Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 07:20, курсовая работа

Описание работы

Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін азаматтардың тілі. Сондықтан Президентіміздің Қазақстан халықтары Ассамблеясындағы айтқан сөзі бәрімізге қатысты. Тіліміздің мәртебесін көтеру, оны дамыту, сөйлей алмайтын азаматтарымызды оқыту – бұл да бәрімізге ортақ мәселелер.

Содержание

Кіріспе. Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі ..............3
Негізгі бөлім. 1.1. Тілдерді қолдану мен дамутудың мемлекеттік
Мақсаттары мен міндеттері ..................................5
1.2. Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы жай-күйін талдау .....................9
1.3. Жастар арасындағы білім беру және оқыту салаларында тілдік даму....11
Қорытынды. ...............................................................................22
Пайдаланылған әдебиет тізім. .................

Работа содержит 1 файл

Қазақ тілі - егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.DOC

— 148.00 Кб (Скачать)

 Тiлдердi тиiмдi меңгеру саласындағы мүмкiндiктердi  кеңейту мен тереңдету үшiн  дәстүрлi оқу орындарындағы оқытумен  қатар кейбiр басқа әдiстерде  керек екенiн тәжiрибе көрсетiп  отыр. Бұл, атап айтқанда, халықтың  түрлi оқу орындарында оқу мүмкiндiгi  жоқ ересек тобына қатысты. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруi үшiн қажеттi ұйымдық, материалдық және техникалық жағдай жасау туралы Конституцияның 93-бабының талабы аталған топқа да қолданылуға тиiс. Өз бетiмен оқып-үйренуге арналған теле- және радио хабарлар, газеттердегі арнаулы жарияланымдар сияқты қазақ тiлi сабақтарын өткiзудiң түрлi нысандары кеңiнен енгiзiлгенi дұрыс. 
   Алайда, Бұл жерде басты бағыт мемлекеттiк тiлдi жеделдетiп оқытуға арналған тегiн тiл курстарының жүйесiн ұйымдастыру мен қолдану болуға тиiс. Мұндай курстар жұмыс орындарында арнайы нормативтiк актiге сәйкес құрылғаны жөн. Курстарда оқудың нәтижелiлiгiне мүдделіліктi арттырудың тиiмдi тетiктерiн әзiрлеу керек. Курстарда оқудың нәтижесi қызметкердiң негiзгi кәсiби қызметiнiң нәтижелерiмен бiр деңгейде қаралуға тиiс. Аталған ереже тiл туралы заңдардың талаптары қолданылатын қоғамдық қызмет салалары үшiн мiндеттi болуға тиiс. Мұндай курстар сонымен қатар түрлi деңгейдегi әкiмияттарда ашылып, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуы мүмкiн. Курстарды ұйымдастыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшiн қосымша қаржылай қолдау Қазақстан халықтары тiлдерiн қолдау қорын құрудың нәтижесiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. 
   Қолданыстағы заңдарға сәйкес ресми пайдаланылатын тiлдiң қолданылуы қоғамдық өмiрдiң барлық саласында iс жүзiнде тұрақты болып отыр және мемлекеттiң күш-жiгерi бұл жерде осы жағдайды қолдауға бағытталуға тиiс. 
   Қазақстан халықтарының тiлдерiн қолдау мақсатында қарым-қатынас, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауға конституциялық құқықты iске асыру жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету қажет. Ана тiлiн үйрететiн таңдаулы жексенбiлiк мектептер тәжiрибесiн жинақтау мен тарату мақсатқа сай келедi. Жексенбiлiк мектептерге мүмкiндiгiнше одан әрi қолдау, соның iшiнде кiтап және оқу-әдiстемелiк қорын құруға көмек көрсету керек. Елдiң орта арнаулы және жоғары оқу орындарында ұлт тiлдерiн оқытатын мамандарды даярлау жөнiндегi қызметтi жалғастырған жөн.

Ғылыми қамтамасыз ету 
   Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiн iске асыру әлем тiлдерiн дамыту тәжiрибесiне сәйкес жаңа әлеуметтiк-мәдени және ғылыми болмыс аясында оның лексикалық және семантикалық тынысының мүмкiндiктерiн кеңейтудi талап етедi. Аталған саладағы негiзгi мiндет, терминологиялық шығармашылықты қоса алғанда, жаңа лексикалық бiрлiктердi енгiзу процестерiн бiрыңғайлау болып табылады. Терминологиялық жұмыстың негiзгi принциптерін тұжырымдау қажет. Терминологиялық шығармашылық жоспарлы түрде жүзеге асырылатын қызмет жүйесiнiң бiрыңғай принциптерiне сүйенген, орталықтандырылған ғылыми негiзделген болуға тиiс.

Қазіргi қазақ әдеби  тiлiнiң грамматикалық нормаларының бiрiздiлiгiн сақтауды қамтамасыз ету  мақсатында орфографиялық кеңес  құру мүмкiндiгiн көздеу қажет. Оның қатысуымен қазақ әлiпбиi мен орфографиясын жетiлдiру жөнiндегi қызметтi жалғастырған жөн. 
   Қазақ тiлiндегi ғылыми шығармашылықты одан әрi дамыту талап етiледi. Бұл мақсатта диссертация қорғау жөнiндегi ғылыми кеңестер қызметiн кезең-кезеңiмен мемлекеттiк тiлге көшiру жұмыстарын жалғастыру қажет. 
   Мемлекеттiк тiлдi дамыту мәселелерiн ғылыми қамтамасыз етуде А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты басым рөлге ие болуға тиiс. Осы мақсатта оның материалдық-техникалық базасын күшейту, мамандар құрамын ұлғайту, iргелi және қолданбалы лингвистикалық зерттеулердi әзiрлеуге мемлекеттiк тапсырысты кеңейту қажет. Институт лингвистиканың теориялық және қолданбалы мәселелерi бойынша сараптамалық бағалау мен қорытындылар беруде жетекшi орында болуға тиiс.

Мәдениет және бұқаралық  ақпарат құралдары, денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету салаларындағы тiлдiк даму.  

 Мәдениет саласында  неғұрлым бұқаралық әрi көрiнiстi нысандарға айрықша назар аудару  қажет, Бұл кино, мультипликация, телешоу, сазды бағдарламалар,  жастар журналдары. Солардың арасында мемлекеттiк тiлде шығарылатын теле- және радио хабарлар, журналдар, көркем және анимациялық фильмдердiң жалпы саны мен сапасы егемен Қазақстанның қажеттiктерiн қанағаттандыра алмай отыр. Қоғамдық қызметтiң аталған саласында мемлекеттiк ынталандырудың тиiмдi тетiктерiн әзiрлеп, енгiзу қажет. Мемлекет Бұл ретте белсендi позиция ұстануға тиiс. Бұл сонымен қатар мемлекеттiк тiлдi компьютерлендiру мәселелерiне, оны ғаламдық компьютер желiсiне енгiзуге қатысты. 
   Мемлекеттiк тiлдiң жұмыс істеуiн қамтамасыз етудiң неғұрлым күрделi учаскелерiнiң бiрi халыққа қызмет көрсету саласы болып отыр. Бұл аталған саладағы тiлдiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң күрделiлiгiмен сабақтасып жатыр. Алайда, мемлекеттiк тілдiң денсаулық сақтау, сауда, көлiк және байланыс сияқты салаларға енуi мүмкiндiгiнше мұндай ықпал ету мемлекет тарапынан жүзеге асыруға болатын жерлерде іске асырылуға тиіс. Бұл үшiн, бiрiншi кезекте, елдiң мамандандырылған оқу орындарында - жоғары, орта арнаулы және кәсiптiк оқу орындарында мамандарды тиiстi даярлауды кеңейту қажет. Одан басқа, аталған талаптар атқаруға тиiстi кәсiби мiндеттерiнiң қажеттiгiмен сабақтасып жатқан салаларда мемлекеттiк тiлдi меңгеру бөлiгiнде мiндеттi талаптарды белгілеу қажет. Оларға денсаулық сақтау, байланыс, көлiк ұйымдары, банктердiң есеп-кассалық бөлiмдерi жатады.

Бағдарламаны iске асырудың негiзгi тетiгi Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар  жоспарында (бұдан әрi - Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары) көзделген Iс-шаралар жүйесiн жыл сайын кезең-кезеңмен орындау болып табылады. Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын уәкiлеттi орган Бағдарламада қойылған мiндеттердi iске асыру нәтижесiнде бұдан алдыңғы кезеңде болған өзгерiстердi ескере отырып, әрбiр келесi екi жыл сайын жасайды. Мұндай жоспарлау Бағдарлама ережелерiнде айқындалған ұзақ мерзiмдi стратегиялық перспективаларды міндеттi түрде ескере отырып жүзеге асырылуға тиiс. Мұның алдындағы Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру тәжiрибесi орындалуы қысқа мерзімге есептелген іс-шаралар жүйесін жүзеге асыру - шешiмi ағымдағы перспективада айқындалған мiндеттердi жүзеге асыруға орай әлеуметтік-лингвистикалық ахуалдағы өзгерiстерге неғұрлым икемдi оңтайласуға мүмкiндiк беретiнiн көрсетедi. Осындай ұзақ мерзiмдi перспективаны ескере отырып жасалған ағымдық жоспарлау барынша нақтылығымен және нәтижелерiнiң шынайылығымен ерекшеленедi. Сонымен бiрге, Бұл Тiкелей орындаушылардың жауапкершiлiгi мен Бағдарламада көзделген iс-шараларды іске асыруға бақылауды қамтамасыз ету мүмкiндiктерiн арттыруға жәрдемдеседi. 
   Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру оның қолданылуының аумақтық және әлеуметтiк тынысын кеңейтетiн аймақтық және салалық бағдарламалар елеулi рөл атқаруға тиiс. 
   Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру оны іс жүзiнде жүзеге асыру үшiн неғұрлым тиiмдi әрi нақты мүмкiндiктермен қамтамасыз етiлуге тиiс. Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi іс-шараларды тиiмдi жүзеге асыру мынадай негiзгi принциптердi сақтау негiзiнде ғана мүмкiн болады: 
   сандық және сапалық деңгейдi тұрақты өсiрудi (жинақтауды) қамтамасыз етудi көздейтiн кезеңдiк және ұдайылық; 
   орындалуына қатаң бақылау жасаумен ұштастырылған жан-жақты мемлекеттiк қолдау; 
   тiлді меңгеру саласындағы талаптарды мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн оқып-үйрену үшiн мүмкiндiктер жасаумен ұштастыру; 
   моральдық және материалдық мүдделiлiк жағдайын жасау; 
   қоғамдық пiкiрдi белсендi түрде қалыптастыру; 
   тiл құрылысын жүзеге асыру кезiнде функционалдық-лингвистикалық тепе-теңдiктi сақтау; 
   Тiлдердi дамыту бағдарламасындағы iс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету.

Елдегі этнолингвистикалық жағдайды талдау негізінде мемлекеттік  органдар жүзеге асыратын негізгі басымдықтарды анықтау мақсатындағы табысты шешім тілдерді дамыту саласындағы жағдайды тұрақтандыратын, осы саладағы құқықтық қатынастарды жетілдіретін, қоғамдық өмірде тілдерді қолданудың біркелкілігінің оң сұлбасын жасауға мүмкіндік береді.

 
Мемлекеттік тілде мектепке дейінгі білім  беру мен тәрбие, жоғары білім мен  жоғары білімнен кейінгі білім жүйесі, оқу процесінің үздіксіздігі принципін  қамтамасыз ету, мұнда сапаның көтерілуіне, оқыту процесін оқу-әдістемелік  қамтамасыз ету, тілді білу деңгейін бағалау және біркелкі оқыту әдістемесін жасауға көңіл бөліну керек.

          Жоғары білім жүйесінде мемлекеттік  тапсырыс негізінде мемлекеттік  тілді үйрететін мамандар, орыс  тілінен қазақ тіліне, сондай-ақ  қазақ тілінен орыс тіліне  аударатын мамандарды саралай дайындауды қамтамасыз етеді.

           Сонымен қатар қашықтан оқыту,  Интернет-технологиялар мүмкіндіктерін  қолдана отырып, білім алу үшін  мүмкіндіктер жасау керек. 

      Тілдерді  дамыту саласында ақпараттық саясатты жетілдіру, ол процестің шамадан тыс саясаттандыруды жоққа шығарады. Бұл мақсатта қазақ тілі мен Қазақстан халықтары тілдерін оңтайлы қолдануды қамтамасыз ететін тіл жөніндегі заңнаманы табысты жүзеге асыруға, тіл мәдениетін және сөйлеу мәдениетін көтеруге, тілдік ортаны кеңейтуге ықпал ететін  мерзімді баспа өнімдерінің, электронды бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыру керек, олардың өзектілігін, тарату және баспа сапасын қамтамасыз ету қажет.

      Мемлекеттік органдарда, мекемелер мен ұйымдарда  мемлекеттік тілде құжатайналым көлемін жыл сайын арттыруға қол жеткізу керек, оның мақсаты мемлекеттік тілді басым дамыту есебінен іс жүргізуде тілдерді қолдануды ыңғайластыру қажет.

      Тіл дамыту және аударма мәселелерімен  айналысатын құрылымдық бөлімшелерді жетілдіру және нығайту, оларды қосымша қызмет ретінде қабылдайтын көзқарасты жоққа шығарып, олардың беделін көтеру керек.

      Үйірме  жұмыстарын, білікті маман-оқытушыларды тарта отырып, мемлекеттік тілді  үйрету курстары жұмысын, олардың жұмысын  тыңдаушылардың тілді білу деңгейін ескере отырып ұйымдастыру керек. Қазіргі ақпараттық технологияларды, қимыл және көру арқылы әсер ететін әдістер мен түрлі формаларды пайдана отырып, мемлекеттік тілді насихаттау және енгізу жөніндегі шараларды жасау қажет.

      Біліктілік  деңгейін көтеру және мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қажетінше қытай, неміс, француз, испан, жапон тілдерін де кәсіби деңгейде үйрету жөніндегі курстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

      Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерлерінің қазақ тілін білу деңгейлерін оң бағалау үшін тестілеу жүйесін және тілді оқыту әдістемесін жасау керек. Мұнда халықаралық тәжірибе мен шет тілдерін оқытудың озық технологияларын ескеру керек.

     Мамандықтар мен қызмет тізбесінде көзделген  мемлекеттік тілді белгілі бір дәрежеде білу және оны жүзеге асырудың кезеңдерін анықтау үшін Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.

Қазақстан халықтары  Ассамблеясы, Білім және ғылым министрлігі  өзара қарым-қатынас бойынша жұмыстарды үйлесітіруге ықпал ететін мына мәселелерді шешу:

      Қазақстандық  бағдарламаларға бейімделген және бірыңғай қазақстандық ұлттардың сезімдік байланысын қалыптастыру, жексенбілік  мектептердегі ұлттық тілді оқыту  жөніндегі оқу құралдар мен оқыту-әдістемелік  кешендерді әзірлеу.

      Мына  мамандықтар бойынша тіл тәртібі  оқытушыларын даярлау: қазақ-ұлттық-шет (ағылшын, неміс, француз) тілдері мұғалімдерін, шет-қазақ-ұлттық тілдері, қазақ пен  орыс тілдері мұғалімдерін және т.б.

      Қазақ тілін оқитын жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың тілді меңгеруін және мектеп бітіргеннен кейін де тілді еркін білу денгейіне жеткізу үшін жағдай жасау қажет.

      Жоғары  білім - білімді мамандардың ортасын  қамтамасыз етеді, болашақ мамандардың  қазақ, орыс және шет тілдерінің бірін  меңгеруі, алдағы уақытта қызмет бабында еркін қолдануы өте маңызды. Арнайы білімнің маңызды элементтерінің бірі білім беру орындары болып табылады, олар денсаулық сақтау саласында мамандарды дайындайды, көлік және басқа қызметер көрсетеді. Бұл мамандар, сонымен қатар қазақ, орыс және басқа тілдердің кәсіби лексикасын еркін білуі қажет.

      Жастар  халықтың ең белсенді динамикалық құрамы болып саналады, олар тіл саяаты мен тілдік қатынаста жағымсыз стереотиптерге тәуелді келеді. Еліміздегі қазақ  тілінің жағдайын жақсартудың ең тиімді тетігі  жастармен күнделікті жұмыс жүргізу болып табылады.

      Қоғамның  ең көп саласын жеке бизнес алып жатыр және кәсіпкерлердің қазақ  тілін қолдануда олардың тек  әлсіз жақтарын ғана емес, (бланкілер, маңдайшалар, мөрлер, мөр табандар, жарнамалар) сонымен қатар қарым-қатынас және күнделікті қызмет көрсету тілі ретінде ұтымды жақтарын да көрулері керек.

      Тілдерді  дамытудың облыстық өкілетті органдары  республикалық мемлекеттік тілді  оқыту орталығы базасында  тілдерді оқытудың бірыңғай желісін құру бойынша ұсыныстар дайындап енгізулері қажет, оларды аймақтық филиалдарда құру мәселесін қарастыруды, оларға баспа қызмет құқықтарын беруді, ғалымдарды, педагогтарды, оқыту-әдістемелік әдебиеттердің, компьютерлік бағдарламалардың авторларын және басқаларды тартуды қолға алу қажет.

      Қазақ тілін оқыту бойынша озық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеуде, орыс тілінен  қазақ тіліне, сондай-ақ қазақ тілінен  орыс тіліне аудару жөнінде тұрақты  республикалық конкурстарды өткізуді (3 жылда 1 рет) қамтамасыз ету қажет.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікпен бірге  мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау  жүйесіне, қызметтік міндеттеріне мемлекеттік  тілді менгерудің нақты талаптарын енгізу мәселесін мақсат етуіміз  қажет.

      Көрсетілген агенттікпен бірге мемлекеттік тілді меңгерген, оны іс жүргізу тәжірибесінде және қызметтік міндеттерін орындау барысында қолдануды қамтамасыз етіп отырған мемлекеттік қызметкерлерді көтермелеудің пәрменді жүйесін құру ұсыныстарын енгізу қажет. 

         Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде «электронды үкімет» жүйесінде мемлекеттік тілдің басым қолданылуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындап енгізу қажет. Жаңа ақпараттық технологияларда қазақ тілін қолдану жөніндегі жұмыстарды жетілдіру, қазақ тілінде портал желілерін дамыту қажет. Қазақстанда және қазақ диаспоралары арасында қазақ тіліндегі кітаптарды тарату үшін ИНТЕРНЕТ дүкендерін ашу, компакт дискідегі кітап өнімдерін шығару үшін «электронды баспасын» құру, сонымен қатар қазіргі қазақстандық әдебиеттің жаңа есімдерін таныту және өз шығармаларын баспа түрінде таратуға мүмкіндіктері жоқ авторларға ықпал етуіміз қажет. Білiм беру жүйесiнде мемлекеттiк тiлдiң рөлi бiртiндеп артып келеді. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметi бойынша, 1999-2000 оқу жылында, республика мектептерiндегi 3,5 миллион оқушының 1,6 миллионы (50,6%) - қазақ тiлiнде, 1,5 миллионы (45%) - орыс тiлiнде, 80 мыңы (2,3%) - өзбек тiлiнде, 23 мыңы (0,6%) - ұйғыр тiлiнде, 2,5 мыңы (0,07%) - тәжік тілінде және мыңнан астамы басқа тілдерде оқыды. Қазақ тiлiнде оқытатын мектептердiң жалпы саны бiртiндеп өсiп, 2000 жылы республикадағы мектептердiң жалпы санының 43% (7910) шамасына жеткенiмен, олардың аймақтар бойынша, сондай-ақ "қала-ауыл" схемасы бойынша бөлiнуi бiркелкi емес. Бұдан басқа, қазақ тiлiндегi сыныптардың тепе-теңдiгi сақталмауына байланысты тиiстi тiлдiк ортадан бөлiнiп қалған "аралас мектептер" деп аталатын мәселе де бар. Оның үстiне, қазақ тiлiнде оқытатын мектептердiң көпшiлiгi дәрiс берудiң жоғары жеткiлiксiз деңгейiн көрсетуде. Басқа тiлдерде оқытатын мектептер туралы да осындай жайды атап өтуге болады. Едәуiр толымды оқу-әдiстемелiк әлеуетi қалыптасқан орыс тiлiнде оқытатын мектептерде бұл проблемалар соншалықты өзектi болып отырған жоқ. 
Қазақ тілі дегеніміз – қазақтардың ана тілі. Қазақтардың өмір сүруі мен рухани дамуының өзегі, тарихта ұлт болып сақталып қалу қайрат-құралы. Ал қазақ тілін оқыту дегеніміз – қазақтардың ана тілінде білім алып, сол тілдің өсіп-өнуіне өз үлесін қосатын, ана тілін көзінің қарашығындай сақтайтын, ана тілінің рухани дамуында негізгі қару-құрал ретінде пайдалана білетін ұрпақты баулу, тәрбиелеу, қалыптастыру, ана тілінің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін игеруге үйрету. Сондықтан қазақ тілі қазақ мектептерінде ғана ана тілі ретінде оқытылады.

Информация о работе Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі