Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 18:35, реферат

Описание работы

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп-басқарып отырады. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Құқықтың түсінігіне және мазмұнына келетін болсақ, оның сан қырлы түсінігі, санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны санқырлы бағытта дамып, байып отырады.

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ.docx

— 22.69 Кб (Скачать)

           Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны

          Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп-басқарып отырады. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Құқықтың түсінігіне және мазмұнына келетін болсақ, оның сан қырлы түсінігі, санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны санқырлы бағытта дамып, байып отырады.  Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы: Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік деді, орта ғасырдың ғалымдары құқық діни норма, Ж.Ж.Руссо құқық қоғамдық билік деп түсіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс. Құқық адамадардың өмірі мен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс- әрекетіне, тәртібіне, сана сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал. Құқық–қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма.1

          Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың ең күрделісі, ең көлемдісі, ең маңыздысы. Құқық адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі.

          Көне заманнан ғалымдар құқықтың  мәні мен мазмұнын түсінбекші  болып, оған сан қилы анықтамалар  берген. Оның түсінігі мен мәнін  анықтаудың үш пікірін айтуға  болады: 1) нормативті тұрғыдан қарау бойынша – құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау; 2) социологиялық тұрғыдан қарау бойынша – құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау; 3) философиялық тұрғыдан қарау бойынша – құқықты бостандық пен әділдік деңгейімен байланыстыру.2

         Құқыққа социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады. Құқықтың үш тірегі бар: қоғамның материалдық деңгейі, мемлекет және имандылық. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске, қоғамның экономикалық жағдайына байланысты. Өндіріс – экономикаға тиімді, нәтижелі болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай жасау. Бұл мүдде мақсатты шешуде құқықтың өзі де өзгереді, дамиды, өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделеді.

          Құқық нормаларының талаптары  өздігінен жүзеге аспайды. Оларды  іске асыру үшін, талаптарын орындау  үшін мемлекет түрлі әдістермен  сан алуан қызмет атқарады. Егер құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі жеке және заңды тұлғаларға тиісті шаралар қолдана алады. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп, жүзеге асырылады. Құқықтың тірегі, оның күш-қуаты, абыройы-мемлекет.

         Құқықтың белгі-нышандары:

  1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Құқықтық норманы мемлекеттік органдар қабылдайды, бекітеді, басқа нормаларды қоғамдық ұйымдар қабылдайды. Нормативтік дегеніміз-адамдардың ой жүйесін, қоғамдық өмірін тәртіппен, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
  2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Бостандық-адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады. Әділеттік ерте заманнан келе жатқан, әлеуметтік, моральдық, принцип және норма.
  3. Құқықтың бейнелейтін обьектілері болады. Олар-билік, мемлекет, қоғамдағы тәртіп. Әділдік, бостандық, демократия солар арқылы жүзеге асырылады.
  4. Құқықтың формальды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол формальды анықтылық. Оның белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалығы. Бұл құқық субьектісінің не нәрсені істеуге болу, болмауын білуіне ыңғайлы, қолайлы.
  5. Құқықтық нормалар қоғамдағы қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқарады. Басқа нормалардың үлесі аз.
  6. Құқықтық нормалардың орындалуы ерікті-еріксіз түрде жүргізіледі. Басқа нормалар ерікті түрде орындалады.
   

          Әлеуметтік  нормалар құқықтық норманың дамуына,  орындалуына, нығаюына өте зор  әсер етеді, ықпал жасайды.  Жаңа заңның жобасы алдымен  көп уақыт әлеуметтік нормалар  саласында жан-жақты тексеріліп, содан кейін мемлекеттік заңға айналады. Заңды, жаңа норманың жобасы дұрыс талқыланып, бекітуге, қабылдауға да өмірлік тәжірибе көп әсер етеді. Заң қабылданып, оны орындау процесінде де көп жылдық әлеуметтік нормалардың тәжірибесі көмек береді.

           Әлеуметтік нормалар бір-бірімен тығыз байланыста дамып, өзгеріп, жаңарып нығайып отырады. Әсіресе  бұл байланыс құқықтық нормалар арасында тығыз түрде дамиды.         

           Өмірлік   тәжірибеден қалыптасқан норманы  моралдық норма дейді. Бұл нормалар  жалпы қоғам көлемінде тексеріліп, қабылданды. Мысалы, не жақсы-не жаман, не дұрыс-не бұрыс деген ұғымды қоғам береді, өмір, тәжірибе қалыптастырады.

          Құқық  пен моралдың ара қатынасы  өте күрделі процесс. Ол процесс  төрт компоненттен тұрады: бірлігі,  айырмашылығы, бірлесуі, дербестігі. Енді осы компоненттерге жеке-жеке тоқталсақ:

  1. Құқық пен моралдың бірлігі:
    • Екеуі де әлеуметтік нормаға жатады;
    • Екеуі де бір саясатқа бағынады, сол саясатты орындауға үлес қосады;
    • Екеуі де бір мүддемақсатты орындауға қатысады;

            Құқық пен әдет-ғұрып – әдет-ғұрып көне дәуірден тәжірибеден өткен, қоғамға пайдалы нормалар, олардың біразы құқықтың негізіне айналды. Азаматтық, отбасы құқықтарына көптеген нормалар кірді. Азаматтық қоғамның көптеген қарым-қатынастарын әдетғұрып нормалармен реттеп - басқарады. Мемлекет пен құқық әдет-ғұрып нормаларға жан-жақты көмек көрсетіп отырады. Біраз нормаларды қабылдап, мемлекеттік күші бар нормаға айналдырып отырады.

           Құқық пен салт-дәстүр - әр халықтың, әр ұлттың өздерінің салт-дәстүрлері болады. Мемлекет пен құқық оларға үнемі көмек көрсетіп, көп мәселені бірлесіп шешіп жатады. Әр ұлттың салт-дәстүрінің дамуына, мемлекет пен құқық барлық жағдай жасайды.

          Құқық пен корпоративтік нормалар - қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, одақтардың, партиялардың ұжымдардың мүшелерінің арақатынастарын реттеп, басқаратын нормалар. Ол нормалар азаматтық қоғамның, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани дамуына көп үлес қосады. Олар мемлекеттік органдармен көпшілігінде бірлесіп жұмыс жүргізеді.

          Құқық пен діни нормалар - діни нормалардың адамдарды, әсіресе жастарды инабаттылықта, парасаттылықта, адамгершілікте тәрбиелеуде өте зор іс атқарады. Сондықтан діннің ашық өмір сүруіне толық бостандық беріліп отыр. Діни мекемелер заңды түлға болуға құқысы бар, діни мейрамдарға да мүмкіншілік берілді.

          Осы  жоғарыда көрсетілген әлеуметтік  нормалардың барлығына Қазақстан  Республикасының Конституциясы  заңды түрде мемлекетпен бірге тәуелсіз, демократиялық, егеменді қоғам құруды – негізгі міндетіміз деп жариялап отыр.

         Егерде  құқық пен басқа әлеуметтік  нормалардың арақатынасында келіспеушілік  немесе қайшылықтар болса өзара  келісімге келіп, 

 

 

 

 

 

 

1 Н.И. Матузов, А.В. Малько. Теория государства и права: Москва, Юристь, 2004,-511с.208-с


Информация о работе Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны