Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 13:59, курсовая работа
Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік
Бұл курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарау «Саяси жүйе» деп аталады. Қоғамның саяси жүйесі- бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табынушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.
Саяси жүйенің екінші түрі- дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес дамуы.
Саяси
жүйенің үшінші түрі- ХХ ғасырда
қалыптасқан аралас мемлекеттік
құрылыс- конвергенция теориясы. Капитализм
мен социализм қоғамының
Екінші тарауда азаматтық қоғам және оның мазмұны, белгілері көрсетілген. Азаматтық қоғам- мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік- экономикалық және мәдени- рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге- аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Үшінші тарау екі
бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қоғамның
саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен
ролі көрсетілген. Саяси жүйенің ең күрделі,
ең маңызды элементі- мемлекет. Саяси жүйенің
қоғамды басқарудағы ең орталық буыны-
мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің
билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын
ең негізгі аппараты. Екінші бөлім «Қоғамның
саяси жүйесінің даму заңдылықтары» деп
аталады. Саяси жүйенің даму заңдылықтары
дегеніміз- қоғам өмірінің әр кезеңінде
саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп
саяси жүйесінің объективтік, тұрақты
даму процесінің заңдылықтарына айналуы.
Пайдаланған
әдебиеттер