Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:05, курсовая работа
Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі республиканың экономикалық саясатының аса маңызды басымдылығы болып табылады. Осы міндетті шешу қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28-ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында атап өтілген: «Қазақстанның ғаламдық экономикадағы бәсекелестік тұғырын нығайту көп жағдайда оның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруімен айқындалатын болады».
Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі республиканың экономикалық саясатының аса маңызды басымдылығы болып табылады. Осы міндетті шешу қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28-ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында атап өтілген: «Қазақстанның ғаламдық экономикадағы бәсекелестік тұғырын нығайту көп жағдайда оның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруімен айқындалатын болады».
ДСҰ-на мүше елдермен сауда- саттық қарым- қатынасы бар Қазақстан үшін бұл ұйымға кіру барлық мүше мемлекеттермен барынша оң қабақ көрсету режимін алу үшін, сауданы дамыту мен әсіресе, инвестициялар тарту үшін маңызды, олар өңдеу өндірісінің анағұрлым жоғары сатыларын дамытуға, сауда дауларын кемсітушіліксіз шешу мүмкіндігіне ұмтылады. Республика экономикасының, оның ішінде аграрлық секторының жалпы бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру Қазақстанның ДСҰ-ға ойдағыдай кіруінің маңызды факторы болып табылады.
Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Алайда елде ауылшаруашылығын дамытудағы оң нәтижелерге қарамастан аграрлық сектор республиканың ЖІӨ-де 5 %-ды қамтамасыз етеді. Ауылшаруашылығы өнімінің төмен бәсекеге қабілеттілік деңгейіне байланысты елдің ішкі нарығында негізгі тағам өнімдерінің шеттен әкелу үлесі жоғары болып қалуда.
Республика Үкіметі елдің аграрлық секторының бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін тиісті іс- шаралар қабылдады. Алайда елдің аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін, ауылшаруашылығы өндірісіне озық технологияларды енгізудің төмен қарқынын арттыру үшін бөлінетін бюджет қаражатының толық игерілмеу проблемалары әлі бар.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ДСҰ-ға кіру жөнінде бірнеше келіссөздер жүргізді. Мынадай келісімдер мемлекеттің ДСҰ-на кіру жөніндегі негіз қалаушы құжаттар болып табылады:
Республиканы
жоғарыда аталған келісімдерге қосу
жөніндегі келіссөздер
Ауылшаруашылығы тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі келіссөздерге тарифсіз шараларды тарифтімен ауыстыру кіреді, олар ішкі нарықты қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етеді және кеден тарифтерін төмендетумен байланысты. Келіссөздерде Қазақстан жағы ұлттық азық- түліктік қауіпсіздіктің ұзақ мерзімді келешегіне орай ішкі нарықты қорғау саясатын жүргізеді.
Қазақстанның аграрлық секторы мынадай сипатқа ие:
• ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы аумағы – 222,6 млн. га, оның ішінде 24 млн. га (10,8%) – егістік жерді, 5 млн. га (2,2%) – пішендік жерді, 189 млн. га (85%) – жайылым жерді алып жатыр;
• ауыл тұрғындарының саны – 7,3 млн. адам немесе ел тұрғындарының жалпы санының 47,2%-ын құрайды;
• топырақ және өсімдік жамылғысының тік және көлденең зоналары анық белгіленген. Орманды дала мен дала аймағында барлық жердің 10%, шөл және шөлейт аймағында - 60%-ға жуығы, таулы аймақтарда - 5%-ға жуығы жатыр;
• елдің барлық егіншілік аймақтары жылдық жауын-шашынның аздығымен сипатталады – 150-320 мм.;
• 2010 жылдағы 1 га егістікте ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру 47,5 мың теңгені құрайды, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 қызметкерге ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 453 мың теңгені құрайды;
• бидай мен ұнның ірі экспорттаушысы (10 әлемдік экспорттаушылардың қатарына енеді) болып табылады, елдің ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы экспортында мақтаның (15%), тері мен жүннің (25%) де маңызды үлесі бар;
• мал шаруашылығы саласы Қазақстан үшін дәстүрлі шаруашылық болып табылады, мұнда малдың 90%-ы тұрғындардың үй шаруашылығына тиесілі;
• ауыл шаруашылығы техникасы паркінің орта жасы пайдаланудың нормативтік мерзімі 7-10 жыл жағдайында 13-14 жылды құрайды; ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 70%-ы – 1991 жылға дейінгі өндірілгендер;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2010 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егістік алқабы 21 411,4 мың га құрады, бұл 2009 жылғы деңгейден 1 429,3 мың га немесе 7,2 %-ға артық.
2010 жылы қазақстанның астығы 25 мемлекетке экспортқа шығарылды. Негізінен бұл ТМД елдері, оларға 1,4 млн. тонна астық немесе жалпы көлемнің 39,5 % экспорталған. ТМД елдері ішінде астықтың елеулі көлемдерін Тәжікстан – 381,5 мың тонна, Қырғызстан – 338,4 мың тонна, Әзербайжан – 256,6 мың тонна, Түркменстан – 173,1 мың тонна, Ресей – 143,7 мың тонна импорттады.
Алыс
шетел мемлекеттері бойынша астықтың
үлкен көлемдері Иранға – 988,8 мың
тонна, Турцияға – 440,0 мың тонна, Ауғанстанға
– 338,0 мың тонн, Ұлыбританияға - 90,6 мың
тонн, Грузияға – 79,6 мың тонна, Грецияға
– 74,6 мың тонна экспортталды.
2010
жылдың қаңтар-маусым айында
Статистикалық көрсеткіштердегі нәтижелер оң болғанымен, соған қарамастан республика экономикасының аграрлық секторын дамытуда елеулі проблемалар бар:
Аграрлық сектор өнімдерінің төмн бәсекеге қабілеттілік деңгейі импорттық өнімді көбейтуге алып келеді, ол Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жағдайында елеулі проблема болып саналады. Осыған байланысты бірқатар негізгі бағыттар бойынша нақты іс-шаралар кешенін қабылдау тиімді болмақ:
Сонымен қорыта айтқанда , аграрлық сектор өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін арттыру бойынша осындай іс-шараларды іске асыру Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына жетістікпен кіруіне және еліміздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекетінің құрамына кіру жөніндегі стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесетін болады.
Информация о работе Мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері