Мемлекет шығуы мен оның мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 16:53, курсовая работа

Описание работы

Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.

Содержание

1.Кіріспе
2.Мемлекеттердің пайда болу себептері және теориясы
3.Мемлекеттің функциясының түсінігі, оның басқару түрі
4.Мемлекет түрлері, белгілері және формалары.

Работа содержит 1 файл

referat.docx

— 48.12 Кб (Скачать)

Жоспар:

 

1.Кіріспе

2.Мемлекеттердің пайда болу себептері және теориясы

3.Мемлекеттің функциясының түсінігі, оның басқару түрі

4.Мемлекет түрлері, белгілері және формалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

         Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.

          Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және  басқа да сыртқы фактор әсер етеді

           Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттердің  пайда болу себептері.

         Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен тeологиялық теория ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологиясын Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) жүзеге асырды. Оның негізгі мынандай постулаттары бар: мемлекеттің айнымайтындығы және қасиеттілігі. Осы теорияға сәйкес барлық мемлекеттер басшылары өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде жүзеге асырады. Патриархалық теориялар мемлекет отбасының өсіп -өркендеуінен пайда болады деп түсіндіріледі. Оның өкілдеріне ежелгі грек философы Аристотель б.д.д. 384-322 жж сонымен бірге орыс социологы Михайловский (1842-1904жж) жатады. Мемлекетт қоғамының ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ішкі эволюцияда мемлекет қоғамды басқару үшін қажет ұйым ретінде, билік ету механизмі ретінде жұмыс жүргізді. Мемлекеттік биліктің өзіндік белгілері жалпыға бірдейлік және (барлық) әмбебаттық болып табылады. Бұқаралық билік мемлекеттік орындарды жүзеге асырады және мемлекеттік билік ретінде іс-әрекет жүргізеді.

Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында кайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, тендікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді. 
Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч.Тард, Л.И. Петражицкий. Бұл теория қоғам мен мемлекетті адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы деп тұжырымдаған. Коғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді. 
Күштеу теориясы — XIX ғ. қалыптаскдн пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович, К. Каутский, Е.. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады — деп түсіндіреді. 
Материалистік теория — мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы. 
         Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен жетістіктері бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда болуын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін — тарихи материалистік теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды-қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол дұрыс. 
       Кемшілігі — мемлекет пен құқықты тек экономикалық базис пен шектеуі, жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктер. 
Бүгінгі тандағы мемлекеттің басты ерекшелігі мемлекеттік және коғамдық істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз ететін, шын мәніндегі, демократиялық қоғам құру болып табылатындығында. Республика Конституциясының 3-бабында: "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық" деп көрсетілсе, 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демок-ратиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады" деп атап көрсетілген. Мұның мәні неде? Оның мәні бәрінен бұрын ізгілік іргетасынын қалануында, яғни азаматтың, жеке адамның бостандығы, ар-ожданы, ар-намысы. Бұл—халықтың, қоғам мен мемлекеттің өмірінде заңның үстем болуы арқылы қол жеткізілетін нәрсе. Од адамнын құқығы мен бостандығын, бейбітшіл азаматтық коғам құруды және ұлтаралық татулықты, сондай-ақ адамның өзі және өз ұрпақтары үшін лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттің функциясы түсінігі, оның басқару түрі

          Кеңестік дәуірде де, қазіргі кезенде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұның терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетгі орнату. 
         Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі — функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функ-цияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда. 
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететіндер: 
— мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция — орган 
— аппарат — мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде — мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері: 
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады; 
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі; 
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;     
         Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. 
Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. Дамытуға бағытталған мына қызмет салалары,  мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар жатады. Соның ішінде әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру.   Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі бәрінен бұрын  адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады. 
Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады.

         Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі— мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт. 
Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық субъектілерінін. заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен занды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды. 
          Демократизм азаматтық күқьіқтар мен бостандықтардың кен. ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құкығын қамтамасыз ететін оның қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демокра-тизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын алатыны — олардың мемлекеттік істерді басқа-руға қатысуы міндеттерін орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы қоғамдык, бірлес-тіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекетгік және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді. 
           Интернационализм — барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси, шаруашылык және мөдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі тендікті тану және оны қүқықпен қамтама-сыз ету болып түсініледі. Республикамызда нәсіліне, үлтына, тіліне және т.б. жағдаятгарға қарамастан қүкық пен бостан-дықтендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халыкта-ры Ассамблеясы интернационалдык үйым. 
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. 
          Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясы орындалуының құқықтық және ұйымдастырушылық тәсілдері болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке бөлінеді: құқық шығармашылық, құқықты қолдану, орындау; құқықты қорғау. Үйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация, кредит, баға т.б.); саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу. 
      Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының қүқықтық нысаны дейді. 
Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге бөлінеді: 
1). Нормативтік актілер аршылды орындалу нысаны; 
2).  Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.. 
Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі - әкімшілік шарт арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының субъектісі мемлекеттік орган болады. 

 

 

 

 

 

Мемлекет түрлері, белгілері және формалары.

Мемлекеттің белгілері:

-мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

-мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

-мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

 -мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.

Мемлекет түрлері:

Мемлекет құрылымы бойынша  келесі түрлерге бөлінеді:

Унитарлық (  латин “unitas” — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция т.б. осы түрге жатады.

Федерация   (латин “federation” — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия т.б. жатады.

Мемлекет басқаруы бойынша  екі түрі белгілі:

Монархия (грек; μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.

Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйенір жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады

Информация о работе Мемлекет шығуы мен оның мәні