Меншіктің экономикалық қатынастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 19:59, реферат

Описание работы

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Содержание

I.Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
А). Меншіктің экономикалық қатынастары.
Ә). Жекешелендіру бағыттары.
Б). Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары.
III. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

1236_econom_kz_3.doc

— 77.00 Кб (Скачать)

 

 

 

Жоспар:

 

I.Кіріспе.

 

II. Негізгі бөлім.

      А). Меншіктің экономикалық қатынастары.

      Ә). Жекешелендіру бағыттары.

      Б). Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары.

 

III. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал  – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді  иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік қатынастарын дұ рыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құ райды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұ лардың жеке ұ ғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.

Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте  болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар  арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

  1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
  2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару
  3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
  4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
  5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
  6. Табысты бөлу әдістері.

Меншік, заң жағынан  алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):

  1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
  2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
  3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
  4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
  5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
  6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
  7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы
  8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
  9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
  10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
  11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі  типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік  меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік  меншік болып саналады.

Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің  дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.

Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертугі талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады.

Мемлекет иелігінен  алу және жекешелендіру – бұл  нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды  қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты  меншік иелерін қалыптастыруды, нақты  бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

 

 

Жекешелендірудің тәсілдері

1. Аукционда байқау  бойынша сату және сатып алу.

2. Кәсіпорын капита-лының  үлесін сату (акцияларды)

3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.


 

Қазақстан Республикасында  жекешелендіру мен мемлекет иелігінен  алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына»  сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру  үш негізгі бағытта жүргізіледі.

  1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
  2. Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
  3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстан республикасындағы  жекешелендіру мен мемлекет иелігінен  алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

  1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.
  2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.
  3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.
  4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

Қазақстан Республикасында  мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

  • шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
  • бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
  • шағын және орта бизнесты дамыту;
  • жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
  1. бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

 

 

 

 

 

 

ҚР Үкіметінің 1999 ж. 6 наурыздағы қаулысымен[1] құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 мамырдағы қаулысымен[2] комитеттің негізгі міндеттеріне қосымша ҚР экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендірілген үйымдарды басқару тиімділігінің мониторингін жүргізу міндеті жатқызылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қазандағы қаулысымен[3] комитеттің негізгі міндеттеріне қосымша республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі мүліктің тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру міндеті жатқызылды.

 

Комитеттің мынадай құрылымы бекітілді:

басшылық;

республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сату басқармасы;

жекешелеңдіруден кейінгі бақылау  басқармасы;

мемлекеттік меншікті басқару әдіснамасы және оны жетілдіру басқармасы;

мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік  емес заңды тұлғалармен жұмыс  жөніндегі басқарма;

республикалық мемлекеттік заңды  түлғалармен жүмыс жөніндегі  басқарма;

заң басқармасы;

үйымдастырушылық-инспекторлық жұмыс басқармасы;

республикалық бюджет кірісіне ақшаның  түсуін бақылау бөлімі.

 

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 15 қазандағы қаулысымен[4] министрліктің  Жетісу аймақтық мемлекеттік мүлік  және жекешелендіру комитеті құрылды, ал министрліктің Алматы аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті оган министрліктің Талдықорған аймақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетін қосу жолымен қайта үйымдастырылды. Комитеттің аумақтық органдары туралы ереженің пункті мынадай редакңияда жазылды: "Комитеттің аумақтық органдары бар: мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеттері; мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитеттері". ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен[5] ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің экономика секторларында мемлекеттік активтерді басқару өрісінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы функцияларын ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау мииистрлігіне беру жолымен қайта үйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен[6] комитет туралы жаңа ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет өз қүзіретінің шегінде республикалық меншік, жекешелендіру объектілерін басқару және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі салаларында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

 

 

Комитеттің негізгі  міндеттері:

республикалық меншік және жекешелендіру объектілерін басқарудың мемлекеттік саясатын іске асыру;

республикалық меншікке қатысты меншік иесінің құқықтарын іске асыру;

заңнамада белгіленген  тәртіппен республикалық меншік объектілерінің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау;

республикалық меншікке қатысты меншік иесінің құқықтарыніске асыру;

заңнамада белгіленген  тәртіппен республикалық меншік объектілерінің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау;

республикалық меншік объектілерін жекешелендіру және республикалық  меншікті сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау; *экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің  мемлекеттік мониторингі.

 

Комитеттің аумақтық органдары бар:

мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеттері;

 

Комитеттің құрылымы:

басшылық;

республикалық меншік объектілерін сату басқармасы;

мониторинг және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасы;

республикалық мемлекеттік занды тұлғалармен жұмыс басқармасы;

мемлекет қатысатын  мемлекеттік емес занды тұлғалармен  жұмыс басқармасы;

республикалық мемлекеттік  кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын  мемлекеттік емес заңды тұлғалардың  қызметін талдау басқармасы;

заң басқармасы;

республикалық бюджет қаражатының  түсуін және жүмсалуын бақылау басқармасы;

ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы.

 

Мемлекеттік басқарудағы  құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары.

 

 Мемлекеттік басқарудаңы  құқықтық реттеу проблемалар жоқ емес. Сол проблемаларды шешу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады.

 Мемлекеттік басқаруды  құқықтық реттеудегі әкімшілік  құқық нормалары экономикалық  саласында, әлуметтік-мәдениеттік  құрылыс, әкімшілік-саяси құрылыс  саласында мемлекеттік басқаруды әкімшілік құқықтың қазіргі кездегі негізгі проблемаларының қатарына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына “Қазақстан-2030” жолдауына сәйкес және оның жүзеге асыруға бағытталған Президенттің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі жарлығымен мақұлданған “Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында” (1) белгіленген маңызды міндеттер жатады.

 Олардың ішіндегі  маңыздысы – мемлекеттік биліктің  түрлі деңгейлерінің арасындағы  қызметтер аясын, функциялары  мен жауапкершіліктерін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан әрі жетілдіріп, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдацлар туғызу мақсат етіп қойылған.

 Құқық қорғау мәніндегі  әкімшілік құралдардың, яғни мемлекеттік  басқару саласындағы заңдылық пен тәртіптілігін сақтауға жасалатын бақылау-қадағалау қызметінің маңызы арта түсуде. Прогрессивтік қайта құру барысында қабылданған заңдардың барлығы бірдей және барлық жерлерде түгелдей орындала бермейді, оларға мемлекеттік аппаратта терең тамыр жайған құқықтық мойын-ұсынбаушылық сияқты кеселдер айтарлықтай кедергі келтіруде.

 

Қазіргі кездегі ең бір  қауіпті құбылыс-бұл қоғамдық өмірдің  барлық салаларына барған сайын негізгі  өріс алған сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамның барлық салаларына мемлекеттің конститутциялық негіздеріне қатер төндіруде.

 Сондықтан мемлекеттік  басқару қызметінде жағымсыз  факторларды жою және қызиет  бабын теріс пайдаланудан сақтандыру  жөнінде соңғы жылдары қабылданған  құқықтық актілердің, оның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің (1), “Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы” (2), “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (3) заңдардың, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы кодексінің (4) ерекше маңыздары бар.

 Сонымен қатар мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметі “Мемлекеттік қызмет туралы” Қазақстан Респцубликасының (1999ж 23 шілде) заңында (5) белгіленген. Аталған заң- мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың қалыптасуы үшін құқықтық негіз болған бірден-бір құқықтық акт.

 Заң – мемлекеттік  лауазым ұғымын пайдалануға енгізіледі, мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын  топтар мен санаттарға бөлуді  белгілейді, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің ұғымын айқындайды, мемлекеттік қызметшінің құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін белгілейді және мемлекеттік-қызиеттік қатынастармен байланысты бірнеше өзге де мәселелерді реттейді.

 

 Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізінде Конститутция, жоғарыда аталған заң, республиканың өзге де нормативтік-құқықтық актілері жатады.

 “Мемлекеттік қызмет  туралы” заңмен реттелмеген мемлекеттік  қызметпен байланысты қатынастар  республиканың “Еңбек туралы”  заңдар кодексімен және өзге де заңнамалармен реттелінеді.

2001жылғы 30қаңтарда  қабылданған Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы  Кодексінің ерекше бөлігінде  көзделген құқық бұзушылық құрамының  барлық белгілері бар әрекет  жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады.

 Оның негізгі элементі  әкімшілік жауаптылық, өкілетті  мемлекеттік органның (лауазымды  адамның) әкімшілік құқықтың қолданылып  жүрген нормаларымен қаралған  нақты әкімшілік-құқықтық санкцияларды  құқық бұзушылықтың ерекше түрін  - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі жеке және заңды тұлғаларға қолдануынан көрініс табады.

 Сонымен, әкімшілік  жауаптылықтың шараларына жазалаушылық (әкімшілік жаза) функциясы тән.  Әкімшілік жазалардың түрлері  Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 45- бабында белгіленген:

Информация о работе Меншіктің экономикалық қатынастары