Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 11:16, реферат
Қазіргі кезеңде қоғам дамуының әр түрлі салаларында күрделі өзгерістер жүруде. Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырап, оның орнына тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, ол елдерде өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншікке негізделген қатынастармен орталықтандырылған жоспарлы шаруашылықтың орнына меншіктің көптүрлілігіне, нарықтық қатынастарға негізделген қайта құрылыстар іске асырылуда. Бұндай жағдайлар Қазақстан Республикасына да тән.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Саяси жүйе ұғымының қалыптасу кезеңі
ә) Саяси жүйенің түрлері
б) Саяси жүйенің құрылымы, атқаратын қызметі
III. Қорытынды
IV. Падаланылған әдебиеттер
Демократиялық елдердегі дәстүрлі қалыптасқан ережелерге, мәселен, азаматтардың саясатқа немесе мүдделер топтары арқылы қатысуын жатқызуға болады.
Ал, заңды ережелерді заң жүйесі анықтап отырады. Мысалы, заң арқылы анықталатын бостандық, еркіндік, құқықтар т.б.
Саяси принциптер мен ережелер саяси жүйенің нормативтік негізін құрайды. Саяси қағидалар мен принциптер саяси қатынастарды реттеуші қызметін атқарады. Бұлар арқылы әлеуметтік мүдделер саяси пікірлер ресми түрде қабылданады және бекітіледі. Принциптер мен ережелер арқылы басқарушы орган өз мақсат-міндеттерін халыққа жеткізіп отырады және қабылданған шешімдерді дәлелдеп, осыған сәйкес халықтық немесе адамдардың мінез – құлық үлгілерін анықтайды. Әдетте, принциптер мен ережелерде белгілі – бір нәрсеге тиым салынып немесе шек қойылып отырады. Сондай-ақ, олар адамдардың саяси санасы мен мәдениетін, мінез – құлқын қалыптастырады.
Саяси жүйенің қызметіндегі ең басты нәрсе – ол мүдделердің дұрыс есепке алынуы және оларды үйлестіру мен реттеу. Саяси жүйе қызметінің негізгі белгілері:
III.Қорытынды
Кез-келген қоғамның дамуы, ондағы қалыптасқан саяси жүйеге байланысты. Саяси жүйенің әр элементтері өз функциясын дұрыс атқаратын, жүйе жетілген, реттелген елдерде қоғам прогресс жолымен тезірек дамиды. Олай болмаған жағдайда – қоғам тоқырап, дағдарысқа ұшырап, кей жағдайда, Кеңес Одағындағы сияқты қоғамның ыдырауына алып келеді.
Қазіргі Қазақстанның саяси жүйесінің дамуынан, бүкіләлемдік елдердің өтпелі кезеңдегі даму тәжірибесіне тән құбылыстарды байқауға болады. Жалпы философияның заңдылығы бойынша ескі жаңаға өз орнын күрессіз бере қоймайды. Сол сияқты қазіргі Қазақстандағы қоғамның өтпелі кезеңінде – ескі әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен жаңа қалыптасып келе жатқан демократиялық жүйенің арасында күрес жоқ деп айтуға болмайды. Себебі ескі бірден жойыла қоймайды, жаңа аяқ астынан қалыптаспайды, оған белгілі уақыт беру керек. Сондықтан Қазақстанның қазіргі саяси жүйесіне, басқа елдердегі сияқты, өтпелі қоғамда болатын аралас жүйн тән. Басқарудың әкімшілік-әміршілік жүйесі мен демократиялық жүйе қатар өмір сүріп отыр. Біздің еліміздің даму тәжірибесі демократиялық басқару жүйесінің бірте-бірте орнығып келе жатқандығын көрсетеді.
Оның көрінісі: нарықтық экономикаға сай мемлекеттік басқару органдарының қалыптасуы, ондағы реформа; билік салаларының бөлінуі; үнемі жұмыс жасайтын қос палаталы парламенттің қалыптасуы; сот органдарындағы реформа; тәуелсіз ақпарат құралдарының жұмыс жасауы; цензураның жойылуы; оппозицияның ашық жұмыс жасауы; көппартиялық пен қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктердің жұмыстарына жол берілуі т.б.
Бұл шаралардан Қазақстанның саяси жүйесінің бірте-бірте демократиялық жүйеге айналып келе жатқандығын көреміз.
Шетелдік зерттеушілер өтпелі кезеңде автократия мен демократиялық элементтері араласқан құрылымның болатындығын айтқан. Оның айтуынша, егер өтпелі кезең жоғарыдан басқарылып отырса, онда билік басындағылар жаңа құрылымға авторитарлық тәсілдерді егу арқылы мүдделерін қорғауға тырысады. Шынында да, қазіргі Қазақстанның саяси жүйесіне әкімдерді тағайындау, депутаттыққа тізім арқылы сайлау, сенат депутаттарын халықтың сайламауы, кейбір оппозиция мен оның ақпарат құралдарына қосымшылық сияқты авторитарлық тәсілдер егілуде. Алда тұрған негізгі міндет: әкімшілік жүйеден тезірек арылу, демократиялық жүйені жылдамырақ қалыптастыру. Себебі әкімшілік жүйе орнығып алса, онан арылу қиын.
Саяси жүйенің дұрыс жұмыс жасауында оидерлердің атқаратын рөлі зор. Қазақстанның қазіргі саяси сахнасында, Елбасынан басқа, танымалы лидерлер аз. Сондықтан елдің болашағы нарық заңдылықтарын игерген, әкімшілдік санадан арылған, демократиялық көзқарастағы білімді, ел қамын ойлайтын лидерлерге байланысты.
Саяси жүйедегі әкімшілдік – бюрократиялық әдістің жойылмауы, жүйе шенеуніктерінің арасында орныққан сыбайлас жемқорлықтың кең тарауына байланысты болып отыр.
Соңғы кезеңде Қазақстанда көптеген саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар пайда болып, олар саяси жүйенің жұмысына тікелей араласуда. Бірақ бұл партиялар мен қозғалыстар, түрлі себептерге байланысты, саяси жүйеде аз функцияларын толықтай атқара алмай отыр.
Оның негізгі себептері: партиялардың бағдарламаларының әлсіздігі; халықтың басым көпшілігін қамтыған бұқаралық партияларға айнала алмауы; халық арасындағы беделінің төмендігі, тиімді жұмыс жасай білмеуіә; олардың арасындағы келіспеушілік, бағдарламаларының ұқсастығы; танымал партия лидерлерінің жоқтығы тағы басқа жағдайлар.
Сондықтан олар өз жұмыстарын түбірінен өзгертіп, бағдарламаларын қайта қарап, үкімет бағдарламаларына конкуренция құра алатындай, елді экономикалық дағдарыстан құтқару жолдарын көрсеткен бағдарламалар ұыснып, халық арасында кең беделге ие болған саяси күшке айналуы керек.
Сонда
ғана қоғамның саяси жүйесі
тәуелсіз Қазақстан экономикасының
гүлденуіне, халықтың әлеуметтік,
мәдени дамуына қызмет ететіндей,
елімізді өркениетті мемлекеттердің
қатарына жеткізетіндей жүйеге
айналады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Құсниденов С. “Қоғамның саяси
жүйесі”. Атырау, 2001
2. Кенжебаев
С. “Саясаттану негіздері”. Алматы,
1999
3. Жамбылов “Саясаттану негіздері ” Алматы, 1997