Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 21:37, реферат
Оқушыны сөз мәдениетіне төселдіру, ең алдымен, әдеби тілдің нормаларын дұрыс меңгеруден бастау алады. Ғалым Н.Уәлиев зерттеу еңбегінде сөз мәдениетінің нормативтік аспектісі мен қатысымдық қырының өзара бірлігін былайша тұжырымдайды: “Сөз мәдениеті, алдымен, әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгеру, сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді.