Банкілік шарты ұғымы, түрлері. Қалыптастыру ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:37, реферат

Описание работы

Шарттың құрамы бөліктері: Құжат аты; мерзімі; индексі; толтырылған орны; мәтіні; екі жақтың қолдары; мөр. Келісімшарт әр жаққа бір – бірден екі түп нұсқа жасалады.
Шарт (ағылш. agreement, contract; — екі және одан көп тараптардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту, тоқтату туралы ерікті келісімі. Тауар-ақша қатынастарының құқықтық нысаны болып табылады, азаматтар, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар (фирмалар) мен ұйымдар материалдық-техникалық қамтамасыз ету, күрделі құрылыс, сауда, жүктерді тасымалдау салаларында, қарыздарда, басқа жағдайларда кеңінен қолданады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Банкілік шарты ұғымы, түрлері. Сатып алу-сату шарты және рента шарты 4
2 Міндеттемелер 5
Қорытынды 10
Пайдаланған әдебиеттер 11

Работа содержит 1 файл

Реферат_Банкілік шарты ұғымы, түрлері. Қалыптастыру ерекшеліктері.docx

— 36.12 Кб (Скачать)

РЕФЕРАТ

Банкілік  шарты ұғымы, түрлері. Қалыптастыру ерекшеліктері

 

 

Жоспар

 

 

Кіріспе 3

1 Банкілік шарты ұғымы, түрлері. Сатып алу-сату шарты және рента шарты 4

2 Міндеттемелер 5

Қорытынды 10

Пайдаланған әдебиеттер 11

 

Кіріспе

 

 

Шарт – тараптар арасында қандайда бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат. Мысалы: Сату – сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және т.б.  

Қатысатын субъектілер санына шарттар екі жақты немесе көп жақты болыды.

Шарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және айы, күні, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты  - жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы: Банктен несие алутуралы шартта несиеге қатысты бірнеше мәлімет беріледі, яғни несие алушы туралы мағлұматы көрсетіледі.

Соңында шарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Шарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі ноториалдық кеңседе сақталынады. Қалған даналары катысушы тараптарға беріледі.

Шарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәтіннің мазмұны толық көрсетіледі екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттілігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.

Шарттың құрамы бөліктері: Құжат аты; мерзімі; индексі; толтырылған орны; мәтіні; екі жақтың қолдары; мөр. Келісімшарт әр жаққа бір – бірден екі түп нұсқа жасалады.

Шарт (ағылш. agreement, contract; — екі және одан көп  тараптардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту, тоқтату туралы ерікті келісімі. Тауар-ақша қатынастарының құқықтық нысаны болып  табылады, азаматтар, түрлі меншік нысанындағы  кәсіпорындар (фирмалар) мен ұйымдар  материалдық-техникалық қамтамасыз ету, күрделі құрылыс, сауда, жүктерді тасымалдау салаларында, қарыздарда, басқа жағдайларда  кеңінен қолданады. Ауызша, жазбаша  нысанда не нотариалдық жолмен жасасылады, олардың кейбіреулері мемлекеттік  органдарда тіркеуден әткізілуге тиіс. Халықаралық шартта — тең құқықты  екі немесе бірнеше мемлекеттердің арасындағы немесе халықаралық ұйымдардың арасындағы олардың саяси, экономикалық, мәдени немесе өзгедей ынтымақтастық  саласындағы өзара құқықтары  мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге  немесе тоқтатуға қатысты ерікті келісім. Ресми құжат, оның мазмұнынан мәміленің мәнін айқындайтын  және бухгалтерлік есеп пен салық  есебінде көрсетілетін бірқатар шаруашылық операциялары туындайды. Олар, әдетте, жазбаша нысанда жасасылады және атаулары алуан түрлі болып келеді рактат, хартия, пакт, келісімшарт, шарт, хаттама, декларация, мазмұндама, келісім, т. б., бірақ олардың заңдық күші бірдей

 

1 Банкілік шарты ұғымы, түрлері. Сатып алу-сату шарты және рента шарты

 

 

Сатып алу-сату шарты. Сатып алу-сату шарты бойынша  сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне  беруге, ал сатып алушы ол мүлікті  қабылдауға және ол үшін белгілі ақша сомасын төлеуге міндеттенеді. Бұл  біздің өмірімізде өте кең тараған  міндеттеменің бір түрі.

Сатып алу-сату шартының жекелеген түрлеріне бөлшектеп  сатып алу, сату, тауар жеткізілімі, энергиямен жабдықтау, ауыл шаруашылығы  өнімдерін сату, көсіп-орынды сату жатады. Бұлардың ішінде бөлшектік саудамен сатып алу-сату кең тараған түрлердің  бірі болып саналады, Шарт бойынша  сатушы кәсіпкер болады, ал сатып алуші  тауарларды өзінің күнделікті үй тіршілігінде, отбасымду немесе жеке басы үшін пайдаланады.

Тауар жеткізілімі  кәсіпкерлік қызмет аясында қолданылатын сатып алу-сату шартының бір түрі болмя табылады. Шартқа сәйкес кәсіпкер өзі өндіретін сатып алатын тауарларды келісілген мерзімде беріп тұрады

Энергиямен  жабдықтау шарты бойынша тұтынушыларға  электр қуаты, газ, су жеткізілімі жүзеге асырылады.

Кейбір  сауда-саттық орындарында «алынған тayар кайтарылмайды және айырбасталуға  жатпайды» деген сөздерді көп  кездестіреміз. Бірақ бұл шын  мәнінде заңға қайшы келетін  факт1.

Егер  сапасы төмен тауар сатылған болса, оны сатып алушы сатушыдан  оның бағасын тиісті деңгейге төмендетуді, Пасқа сапалы тауар түріне ауыстырып  беруді, оның ісемшілігін ақысыз қосымша  орнына келтіруді немесе ол тауардың кемшілігін өзі жөндеп алған сатып алушыға келтірген шығынды төлеуді немесе тауарды да, ақшасын толық кері қайтарып беруді талап етуге құқығы бар. Егер сатушы сапасы төмен тауардың өндірушісі болмаса оны ауыстыруды немесе кемшіліктерін түзеуді сатып алушының еркі бойынша сатушыдан, болмаса оның нидірушісінен талап етеді. Сатушы аталған талаптарға нидіспеген жағдайда сатып алушының сотқа жүгінуіне болады.

Сатып алушы 14 күннің ішінде азық-түлік тауарларына  жатпайтын тауарларды басқа тауарға  айырбастауына немесе ақшасын қайтарып алуына болады. Ол үшін сатып алынған  тауар пайдаланылмаған жаңа күйінде  қайта ұсынылуы тиіс.

Сатып алу-сату шартына айырбас шарты ұқсас  болып келеді. Бірақ та айырбас  шартында мүліктің орнына ешқандай ақша берілмейді. Бір тауар екінші тауарға ,бастаалады. Ал сыйға тарту шартында сыйға тартушы екінші жақтан оған белгілі ақша сомасын немесе тауар  талап етуге құқы жоқ. Яғни белгілі  затты, мүлікті ақысыз екінші жаққа  береді.

Несие шарты  – бұл реалды шарт, құқықтар мен  міндеттер несие алушының ақша қаражатын  алғаннан бастап пайда болады.

Шарттарды ақылы және ақысыз деп екіге бөліп  қарауға болады. Ақылы шарттың  өзінің атынан көрініп тұрғандай, шарт бойынша өзінің міндетін атқарған жақ  тиісті ақысын алуы қажет. Белгілі бір  қызмет көрсеткен адам сол көрсеткен  қызметінің ақысын алады. Ал егер бір  тарап екінші тарапқа одан ақы  алмай немесе бірдеңе бермей затты  ұсынуды міндетіне алған болса, онда мұндай шарт ақысыз шарт болып  есептеледі. Оған біреуге бір нәрсені  сыйға беруді, т.б. жатқызуға болады.

Шарттарды сонымен қатар, біржақты міндеттеуші  және өзара келісілген деп жіктеуге болады. Шарттардың басым көпшілігі  өзара келісілген, яғни құқықтар мен  міндеттер екі жақты да бірдей2.

 Мәселен,  сатып алу – сату шарты бойынша  сатушы сатылған тауарды беруге  мінлетті және оның ақысын  талап етуге құқылы, екінші тарап  – сатып алушы тауарды талап  етуге құқылы және оны қабылдап  ақысын төлеуге міндетті. Көріп  отырғанымыздай екі тарапта да  құқықтар мен міндеттер бар,  яғни сатушы мен сатып алушының  арасындағы шарт өзара келісімді.  Сыйға беру шарты керісінше,  бір жақты міндеттеуші шарт. Сыйға  алушының ешқандай міндеті жоқ,  тек құқықтарға ие және сыйды  қабылдау немесе қабылдамауды  өзі шешеді.

Рента шарты  бойынша рента алушы рента  төлеушінің мүлік береді, ал рента  төлеуші алған мүлікке айырбас  рента алушыға белгілі бір  ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау  үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде рента төлеп отыруға  міндеттенеді.

Басында баспанасы жоқ үйленген отбасы бір  қарт адамды өздерінің асырауына  алады, ал қарт кісі олардың меншігіне  тиесілі пәтерін береді.

Егер  козғалмайтын мүлік белгілі бір  себептерге байланысты жойылған болса, онда меншік иесі корғауындағы адамды өмір бойына асырауына алуы тиіс.

 

2 Міндеттемелер

 

 

Аты айтып  тұрғандай, мұндай шарттар бойынша  мүлік берілетін жақтың меншігіне  өтпейді, тек уақытша пайдалануы мен иелік етуіне ғана беріледі. Бұған мүлік жалдау және мулікті ақысыз тегін пайдалану шарты жатады.

Мүлікті жалдау шартына сәйкес, жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлеп уақытша пайдалануға және иеленуге береді. Ал мүлікті ақысыз пайдалануда ешқандай ақы алынбайды: жеңіл көмекті жалға беру (аренда) немесе оқушы бір кітапты 2 сағ уакытта оку үшін кітапханадан уакытша алу (тегін пайдалану) және т.б. Сонымен қатар бұл міндеттемелердің бір ерекшелігі — ол сол нақты алған мүлікті қайтаруы керек.

Мүлікті жалдау шартының ерекше түрлеріне лизинг прокат жатады. Лизинг ағылшын тілінен  аударғанда «аренда» деген мағына береді. Лизинг шарты бойынша лизипг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті  сатушыдин меншігіне сатып алуға  және осы мүлікті ақы төлеп  уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға берун міндеттенеді.

Ал прокат бойынша тұрақты көсіпкерлік  қызмет ретінде қозғалмайтын мүлікті  жалға беруді жүзеге асыратын жалға  беруші жалға алушыға мүлікті  ақы төлетіп уақытша иеленуге, сондай-ақ пайдалануға береді. Мысалы, бейшпмм паны көруге алу, т.б. Прокат шарты жария шартка жатады3.

Мердігерлік шарт бойынша мердігер тапсырушының тапсырмасы бойынша белгілі жұмысты атқаруға және оны көрсетілген мерзімде өткізуге, ал тапсырушы оны қабылдауға және оған келісілген соманы төлеуге міндеттеледі. Оның бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:

Тұрмыстық мердігерлік шарты. Мердігер белгілі  жұмыстарды атқарады. Белгілі азаматтың  жеке басының тұрмысық қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін оның тапсырмасы бойынша кәсіпкерлік кызметті жүзеге асырады. Әрине, мердігер оған тиесілі  ақы сомасын алады. Мысалы, киім тіктіру, киім-кешек жудыру, аяқ киімді шеберханаға  жоңдетуге беру, т.б.

Құрылыстық  мердігерлік шарт. Мердігер тапсырысшымың  тапсырмасы бойынша шартта белгіленген  мерзімде белгілі бір объектіні  салуға не өзге де кұрылыс жұмысын  ирындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге рұмысты орындау үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген еңбекақыны төлеуге  міндеттенеді.

Сақтау  шарты бойынша сақтаушы берген затты  сақтауды және ол затты сол күйінде  кайтаруды өз мойынша алады. Бұл  шарт зат сақтауға берілген кезден бастап жасалған болып саналады.

Сақтау  шартының жекелеген түрлері: - ломбардта  сақтау. Ломбард азаматтарға әр түрлі  мүліктер үшін ақшаны заемға беріп  отырады. Ломбард сақтауға алған  мүлік үшін атаулы сақтау береді. Оған өткізілген зат келісімге сәйкес сол қабылдағанған сауда бағасына сөйкес болуы керек.

- құндылықтарды  банкте сақтау. Банктер өздерінің  барысында құнды қағаздарды, қымбат  металдар мен асыл тастарды, құжаттарды сактауды жүзеге асырады. Аталған заттар банктің арнайы сейфтерінде сақталады.

- көлік  ұйымдарының камераларында сақтау. Көлік ұйымдарының сақтау камералары жолаушылардың және басқа азаматтардың заттарын жол жүру құжаттарының бар-жоғына қарамастан сақтауға міндетті. Егер белгіленген мерзім өтіп кетіп, сактаудағы зат алынбайтын болса, онда ол ұйымдар бұл затты тағы да үш ай сақтап, тек үш ай өткеннен кейін ғана затты сатып, сақтаудың құнын алады. Егер заттың құны сақтау құнынан асатын болса, онда затты сақтауға берген адамға қалған артық сома қайтарылады.

- ұйымдардың  киім ілгіштерінде сақтау. Театрға,  кинотеатрға, т.б. барған кезде  сендер сырт киімдеріңді киім  ілгіштерге өткізесіңдер. Киімді  қабылдап алған адам сендерге  нөмірлі жетон береді. Кейін осы жетонды көрсету арқылы киімдеріңді қайтарып ала аласыңдар. Бұл аталған шарттың қолданылғанын көрсетеді.

- қонақ  үйлерде сақтау. Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оны жасау үшін ерекше жағдайлар қажет емес. Әрине бұған ақша, валюта, т.б. құнды қағаздарды сақтау кірмейді. Ол үшін арнайы шарт жасасу керек. Міне, осындай жағдайда ғана қонақ үй оған жауап береді.

- тауар  қоймасында сақтау. Кеденде уақытша  сақтау қоймалары, базарларда  контейнер қоймалары болады. Бұл  кәсіпкерлік қызмет өрісінде  колданылады4.

Бұл шарт банк клиентінің тапсырмасы бойынша  қызмет көрсетеді, ал клиент көрсетілген  кызметке акы төлейді. Банкілік қызмет көрсету шартының бірнеше түрі белгілі. Банкілік есепшот шарты, акша аудару шарты, банкілік алым шарты, банкілік салым  шарты, заңда және тараптардың келісімі бойынша көрсетілген өзге де шарттар. Соның бірі банктік шот шарты  бойынша банк клиентінім тапсырмасымен  үшінші жаққа бірыңғайландырылған дербес код бермей-ақ ақша аударуға міндеттенеді.

Ұзақ  мерзімді ссуданы беру барысында  банктердің кәсіпорындармен, ұйымдармен және азаматтармен құратын негізіне несие қатынасының несие келісімшарты жатады.

Әдетте, ұзақ мерзімді несие берудің несие  келісімшартының ресімделуі техникалық – экономикалық негіздемесінің ұсынылуымен  бірге жүреді. ТЭН-де несиенің қандай мақсат үшін сұралғаны рет-ретімен  көрсетіледі, ең сыйымды баптарды (материалдық  шығындар, еңбекақы және т.б.), ажыратумен несие есебінен төлеуді көздейтін  ұйғарынды шығындардың (сметаның) есеп айырысуы жүргізіледі.              

Шикізаттың, несиеленетін шараны жүзеге асыруға  қажетті материалдардың, жиынтықтаушы бұйымдардың, құрал – жабдықтың  және басқадай материалдардың, жоспарланған түсімі жеткізілімдердің мөлшерің, құнын, мерзімін көрсететін жеткізушімен жасалған тиісті келісімшартпен (жекелеген жағдайда – құндылықтарды жеткізуді, жұмыс  өндірісін, қызмет  көрсетуді жүзеге асыратын олардың кепілдемесімен) нығайтылуы керек. 

Шарт сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) шартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндеттенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады. Тараптар қолданымдағы тарматтардьщ бәрі бойынша талап етілетін формада келісетіндігін бір-біріне білдірген жағдайда ғана шарт жасалды деп танылады.      

Есеп  айырысулар мен келісімшартта қолданылатын бағаға сілтеме (прейскуранттық келісімшартты  және т.б.) жасалуы керек. 

Табыстың  есеп айырысуын жалпы табысты  да және таза табысты да (қажетті  шығындарды, аударымдарды, салықты  және басқадай міндетті төлемдерді ескерумен) көрсете отырып, несиені пайдаланудың барлық жоспарлы кезеңіне жасау  қажет.

Информация о работе Банкілік шарты ұғымы, түрлері. Қалыптастыру ерекшеліктері