Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:02, реферат
Сапа— белгілі бір материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін пайдалы қасиеттердің жиынтығы. Беріктік, төзімділік, үнемділік, көркемдік-эстет., т.б. көрсеткіштерімен сипатталады. Сапа өміршеңдік циклінің сатысына қарай бағаланады: жобалау кезінде құрылғының (құралымның) Сапасы бағаланады; дайындау кезінде технологияның мүмкіндіктеріне сай келуі, пайдалану кезінде атқарымдық Сапасы бағаланады. Сапаны айқындайтын қасиеттер абс., салыстырмалы немесе үлестік болуы мүмкін және субъективтік, объективтік немесе сараптамалық жолдармен (мыс., квалиметриялық құралдармен) өлшенеді.