Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 18:38, курсовая работа

Описание работы

Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азаматтық қоғам, оның тарихы. қалыптасу белгілері, құрылымы және қағидалары .............................................................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы.......................................................................................................................9
1.4 Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтық негіздері..................................................................................................................12


І. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ: ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Құқықтық мемлекет шығу тегі, мазмұны және мемлекет қызметінің орындалу әдістері..................................................................................................16
2.2 Құқықтық мемлекет негіздері, белгілері......................................................19
2.3 Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және қалыптасуы.............................................................................................................23


ІІІ. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ..................................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................31

Работа содержит 1 файл

мемлекет жане азаматтык когам.DOC

— 203.50 Кб (Скачать)

Азаматтық қоғам — адамзат дамуының нәтижесі, өркениет өнімі. Қоғамтанушы ғалымдар "азаматтық коғам" терминінің шығуын Көне Рим дәуіріне апарып тірейді. Өйткені, римдіктер әлемнің тең жартысын жаулап алып, өз азаматтарына жақсы өмір, қолайлы жағдай жасады. Алайда, Рим империясының құрамында халықтардың бәрі бірдей рим азаматтары болмады, қоғам патрицийлерге, плебейлерге және құлдарға бөлінді. Бірінші топтағылар азаматтық қоғамның жалпыға бірдей құқықтарын, еркіндігін, тәуелсіздігін, жеке меншік игіліктерін пайдаланса, плебейліктер мен құлдарға мұндай мүмкіндіктер берілмеген болатын.

Тегінде азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы адамзаттың, мемлекеттің және құқық тарихының негізгі кезеңі болып есептеледі. Бөлімшеде "Азаматтық қоғам" ұғымы қайдан пайда болған? - деген сауалға жауап беру үшін, диссертант әрбір тарихи дәуірдегі атақты ойшылдардың еңбектеріне шолу жасайды.

Мұнда, азаматтық қоғамның кейбір элементтері көне дәуірдің бірнеше елдерінде /Греция, Рим және т.б./ кездесетіні, бұл мемлекеттерде колөнердің, сауданың дамуы, римнің жекеше құқығы сиякты институттары қолданылатыны, азаматтық қоғамның өзінің қалыптасу жолында ақшалай-заттай өндірісті дүниеге әкелгендігі, Еуропа мен Америка құрлығының бірқатар елдеріндегі азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісі баяндалады. Алайда, кейбір ойшыл-ғалымдардың пікірлері бойынша, ерте дүние ойшылдарының философиялық көзқарасы ретінде "азаматтық қоғам" Аристотель атымен байланыстырылатыны, атақты ойшыл мемлекетті айқындау алдында ең алдымен азамат туралы түсінікті ашатыны, өйткені мемлекет -азаматтардың, азаматтық ұйымның жиынтығы болып табылатыны аталады. Осыған орай Аристотельдің пайымдауынша "мемлекет" және "азаматтық қоғам" - синонимді ұқсас мағынага ие болатыны айтылады.

И. Канттың «Мәңгілік өмірге жол» "Путь к вечному миру" или "К вечному миру» атты еңбегін оқу барысында азаматтық қоғам және демократиялық құқықтық мемлекет ұғымдарымен кездесесің және сол кездегі әлемдегі болып жаткан тарихи кезендерге көз жүгіртесің. И. Канттың тұжырымдамаларына сүйенетін болсақ сол кезде аңсаған құқықтық мемлекетті қалыптастыруға болатын жолдарын көз алдыңа елестете аласың. И. Кант "мәңгілік өмірге" жету үшін кажетті жолдар жобасы бойынша, алыс-жақын болашақта тек кана құқықтық негізде дербес, тәуелсіз федеративті нысанда қалыптасқан республикалық типте дамыған мемлекеттер жете алады деп жазған.

И. Кант құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамдағы үстемдігін қалыптастыру деп түсіндірді.

Ұлы Георг Вильгельм Фридрих Гегельде жаңа кезеңде қоғам ұғымына көп көңіл бөлген. Соның бірінде "Азаматтық қоғам" ұғымы Гегельдің "Құқық философиясы" атты еңбегінде мынадай анықтама берілген: "Азаматтық қоғам тек қазіргі кезде қалыптасқан, және оның бастапкы идеясы болып олардың құқықтары болып табылады". Гегельдің ойынша азаматтық қоғам жеке мемлекеттің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптырын іске асырудың жүйесі. «Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды», - деген Гегель. К. Маркстің пікірі - бір саяси жүйені алып мазмұнына карасаң, ол азаматтық қоғамның сан қырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады.

Шынында да азаматтық қоғамның бастапқы қаруы болып адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғалынуы болып табылады. Екінші орында ғана мемлекет тарапына жасалынатын әрекеттер жатқызылады. Бірақта мемлекет те, қоғам да бір-бірінен алшақ болмауы тиіс деп айтамыз. Әйтпесе анархиялық құлдыраушылық сипаттағы мемлекетке жетіп қалуымыз ықтимал. Сол себепті мемелекеттің механизмін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар азаматтық қоғамды коғам ретінде көркемдеуі үшін нормативтік-құқықтық актілер базасымен толыққанды түрде қамтамасыз ету керек, ал ол үшін халықтың әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. қажеттіліктерін ескеру міндетті.

Азаматтық қоғамды жеке тұлғалардың экономикалық, құқықтық және басқа да қарым қатынастар арқылы байланысу жүйесі ретінде түсіну бірталай ойшылдардың, солардың ішінде Маркс пен Энгельстің еңбектерінде жарық көрді. Олардың шығармаларында меншік түрлерінің өзгеруі мен еңбектің    бөлінуіне  негізделген мемлекет пен қоғамның ара қатынасының динамикасы көрсетілген.

Азаматтық қоғам институттарын дамытудың кұқықтық негіздері

Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы бірнеше ғасырларды қамтиды. Бұл процесс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.

Осы жоғарыда айтылып кеткен ойшыл-ғалымдардың азаматтық қоғам туралы ой-пікірлері сан-алуан болғандығын ашып көрсетіп шығу, көптеген мүмкіндіктерге әкеліп соқтырады.

Біз өткен ғасырдағы ірі ғылымдардың пікірін келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процессінің алдына қойған талабы болғандығын ашып көрсету. Сол себепті Кант, Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп, құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті.

Азаматтық қоғамның құрылымы қоғамдағы өзінің табиғи мүдде - мақсаттарына сәйкес ұрушы, реттеп, басқарушы - адам. Адам қоғам құрылымының негізгі элементі - діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың арақатынастары - азаматтық қоғамның элементтері.

Азаматтық қоғам институттарын дамытудың кұқықтық негіздерін айкындау бүгінгі заман талабы болып есептеледі. Себебі, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін ең алдымен жоғарғы деңгейде қабылданған заңдар жүйесі толыққанды болуы тиіс, сонымен қатар мемлекеттің азаматтары өздерін құқықтық саналы мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруы керек, тек сонда ғана алдымызға қойған мақсатқа жетуге болады.

Азаматтық қоғамды құрайтын институттардың құқықтық негіздерін зерттеу үшін, ең алдымен сол қоғамды құрайтын тұлға мен азаматтың орнын белгілеп алған жөн. Жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын сипаттайтын өзіндік құқықтары - қауіпсіздік, еркін өмір сүру, бәсекелестікпен азаматтық қызмет етуге, отбасы құпиясын сақтауға, ар-намысы мен ар-ожданын қорғауға, жеке меншікке қол сұғылмауын талап етуге, сейлесу тілін таңдап, оны қолдануға, еңбек ету бостандығына, тұрғын үйге қол сұқпауға, мұрагерлікке, кәсіпкерлік қызмет бостандығы мен тағы басқа мемлекетте қажет болып танылатын және бржытпай орындалып жүрген заңдық күші бар нормативтік-құқықтық кұжаттарда белгіленген құқықтарға ие болады және бұлар заңда көрсетілген міндеттерге де ие болады.

Азаматтық қоғамның бір атрибутының бірі -дамыған қоғамның үшінші секторы болып табылады. Үшінші сектордың әр түрлі мүдделерін білдіретін құрылымдарға үкіметтік емес ұйымдар жатады.

Азаматтық қоғамның басты институттарының бірі болып табылатын қоғамдык-саяси партиялар мен бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі мемлекет тарапынан құқықтық нормалардың жүйесін құрайтын нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасында дербес мемлекеттілікті қалыптастыру барысында аталған азаматтық қоғам институттарының қызметтерін құқықтық негізде реттейтін бірнеше заңдар қабылданды. Мәселен, 1996 жылғы 31 мамырда қабылданған "Қоғамдык бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңы, 2001 жылғы 16 қаңтарда қабылданған "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазакстан Республикасының заңы, 2002 жылғы 15 шілдеде қабылданған "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңы және т.б.

Қазіргі кезеңде елімізде үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің қолдауынсыз өмір сүруі өте қиын. Мысалы: Үкіметтік емес ұйымдардың көш басшыларының арасында сұрау салу барысында олардың 24 пайызы грант берушілерсіз ұйымдардың өмір сүре алмайтындығын айткан болса, ал 40 пайызы грантсыз өмір сүру олардың ұйымдары үшін қиынға соғатындығын мойындаған болатын[4].

Қазіргі кезенде елімізде азаматтық коғамды жетілдіру ісі дамыған елдердің бұл саладагы оң тәжірибесіне арқа сүйей отыра, азаматтық қоғамды қалыптастырудың өзіндік бағытын айқындауы қажет.

Азаматтық қоғамды қалыптастыру ісінде үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін көтеруде және олардың қоғамдағы ықпалын арттыруда өкілетті органдардың мемлекеттік билік ісінде шешуші рөл айқындауға баса көңіл бөлу қажет.

ІІ.  ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ: ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ

2.1 Құқықтық мемлекет шығу тегі, мазмұны  және мемлекет  қызметінің  орындалу әдістері

 

Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.

Құқықтық мемлекет пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Құқықытық  мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен – Теологиялық теория, ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430) және Фома Аквинский (1225-1274) болып табылады.

Сонымен,  мемлекет – қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.

Құқықтық мемлекет – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.

Құқықтық мемлекет билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты – «тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің» болуы. Оның мәні биліктің барлық үш тармағын, олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік билікті тұтас иемденіп кете алматындай етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады. Мұнымен қоса, мемлекеттік билік ұйымдастырудың қағидаттарының бірі біртұтастық болып табылады. Біртұтастық қағидаты мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бір жүйесінің болуын көрсетеді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүесіне енеді, мемлекеттік биліктің жоғары органдарына бағынады.

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет қызметіне тоқталу, мемлекеттік функцияларын жіктеу.

Бірыңғай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарға бөлу қағидаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің конституциялық негізі болып табылады (3,4-бап). Биліктерді бөлу қағидаты биліктің осы үш тармағына жататын органдар арасындағы құзыреттерді шектеуден көрініс табады. Мәселен, заң шығарушылық қызмет, заңдар қабылдау заң шығару функциясын жүзеге асырушы өкілді орган – Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмысы болып табылады. Заңдарды орындау, жалпы алғанда атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы қызмет атқарушы органдарға жүктеледі. Қазақстан Республикасындағы сот билігін тәуелсіз сот органдары жүзеге асырады.

Заң шығарушы уәзіпін жүзеге асырушы жоғары өкілді орган Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылады. Қазақстан республикасының Парламенті екі палаталық құрылымнан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Президент Қазақстан Республикасы органдары жүйесінде айрықша орынға ие. Ұйымдық ретте ол дербес, биліктің үш тармағына бірдей енбейді. Президент ең алдымен мемлекеттің басшысы болып табылады. Мемлекеттік басшысы ретінде ол ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.         

Құқықтық мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:

а). Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары).

б). Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.

в). Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік — билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.

Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді: категория «а» Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория «б» бірінші топтағы лауазымды түлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория «в» екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.

Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі  мүдде - мақсаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым - қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.

Сонымен, мемлекеттің фуикциясы - қоғамды әлеуметгік баска-рудағы мемлекеттің атқаратын жүмыстарының неғізгі бағыттары мен әдістері.

Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде - мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде өзгешілік кездеседі.[5]

Біздің пікіріміз - функцияның өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны мемлекеттің мүдде - мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.

Информация о работе Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет