Конститучиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 17:55, реферат

Описание работы

Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.

Работа содержит 1 файл

Конституциялық құқық.doc

— 68.50 Кб (Скачать)

  Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.

Конституциялық  құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері  бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

  Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.

  Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.

  Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-кұқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:

міндеттеу әдісі;

тыйым салу әдісі;

рұқсат  ету әдісі;

тану  әдісі қолданылады.

  Міндеттеу  әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты,  олардың барлық қызмет саласында  қолданылады. Қазақстан Республикасы  Конституциясының 18-бабында: "Мемлекеттік  органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті" деп жазылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Яғни: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Аталған қағида мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты. Тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.

  Конституциялық құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағында былай делінген: «Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді». Конституция заңда қаралмаған әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын рұқсат ету әдісін де кең қолданады.

  Мұндай әдіс көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Мысал ретінде әркімнің,заңмен белгіленгеннен басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруын және тұратын орнын еркін тандауын айтуға болады. Рұқсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция белгілі бір ауқым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, субъектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады.

  Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады. Айталық, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында Президентке, онын бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екі даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы.

  Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, меніңше, құқықтық реттеудің тағы бір әдісін — тану (танымау) әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті фактордан — адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Мемлекет адамдардың табиғи құқығына рұқсат етеді емес, дәлірек айтқанда, таниды. Қазақстан Республикасы Конституциясының, 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: "Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, зандар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады". Құқықтық реттеуді әдіс ретінде тану да конституциялық құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.

  Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құқықтық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары (бастаулары) аталады. "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады" (Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағы).

  Көрсетілген конституциялық қағида құқық бастауларын жалпылай сипаттайды. Конституцияда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің нысандарының бәрі бірдей оның бастаулары болып табылмайды. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі, тұтас алғанда, Конституция болып табылады. Мұндай жәйтті бөліп айтуымның себебі, ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі ретінде тек Конституцияның құқықтық нормалары ғана емес, сондай-ақ оның басқа да элементтері: принциптері, жалаң қағидалары, міндеттері мен мақсаттары да қызмет етеді. Тарихи фактіні бұлайша сипаттаудың мемлекеттің тек көп ұлттық қана емес халықтық сипатын ұғынуда да айрықша мәні бар. Ал бұл идея мемлекеттің барлық көп ұлтты мемлекеттің атынан қызмет етуді, ұлттық белгілері бойынша кемсітілуге және басқаларына жол бермеуді көздейді. Әрине, бұл идеялардың бәрі тиісті зандардың қайнар көзі ретінде қызмет етуі тиіс. Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде тануда конституциялық идеяның бастаулық мәні қызметін атқарады. Бұл қағида Республика азаматтарын әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуге арналған заңдардың негізгі қайнар көзі болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясы жариялаған мемлекет қызметінің принциптері: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың қажетіне орай экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қазақстандық құқықтың қайнар көзі қызметін атқарады.

  Мемлекет және оның органдары қызметінің негізіне алынбастан бұрын, ол принциптер әр мемлекеттік органның ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілуі тиіс.

Конституцияның  құқықтық нормалары сала ретінде  конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықтың қайнар көзі ретінде сипатталады?

1. Қазақстан  Республикасы Конституциясында  бүкіл конституциялық зандардың  негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.

2. Қазақстан  Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын:

 саяси,  экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды  қамтиды.

 Әрине,  Конституцияның құқықтық нормалары  аталған салалардағы қоғамдық  катынастарды егжей-тегжейлі және  жан-жақты

 реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың  мәнді, басты бағыттарын ғана  реттейді. Қазақстан Республикасы  Конституциясының құқықтық нормалары  құқықтың басқа салаларының құқықтық  нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.

3. Конституциялық  құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.

4. Қазақстан  Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да

 салаларының  бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың

 мемлекеттік  еркі, олардың құқықтық демократиялық  мемлекет

 құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның  тең құқылы мүшесі

 ретінде  қосылу жөніндегі табандылығы  тікелей көрініс тапқан.

5. Конституция  құқықтың басқа бастауларынан,  сондай-ақ

 тек  мемлекеттің ғана емес, сонымен  бірге тұтастай қоғамның

 да  негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік

 құқықтық  актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясының идеялары, принциптері, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің     мейлінше мәнді бағыттарын реттейді: жекелеген адамды, азаматты, қоғамдық қызметтің барлық субъктілерін (бірлестіктерді, қозғалыстарды, өзін-өзі басқару органдарын, және басқаларын) қамтиды.

6. Сондай-ақ, Конституция конституциялық құқықтың  басқа бастауларынан өзгерістер  мен толықтырулар қабылдаудың  ерекше тәртібін белгілеуімен  де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.

7. Қазақстан  Республикасы Конституциясының  конституциялық құқықтық қайнар  көзі ретіндегі тағы бір өзіндік қыры — онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық жәй заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы конституциялық құқының мемлекеттік (республикалық) мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық заңдар жатады. "Конституциялық зандар" атауы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген. Қазақстанның конституциялық заңдарының өзіндік ерекшелігі — олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуден осынысымен ерекшеленеді.

  Жай заңдар да конституциялық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Жай заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасы Конституциясында қаралған жағдайда жай заңдарды Президент те қабылдай алады. Қазақстанның конституциялық құқының қайнар көзіне азаматтық туралы, көші-қон туралы және басқа жай заңдар жатады.

  Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Регламенті, Сенатының Регламенті, Парламентінің Регламенті, Парламент Палаталары құрған үйлестіруші және көмекші органдар туралы ереже конституциялық құқық салаларының қайнар көзі болып табылады.

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Академиялық курс. Өңделіп, толықтырылған, 2-басылымы.- Алматы: Жеті Жарғы, 2004.-480 бет.

Черняков  А.А. Коиституционное право Республики Казахстан. Алматы: Әділет Пресс. 1997. 321-бет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                 Жоспар 

  1. Конституциялық  құқық туралы ұғым
  2. Конституциялық-кұқықтық қатынастар
  3. Конституциялық құқықтың қайнар көздері

Информация о работе Конститучиялық құқық