Болон процессі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 15:37, доклад

Описание работы

Болон процесі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртүтас жалпы - еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) қүрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді үйымдастыруды көздейді.

Работа содержит 1 файл

Болон процесі.docx

— 20.26 Кб (Скачать)

Болон процесі

 

Болон процесі - еуропалық  жоғары кәсіби білімде біртүтас жалпы - еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) қүрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді үйымдастыруды көздейді. Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, тандау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат түтады. Болон процесінің басты мақсаттарының қүрамында еуропалық мәдени қүндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жүмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, үлттық жүйелерге сыйқүрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон процесі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресмизаңдық түрғыда Болон процесі Батые Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім қүжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді.

Болон процесі (Болондық қайтақұрылулар) – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003).

Болон процесі – жалпы  қызмет принциптеріне негізделген  жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.

Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;

ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;

жоғары білімнің ұлттық жүйесін  реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көпдәрежелі жоғары білімді енгізу;

академиялық кредиттер жүйесін  қабылдау;

білім сапасын бақылау;

студенттер мен оқытушылардың  мобильділігін кеңейту;

нәтижелерге және студенттікорталықтандырылған оқытуға бағытталу - Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарға жатады.

Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттікорталықтандырылған оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз, оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға жылжуының негізгі элементтері болуы керек.

Болон процесінің үш деңгейінің арасында баланс болу керек: өкіметке, жоғары оқу орындарына және студенттерге қатысты еуропалық деңгейде белгіленген  мақсаттар; процесті жүзеге асырудағы  жоолардың алатын негізгі рөлі; ұлттық стратегиялардың рөлі және алдыңғы екі деңгейдің бірігуіндегі және әрбір елдегі процестерге көмек көрсетудегі заңдылықтар.

Болон процесі – еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, мөлдірлік пен мобильділікті көтеру құралы болып табылады. Болон процесі жоғары оқу орнының қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, бірақ сапаны қолдау мен оны жоғарылату, жүйе мен оның кадрларына берілетін мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.

БОЛОН ПРОЦЕСІ – жоғары бімнің біртұтас еуропалық кеңістігін құру мақсатында Еуропа елдерінің білім жүйесін жақындастыру және гармонизациялау процесі.

1999 жылдың 19 маусымында, Болон  қаласында өткен арнайы конференцияда  29 еуропалық елдердің министрлері  «Еуропалық жоғары білім аймағы» декларациясын басқаша Болон декларациясын қабылдауы, Процестің ресми басталуы болып саналады. Болон процесіне басқада елдердің қосылуына болады. Кейіннен үкіметаралық кездесулер Прагада (2001), Берлинде (2003), Бергенде (2005), Лондонда (2007), Лувенде (2009), Будапешт-Венада (2010) өткізілді. Қазіргі таңда Болон процесі 47 елді біріктіруде.

Болон процесінің негізгі  мақсаттары:

- жоғары бiлiмнiң еуропалық  аймағы - бұл азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіншілігін жоғарлату мақсатында ұтқырлығын дамытудағы маңызды бағыт;

- еуропаның зияткерлік, мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық потенциалын құру және нығайту; еуропалық жоғары мектептің әлемдегі мәртебесін жоғарлату;

- басқа білім жүйелерімен студенттерге, қаржыға, ықпалға күресу мақсатында еуропалық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; ұлттық жоғары білім жүйелерінің жоғары салыстырылымдылығы мен сәйкестілігіне жету; білім сапасын арттыру;

- еуропалық сана қозғалтушысы  болып қарастырылатын, еуропалық  мәдени байлықты дамытудағы универстеттердің  маңыздылық орнын жоғарлату.

Болон процесіне  қосылу

Болон процесіне елдер  ерікті негізде, тиісті декларацияға қол қоюы арқылы қосылады. Олар өзіне, кейбірі мерзімдермен шектелген, нақтылы міндеттемелерді жүктейді:

• 2005 жылдан бастап Болон  процесiне қатысушы елдердің ЖОО барлық бiтiрушiлерiне бакалавр және магистр дипломдарына бiртұтас үлгiлі еуропалық қосымшаларын тегін беруді бастау;

• 2010 жылға дейін ұлттық білім жүйелерін Болон декларациясының қағидаларына сай реформалау. 

 

Болон процесін басқару  құрылымы

Болон процесін дамыту және құрылым жөніндегі барлық сұрақтарға шешім қабылдайтын жоғары орган, екі жылда бір жиналатын, қатысушы елдердің министрлер мәжілісі болып табылады. Министрлер мәжілістері арасында Болон процесінің басқарушы органы болып Болон жұмыс тобы (Bologna Follow-up Group) болып саналады, оның құрамына әр елдің 2-3 өкілі кіреді, әдетте біреуі тиісті министрліктен және біреуі елдің академиялық бірлестігінен. Болон жұмыс тобына сол мерзімде Еуроодақта төрағалық ететін елдің өкілі төрағалық етеді. Топ Болон процесі сұрақтарына қатысты халықаралық тақырыптық семинарлар кестесін бекіту, кезекті министрлер мәжілісіне ақпарат жинақтау, мәжіліске енгізу алдында қатысушы елдердің баяндамаларын талқылаумен айналысады және т.б. Болон тобының мүшелерінен, келесі министрлер мәжілісі өткізілетін елдің, алдынғы жылы Еуроодақта төрағалық еткен елдің өкілдерінен бір жылға төрағалық ететін Кеңес (Board) сайланады, ол төраға және вице-төрағадан құрылады, сонымен қатар Еурокомисия өкілдері және дауыс беру құқығы бар Еуропалық университеттер ассоциясының мүшелері (EUA), Еуропалық жоғары оқу орындары ассоциясы (EURASHE) және Еуропа студенттерінің Ұлттық одақтарының (ESIB) өкілдері кіреді. Сонымен қатар хатшылық құрылады: оның құрамына министрлер мәжілісі өтетін елдің 3 Білім министрлігі қызметкерлері кіреді. Хатшылық Кеңес пен Топтың жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру және техникалық жұмыстармен айналысады.  

 

Қазақcтанның Болон процесіне қосылуы

Болон процесінің толыққанды қатысушысы болып 2010 жылдың наурызында Қазақстан Болон декларациясына қол қойды. Қазақстанның Болон процесіне  қатысуының негізгі мақсаты - европа біліміне қолжеткізуді кеңейту және оның сапасын көтеру.

Болон процесіне қосылу Қазақстанның жоғары мектебінің дамуының негізгі  бағыттары мен артықшылығын анықтады. Әлемдік білім кеңістігіне ену ұлттың зияткерлік потенциалы мен бәсеке қабілеттілігі қарқынды түрде өсуіне себепкер болады.

Қазақстан өзіне алған  міндеттемелері бойынша 2020 жылға дейін  келесі іс-шаралар атқарылуы тиіс: «ашықтылықты» қамтамасыз ету, біртипті білім циклдерін кең ауқымды тарату арқасында барынша жоғары түрде салыстыру, бірыңғай білім несиелерінің жүйесін енгізу, алынып отырған біліктілікті арттыру мамандықтарының бекітілген қалыптарының бірдей болып келуі және екіжақтылығын қабылдау, мамандардың білім сапасын қамтамасыз ететін дамыған құрылымдарды құру және т.б.

Бүгінгі таңда Қазақстанның жоғары білім жүйесінің Болон процесіне қатысушы мемлекеттердің білім жүйесіне барынша ұқсас, жақын болып келуі бойынша айтарлықтай үлкен жұмыс атқарылуда. 


Информация о работе Болон процессі