Құқықтық нормалардың құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 14:00, курсовая работа

Описание работы

Менің бұл курстық жұмысты жазу себебім осы құқық және құқық нормаларын қарастырғым келді. Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жи-ынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы әмір сүреді, коғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.

Работа содержит 1 файл

құқ. норма.doc

— 183.00 Кб (Скачать)

    Диспозиция  деп құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез-құлық ережелерін айтады.

    Диспозиция  құқықтық әдебиетте негізінде екі  түрге бөлінеді: баяндау тәсілі бойынша және құрылымы бойынша. Баяндау тәсілі бойынша диспозициялар жай, суреттемелік, сілтеме, бланкеттік болып бөлінеді.

    Жай диспозицияда бір жағдай болғанда құқықтық норманың жай диспозициясы бір ғана, нақтылы зардаптардың болуын бекітеді. Мысалы Қазақстан Республикасының, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 27-бабы уақытша тұрғындар жалдау шарты тоқтатылған жағдайда басқа тұрғын үй-жай берілместен шығарылатынын жай диспозиция мағынасымен бекіткен.

    Суреттемелік  диспозиция - субъектілердің мінез-құлықтарының негізгі нышандарын    ерекшелеу  сипатымен  айқынды бастапқылықпен баяндайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы (нормасы) ұрлықты «бөтен мүлікті жасырын ұрлау» деген суреттемесін диспозициямен сипаттау арқылы ұрлықтың мәнін көрсеткен. Азаматтардың мүліктері жасырын түрде ұрланса, ол ұрлық болып саналады. Немесе, 179-бап қарақшылықты «бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау» деген суреттемелік диспозициямен берген.

    Сілтемелік  диспозиция - норматиитік кесімнің баска баптарына, немесе нақтылы норманың баяндалған тармақтарына сілтеу жасайды. Негізінде құқық теориясында мұндай тәсіл көпсөзділікті шектеу және қайталауды тежеу мақсатында пайдаланылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 227-бабында сілтемелік диспозиция мына мағынада берілген: «Тексеру, куәландыру, эксгумация жүргізу туралы тергеуші осы Кодекстің 203-бабының талаптарын сақтай отырып хаттама жасайды». Қылмыстық кодекстің көптеген нормалары сілтемелік диспозициядан қалыптасқан. «Нақ сол әрекеттер» деген сөзбен баптың алдыңғы тармақтарына сілтеме жасалынған.

    Бланкттік диспозиция - құқық нормасы өзінің диспозициясында субъектілердің мінез-құлықтарын жалпылама бекітіп, басқа нормативтік-құқықтық кесімдерге сілтеме жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 8-тармағы «Республиканың заң және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен Парламент пен оның Палаталарының регламенттерімен реттеледі» деп басқа заңға бланкеттік диспозиция арқылы сілтеме беріп тұр.

    Құрылымы  бойынша диспозия жай, күрделі және балама (альтернативтік) болып қаралады.

    Жай диспозицияда мінез-құлық нақтылы мағынада, оның арнайы ерекшеліктері мен мазмұндық мағыналары айқындалып көрсетілмейді. Мысалы, «Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы» заңының 24-бабының 2-тармағында «Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп табылуы мүмкін»

    Күрделі диспозицияда - субъектілердің мінез-құлықтарының ерекшеліктерін, мазмұндық мағыналарын толық және жан-жақты дәрежеде ашып көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 129-бабында: «Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көріну жалған мәліметтер тарату» деген мағынамен жала жабудың барлық нышандары мен сипатын күрделі диспозициямен айқындап түр.

    Альтернативтік  диспозицияда — құқық субъектісі құқықтық қатынастарға түскен жағдайда мінез-құлықты өз тарапынан таңдап алуға мүмкіндігі болады. Мысалы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 15-нормасы «жер учаскелерінің мемлекеттік қажеттері үшін алынуына (сатып алуына) байланысты тұрғын үй беріледі немесе тұрғын үйдің нарықтық құны мөлшерінде өтемақы төленеді». Бұл норма құқық субъектісіне таңдап алу құқын беріп тұр.

    Сонымен қатар теорияда диспозиция өзінің формалық әлпеті бойынша тыйым салатын, міндеттейтін және құқық беретін түрлерге бөлінеді.

    Тыйым салатын диспозиция құқық субъектісіне арнайы бір әрекетті немесе әрекетсіздікті жасауға қатаң тыйым салады, оны құқық бұзушылық санатына жатқызады. Мысалы, «Неке және отбасы туралы» заңының 11-бабының диспозициясы некеге тұруға мынандай жағдайларда тыйым салады: «1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

  1. тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың);
  2. асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
  3. біреуін болса да психикалық ауруынын немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді». Немесе Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының З-тармағында:» Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынады» — деген тыйым салатын норманың диспозициясы бекітілген.

    Міндеттейтін  диспозиция — құқық субъектілеріне арнайы міндеттерді жүктейді және қажетті мінез-құлықты істеуді жа-риялайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-нормасының диспозициясы: «І.Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сактауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар намысын құрметтеуге міндетті».

    Құқық беретін диспозицияда субъектілерге құқық нормалары шеңберінде арнайы бір әрекеттерді іс жүзіне асыруға, әрекет жасауға құқық береді.Мысалы,Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 18-бабында: «Әркімнің жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге де хабарламалар алысу құпиясына құқығы бар» деген құқық беретін диегюзицияны бекіткен.

    Санкция — мемлекет тарапынан құқық нормасын субъектілерге қолданылатын жаза, заңды жауапкершіліктің түрлері. Мемлекет және құқық теориясында санкциялар құқық салалары бойынша, нақтылы дәрежесі бойынша және көлемі бойынша болып бөлінеді. Құқық салалары бойынша конституциялық,әкімшілік,қылмыстық, экологиялық, қаржылық және т.б. құқық салаларын қамтиды.

    Нақтылы дәрежесі бойынша санкция абсолюттік кесімді, салыстырмалы кесімді және альтернативтік болып бөлінеді. Абсолюттік кесімді санкция Кеңес үкіметі орнаған кезеңнің алғашқы жылдарында кеңінен пайдаланылды, жаза қолдану нақтылы сипаттан ада болды, тіпті «заңның барлық қатаңдығын пайдаланып жазаға тарту» деген абсолюттік кесімді ұғымдар бассыздыққа, репрессияға тікелей жол ашты. Қазіргі кезеңде абсолюттік кесімді санкциялар Қазақстаннның құқықтық жүйесінде жиі кездеспейді. Себебі, жазаның істеген әрекетіне қарай даралануына кедергі келтіреді.

    Салыстырмалы  кесімді санкцияда жазаның төменгі және жо-ғарғы шеңбері нақтылы көрсетіледі. Мысалы, 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, немесе 3 жылға дейін. Салыстырмалы-кесімді санкция Қазақстан Республикасының барлық кодекстерінде жиі кездеседі және бұл жаза судьяға жазаны даралауға, әркімнің істеген әрекетіне оның қауіптілігіне қарап жаза тағайындауға мүмкіндік береді.

    Альтернативтік санкция судьяларға құқық нормада көрсетілген бірнеше жазадан субъектінің жасаған құқықтық бұзушылығының ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты тандауға мүмкіндік береді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 105-бабы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін субъект «елу айлық есептік көрсеткіштен жүз елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады»

    Көлемі  бойынша санкция жай және күрделі болып бөлінеді. Жай санкцияда әрекет үшін бір ғана жаза көзделеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 159-бабының 5-тармағында есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәмле жарамсыз болатыны нақтылы көрсетілген.

    Күрделі санкцияда құқыққа қарсы жасалған әрекет үшін бірнеше жаза қолдану нақтылы нормада көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 179-бабының (Қарақшылық) «Г» тармағы белгіленген. Егер ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған қарақшылық — мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бұл күрделі санкцияға жатады. 
 

    1.2  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫН ІС-ЖҮЗІНДЕ АСЫРУ 

    2.1 Құқық қолданудың негізгі сатылары 
 

    Заң шығару, құқық нормаларын қабылдау қоғамдық қатынастарды реттеудің тек басы ғана. Сол қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерді іс жүзіне асыру, қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу, нормаларға қозғалыс, жан беру ең күрделі мәселелердің бірі. 1с жүзіне асырылмаған құқық нормалар тек ғана жақсы тілек ретінде қалып қояды, жансыз нәрсе ретінде қабылданды. Құқық нормалары қабылданғаннан кейін мемлекеттік аппараттың барлық буындары оларды іс жүзіне асыруға белсенді қызмет атқарулары тиіс, құқық жасаушы органдардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі алдына койған мақсаттары орындалуы тиіс. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асыру құқық нормаларының функцияларының формасы, олардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі қызметі. Егер қабылданған құқықтық нормалар іс жүзіне асырылып жатса, онда олардың әрекеті және күші бар деген мағананы білдіреді. Ал, қоғамдық қатынастарды реттеуде әрекетсіздік танытып жатса қағаз жүзінде қалып қояды. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асырудың мәні өте зор.

    Құқық нормаларын іс жузіне асыру деп құқық субъектілерінің құқық нормаларының талаптарымен келісіп, құқыққа сай мінез-құлықтың қалыптасуы, адамдардың өздеріне жүктелген субъективтік қуқықтары мен құқықтық міндеттерін іс жүзіне асырудағы қызметтерін айтады.

    Теорияда  құқық нормаларын іс жүзіне асырудың негізінде төрт әдісі бар: сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.

    Құқық нормаларын сақтау индивидтердін, субъектілердің мемлекет қабылдаған барлық нормативтік құқықтық кесімдерді саналы түрде сақтау. Адам өз тарапынан тыйым салатын және міндеттейтін құқықтық нормаларды сақтаулары тиіс. Сондай жағдайда ғана құқық нормалары іс жүзіне асады, құқық бұзушылыққа жол берілмейді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабы:

    1.«Әркім Қазакстан Республикасының Конституциясын 
және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бос- 
тандықтарын, абыройы мен ар-намысын  құрметтеуге міндетті».

  1. 2.«Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» — деген норманы бекітеді.[ Баянов. 624 б ]

    Бұл конституциялық норма аталмыш талаптарды сақтауға міндеттейді. Немесе, міндеттейтін нормаларды іс жүзіне асыру үшін субъект өз тарапынан, саналы түрдс белсенділік танытуы тиіс. Мысалы, Азаматтық кодекстің 337-бабы «Кепілпұл туралы келісім кепілпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бұл ереже нсгізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеп соқтырады». Белсенділік танытпай кспілпұлды жазбаша жасалмаса, құқық нормасының талаптары сақталмаған болып табылады, берілген ақша қайтарылмайды.

    Орындау арқылы құқық нормалары субъектінің белсенділігімен іс жүзіне асырылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Кылмыстық іс жүргізу кодексінің 451-бабы орындау мәселесіне байланысты мынандай норманы бекітеді: «Үкім орындалғанға дейін іс бойынша төрағалық етуші немесе сот төрағасы қамауда ұсталып отырған сотталушының еріне (зайыбына), жақын туыстарына олардың өтініші бойынша сотталушымен жүздесу және телефон арқылы сөйлесу мүмкіндігін беруге міндетті». Судья заң талаптарына сәйкес белсенді әрекет таныту аркылы сотталушының туыстарымен, бала-шағаларымен жүздесуіне барлык мүмкіндіктерді жасауы тиіс. Сонда ғана аталмыш құқықтық норма іс жүзіне асырылады, орындалады. Немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 647-нормасының 3-тармағы мынандай талаптарды орындауды міндеттейді: «Жасаулы әкімшілік қамауға әкеліп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен істің басқа материалдары алынған күні, ал әкімшілік ұстауға ұшыраған адам жөнінде — ол ұсталған кезден бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей қаралады». Бұл жерде судья істің қаралу мерзімін қатаң орындауға бағыттауы тиіс, барлық кимыл-әрекетін норманы орындауы тиіс. Бапта көрсетілген міндеттерін орындалмаса, шағым бойынша жауапқа тартылады.

Информация о работе Құқықтық нормалардың құрылымы