Мемлекеттін егемендігіг түсінігі белгілері механизмдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 12:54, курсовая работа

Описание работы

Осы мақсатқа жету үшін бізге білікті маман,білімді жастар және заман талабына сай технологиямен жабдықталған сонмен қатар тұрақты дамыған эконмика, қоғамда тәртіп болуы қажет.
Осы тұрғыда менің ұсынар ұсыныстарым бар;
1) Мемлекет басында бірнеше партия болуы керек.
2) Кеден режиміне өзгерістер енгізу.

3) Экологиялық кодекіске өзгерістер енгізу.

Работа содержит 1 файл

алғашқы.doc

— 46.00 Кб (Скачать)

                                                                            Қызылорда экономика және

                                                                         құқық колледжі  З-22 топ студенті

                                                                         Құрманбекұлы Алмасбек

                                                                        заңгер мамандығы бойынша.

    

              Қазақстанды танудың құқықтық негіздері

 

Қазақстан аумағында өткен заманнан-ақ, тарихында құқықтық негіз қалыптасқан болып саналады. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы,жеті жарғыны (бап) атап өтуге болады. Қазақтың үш жүзінен шыққан, даналығы дала жұртына әйгілі үш биді қоса есептегеніміз жөн.Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би  бұлардың барлығы сол уақыттардағы қазақ қоғамын бір денгейде ұстап. Халыққа даналық сөздерін айтып. Ел арасындағы сол уақыттағы жер, жесір даулары сыңайлы келіспеушіліктерді адал шешіп беріп отырған.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізді. Араға бірнеше жыл өтіп 1993 жылы Конституциясын қабылдады. Дегенмен бұл конституциядан көптеген кемшіліктер табылды. Сол себептен қайта конституция қабылдауға тура келді. Қазақстан осылайша екінші мәрте 1995 жылы конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп қайта қабылдады. Конституция тоғыз бөлімнен, тоқсан сегіз баптан тұрды.

Құқық- мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі-адам қоғамның басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні,маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр.

Құқық қоғамды реттеп басқарудағы  негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділдікті, теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құралда болып есептелінеді.

Қоғамның тарихи обьективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі  пікір бар: біріншісі-қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі  әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлде қашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді-заңды көзқарас деп айтады. Екіншісі-бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіріледі. Бұл пікірді заңды нигилизм деп айтады. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.

Заңды көзқарас көне дәуірден қалыптасып құқықтың қоғам даму процесіндегі рөлін, маңызын жан-жақты зерттеп, бірнеше ғылыми қорытынды тұжырымдар жасалады. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік жолмен дамып, ХІХ-ХХ ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.

Құқықты бейнелейтін обьектілер болады. Олар-билік,мемлекет, қоғамдағы тәртіп, әділдік, бостандық, демократия солар арқылы жүзеге асырылады. Құқық ең біріншіден әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Бостандық-адамнан ажырамайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады. Әділеттік ерте заманнан келе жатқан әлеуметтік, моральдық принцип және норма. Қоғамдағы қатынастардың басым көпшілігін құқықтық нормалар реттеп, басқарады. Басқа нормалардың үлестер аз болып есептелінеді.

Құқық негізі мемлекетті мемлекет етіп ұстап тұру үшін қажет. Себебі қоғамдағы жағдайды бірден бір реттеп отырушы. Ешбір даусыз құқық нормалары деп айта аламыз. Егер қоғамдағы жағдай ушығып,дау дамайға алып келер болса. Бұл жағдайдың бұлай болу себебі құқық нормаларында кемшілік болды деп санауға болады.

Қазіргі Қазақстан қандай құқықтық негіз қалыптастыра алды ? Қалыптастыру үшін қандай жұмыстар жасап жатыр ?

Ал қазіргі таңда  біздің елде құқық негізі бойынша  айтар болсақ. Біздің елде құқық  нормалары жан-жақты жетілдірілген. Ең бірінші біздің қоғамымызда қозғалыс немесе наразылық жайттары болған емес. Сонымен қатар елімізде демократия жақсы дамыған. Халық өз ойларымен бөлісуге құқығы бар екенін жақсы түсінеді. Және ел басындағыларда бұл құқық бойынша. Жылына бір мәрте халықпен тікелей эфир өткізіп, арнайы сауалнама жүргізіледі. Бұл жұмысты ел басымызда құптап. Арнайы тікелей эфир арқылы халық сауалдарына жауап береді.

Елімізде құқық барша  халықақа бірдей берілген. Сол құқықтары арқылы, әр бір азамат қалаған ісі мен айналыса алады. Қай мемлекеттен білім алам деседе шектеу жоқ. Және қай саланы таңдасада өз еркі болып есептелінеді. Сонымен қатар өзі қалаған уақытта мемлекет аумағынан шыға және кіре алады. Себебі елімізде азаматтар мен азаматшаларға бостандық беріліп, арнайы құқықтық нормалармен бекітілген.

Құқықтық нормалардың  тапталып қалу себебі, заңның бұзылуына байланысты. Құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін заңның бұзылмауын қадағалау қажет. Мәселен, қоғамдық ортаның тазалығымен тәртібін сақтау мақсатымен. Әкімшілік құқық бұзушылықа өзгертулермен толықтырулар енгізілді. Атап айтар болсақ 336 бап бойынша арақ ішуге тыйым салынды,

331 бап бұл ұсақ қылмыстарға  байланысты, 333 бап жасөспірімдердің  түнгі клуб пен ойын клубтарында,  кешкі сағат 22°°- ден киін жүруіне тыйым салынған. Егерде бұл баптарды жолда жатқан жіп көріп аттап ,бұзатын болса. Алғашқысында ата-анасына ескетіледі, қайталанған жағдайда 1 айлық айып пұл салынады. Егерде тағыда қайталайтын болса 5 содан кейін 10 айлық айып пұл салынады.

Енді осы өзгерістер өз нәтижесін беріп отыр. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық былтырғыға қарағанда12,5℅ азайғаны көрініп отыр.

Сонымен, құқық қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық салаларына, жеке адамның өміріне өзіне тән әдістерімен дұрыс жағымды әсер етеді. Құқықтың саяси қызметі мемлекет органдарының қалыптасу, қызмет істеу, атқару тәртібін анықтаудан, саяси партиялардың, бірлестіктердің, ұжымдардың ұйымдастырылуына жол ашудан, азаматтардың құқықтарын пайдалануына мүмкіндік туғызудан байқалады. Құқық қоғамдағы барлық кәсіп- -орындардың жұмысын тікелей реттеп, жөнге салып отырады. Демек, құқық саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, тәрбие құбылыстың барлық салаларын реттеп, жөнге салып отыратын құрал болып есептеледі. Құқық мемлекеттік, қоғамды, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады. Осыларға қоса құқық заңды бұзудың, алдын-алу қызметінде атқарады.

 Ал Қазақстан әлемдегі дамыған елу ел қатарына қосылуы үшін , не жетіспейді, не істеуге тиістіміз?

Ел басының дамыған  елу ел қатарына қосыл туралы, ел мақсатын он жылдық уақыта орындап шығумыз қажет деп студентерге оқыған лекциясында қайта қадап айты.

Осы мақсатқа жету үшін бізге білікті  маман,білімді жастар және заман  талабына сай технологиямен жабдықталған сонмен қатар тұрақты дамыған эконмика, қоғамда тәртіп болуы қажет.

 

Осы тұрғыда менің ұсынар ұсыныстарым  бар;

 

1) Мемлекет басында бірнеше партия болуы керек.

 

2) Кеден режиміне өзгерістер енгізу.

 

3) Экологиялық кодекіске  өзгерістер енгізу.

 

Егер мемлекет басында  екі партия болуы тиіс. Бірі үкімет  ал екіншісі опазиция өкілі болып қызмет етеді. Сол жағдайда мемлекеттің қабылдаған әрбір заңымен бағдарламасы жан жақты талқыланып қабылданады. Сол кезде мемлекеттің дамыған елу ел қатарына қосылуға толық мүмкіндігі болады. Бірі екіншісінің қателігін тауып, оны түзету жолдарын қарастырады. Осыдан кейін мемлекеттің дамып, жетілуіне толық мүмкіндігі болады. Сол үшін де парламентте екі партия болуы қажет.Бұл әлемдегі және мемлекеттің ішкі саясатының тұрақты сақтап тұруға кепіл.

Кедендік режиге өзгеріс енгізу, бұл бізге көптеген пайда әкеледі. Мемлекеттің экономикасы және қорғанысы мен қауыпсіздігі тікелей кеденге барып тіреледі. Сыртан келетін өнімен сыртқа шығатын өнімдер мен тауарлар дан алынатын салық жүйесі. Сонымен қатар қазіргі ТМД мемлекеттер арасында құрылып жатқан кедендік одақ. Бұл еліміздегі кәсіп орындар мен кәсіпкерлердің дамып жетілуіне өзіндік кер әсерін тигізеді деген ойдамын. Себебі елімізде кәсіп орындар толық дамымаған. Ал бұл жағдайда сыртан келетін тауар ішкі ,отандық өнімге тоқтау салады. Осылайша ел экономикасы тек сыртқы өнімге тәуелді болып қалады. Бұндай жағдайда елу дамыған ел қатарына кіру түгіл, табалдырықтан сығалап қарай алмаймыз.

 

Экологиялық кодекске өзгеріс  енгізу қоршаған ортаны қорғау үшін қажет. Себебі елімізде үлкен көлемде қалдық қоры бар. Бұл қалдықтар еш бір өңдеусіз ашық жатыр. Бұл жағдайда дамыған елдермен тереземіз тең болуы қиынға соғатыны анық. Өйткені бұл қалдықтар адам денсаулығына өз кезегінде кері әсерін тигізіп. Осылайша жаңа ауру түрлері пайда болып. Жұқпалы аурумен ауыратындардың саны күнен күнге көбейіп барады. Және табиғатты қорғау шараларынан нәтиже болмай отыр. Былай болу себебі үлкен кәсіп орындардан шығатын химиялық қалдық сулар өзендермен көлдерге құйылып жатуында.Бұндай жағдай да егін және мал шаруашылығынан сапалы өнім алуы мүмкін емес. Сапасы төмен өнім нарықта қолдау таба алмайтыны анық. Сонымен қатар жаңа ғана қлға алынып келе жатқан туризім саласының дамуы қиынға соғады. Сол себептенде ел экономикасын жедел түрде дамыту үшін. Алғашқы саты бұл осы заң жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуміз қажет.Себебі Қазақстанда 270 миллионн тоннаға жуық  улы , радиактивтік қалдықтар бар. Экологиялық қалдыққа толы өңірге қандай турис келеді. Және бұндай жағдай да еліміз қалайша дамыған алып мемлекеттер қатарына қосыла алады.

 

 

                          


Информация о работе Мемлекеттін егемендігіг түсінігі белгілері механизмдері