Негізгі капиталды бағалау түрлері,амортизациясын есептеу әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 18:58, реферат

Описание работы

Негізгі өндірістік капитал (қор, қаржы) – бұл өндірістік процестерде пайдаланатын құралдары. Негізгі өндірістік капиталға жатады: өндіріске қатысы бар бір жылдан артық пайдаланатын еңбек құралдары. Кәсіпорында сондай-ақ негізгі бейөндіріс капитал болуы мүмкін: тұрғын үйлер, мектептер, балалар мекемелері, мәдениет үйлері және т.б

Работа содержит 1 файл

негізгі капитал.docx

— 33.13 Кб (Скачать)

 Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.

 Жұмыс істеген  бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық  жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын  құнға немесе бастапқы және  тарату құндары арасындағы айырмаға  теңестірілуі тиіс.

  Амортизацияның әдістері 

 Амортизация  кәсіпорында ай басында бар  негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар  келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.

 Ол бухгалтерлік  есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы  мен амортизациясы» шотында жүргізіледі. 

 № 16 ХҚЕС  талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар: 

 • құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;

 • өндірістік әдіс;

 • кумулятивтік әдіс;

 • кемімелі-қалдық әдісі.

 Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.

 Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу  
 

мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

Амортизациялық  аударым негізгі құралдарды қайта  құру мен техникалық қайта жарақтау кезінде және ол толық тоқтап тұрған жағдайда, сондай-ақ толық амортизацияланған негізгі құралға есептелмейді.

 Халықаралық  практикада баяу амортизациясы  деп аталатын әдіс бар, мысалға,  күрделі пайыздық әдіс, бірақ  оны тек қана арнайы жағдайда  ғана пайдаланады. Бұл әдістің  мәні мына жағдайдан тұрады: онда  негізгі құралды пайдалануды  бірінші жылында тозу сомасы  аз мөлшерде есептен шығарылып,  ал келесі жылдары ол біртіндеп  арта бастайды. Амортизациялық әдіс  өзгертудің нәтижесі ағымдағы  және болашақтағы есеп беру  кезеңдерінде көрініс табады.

Сонымен, қозғалмайтын мүлік, ғимарат және жабдықтар (негізгі құралдар) - дегеніміз – материалдық активтер,оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданады және бір жылдан астам мерзім пайдаланылады, осы пайдалану мерзімде өз құнын амортизация арқылы бірте бірте өндірілген өнімге ауыстырады.

 Негізгі құралдардың  есебінде 4 ең маңызды әрекеттері  бар: 

- негізгі құралдардың  алынған мерзімдегі тіркелген  сомасы;

 - негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;

- қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;  
 
 
 

- негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.

 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар бухгалтерлік есепте жеке инвентарлық объект ретінде көрсетіледі , мысалы ғимарат бұл объектіге әрбір жеке тұрған ұй кіреді, сол сияқты жабдықтарда , сондықтан есепке аларда кіріс құжатында (паспорт) объектіге жататын құрылғылар (қосалқы бөлшектер)жазылу керек.

 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар (негізгі құралдар) ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі:

 салалар бойынша;

 бағыты бойынша; (өндірістік,өн.емес)

 пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына; (жер,жабдықтар,ғимараттар..) 9 түр.

 иелігі бойынша;(меншікті, жалға алынған,уақытша пайдалануда)

 пайдалану маңызы бойынша;(әрекетті, запастағы,әрекетсіз)

 мүліктік құрамы бойынша;(инвентарлық, инвентарсыз)

 салықтық нысандар бойынша (топталған, әр топқа өз шектелген норма белгіленеді).

 Шаруашылықтың әр саласында, натуральдық-заттық белгі бойынша,негізгі құралдар мынадай түрлерге бөлінеді:ғимараттар; құрылыстар; беріліс құрылғылары;саймандар;өндірістік мүліктермен иеліктер;шаруашылық мүліктері;үлкен жұмыс малы мен өсім малы; кітапхана қоры;жерді жақсартуға күрделі шығындар(ғимараттардан басқа);мұражай құндылықтарымен басқа объектілер;басқа да негізгі құралдар.

 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар (негізгі құралдар) қозғалысы №16 ХҚЕС –на сәйкес бағаланады: өзіндік құн (нақты) бойынша немесе бастапқы құн - бұл негізгі құралдарды салу немесе сатып алу бойынша нақты жұмсалған шығынның құны,бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар,сондай-ақ активтерді мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыстын күйіне келтіруге байланысты жеткізу,монтаждау,қондыру,іске қосу шығындары және кез келген өзге шығындар енгізіледі. Күрделі қаржы  
 

есебінен салынған (тұрғызылған) немесе сатып алынған  негізгі құралдар үшін бастапқы құны мүлік құны болып табылады. Ол мыналардан тұрады: ғимараттар мен құрылыстар үшін объектілер салу(тұрғызу)жөніндегі құрылыс және монтаж жұмыстарының шығындары, жобалау-іздестіру жұмыстары, сондай-ақ объектілердің мүліктік құнына бекітілген тәртіпке енгізуге жататын басқа шығындар.

 Негізгі құралдар  пайдалану процесінде бірте-бірте  тозады.Тозу – негізгі құралдардың  физикалық және моральдық сапасының  жоюлуы және осымен қоса құныныңда  жоюлуы.

 Физикалық  тозу- ол сырт түрі өзгергені,  ал моральдық –ол қазіргі талаптарға  сай еместігі (ғылыми және техникалық). Бухгалтерлік есеп принциптеріне  сәйкес негізгі құралдардың бастапқы  құны пайдалану мерзімінде шектеулі  норма есептелер бойынша амортизацияланады.Амортизация  кәсіпорынның шығындарында есептеледі (есептелмейді өнім беретін малдарға, кітапхана қорларына, консервацияға  салынған негізгі құралдарға).

 Амортизация  кәсіпорында ай басында бар  негізгі құралдарға есептеледі.Кіріске  алынған негізгі құралдар келесі  айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі  құралдар келесі айдан бастап  есептеуі тоқтатылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 1. «Бухгалтерлік есеп және Қаржылық есеп беру» туралы заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы. Астана, 2002 ж.

 2. Бухгалтерлік есеп, 2-ші басылым қаржы және статистика. Радостовец В, Капайлов Г.З, 1994 ж.

3. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.

Информация о работе Негізгі капиталды бағалау түрлері,амортизациясын есептеу әдістері