудың негізінде есептелген талдап қорытылған статистикалық көрсеткіштерде осы жеке себептер туындатқан салдарлар тегістіледі, ал бүкіл жиынтык үшін ортақ болып табылатын себептер айқын білінеді. Бұл орайда көп сан заңы осылай қолданылады.
3.Статистика пәні және оның зерттеу объектісі (зерзаты)
Қандай да бір пәнді оқып-үйренуге кіріспес бұрын, алдымен сол пәннің нені зерттейтінін, қайда және қандай тәсілдерді қолданатынын анықтап алуымыз керек.
Статистика - қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерің, ондағы сандык карым-катынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта жіне қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге, ілеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи жөне техникалық фак-торлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген өсерін аныктайды.
Табиғатында, статистика - жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау әдістемелерін аныңтайды. Сонымен, статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдері басқа ғылымдарда да қолданылады. Статистиканың сандық жағы дәл зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың, процестін көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер турінде сипаттауын айтады.
Сандық жағын оқып-үйрену жолдары төмендегідей:
1. Статистика қоғамдық құбылыстар көлемін, мөлшерін зерттейді. Сандық жағын зерттей отырып, көптеген қызықты көрсеткіштере тап боламыз және олардыдың қалай өзгергенін анықтай аламыз. Мысалы: халыңтың саны өндірілген өнім мөлшері.
2. Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді. Яғни, қай уақытта қанша болғандығын анықтайды.
3. Статистика қоғамдық құбылыстардың өзара карым-қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.
Жоғарыда көрсетілген 3 элемент - қоғамдық құбылыстардың сандық құрамының негізгі бөліктері болып саналады.
Статистиканың негізгі қасиеті - қоғамдық құбылыстардың өзгеруін сандық тұрғысынан қарастыра отырып, оның сапалық мәнін де аныктайды. Сандық және сапалык, көрсеткіштер бірімен-бірі өзара тығыз байланыста болады. Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуін айтады.
Статистика қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштерді қарастырады. Бұл элементтер жиынтың бірліктері деп аталады. Олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттерін статистика тілінде белгі деп атайды.
Белгілер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді. Сандық белгілердің жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі. Мысалы: стипендия немесе айлық табыс мөлшері, жүмысшылардың саны, өндірген өнімдердің көлемі және т.б. Ал сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі. Мысалы: жүмысшылардың мамандығы, өндірілген өнімдердің түрлері және т. б. Белгілер жиынтықтың әрбір бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болады. Оны статистикада өзгермелілік (вариация) деп атайды. Мысалы, эр жұмысшының алатын айлық табыс мөлшері әр түрлі болады.
Статистика мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен үрдісін сипаттайтын мәліметтерді жан-жаңты зерттейді. Басқару орындарына статистикалық, мәліметтер мен ақпаратты қажетіне қарай беріп отырады. Халықаралық деңгейде көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығы мен есептеу әдістерінің салыстырмалылығын камтамасыз етеді.
4. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері
Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге, статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылыңтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ басқа ғылымдар сияқты статистиканың да өзіне төн ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол әдістер өздерінің қолданылуын және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне қарай 3 сатыға бөлінеді. Олар мыналар: 1) статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау; 2) жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, өңдеу және жинақтау; 3) жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау, қорытынды жасау. Осы көрсетілген әдістер жиынтығы статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп аталады.
Статистикалық бақылау — статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы. Мұнда әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтер алдын ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізген әрбір фактіні өздеріне тән белгісіне қарай анықтау және нақты шындықтың толық қамтылуын, анық та дәл, нақты әрі керекті мәліметтерді жинау.
Бақылау кезінде жиналған мәлімет неғұрлым көп болса, көрсеткіштер соғұрлым толық және айқын болып келеді. Бұл - статистиканың үлкен сандар заңын қолдануы деген сөз. Мысалы, Ақтөбе қаласында туған балалардың арасында ұлдарға қарағанда, қыздардың саны көп болды делік, бүкіл Қазақстанға шаққанда бұл көрсеткіште өмірге жаңадан келген 100 қыз балаға 106 ұлдан келді. Ақтөбе қаласымен салыстырғанда республика бойынша жинақтаған мәліметіміз дұрыс. Дегенмен, статистикалық бақылау жүргізу кезінде кездейсоқ қателер болмай қоймайды. Алайда, олар математикалық статистика арқылы, яғни ықтималдықтар теориясы бойынша анықталады.
Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу, жинақтау. Бұл - статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып саналады. Осы әдісті қолдану кезінде статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер өзде-ріне тән жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға, іштей жіктерге бөлінеді. Олардың әрқайсысы статистикалық және көрсеткіштер жүйесіне сай сипатталады. Сондықтан зерттеудің бұл кезеңінде қоғамдық құбылыс-тардың топтық көрсеткіштері ірілендіріледі, жекелеген топтардың сапалық айырмашылығы анықталады және талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштері есептеледі.
Статистикалық көрсеткіштерді талдау, қорытындылау. Бұл - статистикалық зерттеудің соңғы, яғни үшінші сатысы. Мұнда жинақталған, топталған, өңделген статистикалық керсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Сондай-ақ, қорытындылаушы көрсеткіштер орташа, қатысты шамалар немесе өсіңкілік қатарлар, индекстік әдістер арқылы есептеледі. Олар статистикалық кестемен көрсетіледі немесе график арқылы бейнеленеді. Сонымен, статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау және солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады.
Қорытынды
Қазіргі кезде
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттары мен келісімдері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің өкімдерін басшылыққа алды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігі ұйымдық жағынан орталық аппараттан, оған тікелей бағынышты статистика агенттігі жөніндегі облыстық, Алматы қалалық басқармаларынан, Статистикалық зерттеулер институтынан және Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Есепке алу, статистика еңбек және жұмыспен қамту кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі риспубликалық салааралық институтынан құралады.
Орталық аппарат макроэкономика, өнеркәсіп және күрделі құрылыс, ауыл және орман шаруашылығы,сауда және қызмет көрсету, әлеуметтік және демография, баға, төлем балансы статистикасы және т.б. Бас басқармаларына, халық санағы бөліміне бөлінеді. Ал олардың өзі бірнеше бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады. Облыстық және Алматы қалалық Ұлттық статистика агенттігі өздеріне қарайтын қалалар мен аудандарда статистика инспектурасына немесе есептеу орталығына бөлінеді және олардың жұмысына тікелей басшылық етеді.
Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігіне қарайтын облыстық, қалалық, аудандық статистика органдары өз жұмыстарын жергілікті атқарушы органдарымен үйлестіріледі. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтежесі жайында оларды дүркін-дүркін хабардар етіп отырады. Статистикалық есеп жұмыстарында жіберілген кемшіліктерді жоюға, оны болғызбауға бағытталған ұсыныстар беріп, дер кезінде көмек көрсетіп тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі және оған қарасты ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Пайдаланған әдебиеттер
1. Ы. Әміреұлы. Статистиканың жалпы теориясы, А., Экономика, 1998
2. Теория статистики/под
ред. Р.А.Шмойловой, М.,
3. Гусаров В.М. Теория статистики, М.,Аудит,1998
4. Елисеева И.И.,
Юзбашев М.М.,Общая теория
5. Статистика. Курс лекции/под ред. В.Г.Ионина, М.,Инфра-М,2001
Информация о работе Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері