Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 16:27, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол-құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы лауазымды иелерінің қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға еркіндік беруін, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін тусінуі қажет.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен қажеттілігі............................................................................................................5
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі.......................................5
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні.......................................8

Құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері....................................14
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы...............................................................................................................14
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары.......................................................................................................19
Қорытынды.......................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................26

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ.docx

— 55.45 Кб (Скачать)

 

(1) Жеті  Жарғы   Алматы, 1999, (4) Алмты 2001

(2) ЕгеменҚазақстан  1998ж 30маусым

(3) 1998ж  9шілде, (5) 1999ж 6тамыз

Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізінде Конститутция, жоғарыда аталған заң, республиканың  өзге де нормативтік-құқықтық актілері жатады.

“Мемлекеттік  қызмет туралы” заңмен реттелмеген  мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың “Еңбек туралы”  заңдар кодексімен және өзге де заңнамалармен  реттелінеді.

2001жылғы  30қаңтарда қабылданған Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы Қазақстан  Республикасы Кодексінің ерекше  бөлігінде көзделген құқық бұзушылық  құрамының барлық белгілері бар  әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың  негізі болып табылады.

Оның  негізгі элементі әкімшілік жауаптылық, өкілетті мемлекеттік органның (лауазымды  адамның) әкімшілік құқықтың қолданылып жүрген нормаларымен қаралған нақты  әкімшілік-құқықтық санкцияларды құқық  бұзушылықтың ерекше түрін - әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған кінәлі жеке және заңды тұлғаларға қолдануынан  көрініс табады.

Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың шараларына жазалаушылық (әкімшілік жаза) функциясы  тән. Әкімшілік жазалардың түрлері  Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 45- бабында белгіленген:

    • Ескерту жасау
    • Әкімшілік айып пұл салу
    • Заттың өтемін төлеп алып қою
    • Тәркілеу
    • Арнаулы құқықтан (лауазым, т.б.) айыру
  • Қылмыстық іс қозғау (ӘҚБК) және т.б. жазаларды қолдану арқылы мемлекеттік басқаруда құқықтық реттеу жүргізіледі. Ал осы құқықтық реттеуді бақылайтын және қадағалайтын Сот билігіне жүктелген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  басқаруды құқықтық реттеу ерекше маңызға  ие. Сондықтан оны зерттеу және саралау аса маңызды мәселелердің бірі.

Сонымен, құқықтық реттеу мемлекеттің құқықтық нормаларды шығару әрекеті (уәкілетті  органдардың). Осылар арқылы адам жүріс-тұрысының  ережелерін, оларды міндетті түрде  орындалуын қамтамасыз етеді. Бұлар  мемлекеттік аппарат пен қоғам  мүмкіншілігімен қамтылады. Қоғам  өмірінде тәртіптілікті сақтаудағы қоғамдық билік күші – мемлекеттің  талабы. Соған қатысты олар әлеуметтік шартталған, негізделген, икемделген, жүйелі түрде ұйымдастырылған және де практикалық түрде қолданыс табу керек.

Қорытындылай  келе, мемлекеттік басқарудың тиімділігін  арттыру үшін оған заңдар мен өзге де құқықтық нормалармен қамтамасыз ету керек. Мұнда атқарушы билік  пен заң шығарушы биліктің рөлі зор. Ал оның орындалуын қадағалайтын, бақылайтын (дұрыс және дұрыс еместігін) сот  билігі атқарады. Осы үш биліктің  ортақтасқан, бір-бірімен байланысының  арқасында мемлекеттік басқаруды  құқықтық реттеу қамтам асыз етіледі.

Құқықтық  реттеуге Қазақстан Республикасы Президентінің  де ықпалы күшті. Оның мемлекеттік басқарудағы  құқықтық реттеудің жарғылары мен  жарлықтары, басқа да заңдар мен  құқықтық нормаларды бекітуі арқылы рөлі айқындалады.

Құқықтық  реттеудің маңызды қызметі мен  мақсаты болып Қазақстан Республикасында  Құқықтық мемлекет құрудағы шаралар  жиынтығын топтастыру саналады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы ,  1995ж  30тамыз
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңы , 1999ж 23шілде
  3. Қазақстан – 2030 даму стратегиясы
  4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексі //  Алматы, 2001
  5. Егемен Қазақстан // Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы заң , 1998ж 30маусым
  6. Егемен Қазақстан // Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң , 1998ж 9шілде
  7. Атаманчук Г. В. “Теория государственного управления” // М., 1997
  8. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. “Мемлекет және құқық теориясы” Жеті Жарғы  // А., 1998
  9. Табанов С. “Заңдарды жүйелеудің теориясы, тарихы және тәжірибесі” Жеті Жарғы // А., 1996
  10. Алексеев С.С. “Общая теория права” // М., 1981
  11. Сорокин В.Д. “Метод правового регулирования: Теоритические проблемы” // М., 1976
  12. Уваров В.Н. “Государственная служба и управление” // Петропавловск: Сев. Каз. Юрид. Акад., 2004

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 – кесте

Құқықтық  мемлекет


 


  Негізгі                                        Принциптері                            Белгі – түрлері


 

 

Құқықтық мәдениет                                                                 Заңның үстемдігі


 


Азаматтық қоғам                                                 Мемлекеттік биліктің бөлінуі

 

Заңдылық  және                                                    Тұлға мен мемлекеттің өзара

құқықтық тәртіп                                                   жауаптылығының болуы



 

Заңмен тиым салынғаннан                                  Азамматтық құқықтары мен 


басқаның  барлығын рұқсат                                 бостандықтарының шын 

етіледі. (барлық азаматтарға                               мәнділігі, олардың құқықтық

және заңды тұлғаларға ар -                                  және әлеуметтік қорғасатын

налған)                                                                   дығы.


 

Тек заңмен белгіленгендерге                              Саяси және идеологиялық

ғана рұқсат етіледі                                                плюрализмның болуы.

(мемлекеттік орган және

лауазым иелеріне арналған).

 


                                                                                 Азаматтық қоғамның орын

                                                                                 алуы



 

Ішкі заңдардың көпшілік таныған  халықаралық құқықтық нормалар мен  принциптерге сәйкес келеді.

                  


 

 

 

 

 

 

 

2 – кесте

Қазақстан Республикасының нормативті актілердің түрлері


 

 

         Заңдар                                                                  Заңға тәуелді актілер

 

 


  • Қоғамдық өмірдің күрделі                                  - Заңнан туатын, заңды 

мәселелері  бойынша                                              орындау барысында

     қабылданады.                                                          қабылданатын актілер. 



-    Айрықша заң шығару                                         -  Мемлекет басшысының

      жолымен бекітіледі.                                              нормативтік жарлығы.

 

 

-     Заңды Парламентте  немесе                              -   Үкіметтің нормативтік

      референдум арқылы                                               қаулысы.

      бекітіледі.

 

 

-     Заңды мемлекеттің  басқа                                   -  Министрліктер және 

      органдары өзгерте  алмайды.                                 ведомствалардың

                                                                                        нормативтік актілері.

 

 

 

-     Заң құқықтық жүйенің  негізі                              - Жергілікті басқару

      болады.                                                                    мемлекеттік аппараттың  

                                                                                        нормативтік шешімдері.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 – кесте 

Құқықты бұзу , оның түрлері 

 

Құқық бұзу – қоғамға және жеке адамға зиян келтіретін құқықтық нормаға қарсы кінәлі іс-әрекет.

 

 

 

 

 

Құқық бұзудың түрлері


 

Теріс қылық                         Тәртіпсіздік                             Қылмыс жасау

 

 

 

Әкімшілік тәртіпті бұзу                   Азаматтық тәртіпті бұзу

                                       


 


Информация о работе Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен мәні