Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 13:57, реферат
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ
21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену
құқығы
Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.
Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары
Әрбiр бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясын
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк
қолдау
Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi.
Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және
асырау жөнiндегi мiндетi
1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкiлдерi өздерiнiң қабiлетi мен қаржы мүмкiндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.
2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге мiндеттi.
25-бап. Баланың ата-анасымен бiрге тұру құқығы
1. Баланың өз ата-анасымен немесе басқа да заңды өкiлдерiмен бiрге тұруға құқығы бар.
2. Баланың, ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң ықтиярынсыз баланы ата-анасынан немесе заңды өкiлдерiнен айыруға тыйым салынады. Оларды айыру туралы шешiмдi ерекше жағдайларда және баланы қорғау мақсатында қандай дәрежеде қажет болуына қарай сот қана қабылдайды.
3. Ата-анасы бiр-бiрiнен бөлек тұрған жағдайда баланың тұратын жерi ата-анасының келiсiмiмен, ал ол болмаған жағдайда, ата-аналар арасындағы дау сот арқылы шешiледi. Бұл орайда сот бала ата-анасының жеке қасиеттерi мен жағдайларын, сондай-ақ баланың мүдделерi мен пiкiрiн ескередi.
26-бап. Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен
қарым-қатынас жасау құқығы
1. Баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар.
2. Бала құқығын шектеуге байланысты туындаған, осы бапта көзделген даулар сот тәртiбiмен шешiледi.
5-тарау. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ
ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға оның мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйк
2. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға белгiленедi, ал қамқоршылық он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға белгiленедi.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық органдары болып табылады.
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның iшiнде тәрбиелеушi, емдеушi немесе басқа мекемедегi балаға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйк
5. Аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi бар балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленген жағдайда, олардың бiрге тұруы үшiн жағдай жасалады.
Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
28-бап. Бала асырап алу
Отбасында өсiрiп-жетiлдiру мен тәрбиелеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала Қазақстан Республикасының заңдарында бел
29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты
өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оны отбасында тәрбиелеуге беруге мүмкiндiк болмаған жағдайда, тәрбиелейтiн, емдейтiн немесе сол сияқты өзге де балалар мекемелерiне орналастырылуға тиiс.
2. Балаға тиесiн алимент, жәрдемақы және басқа әлеуметтiк төлемдер оның банк шотына аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен төленедi.
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелердегi балаға отбасылық тәрбиеге жақындатылған жағдай жасалады. Баланың күтiп-бағуды пайдалануға, тәрбие, бiлiм алуға, жан-жақты дамуға, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, өз мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiне, ана тiлiнiң, мәдениетiнiң, ұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрiнiң сақталуына құқығы бар.
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетiн, емделетiн және сол сияқты өзге де мекемелердiң аталған мекемелердегi балаларға қатысты педагогикаға жат немесе азғындық әрекеттер жасаған қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйк
5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және соған ұқсас басқа да мекемелердегi баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды, оның жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айрылған жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiледi.
Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi
функцияны жүзеге асыратын ұйымдар
1. Балалар үйлерiне туғаннан бастап үш жасқа дейiнгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды Балалар үйiнде уақытша күтiп-бағу үшiн арнаулы бөлiмше ашылады.
Мамандандырылған Балалар үйлерiне туғаннан бастап төрт жасқа дейiнгi, психикасының және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балалар қабылданады.
Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына он бiр жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, мiнез-құлқы ауытқымалы балалар орналастырылады.
Интернаттық ұйымдарға үш жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.
Жалпы үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектеп-интернатқа жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ күн көрiсi төмен және көп балалы отбасылардың алты жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, осы үлгiдегi ұйымдарда күтiп-бағылуға қайшы келетiн медициналық көрсеткiштерi жоқ балалар қабылданады. Интернаттық ұйымдар кәмелетке толмағандарға тұратын орын бере отырып, тәрбиелеуге, бiлiм беруге және күтiп-бағуға мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз етедi.
Ақыл-есi кем балаларға арналған интернат-үйлерге төрт жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, күтiп-бағуды, медициналық, тұрмыстық қызмет көрсетудi және әлеуметтiк-еңбекке бейiмделудi қажет ететiн балалар қабылданады.
Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарына он сегiз жасқа дейiнгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарына қабылдаудың және оларды күтiп-бағу жағдайының тәртiбi отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйлерi туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқ
Балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң шешiмi негiзiнде балалар үйлерi мен балалар ауылының жиырма үш жасқа дейiнгi түлектерi, он алты жастан бастап балалар ауылы мен балалар үйлерiнен көшiрiлген тәрбиеленушiлер Жасөспiрiмдер үйлерiнде әлеуметтiк бейiмделуден өтуi мүмкiн.
Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарына қадағалаусыз және қараусыз қалған үш жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi балалар олардың ата-аналарын немесе басқа заңды өкiлдерiн анықтау үшiн қабылданады.
2. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға балаларды қабылдау және оларды күтiп-бағу талаптары, осы Заңмен белгiленбеген бөлiгiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
6-тарау. МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
31-бап. Мүгедек баланың толымды өмiрге құқықтары
1. Мүгедек баланың қоғам өмiрiне белсене араласуына ықпал ететiн өз қадiр-қасиетiн қамтамасыз ету жағдайындағы толымды өмiрге денi сау балалармен бiрдей құқығы бар.
2. Мүгедек бала өзiнiң дене бiтiмiне, ақыл-ес қабiлетiне және тiлегiне сай бiлiм алуға, қызмет түрi мен кәсiптi таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға құқылы.
3. Ақыл-есiнiң немесе дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларды қоса алғанда, мүгедек балалар мамандандырылған балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтiк көмек алуға құқылы.
32-бап. Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы
мемлекеттiк кепiлдiктер
1. Мемлекеттiк органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүгедек баланың денсаулық жағдайын, қажеттерi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, оны оқыту, кәсiптiк даярлау, лайықты жұмыс тауып беру және жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.
2. Мүгедек балалардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, оларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жеке жүзеге асыратын және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен жеңiлдiктер белгiленуi мүмкiн.
33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттiк көмек
1. Мемлекет мүгедек балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық шаралар кешенiн жүзеге асырады.
2. Мүгедек балаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк көмек Қазақстан Республикасының заңдарымен бел
3. Мүгедек балаларды тәрбиелеушi және оларды күтiп-бағуды жүзеге асырушы ата-аналардың және басқа да заңды өкiлдердiң мемлекеттiк көмек алуға құқығы бар.
7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ
34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу
1. Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерiмен, рухани қазыналарымен және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiмен танысуына мүмкiндiк жасайды.
2. Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабiлетiн дамыту үшiн ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио хабарларын шығаруды, балаларға арналған газеттер, журналдар, кiтаптар басып шығаруды көтермелейдi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.
3. Порнографияны, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететiн және құқық бұзушылыққа ықпал ететiн бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиеттi, ойын-сауық және басқа iс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады.
35-бап. Бала және дiн
1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, бiлiм беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.
2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге тарту жөнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.
36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан
қорғау
1. Мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтiретiн әлеуметтiк ортаның, ақпараттың, насихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi.
2. Салауатты өмiр салтын насихаттау мен балаға құқықтық бiлiм берудi мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бiрi деп таниды.
3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттiң салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтiру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс.
4. Баланың заңды өкiлдерiнiң ертiп жүруiнсiз түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) ойын-сауық мекемелерiнде болуына, сол сияқты онда жiберiлуiне тыйым салынады.
5. Заңды өкiлдерi ерiп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуына тыйым салынады.
Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 176-IV, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi
бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау
1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкiлдерi, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.
2. Балаға алкогольдi iшiмдiктердi, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.
4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерiнде, сондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде шылым шегуге, темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
5. Балалар мекемелерiнде, бiлiм беру ұйымдарында және оларға iргелес жүз метр радиустегi аумақта алкоголь өнiмдерiн сатуға тыйым салынады.
38-бап. Баланы есiрткi, психотроптық, күштi әсер
ететiн немесе улы заттардан қорғау
1. Бала есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн немесе улы заттарды қолданудан, оларды дайындаудан, сатудан немесе өзге де жолдармен таратудан қорғауға тиiс.
2. Баланы есiрткi, психотроптық заттарды тұтынуға тартқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында бел
39-бап. Баланы оның денсаулығына, имандылық және рухани
жағынан дамуына зиян келтiретiн ақпараттан қорғау
Информация о работе Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар