Нотариустардың құқықтық дәрежесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 16:55, реферат

Описание работы

Адвокаттық пен нотариустық қызметті лицензиялау ісі алдағы уақыттарда облыстарда да жүзеге асырылуы мүмкін АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат/ Айбын Бақытұлы/ -Әділет министрлігі адвокаттық және нотариаттық қызметті лицензиялау ісін алдағы уақытта облыс орталықтарында да жүзеге асыруы мүмкін. Бұл туралы бүгін, шілденің 26-сы күні өткен Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әділет министрі Зағипа Балиеваның айтуынша, адвокаттық пен нотариустық қызметке лицензия алу үшін үміткерлердің барлығы Астанаға келіп, Аттестациялық комиссиядан өтеді. Қазір осы қызмет түріне лицензия алғандар Алматы мен Астанада артығымен десе де болады. Бірақ, аудандар мен ауылдардың халқы бұл қызметті әлі күнге пайдалана алмай отыр.

Содержание

Негізгі бөлім
1. Нотариустардың құқықтық дәрежесі
2. Жекеше нотариус
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (4).doc

— 95.50 Кб (Скачать)

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

    1. Нотариустардың құқықтық дәрежесі
    2. Жекеше нотариус

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 
 

Адвокаттық пен  нотариустық қызметті лицензиялау  ісі алдағы уақыттарда облыстарда да жүзеге асырылуы мүмкін                                                                                                                                                      АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат/ Айбын Бақытұлы/ -Әділет министрлігі адвокаттық және нотариаттық қызметті лицензиялау ісін алдағы уақытта облыс орталықтарында да жүзеге асыруы мүмкін. Бұл туралы бүгін, шілденің 26-сы күні өткен Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әділет министрі Зағипа Балиеваның айтуынша, адвокаттық пен нотариустық қызметке лицензия алу үшін үміткерлердің барлығы Астанаға келіп,               Аттестациялық комиссиядан өтеді. Қазір осы қызмет түріне лицензия алғандар Алматы мен Астанада артығымен десе де болады. Бірақ, аудандар мен ауылдардың халқы бұл қызметті әлі күнге пайдалана алмай отыр. Әділет министрлігінің деректеріне қарағанда, өткен жарты жылда азаматтардан түскен 47 шағымның 36-сы адвокаттардың әрекетіне қатысты болған. Тексеру барысында осы шағымдардың 10-ы бойынша деректер расталып, 4 шағымға байланысты қылмыстық іс қозғалса, қалғандары бойынша тәртіптік шара қолданылған. 17 адвокаттың лицензиясы тоқтатылып, сот шешімі бойынша екі адвокаттың лицензиясы қайтарып алынған. Сол секілді нотариустарға байланысты түскен шағымдардың 4-уі негізді, 31-і негізсіз деп танылып, 5 нотариустың лицензиясы тоқтатылған және 3-еуінің күші жойылған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Негізгі бөлім  

  1. Нотариустардың  құқықтық дәрежесі
 
 «Нотариат туралы» заңның 6 бабына сәйкес жоғары заң білімі бар, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған, Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады. Өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен соттылығы алынған, белгіленген тәртіппен іс - әрекет жасауға қабілетсіз немесе іс әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулі деп танылған адам нотариус бола алмайды. Сонымен қатар, өзіне қатысты ақталмайтын негіздер бойынша. Қылмыстық іс тоқтатылған, лицензиясы кері қайтарылып алынғандықтан немесе нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарының бұзылуына жол бергені үшін, мемлекеттік нотариус қызметінен босатылғандықтан, нотариаттық қызметті тоқтатқан адам да, осындай оқиға болғаннан кейін 3 жыл бойы нотариус бола алмайды.                                             Заңның 17 бабында нотариустардың құқықтары бекітілген, яғни нотариус құқылы.                                                                                                                                  Нотариустар мынандай қызметтер, яғни клиенттердің құжаттарын бекіту және нөмірлеу және құжаттардың көшірмелерін т.б. бекітумен айналысады. Нотариустардың құқықтарына сондай ақ көмекшілері мен сынақтан өтушілерін игеру құқығын жатқызуға болады. ҚР азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады. Оған арнайы білім талаптары қойылмаған. Азаматтық заңнаманың жалпы ережесі бойынша, ол толық әрекетке қабілетті болуы тиіс. Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын, нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы. Нотариустың нұсқауымен берілген тапсырмаларға Клиентпен ұсынылған құжаттарды тексеру, мәмілелерді жасау түрлерін қарау, нотариустың болмауына байланысты нотариалдық құжаттарды алу уақытын клиенттер үшін маңыздылығын талқылау. Статистикалық есеп тапсыру үшін мәліметтерді дайындау, кіріс және шығыс жіберілімдерін тіркеу, істің наменклатурасы бойынша құжаттарды тігу, телефон байланыстары бойынша хабарламаларды қабылдау, құжаттарды тізімдеу және әзірлеу жатады. Көмекші шарттық төлем немесе жалақы ала алады. Ресей Федерациясында нотариустың көмекшісі жоғары заң білімін игеруі тиіс.                                                                     Жоғары заң білімі бар және аттестаттаудан өткен, ҚР азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер сынақтан өту туралы шарт негізінде бір жыл мерзімге жеке тәжірибемен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өтеді.                               Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар адамдар үшін аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен сынақтың мерзімі қысқартылуы мүмкін. Сынақтың ұзақтығы үш айдан кем болмауы керек.                                                                                                                        Нотариустардың сынақтан өтушілердің сынақтан өтуінің тәртібі, мерзімі мен шарттары ҚР Әділет министрлігі бекіткен 2003 жылы 20 тамыздағы нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережемен белгіленеді. Сынақтан өту мерзімі, сынақтан өтушілердің мамандық белгілері және жұмыс тәжірибесі, сынақты тіркеудегі сынақтың жетекшісінің наразылығының негізінде, сондай ақ ережемен көрсетілген әңгіме өткізу тәртібінің нәтижесі бойынша қысқартылады. Сынақтан өту бойынша шарт жасасуы және сынақтың жетекшісінің тағайындауы туралы өтініш аумақтық әділет органдарының басшысына келесі жағдайларда ұсынылады - егер тұлға мемлекеттік нотариуста сынақтан өтуді ұсынса, ол аумақтық нотариалдық палатаның төрағасына; егер тұлға жекеше нотариуста сынақтан өтуді ұсынса, тағайындалады.                                                                                                                     Өтінішке келесі құжаттар қосымша берілуі керек.                                                                       Сынақтан өтуге тілек білдірген тұлға мамандық кәсібі және жұмыс тәжірибесін және стаждық мерзімін дәлелдейтін қосымша құжаттар ұсына алады.                                                                                                                           Сынақтан өту туралы шартта келесілер көрсетілуі тиіс яғни, жақтардың құқықтары мен міндеттері, сынақтан өту орны, сынақтан өту мерзімі, тәртібі және жағдайлары, жұмыс уақытының режимі, тағылымдамадан өтудің төлемі және жағдайы, мөлшері. Жекеше және мемлекеттік нотариустарда тағылымдама төлемінің мөлшері тағылымдаманың әр бір айының есеп беру күнімен көрсетілген он айлық есептік көрсеткіштің үш есе мөлшерінде болуы мүмкін.                                                                                                                      Тағылымдама аумақтық нотариалдық палата немесе аумақтық әділет органымен, анықталған нотариустың жетекшілігімен өткізіледі. Сонымен қатар тағылымдама жетекшісі нотариалдық қызметте кем дегенде бес жыл тәжірибе және стажы бар болуға тиіс. Бір нотариуста бір уақытта тағылымдамадан кем дегенде екі тұлға өте алады. Қажет жағдайда Әділет органы немес нотариалдық палата тағылымдама мерзімі кезінде тағылымдаманың басқа жетекшісін тағайындау туралы шешім қабылдауы мүмкін. Тағылымдамадан өту аумақтық нотариалдық палата немесе аумақтық Әділет органдарының шешімдеріне сәйкес бекітілген бір бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.                                                       Бағдарламаның мазмұнында нотариустардың жұмысын ұйымдастыру және нотариалдық қызметті жасау бойынша тағылымдамадан өтушінің тәжірибесіне бағытталған шаралардың тізбесі көрсетілуге тиіс. Тағылымдама мерзімін қысқарту тағылымдама бағдарламасын негіздеудің міндеттерінен босатпайды.                                                                                                            Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдама жетекшісінің жетекшілігімен тағылымдамадан өтуші мынандай қызметпен танысады яғни, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, қабылдау тәртібін, түскен жіберілімдерді тіркеу және есепке алу, кіріс және шығыс жіберілімдерін тіркеу, кітаптарды жүргізу тәртібін, тіркеу журналымен статистикалық есепті құрастыру, архивта сақтау үшін нотариалды куәландырылған құжаттарды дайындау тәртібімен, істің құжаттарын реттеу және дайындау, уақытша және тұрақты сақтау құжаттарын таңдау.                                                                                                  Тағылымдамадан өтуші өзі нотариустың ар намыс кодексін және нотариаттық қызметін реттейтін ішкі нормативтік құқықтық актілердің және заңды білуі тиіс. Тағылымдаманың аяқталуы бойынша өтуші қорытынды есепке дайындалады.                                                                                        Нотариалдық палата мен аумақтық Әділет органның біріккен отырысында іс тәжірибеден өтушінің материалдарымен жетекшінің ұсынысы қарастырылады және тәжірибеден өтуші мен әңгіме өткізіледі. Тәжірибеден өту туралы материалдарды қарау және әңгімелесу қорытындысы бойынша аумақтық Әділет органы және нотариалдық палата тағылымдама қорытындысын шығарады және ол нотариалдық палата төрағасымен Әділет басқармасының басшысымен бекітіледі.                                                   Нотариустың (мемлекеттік және жекеше) міндеттері «Нотариат туралы» Заңның 18 бабында қарастырылады, бұл нормаларға сәйкес, нотариус міндетті                                                                                                                              Осылайша, нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясын қамтамасыз ету мақсатында нотариустың азаматтарды қабылдау үшін жеке бөлмесі болуы керек. Бұл мақсатта нотариаттық іс-әрекеттер жөніндегі мәліметтер мен құжаттар тек соттың, алдын-ала тергеу мен анықтау органдарының жазбаша талабы бойынша ғана беріледі, сонымен бірге нотариустың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға өкілеттілігі бар прокуратура, әділет органдарына және нотариалдық палаталарға беріледі. Аталған сұраулар жазбаша нысанда жасалып, барлық қажетті реквизиттерді сақтауы тиіс (сұрау жіберілетін органның атауы, сұраудың номері мен күні, іс туралы мәліметтер және т.б.).                                                                                                                             Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариаттық куәландырылған, сондай-ақ нотариат берген құжаттардың көшірмелері тек қана олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жасалған, оларға не олардың уәкілетті адамдарына қатысты осы әрекеттер жасалған заңды және жеке тұлғаларға беріледі. Уәкілеттік берілген адамдар деп заңмен белгіленген тәртіпте көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды алуға арнайы уәкілеттік адамдар деп танылады (тергеушілер, судья, прокурор).     Нотариус куәландырған немесе берген құжаттар жоғалған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың жазбаша арыздары бойынша олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша осы нотариаттық іс-әрекеттер жасалған, не олардың уәкілетті адамдарының жоғалған құжаттардың дубликаттары беріледі. Құжат дубликаты куәландырылған немесе берілген құжаттың барлық мәтінін, нотариустың куәландырылған жазбасымен қоса қамтуы тиіс. Құжаттың дубликатында белгіленген нысан бойынша куәландыру жазбасы жазылады. Егер, нотариус дубликатты сенімді тұлғаға сенімхат негізінде берген жағдайда, куәландырылған жазбада дубликат алушы адамның тегі, аты және әкесінің аты жазылады.                                                                               Өсиеттер, өсиеттердің дубликаттары мен өсиеттердің көшірмелері туралы мәліметтер мұрагерлерге тек өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін беріледі. Өсиетте көрсетілген мұрагерлер қайтыс болған жағдайда өсиеттің дубликаты олардың мұрагерлеріне олар өсиет қалдырушы мен өздері одан кейін мұрасын иеленетін қайтыс болған мұрагердің өлгендігі туралы куәлікті ұсынған жағдайда беріледі.                                                                                   Жасалған нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтерді қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.                                                                    Одан басқа, нотариустардың міндеттеріне - жеке және заңды тұлғаларға нотариаттық іс-әрекеттер үшін төлемге жеңілдіктер жасауды, қызмет аумағы туралы ережелерді сақтау, мөр және мөртаңбаларды ұқыпты сақтау және құжаттарды уақытында және тиісті архивке тапсыруды жатқызуға болады. Нотариаттық мәмілелерді куәландыру, куәліктер беру және басқа құжаттарды куәландыру, сондай-ақ оларға куәландыру жазбалары                  «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі туралы» Нұсқаулықтың талаптары және 6.38-72 Мемлекеттік стандартының негізгі ережелері мен талаптары ескеріле отырып жазылуы тиіс. Құжаттарды есепке алу және олардың орындалуына бақылау жасау үшін нотариат кеңселері мен жекеше нотариустар хат-хабарлардың кіріс және шығыс журналын жүргізуі тиіс.                                                                                                                                           Егер нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жүргізу кезінде қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін немесе жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін кемшіліктерді анықтаса, оларды жою және тиісті шараларды қолдану үшін бұл туралы прокуратураның тиісті аумақтық органына дереу хабарлауға міндетті.                                                      Нотариалдық қызмет – құқық қорғау мақсатын көздейтін коммерциялық емес заң қызметінің бір түрі болып табылады. Сол себепті нотариаттық іс-әрекет кәсіби қызмет ретінде қарастырылмауы тиіс. Бірақ соңғы кезде өзінің материалдық жағдайын жақсартуды тілейтін жекеше нотариустардың саны артуда. Бұның өзі қоғам алдында нотариустардың негізгі мақсаты мен қызметіне күмән туғызады. Жоғарыда аталған норма нотариустарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салады. Алайда 2001 жылдың 24 желтоқсанында заң шығарушы орган «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жекеше нотариус жеке кәсіпкер болып табылатындығы туралы толықтырулар енгізілді. Ал бұл бір Заңның ішінде екі құқықтық нормалардың арасында қайшылықтың пайда болуына әкеп соқтырды. Тек 2003 жылдың 5 мамырдағы заңымен 15 баптың 6 тармағы алынып тасталды.
 

2. Жекеше нотариус  

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы»  Заңының 15-бабында жекеше нотариустардың құқықтық мәртебесі анықталған. Нотариус заңды тұлға құрмай жеке практикамен  айналысады, алайда онда заңды тұлғаға тән барлық белгілер бар банк мекемелерінде есеп айырысу шотының болуы және өзге де шарттар ашуы; еңбек заңдарына сәйкес көмекшілер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуы; мүліктік құқығының болуы және оларды өз атынан билік етуге мүмкіндігінің бар болуы; соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да іс-әрекеттер жасауға құқығы.                                       Жеке практикамен айналысатын нотариус есептік, валюталық шарттар және Қазақстан Республикасының банктік заңнамаларына сәйкес кез-келген банкте өзге де шоттар ашуға құқығы бар (Заңның 15-бабы).                                 Нотариус ретінде заңды тұлға құрмай, лицензия негізінде нотариаттық қызметпен айналысатын жеке практикамен айналысатын азамат танылады. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 6 тармағы қызметтің лицензияланған түрлері сипатындағы нотариалдық қызмет көрсетулерді енгізді.                                                                                       «Лицензия туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес лицензия ҚР Әділет Министрлігінің Аттестациялық комиссиямен өткізілген аттестаттау қорытындысы бойынша мемлекеттік немесе жеке нотариустан іс-тәжірибеден өту негізінде тестілеу нысанында беріледі.                                                  Әділет Министрлігінің халыққа құқықтық көмек және заң қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру бойынша Комитетпен құрылған Аттестациялық комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасының Әділет органдарының төрағалары, ҚР Адвокаттар Алқасы, Республикалық нотариалдық палаталар мен оқытушы-заңгерлер кіреді.                                          Аттестациядан Қазақстан Республикасының Біліктілік әділет алқасына біліктілік емтиханын тапсырған тұлғалар; тұрақты судьялар және өздерінің міндеттерін орындау кезінде заңдылықты бұзғаны және басқа да бұзушылықтар жасағаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья жұмысын істейтін тұлғалар; сондай-ақ мемлекеттік нотариустар өтпейді. Аттестация, сонымен қатар прокурорларға, прокуратура органдарында жұмыс істеген тергеуші және анықтаушыларға тән емес.                                                                                                                       Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалар Комиссияға аттестацияға жіберу рұқсаты туралы өтініш халыққа құқықтық көмек және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру бойынша Комитеттің кеңсесі арқылы жіберді. Өтінішке мына құжаттар қоса берілуі тиіс                                                                                  Аттестациялық істің материалдарын қарау нәтижесі бойынша Комиссия аттестацияға өткізу туралы немесе өткізуден бас тарту туралы шешім шығарады. Аттестацияға өткен үміткер әділет аумақтық органдары арқылы аттестацияның өткізілуіне дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей аттестацияның өту орны, уақыты мен күні туралы хабарландырылады. Аттестацияға өткен үміткер қолданыстағы заңнама бойынша тестілеуден өтеді және егер дұрыс жауабы 65 пайыздан асса және ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан көп пайызын алса, тестілеуден өтті деп саналады. Тестілеудің қорытындысы бойынша Комиссия аттестациядан өткендігі немесе өтпегендігі туралы аттестация өткеннен кейін келесі күнінен кешіктірілмей шешім шығарады.                                                                                                       Осыдан кейін үміткер жеке нотариалдық іс-әрекеттермен айналысу құқығына ие болу үшін жоғарыда аталған өтудің көрсетілген тәртібі бойынша іс-тәжірибеден өтуі керек.                                                                                            Лицензиясыз жеке нотариалдық іс-әрекеттермен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеліп соғады. Нотариустың лицензия алуы үшін қажетті құжаттардың тізімі, лицензияны беру тәртібі мен мерзімі 2002 жылы 27 ақпандағы адвокаттық қызмет және нотариустардың қызметін лицениялау Ережесімен белгіленеді. Жеке нотариалдық іс-әрекеттермен айналысу құқығына лицензия алу үшін Лицензиат Лицениарға (халыққа заң қызметтерін көрсету және құқықтық көмекті ұйымдастыру бойынша Комитет) бекітілген нысанда арыз ұсынады. Арызға қосымша                                                                                                                     Лицензиат осы аталған құжаттардың мазмұнында көзделген мәліметтердің толымдылығы мен сенімділігіне жауап береді. Лицензия беру туралы арыз осы арызға қосымша тіркелген құжаттардың толымдылығы мен сенімділігін тексеру жолымен 1 ай мерзім ішінде Лицензиармен қаралады. Қараудың нәтижесі бойынша Лицензиар лицензияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады. Лицензия «Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиясының нысанын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы №1325 қаулысымен бекітілген нысан бойынша беріледі.                                                                Нотариустың лицензиясы бас лицензия болып табылады және оның мерзіміне шек қойылмай беріледі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Оған Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің халыққа құқықтық көмек және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру бойынша Комитет Төрағасы қол қояды, бір данада жасалады және Лицениардың мөрімен ресімделеді. Лицензия сенімхаттың негізінде өкілетті Лицениатпен де берілуі мүмкін. Лицензияны жоғалтып алу кезінде Лицензиаттың оның дубликатын алуға құқығы бар.                                              Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны мемлекеттік тіркеуден өткізеді және нотариалдық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны берген тұлғалар туралы мәліметті, соның ішінде нотариустың аты-жөні, әкесінің аты; лицензияның берілген күні мен оның номері көрсете отырып, ведмоствалық баспасөз органдарында (Заң газеттерінде) жариялайды.                                  Нотариустың лицензиясын беруден бас тартудың негізі лицензиялау туралы заңнамамен бекітіледі. Бас тарту туралы шешім үміткерге оның бұл шешімді қабылдаған күннен бастап 3 күн мерзім ішінде бас тартудың негіздері көрсетіле отырып жазбаша нысанда беріледі. Бас тарту туралы шешімге сотта шағым берілуі мүмкін.                                                                                                  Нотариус лицензиясының күшін азаматтардың арыздары, аумақтық әділет органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының, сондай-ақ салық қызметінің ұсыныстары негізінде ҚР Әділет министрлігінің шешімімен тоқтатыла тұрады.                                                                        Осыған байланысты лицензияны оның ауырлық дәрежесі мүмкін болатын құқықтық салдар, жеке басының мінез-құлқы бойынша тоқтату үшін негіздердің әртүрлілігіне назар аударады.                                                           Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы шешімде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептері мен көрсетілуі тиіс.                                                Лицензияның күші мұндай шешім нотариусқа жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған жағдайда лицензиар лицензияның күшін қалпына келтіру туралы шешім шығарады.                                                                                                                     Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық іс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға және нотариустың жеке мөрін аумақтық әділет органына тапсыруына әкеп соғады.                                       Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру немесе қалпына келтіру туралы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведмоствалық баспасөз органында жарияланады.                                                                          Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы шешім жөнінде сотқа шағымдануға болады.                                                                                                    Нотариустың лицензиясының күшін тоқтата тұрудан басқа заң нотариустың лицензиясын кері қайтарып алуды да қарастырады. Нотариустың лицензиясын кері қайтарып алу Әділет атестаттау комиссиясының не прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әділет министррігінің, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешімімен мынадай жағдайларда                                                                  Көріп отырғанымыздай, жекеше нотариустардың лицензиясын кері қайтарып алу үшін негіздер құқық бұзушылықтар болып табылады.                                 Заңның 12 бабы жекеше нотариустардың лицензиясының күшін тоқтату негіздерін қарастырады. Оған, ең алдымен соттың шешімі бойынша лицензияны кері қайтарып алу жатады. Бұдан басқа, әділет аумақтық органы және нотариаттық палаталардың ұсынысы бойынша ҚР Әділет Министрлігі лицензиясының күшін мынадай жағдайларда тоқтатуы мүмкін                           Нотариус лицензиясының күшін тоқтату туралы ұсынысты тиісті нотариат палатасы мен аумақтық әділет органы енгізеді.                                                              Лицензияны алғаннан кейін үміткер алғашқы төлемді енгізе отырып аумақтық нотариалдық палатаға мүшелікке кіруі тиіс және аумақтық әділет органынан есептік тіркеуден өтуі тиіс.                                                                    Жекеше нотариус үшін аумақтық нотариалдық палатаға мүшелікке кіру міндетті болып табылады. Аумақтық нотариалдық палата қоғамдық бірлестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында мемлекеттік емес заңды тұлға болып табылатындықтан бұндай палатаның мүлкі негізінен нотариустардың алғашқы төлемдері есебінен қалыптасады. Алғашқы ай сайынғы мүшелік жарғылардың мөлшері нотариалдық палата басқасының жоғарғы органымен анықталады. Әдетте, алғашқы төлем айлық есептік көрсеткіште есептеледі және 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі соманы құрайды. Кейбір аумақтық палаталар аудандық, селолық және шағын қалалық нотариустар үшін алғашқы төлемнің мөлшерін азайтады. Нотариалдық палатаның мүшелігіне қабылдау туралы нотариусқа тіркейтін есепке орналасау үшін басқару шешімінің көшірмесі берілуі керек.                                                          Жекеше нотариуста штамп, мөр және бланкілері болуға тиіс. 1999 жылдың наурызына дейін жекеше нотариустар Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген жеке мөрді пайдаланған. Жаңа реквизиттерді толық жазу 1999 жылы 24 ақпандағы ҚР-ның Әділет Министрлігінің №16 «Жекеше нотариустардың мөрі туралы», яғни 04.11.2004 жылы өзгерістер енгізілген бұйрығымен баяндалған. Онда жекеше нотариустардың жеке мөрі және нобайы (алғашқы нұсқасы) бекітілген. Жеке мөрде – тегі, аты-жөні, әкесінің аты, нотариалдық қызметпен айналасу құқығына лицензия берілген күні және нөмері көрсетілуі тиіс. Жекеше нотариустардың жеке мөрлерін дайындауға тапсырысты Аумақтық Әділет органы жүзеге асырады. Жекеше нотариустарға жаңа мөрлерді беру Әділет органдарына сәйкес, мөрмен бекітілген және тігілген, нөмірленген, арнайы тіркеу журналында тіркелген, қолхат беру негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, нотариустарда келесілер болуы қажет куәландыратын жазуы бар штамптар, «айналымды қара» жазуы бар кіші штамптар, штамптардың көшірмелерін, штамптардың көшірмелерінің көшірмесін, жекелігі көрсетілген, қабілеті тексерілген, тігілген және номірленген, сенімхат, өсиет бланкілері және т.б.

  Қортынды

«Нотариат туралы»  заңның 6 бабына сәйкес жоғары заң білімі бар, әділет аттестаттау комиссиясында  аттестаттаудан, нотариуста кемінде  бір жыл  тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған, Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.  
Өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен соттылығы алынған, белгіленген тәртіппен іс - әрекет жасауға қабілетсіз немесе іс әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулі деп танылған адам нотариус бола алмайды. Сонымен қатар, өзіне қатысты ақталмайтын негіздер бойынша. Қылмыстық іс тоқтатылған, лицензиясы кері қайтарылып алынғандықтан немесе нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарының бұзылуына жол бергені үшін, мемлекеттік нотариус қызметінен босатылғандықтан, нотариаттық қызметті тоқтатқан адам да, осындай оқиға болғаннан кейін 3 жыл бойы нотариус бола алмайды.  
Заңның  17 бабында нотариустардың құқықтары бекітілген, яғни нотариус құқылы: 
Нотариустар мынандай қызметтер, яғни клиенттердің құжаттарын бекіту және  нөмірлеу және құжаттардың көшірмелерін т.б. бекітумен айналысады. Нот ариустардың  құқықтарына сондай ақ көмекшілері мен сынақтан өтушілерін игеру құқығын жатқызуға болады. ҚР азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады. Оған арнайы білім талаптары қойылмаған. Азаматтық заңнаманың жалпы ережесі бойынша, ол толық әрекетке қабілетті болуы тиіс. Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын, нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы. Нотариустың нұсқауымен берілген тапсырмаларға: Клиентпен ұсынылған құжаттарды тексеру, мәмілелерді жасау түрлерін қарау,  нотариустың болмауына байланысты нотариалдық құжаттарды алу уақытын клиенттер үшін маңыздылығын талқылау. Статистикалық есеп тапсыру үшін мәліметтерді дайындау, кіріс және шығыс жіберілімдерін тіркеу, істің наменклатурасы бойынша құжаттарды тігу, телефон байланыстары бойынша хабарламаларды қабылдау, құжаттарды тізімдеу және әзірлеу жатады. Көмекші шарттық төлем немесе жалақы ала алады. Ресей Федерациясында нотариустың көмекшісі жоғары заң білімін игеруі тиіс.  
Жоғары заң білімі  бар және аттестаттаудан өткен, ҚР азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер сынақтан өту туралы шарт негізінде бір жыл мерзімге жеке тәжірибемен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өтеді.  
Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар адамдар үшін аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның  бірлескен шешімімен сынақтың мерзімі қысқартылуы мүмкін. Сынақтың ұзақтығы үш айдан кем болмауы керек.  
Нотариустардың сынақтан өтушілердің сынақтан өтуінің тәртібі,  мерзімі мен шарттары ҚР Әділет министрлігі бекіткен 2003 жылы 20 тамыздағы  нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережемен белгіленеді. Сынақтан өту мерзімі, сынақтан өтушілердің мамандық белгілері және жұмыс тәжірибесі, сынақты тіркеудегі сынақтың жетекшісінің наразылығының негізінде, сондай ақ  ережемен көрсетілген әңгіме өткізу тәртібінің нәтижесі бойынша қысқартылады. Сынақтан өту бойынша шарт жасасуы және сынақтың жетекшісінің тағайындауы туралы өтініш аумақтық әділет органдарының басшысына келесі жағдайларда ұсынылады - егер тұлға мемлекеттік нотариуста сынақтан өтуді ұсынса, ол аумақтық нотариалдық  палатаның төрағасына; егер тұлға жекеше нотариуста сынақтан өтуді ұсынса, тағайындалады. 
Нотариустың (мемлекеттік және жекеше) міндеттері «Нотариат туралы» Заңның 18 бабында қарастырылады, бұл нормаларға сәйкес, нотариус міндетті: 
Осылайша, нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясын қамтамасыз ету мақсатында нотариустың азаматтарды қабылдау үшін жеке бөлмесі болуы керек. Бұл мақсатта нотариаттық іс-әрекеттер жөніндегі мәліметтер мен құжаттар тек соттың, алдын-ала тергеу мен анықтау органдарының жазбаша талабы бойынша ғана беріледі, сонымен бірге нотариустың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға өкілеттілігі бар прокуратура, әділет органдарына және нотариалдық палаталарға беріледі. Аталған сұраулар жазбаша нысанда жасалып, барлық қажетті реквизиттерді сақтауы тиіс (сұрау жіберілетін органның атауы, сұраудың номері мен күні, іс туралы мәліметтер және т.б.).  
Нотариалдық қызмет – құқық қорғау мақсатын көздейтін коммерциялық емес заң қызметінің бір түрі болып табылады. Сол себепті нотариаттық іс-әрекет кәсіби қызмет ретінде қарастырылмауы тиіс. Бірақ соңғы кезде өзінің материалдық жағдайын жақсартуды тілейтін жекеше нотариустардың саны артуда. Бұның өзі қоғам алдында нотариустардың негізгі мақсаты мен қызметіне күмән туғызады. Жоғарыда аталған норма нотариустарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салады. Алайда 2001 жылдың 24 желтоқсанында заң шығарушы орган «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жекеше нотариус жеке кәсіпкер болып табылатындығы туралы толықтырулар енгізілді. Ал бұл бір Заңның ішінде екі құқықтық нормалардың арасында қайшылықтың пайда болуына әкеп соқтырды. Тек 2003 жылдың 5 мамырдағы заңымен 15 баптың 6 тармағы алынып тасталды.
 

Қолданған әдебиеттер

  1. “Егемен Қазақстан Республикалық газеті" ААҚ, 2006
  2. "Заң газеті " газеті

Информация о работе Нотариустардың құқықтық дәрежесі