Нормативтік құқықтық актілер

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 16:37, реферат

Описание работы

Қоғамның объективті даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір – біріне қайшы келуі де, немесе қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы саналуан нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану, жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әртүрлі әдіс – тәсілдері болады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі.
1.2. Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
1.3. Нормативтiк құқықтық актiнiң реквизиттерi мен құрылымы
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Нормативтік құқықтық актілер.doc

— 73.50 Кб (Скачать)

Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

2) актiнiң нысанын көрсету: Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасының кодексі; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісінің қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; министрдің бұйрығы; орталық мемлекеттік орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттік органның қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктiң қаулысы; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актінің өзге де нысаны;

3) осы нормативтiк құқықтық актінің реттеу нысанасын бiлдiретiн тақырып;

4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен жылы, күнi, айы;

5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;

6) нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлеттік берiлген адамның немесе адамдардың қолтаңбалары;

7) нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуден өткен күнi мен нөмiрiн мемлекеттік тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету;

8) елтаңбалы мөр.

Нормативтiк құқықтық актiнiң негізгі құрылымдық бөліктері құқық нормаларын қамтитын абзац, бөлік, тармақша, тармақ және бап болып табылады.

Нормативтік құқықтық актінің бабының, тармағы мен тармақшасының ішінде бөлік - құқықтың қисынды аяқталған, бас әріптен басталатын азат жол арқылы бөлініп көрсетілген жеке нормасы болуы мүмкін.

Мәтіннің мағыналық жағынан тұтас, бірінші жолда азат жол арқылы бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанда, абзац деп саналады. Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі үтірмен аяқталады.

Заңнамалық актілер, әдетте, «бап» деген атауы бар баптардан тұрады, олар бөлікті, тармақты, тармақшаны және абзацты қамтуы мүмкін.

Өзге де нормативтiк құқықтық актiлер олардың атауы «тармақ» деген сөзбен жазылмайтын тармақтардан тұрады, олар тармақшаларды, бөліктерді, абзацтарды қамтуы мүмкін.

Көлемi қомақты нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау - бөлiмдерге, ал бөлiмдер нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. Көлемi үлкен тараулар мен бөлімдерде тиісінше параграфтар және кіші бөлімдер бөлiніп көрсетілуі мүмкiн.

Нормативтік құқықтық актілердегі параграфтар мен кіші бөлімдер тиісінше «параграф» және «кіші бөлім» деген сөздермен белгіленеді.

Кодекс, әдетте, «бөлік» деген сөзбен жазылмайтын бөліктерге бөлінетін баптардан тұрады, олар араб цифрларымен нөмірленеді.

Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тармағы, бабы, параграфы, тарауы, кіші бөлімі және бөлімі араб цифрларымен нөмiрленедi. Нормативтiк құқықтық актiнiң баптары, тараулары, бөлімдері және бөліктері тұтастай нөмірленеді. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбір тарауындағы параграфтар және әрбір бөлімдегі кіші бөлімдер дербес нөмірленеді.

Тармақтардағы тармақшалар және баптардағы тармақтар тиісінше дербес нөмірленеді. Тармақтардағы тармақшалардың нөмірленуі жақшамен жабылған араб цифрларымен мынадай түрде белгіленеді: 1), 2), 3) және одан әрі қарай.

Заңды қабылдаудың мақсаттарын және оның алдында тұрған негізгі міндеттерді түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын жазудың алдынан кiрiспе бөлiм (кіріспе) берiледi.

Кiрiспе бөлiм (кіріспе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заң жобаларында жазылмайды.

Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған жағдайда, онда олардың мәнiн түсiндiретiн бап (тармақ) берiледi. Қазақ тіліндегі нормативтік құқықтық актідегі терминдер мен анықтамалар әліпбилік ретпен орналастырылады. Орыс тіліндегі нормативтiк құқықтық актiдегі терминдер мен анықтамалар қазақ тілінде жазылған ретпен сәйкес келуге тиіс.

Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актіде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.

Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігі тиісті нұсқауларды нормативтік құқықтық актінің мәтінінде құқық нормасының мағынасына нұқсан келтірмей жазу мүмкін болмаған кезде ескертпемен толықтырылуы мүмкін.

Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауы, бөлiмі, бөлiгі, сондай-ақ тараудың параграфы мен бөлiмнің кіші бөлiмінің тақырыптары болуға тиiс.

Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық актілерді қоспағанда, заңнамалық актілер баптарының тақырыптары болуға тиіс.

Нормативтік құқықтық акт бөліктерінің, бөлімдерінің, кіші бөлімдерінің, тарауларының және параграфтарының тақырыптары алдыңғы мәтіннен - екі, ал келесі мәтіннен бір жоларалық интервалмен бөлінеді.

Кодекстiң құрылымына мазмұн кіреді.

Нормативтік құқықтық актінің құрылымына қосымшалар енгізілуі мүмкін. 
 

Негізгі әдебиеттер: 

  1. Ағдарбеков  Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
  2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
  3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
  4. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

Информация о работе Нормативтік құқықтық актілер