Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 05:40, реферат
«Мемлекет» ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет\ алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті.
3. Жалпылық. Мемлекет өз аумағындағы (территориясындағы) адамдардың
барлығын қамтиды. Осы мемлекеттің азаматы болмаса да (мысалы, әртүрлі себептермен басқа мемлекеттерден келгендер) мемлекеттің шекаралық шеңберінде болғаннан кейін оларға қамқорлық жасалуы тиіс. Бұл жөнінде 1930жылы Гаагада (Нидерланды) мемлекетсіздікке (апатридизмге) қарсы халықаралық заң қабылданды. Бұл заңға сәйкес мемлекет территориясындағы жеке адам мемлекет қамқорлығынан тыс қалмауы тиіс.
4. Салық — қоғамды басқару жұмысына жұмсалатын қор (бюджет) қалыптастыру үшін қажет қаржы.
Территориясы мен этникалық (ұлттық) құрамына байланысты мемлекет әртүрлі құрылымға бөлінеді. «Мемлекет құрылымы» дегеніміз мемлекеттің ұлттық-территориялық ұйымдастырылуын көрсететін ұғым. Көп жағдайда,орталық билік пен жергілікті әкімдіктің өзара қатынасын белгілейді.Мысалы,мемлекет территорясының ұлттық-автономиялық бөліктерін белгілеу (округ, республика, штат), әкімдік-басқару аймақтарын бекіту (аудан, облыс, департамент, өлке).Мемлекттік құрылымның негізгі торт түрі кездеседі: унитарлық (біртұтас), федерация жане конфедерация.
Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). (федеративтік мемлекет) деп автономиялары бар мемлекетті атайды.
Федерацияның негізгі белгілері:
-мемлект территориясында ұлттық немесе территориялық автономияның болуы;
-мемлекеттегі саяси билік және басқа да өкімет органдары екі деңгейде
-қалыптасады;
- мемлекеттің конституциясы екі деңгейлі болады.
Мысалы, Ресей, Қытай, Үндістан және т.б. Ресейде жиырмаға жуық республика бар (Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Тува т.с.с.) Саяси билік екі деңгейлі, яғни жалпы мемлекеттік президент, парламент және әрбір республиканың өз алдына президенттері мен парламенттері бар. Конституциясы екі жүйелі: бүкілресейлік және әрбір республиканың өз конституциясы бар.
Федерация тек ғана ұлттық ерекшеліктер негізінде қалыптаспайды.
Дүние жүзіндегі федарацияның көп бөлігі жер (территория) арқылы орныққан.
Мысалы, АҚШ, ГФР, Австрия және т.б. АҚШ-да штаттар, Германияда «жерлер». Ал федерациялық құрылым негізі—ұлт немесе жер аймағы ғана емес; федерацияның негізгі белгісі – егемендік дәрежесі. Егер автономияның, федерация субъектісінің белгілі мөлшерде (Конституция арқылы белгіленген) егемендігі болмаса, онда мемлекттің федерация аталуы да жалған болып шығады.
Конфедерацияның негізгі белгілері:
Конфедерация дегеніміз — тәуеліз мемлекеттер одағы.
- конфедерацияда бәріне ортақ мемлекеттік билік болмайды;
- одаққа қосылған мемлекттер ортақ мақсаттарын бірігіп жүзеге асырады;
-конфедерация құрамындағы барлық мемлекеттеге ортақ мекемелері болады;
-конфедерация құрамындағы мемлекеттердің өз әскері, ұлттық валютасы болады. Конфедерация құрамындағы тәуелсіз мемлекеттер өздеріне ортақ мүдделерін бірігіп шешуі үшін арнаулы мекемелер құрады. Мысалы, қорғаныс, сауда, транспорт салаларындағы және т.с.с.ортақ мекемелері.
Қәзіргі кезде конфедерация таза күйінде кездеспейді. Өткен уақыттарда конфедерация мемлекеттер арасында көбірек орын алды. Мысалы, 1847 жылға дейін Швейцария конфедерациясы, ал 1815-1867 жылдары конфедерация Германияда болды.
Кәзіргі кезеңде Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) конфедерацияға айналу мүмкіндігі болған еді, бірақ бұл мемлекеттер арасында осы күнге дейін бәріне ортақ мекеме құрылған жоқ.
Еуропалық Одақты конфедерация қатарына жатқызуға болар еді, бірақ бұл одақтағы мемлекеттердің өзара қатынасы федерацияға ұқсап келеді еуропалық ортақ саяси билігі парламенті бар, мемлекеттер бірлестігінде ортақ валюта (евро) пайда болды).
Әйтсе де Еуропалық Одақты толығымен федерацияға жатқызуға болмайды. Бұл Одақтың құрамындағы мемлекеттердің мәртебесі (статусы) автономиялық дәрежеде емес, олар тәуелсіз мемлекеттер болып табылады.
Қорыта келгенде, Жалпыевропалық Одақты адамзат тарихының жаңа заманғымемлекеттік құрылыстың бастауы деп есептеуге болады. Мемлекеттердіңдамуына саяси өмірдің жалпы бағыты тұрғысынан қарағанда, мемлекеттік басқаруда мәңгі өзгеріссіз ешнәрсе жоқ екенін дүниежүзілік саяси практика дәлелдеп отыр.
Мемлекеттік басқару түрі дегеніміз –саяси билік кімнің, қандай ұйымның, қандай субъектінің құзырында екендігін көрсететін ұғым. Қазіргі кезеңде мемлекеттік басқарудың үш түрі бар: монархия, конституциялық монархия және республика. Мемлекеттік басқарудың осы түрлеріне жоғарыда талдау жасалынып, мысалдар арқылы көрсетілді.
Қазіргі кезеңдегі дүниежүзіндегі мемлекеттік басқарудың негізгі бағыты— республикалық мемлекет түріне өту.Сол себептен мемлекеттік басарудың осы түріне кеңінен тоқталамыз. Республиканың өзінің бірнеше түрлері бар.
Қазіргі кезеңде дүниежүзінде көп қолдау тапқан және ең көп орын алатыны демократиялық республикалар. Олардың өзі үлкен үш топқа бөлінеді: президенттік республика, президенттік-парламенттік республика және парламенттік республика.
Президенттік республиканың белгілері:
1. Екі жүйелі сайлау. Президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз алдына бөлек өткізіледі.
2. Үкімет президентке тәуелді.
3. Атқарушы биліктің және мемлекеттің басшысы президент. Үкімет те президенттің қарамағында болады.
Президенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Португалия, Мексика және т.б.
Президенттік-парламенттік республиканың белгілері:
1. Екі жүйелі сайлау: президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз алдына бөлек өткізіледі.
2. Парламент парламенттік сайлауда жеңіп шыққан саяси партиялардың уәкілдерінен қалыптасады.
3. Президент – мемлекеттің басшысы. Үкімет Президенттің алдында жауапты.
Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есепті. Президенттік-парламенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, Франция, Австрия, Ирландия, Польша, Финляндия және т.б.
Парламенттік республиканың белгілері:
1. Сайлау бір жүйелі. Тек парламент сайланады.
2. Парламентте ең көп орын алған саяси партияның жетекшісіне премьер-министрлік (атқарушы билік) және мемлекет басшысы міндеті жүктеледі.
3. Үкімет парламентке тәуелді.
Парламенттік республикаға, мыселы, Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль және т.б. жатады. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде мемлекеттік басқару түрлерінің, жалпы демократияның дамуына байланысты шын мәніндегі демократиялық республиканың жаңа деңгейлері қалыптаса бастады. Олар — азаматтық қоғам
4.Мемлекет басқаруы бойынша.
Демократиялық
Демократия мәселесі — саясаттанудағы негізгі тақырыптардың бірі. Оның себебі, біз жоғарыда айтқанымыздай, саяси ғылымның, яғни саясаттанудың кілті саяси билік болатын болса, ал қоғамдағы саяси биліктің сапасы, әсіресе қазіргі кезеңде, демократияның деңгейімен тікелей байланысты. Осы жағдай қазір дүние жүзіндегі көптеген елдердің саяси өмірінен байқалып отыр.
Мысалы, қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттердің саяси өміріндегі ең жиі айтылатын сөздің бірі — “демократия”. Мұның себебі неде? Демократия туралы мәселенің өте маңызды болуына бірнеше себептер бар. Біріншіден, қазіргі кезеңде демократия дүниежүзілік жалпы адамзаттың рухани құндылығы болып табылады. Ол халықтар арасындағы бірлестіктің, қауымдастықтыңдамуына зор әсер етеді. Екіншіден, әрбір мемлекеттегі саяси биліктің сапасы қоғамдағы демократияның деңгейіне байланысты. Үшіншіден, демократия біздің Қазақстан мемлекетінің мақсаты мен болашағы. Оған дәлел Қазақстан Республикасының Конституциясының ең бірінші бабы осы мақсаттан басталады. “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық … мемлекет ретінде орнықтырады” – деп жазылған. Әсіресе осы соңғы себепке байланысты әрбір қазақстандық, әсіресе болашақтағы мамандар елдің демократияландыру жолдарын жақсы танып білуі тиіс, бұл процеске өзінің үлесін қосуға да міндетті.
Демократияның ерекше маңызды болуының тағы да бір себебі, оның әрбір адамға тиімді, пайдалы болуында. Бұны демократияның негізгі ұстанымдарынан (шарттарынан) байқауға болады.
Демократияның негізгі ұстанымдары:
1. Демократия ұжымдық шешімді қолданады.
2. Мемлекеттік
билік органдарына азаматтардың
3. Билікке сайланғандар сайлаушылардың алдында есеп береді.
4. Әрбір азаматтың билікке сайлануына (өзін-өзі ұсынуына) мүмкіндік беріледі.
Демократиялық ұстанымдардың әрбір адам үшін тиімділігі осында. Енді “демократия” деген ұғымның ежелгі және теориялық мағынасына көшелік. Демократия деген сөз гректің “demos” –халық және “kratos” – билік деген сөздерінен құралған. Яғни, халық билігі деген мағынаны білдіреді. Бірақ бұл ұғымды ертедегі гректер өздерінің қоғам, мемлекет құрылыстарымен байланыстырған. Себебі ежелгі гректердің, римдіктердің мемлекеті негізінде бір қала көлемінде ғана болды.
Осыған байланысты мемлекеттің толық құқықты азаматтары шешім қабылдау үшін бір алаңға жиналып шешім қабылдауына мүмкіншілігі болды. Ол уақытта қазіргідей мемлекет пен қоғамның арасында басқа саяси субъектлер болған жоқ.
Қазіргі жағдай басқа. Қазір мемлекет пен қоғам арасында көптеген демократиялық институттар бар, мысалы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, сайлау комиссиялары және т.б. Қазіргі кезеңдегі демократияның ұстанатын басты мақсаты – билікті қалыптастырудың көзі халық болуында. АҚШ-тың он алтыншы президенті Авраам Линкольндің айтуы бойынша: “Демократия: халық үшін сайланған халық билігі”.
Қазір ежелгі антикалық уақытпен салыстырғанда демократия түсінігінің ауқымы да, мазмұны да біраз кеңейді. Демократия қазір тек қана сайлау мәселесімен шектелмейді. Қоғамдағы көптеген саяси процестер, саяси құбылыстар, саяси қарым-қатынастар демократиялық ұстаным негізінде сипатталады. Мысалы, мемлекеттің сипаты (типі, режимі) демократиялық бағамен белгіленеді. Қоғамдық құрылымның мақсаты, идеалы, яғни қоғамның даму бағыты – ол да демократия түсінігімен бағаланады. Қоғамда азаматтардыңтеңдігі, құқығы, еркіндігі бар ма, жоқ па? Бұл да демократиямен сипатталып,бағаланады.
Ал енді осы белгілердің барлығын: азаматтардың теңдігін, құқығын, әділеттілікті, еркіндікті, әр адамның өзі қабілетін іске асыру мүмкіншілігін, яғни, демократиялық ұстанымдарды қоғамда қалай орнықтыруы қажет, ол үшін қандай жолдарды пайдалану керек? Бұның негізгі жолы – мемлекет билігін демократиялық жолмен қалыптастыру.
Бұл жоғарыда аталған құндылықтарды ұйымдастыруға қабілеті бар билік жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Яғни, халыққа қажетті тәртіптілікті билік арқылы орнықтыру. Егер халықта сондай мүмкіншілік болса, бұл — демократияның бірінші белгісі.
«Қазіргі кезеңдегі демократия дегеніміз не?» – деген сұраққа жоғарыда келтірілген пікірлердің барлығын қорытып айтатын болсақ, «қоғамдық билікті халық сайлайтын, теңдік, құқықтық, әділеттік, еркіндік ұстанымдарына негізделген мемлекеттік құрылыс», – деп жауап беруге болады.
Демократияға байланысты тағы да бір түсінікті анықтап алғанымыз жөн.
Ол демократия мен бостандықтың ара қатынасы туралы мәселе. Мысалы, көпшілік “демократия” деген не? — деген сұраққа көп жағдайда “демократия – ол еркіндік” деп жауап береді. Осы дұрыс па? Демократия – тек қана еркіндік пе? Егер олай болатын болса, демократия әркімді күнделікті міндетінен, тәртіптен, жауапкершіліктен босатып жібере ме? Демократия ондай еркіндікке қарсы. Сонда, демократия қандай еркіндікті жақтайды? Бұл мәселені анықтап алу үшін, біріншіден, демократияның шешім қабылдау тәсілі есте болуы керек.
Демократиялық шешім қабылдау дегеніміз ол көпшіліктің пікірі арқылы шешім қабылдау.
Бұл ұстаным бойынша демократияның қолдайтын бостандығы, әр азаматқа беретін құқығы санаулы ғана.
Олар:
1) Ұжымдық шешім қабылдауға қатысу.
2) Шешім қабылдау үшін өз пікірін, ұсыныстарын білдіру.
Яғни, еркіндік тек ғана шешім қабылдағанша ғана құқылы. Ал шешім қабылдағаннан кейін көпшіліктің шешімі барлығы үшін заң. Азшылық дауыс берген уақытта қарсы болса да, көпшіліктің шешімін орындау оларға да заң.
Бұл демократияның тәртібі, заңы, мәдениеті, сонда ғана демократия көпшілікке қажет тәртіпті орнатуға мүмкіндік береді. Ал кейбір азаматтардан өз міндеттерін, жауапкершіліктерін талап ету немесе талап етпеу демократияның қызметі емес. Бейберекетсіздік, анархиялық бостандық – ол демократияның ұстанымына жатпайды.
Сонымен, демократияның мақсаты – қоғамда өлшемсіз, ретсіз бостандық орнатып, билікті әлсірету, бәсеңдету емес, көпшілік үшін қажетті тәртіп орнату.
Демократия – ол бостандықтың өзі емес, демократия – бостандықты орнатудың жолы.
Демократия мәселесіндегі маңызды сұрақтың бірі – демократиялық мемлекет қандай болуы керек? Демократиялық мемлекеттер бір түрде, бір ғана жолмен орнықпайды. Бірақ демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың бәріне ортақ белгілері бар.
Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері:
Информация о работе Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп