Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:15, доклад
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, , ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда, жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.
Қысқа
мерзімдік саясат инфляция қарқынын
уақытша төмендетуге бағытталад
Күнделікті сұранымды қысқарту аркылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады.
Инфляцияға қарсы саясаттық байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен калыптасады.
Инфляцияны
ауыздықтау үшін көптеген
елдер үкіметтсрі 60-шы жылдардан
бастап табыс пен бағаны реттеу
саясатын жүргізген еді.
Бұл саясат негізінен табысты шектеуге
бағытталған. Саясат инфляциямен
күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне
жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан
жеткізе бермеген. АҚШ тәжірибесі
көрсеткендей, табысты тежеу саясаты,
түптеп келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты
нәтиже бермеген. 1971-1974
жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей
реттеу тәртібін қолданған
екен. 70-жылдардың соңында табыс
пен бағаны тікелей реттеу
тәртібі жойылып, оның орнына орындауға
міндетті емес үкіметтің ұсынысы ретінде
сақталған болатын.
Ал 80-жылдардың басында
президент Р. Рейганның әкімшілігі
бұл мәселемен
айналысатын мемлекет мекемелерін
таратып жіберген.
Бағаның өсуі халықтың тағамды тұтыну мөлшеріне әсері
Қазір
әлемде баға бас бермей жер тарпып,
шарықтап тұр. Оған әсер етіп отырған
сыртқы факторларға – табиғи зардаптар,
доллар құнының түсуі, мұнай бағасының
өсуі, дағдарыс салдары, ішкі факторларға
– мемлекеттердің баға саясатындағы ұстанымдары,
экономикалық құлдырау және т.б. кіреді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының
мәлімдеуінше азық -түліктің құны (ішіне
негізгі тағамдар нан, сүт, етті қоса алғанда)
көтерілудің ең жоғары шегіне жақындап
қалған.
Ұйым жанындағы
азық-түлік және ауыл шаруашылығы органдарының
есептеуінше азық-түліктің негізгі 55 түрінің
бағасы өткен айда орта есеппен 1,3 пайызға
қымбаттаған. Бағаның 238 пункт бойынша
қымбаттауы рекордтық дәреже деп есептелсе,
қазір соның 234 пунктін артқа тастаған.
Жалғыз қанттың өзі алдыңғы айда 14 пайызға
бірден секірген. Сарапшылар қанттың бұлайша
аспанға самғау себебін құрғақшылықтың
кесірінен Бразилияда қамыс құрағының
өнімі азайғанынан іздейді. Осы ұйым мамандарының
айтуынша жыл ішінде тамақ түрлері 40% –
ға көтерілген. Бір қызығы осы уақытта
бидай, жүгері, соя бағасы төмен түскен.
Экономистер қымбаттау үрдісі келесі
жылы да сақталатынын, себебі азық-түлікке
деген сұраныс жыл сайын арта түсіп отырғанын
мәлімдеді. ТМД елдерінің кейбірінде,
соның ішінде Кеден Одағына кіретін Ресей
мен Беларусьта да баға біздегіден жоғары.
Әрине, жаһанды жаулаған
қымбатшылық бізге де соқпай өтпесін білеміз.
Қазақстанда инфляция көрсеткіші айтарлықтай
қорқыныш тудырмағанымен, алаңдатпай
қоймайды. 2010 жылдың ақпанымен салыстырғанда
биылғы жылдың ақпанында инфляция көрсеткіші
8,8 пайыз. Жыл аяғына дейін ол 10-11 пайызға
жетеді деген болжам жасалынуда. Оның
ақталар-ақталмасы алдағы айлардың еншісінде.
Әзірге Үкіметіміз экономикалық шаралар
қолдану арқылы (импортқа салықты азайту,
азық-түлік бағаларын себепсіз өсіруге
жол бермеу, т.б.) белгілі бір мөлшерде
инфляцияны тежеп, 2011 жылға болжанған
6-8 % төңірегінде ұстауға күш салуда.
“Ақша өссе болды, зат
та қымбатсып кетеді” дейді халық. Мұны
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
төрағасы Г.Марченко да жоққа шығармайды.
Төраға жуырда ғана: “Соңғы жылдары халықтың,
соның ішінде бюджет қызметкерлерінің
қаржылық кірісі өскені байқалды. Өз кезегінде
бұл жекелеген азаматтардың тұтыну жағдайын
арттыруы және сол арқылы инфляцияға әсер
етуі мүмкін” деген еді. Статистикалық
деректерге сүйенсек 0,8 пайыз инфляция
көрсеткішімен Орал облысы көш басында.
Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан
(0,6%), Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола
(0,5), Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл
(0,4), Қарағанды, Қостанай, Атырау, Алматы,
Ақтөбе (0,3%), Маңғыстау (0,2% ) облыстары және
Алматы (0,3), Астана (0,0) қалалары келеді.
Бағаның локомотиві – бұрынғысынша азық-түлік
тауарлары. Республикамыз бойынша орта
есеппен алғанда мамыр айында азық-түлік
бағаларындағы өсім – нан және жарма өнімдері
0,8%, арпа жармасы 6,6%, тары 4,6%, ұн 4,1%, қарақұмық
жармасы 3,9%, макарон өнімдері 3,6%, картоп
6,4%, жемістер 3,4%, кофе, шай, какао 1,9%, май
және тоңмай 1,4%, ет және құс еті 1,3%, алкогольді
ішімдік пен темекі 6,7%, киім мен аяқ киім
4,3%, су, газ, электр энергиясы, жағармай
5,9 % -ды құрады. Керісінше жұмыртқаның
10 данасы 17,7 %, жаңа терілген көкөністер
4,7% арзандады. Жағармай 3,4, дизель отыны
2,7 пайызға көтерілді. Жалпы ауыл шаруашылығы
өнімдері өткен жылғы маусым айымен салыстырғанда
3 % – ға өсіп, мал мен құстың құны 4,6, шикі
сүт 2,5 пайызға арзандағаны тіркелген.
Қызмет көрсету мен тұтыну тарифтері 5,1
пайызға жоғарылаған. Осыған қарамастан
Үкімет басшысы К.Мәсімовтің мәлімдеуінше
ІЖӨ көрсеткіші 7,1 пайызға артқан.
Ауданымызда
да инфляцияны жоспарлы мөлшерден асырмау
бағытында аудан әкімінің “Құрманғазы
ауданында инфляцияны тежеу жөніндегі
алдын алу шаралары туралы” №75 Қаулысы
қабылданған болатын. Оның орындалу барысы
туралы білмек ниетпен баға жөнінде мониторинг
жүргізетін аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөліміне хабарласып төмендегідей
мәліметтерді алдық. Бөлім басшысы Жандос
Бектеміровтің айтуынша аудан бойынша
13 сауда кәсіпорындары басшылары және
жеке кәсіпкерлермен – күнделікті қажетті
азық-түлік өнімдеріне, жанар-жағармайдың
қолда бар қорына бағаны себепсіз көтеруге
жол бермеу бағытында 2011 жылдың 9 ақпанында
жасалған меморандум бақылауда ұсталуда.
Сондай-ақ, құрылыс материалдарының бағалары
негізсіз өсіп кетуін болдырмау мақсатымен
аудан әкімшілігі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
мен шаруа қожалықтарының, жеке кәсіпкерлердің
қатысуымен жиналыстар өткізуде.
- Іс-шаралар жоспарының
ішіне азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай
бағасына мониторинг жүргізу, талдау жасау,
олардың қорларын жасақтау, қажеттілік
мөлшерін анықтау, арнаулы рейдтер ұйымдастыру,
негізгі тауарларды тасушылармен меморандумға
отыру кіреді. Қазір бәсекелестікті тауар
рыногында қалыптастыру, делдалдар құрылымын
азайту бағытында орталық базардан тауар
өндірушілердің өздері келіп сататын
қосымша орындар белгіленіп, халыққа қызмет
көрсетуде. Орталық базардан ауылшаруашылық
тауарын өндірушілер үшін ет өнімдеріне
10 орын, егін өнімдеріне 23, басқа азық-түлік
тауарларына 50 орын белгіленген. Котяев
– Астрахань тас жолының бойында округтердің
сұраныстарына сәйкес 4 шатырлы орындарда
жаз бойы бау-бақша өнімдері сатылып, жолаушылардың
қажетін өтеуде. Бұдан өзге аудан орталығында
жыл басынан бері жергілікті ауылшаруашылығы
өнімдерінің 18 жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жанар-жағармай бағасына күн сайын, негізгі
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің
қорларына әрбір сәрсенбі сайын мониторинг
жүргізіліп, облыстық кәсіпкерлік және
өнеркәсіп басқармасына мәліметтер беріледі,
– деді Ж.Бектеміров.
Енді осы мониторинг
көрсеткіштеріне тоқталғанды жөн санадық.
Бір келі бірінші сортты бидай ұны ( мұндағы
жақша ішіндегілер 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы
салыстырмалы бағасы) – 75 (53) теңге, жарма
– 120 (100), қарақұмық – 200 (120), сұлы – 150 (110),
ұнтақ – 130 (120), тары – 150 (100), картоп – 120
(100), сәбіз – 135 (120), пияз – 130 (100), қант –
200 (192), өсімдік майы – 300(230), сиыр еті -900
(800), шай – 1200(1065), бидайдан жасалған 600
грамдық нан – 50 (45), жағармайдың Аи- 80 маркасы
– 84 (71,9), Аи – 92/93 – 102 (90,7), дизелдік отын
– 87 (71,6) теңге. Макарон өнімдерінің 1 келісі
– 110, қызылша – 120, құс еті – 400, мәйекті
сыр – 1000, сары май – 350 теңге қалпында
өзгеріссіз қалса, күріш пен қырыққабат
– 20, он жұмыртқа 30 теңгеге арзандаған.
Мониторингтен көрініп тұрғанындай шайға
135, етке 100 теңге қосылып, басқа тағамдардың
көш басында келеді.
Инфляцияны қалай тоқтата аламыз? Сарапшылар
баға өсімін тежеу үшін Үкімет пен Ұлттық
Банк бірлесе қимылдап, бағалы қағаздар
рыногын жандандыруы, ақылы қызмет пен
коммуналдық салада тарифтердің өсуіне
мораторий жариялауы, өндіруші мен тұтынушы
арасындағы делдалдарды жойып, тауардың
тікелей қолға тиюін қамтамасыз етуі тиіс
деген пікірде. Баға бақылауда десек те,
әзірге түсетін түр байқатпайды.
Қорытынды.
Информацияның жеке жағдайлары тарихта орын алғанына қарамастан инфляция жаңа экономикалық фактор болып табылады. Инфляция – бұл көп факторлы үрдіс және монетаристердің көзқарасы бойынша инфляция – таза ақшалай құбылыс. Инфляция айтарлықтай дәрежеде сол немесе басқа елдің экономикалық дамуының нақты кезеңдерінің ерекшеліктерімен анықталады. Экономикасы әлсіз дамыған елдерде инфляциялық үрдіс кірістерге бюджеттік шығыстардың күрт жоғарлауымен болатын артық ақшалай эмиссияның анықтаушы әсерінде тұрады. Дамыған елдерде айналымда жүрген ақшалай салмақ орталық банктердің қатаң бақылауыда болады. Сондықтан ақшалай салмақтың айналым арналарының ернеулеуі болмайды.
Қазақстанда инфляцияның пайда болуына келесі себептер себепші болды: қоғамдық өндірістің терең деформациясы мен диспропорциясы; экономиканың құрылымдық ауытқуы; тауар өнімдерін өндірушілердің монополизмі; милитаризацияланған экономика; мемлекеттік бюджеттің ақшасын тиімсіз пайдалану. Қазақстандағы инфляциялық тетіктердің іс-қимылы мемлекеттік қаржыландырылумен және жеңілдік несиелендірумен ынталандырылды. Бағаны либерализациялау және өндірісті қысқарту кезінде осыған ерген жалақыны көтеру сұраныс инфляциясының өндірістің шығындар инфляциясына қайта өсуіне әкелді. Ақшалай жүйенің бұзылуы және елде қаржы шиеленісуін құру; айырбас үрдістерінің табиғилануы; ұлттық өнімді бөлудегі нақты өзгерістер; халықтың мүліктік қабаттасуының күшеюі; инвестициялардың қысқаруы; тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың әркелкі өсуі инфляцияның салдарлары болып табылады.
Экономикалық
өсімнің антиинфляциялық
Осылайша
инфляцияның әлсіруіне әлемдік
теория мен практикада жинақталған
қаражаттың бүкіл арсеналдарын онымен
күресуге әрекет жасағанда ғана, сондай-ақ
оны Қазақстанның жағдайларына үнемі
дағдыландыра отырып қол жеткізуге болады.
Қолданылған
әдебиеттер:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
Инфляцияның
экономикалық - әлеуметтік салдарлары
және антиинфляциялық саясат
Бағаның
өсуі халықтың тағамды тұтыну мөлшеріне
әсері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат