Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 15:44, реферат
Құқықтық жүйе – қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара байланысты, үйлесімді және өзара әрекеттілік құықтық құрал, әрі қандай да болмасын елдің құқықтық дамуының деңгейін сипаттайтын элементтер. Сондықтан қоғамның құқықтық жүйесі өзінің күрделі құрылымы мен белгілі бір орнымен ерекшеленеді. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі салалық заң ғылымдарымен және жалпы құқық теориясымен зерттелуде. Құқықтық жүйе проблемалары – оның ұғым категория аппаратын құрылымдық ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын орнын, сондай – ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу әрдайым өзекті болады.
Кіріспе
І. АҚШ-тың құқықтық жүйесінің қалыптасуы және тарихы .
1.1 Американдық құқықтың қайнар көздері.
1.2 Англо-саксондық құқық жүйесіндегі әкімшілік процесс.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Жоспар
Кіріспе
І. АҚШ-тың құқықтық жүйесінің қалыптасуы және тарихы .
1.1 Американдық құқықтың қайнар көздері.
1.2 Англо-саксондық құқық жүйесіндегі әкімшілік процесс.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Құқықтық жүйе – қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара байланысты, үйлесімді және өзара әрекеттілік құықтық құрал, әрі қандай да болмасын елдің құқықтық дамуының деңгейін сипаттайтын элементтер. Сондықтан қоғамның құқықтық жүйесі өзінің күрделі құрылымы мен белгілі бір орнымен ерекшеленеді. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі салалық заң ғылымдарымен және жалпы құқық теориясымен зерттелуде. Құқықтық жүйе проблемалары – оның ұғым категория аппаратын құрылымдық ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын орнын, сондай – ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу әрдайым өзекті болады. Әсіресе, тоталитарлық режимді жеңіп құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде қалыптасып жатқан, бостандық, теңдік пен келісім идеалдары негізінде азаматтық қоғам қалыптасып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар жүргізіп, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар мен қарама – қайшылықтарды басынан кешіп жатқан ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан жағдайында бұның өзектілігі арта түседі. Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігінің «сындарлы он жылын» артқа тастады. Аталған он жылдан астам уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өзі тәуелсіздігін баянды ету және мемлекеттің болашақтағы жылжитын негізгі бағыттарын айқындауға бар күшін жұмылдырған болатын. Жоғарда көрсетілген жағдайдың барлығы аталған тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді. Тақырыптың зерттеу деңгейі. Қоғамның құқытық жүйесінің зерттеуінің тарихнамасы бірнеше ғасырлық дамуын басынан өткерді. Зерттеу жұмысын жазу барысында ізденуші заң ғылым саласындағы белгілі ғалымдар С. Өзбекұлы, Ғ. Сапарғалиев, С. Зиманов, Рене Давид, Камилла Жофре – Спинози, К. Цвайгерт, Х. Кетц және т. б. қоғамдағы құқықтық жүйелер туралы сөз еткен болатын. Олардың еңбектерде құқықтық жүйе ерекше құқық ретінде қарастырылған. Зерттеу обьектісінде. Барлық қоғамның құқықтық жүйелерінің пайда болуы, қалыптасуы және дамуына байланысты туындаған әдеттік құқықтық қатынастар, олардың табиғаты, мәні мен мазмұны, негізгі өрбу кезеңдері мен ерекшеліктері құрайды. Зерттеу пәні. Зерттеудің нақты пәнін қоғамның құқықтық жүйесі бойынша құқықтық жүйелердің тәсілдері, нысандары, оны пайдалану жолдары мен қоғам өмірінен жойылу және қазіргі таңдағы қоғамның кейбір мәселелерін құрайды.Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі — нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты (құқықтық институт) және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты — бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалға, азаматтық құқықта — сыйға тарту, сатып алу-сату институты, конституциялық құқықта — азаматтық институты. Құқық саласы — бір-бірінен құқықтық реттеудің заты және әдісімен ерекшеленетін бірыңғай құқықтық қатынастарды реттеуші құқық нормаларының жиынтығы.
І. АҚШ-тың құқықтық жүйесінің қалыптасуы және процесс.
1.1 Американдық құқықтың қайнар көздері.
АҚШ аумағында орналасқан ағылшын көшпенділері өздерімен бірге ағылшын құқығын алп келді. 1607 ж бастап – бірінші колонияның қалыптасу мерзімінде ол бір әрекет етуші құқық болып саналды, жергілікті шығарылатын халықтың дәстүрі мен салты өркениеттік емес және жауластық сипатта болды.Осылай, АҚШ құқықтық жүйесі Ұлыбританияның заңгерлік дәстүрі әсерінде және тарихи оның ағылшын жалпы құқығынан қалыптасады (Common Law). Даму процесінде қабылданған ағылшын құқықтық институттары үлкен өзреістерге ұшырады. Америкалық және ағылшын құқығын бөліп тұратын жаңа институттар пайда болды. Нәтижесінде, мемлекеттің федералдық құрылымы, жазылған Конституциялармен (АҚШ Конституцисы және штаттар конституциялары), және әлеуметтік – экономикалық және саяси дамудың бірқатар ерекшеліктерімен анықталған спецификасы бар жаңа құқықтық жүйе қалыптасты. АҚШ пен Англияда қабылданған заңгерлік әдебиетте түрлі құқықтық жүйелер туралы айтылса, біреулерінде бұл айырмашылықты көрсетпеуге тырысады. Бір концепция түрлі терминдермен сипаттала алады, сонымен қатар бір терминдер түрлі мағынаны білдіре алады. Шетелдік заңгер мұны біліп және америкалық құқықтың кез келген сұрағын зерттеу кезінде ағылшын құқықтық сөздігімен қолданбауға тиіс. Америкалық заңгерлік әдебиетте құқықтық жүйенің тұсінігін анықтау қатынасында бірлескен ой жоқ. Анықтамлардың көп болғандығынан, оларды жеке топтарға бөліп қарастырған жөн. Егер кейбір заңгер – ғалымдар құқықтық жүйе түсінігін құқық түсінігінен бөлек қарастырса, басқалары бұл түсінікті кеңірек қарастырады.
1.2 Англо-саксондық құқық жүйесіндегі әкімшілік процесс.
Америка Құрама Штаттарындағы әкімшілік-құқықтық даулардың теориялық сипаттамасын беруде, ең алдымен алғашқы әкімшілік юрисдикция доктринасына соқпай кетуге болмайды. АҚШ құқықтық жүйесін әрекет ету мәнін түсіну бойынша кілтті сұрақтардың бірі Құрама Штаттардың қайнар көздері мен олардың өзара қатынасы болып табылады. Құқықтың қайнар көздеріне:соттық прецедент, заңнама, органдар мен атқарушы биліктің нормативтік құқықтық актілері, дәстүр мен әділеттілік құқығы жатады. Бұл доктрина бойынша, әкімшілік орган өз саласына байланысты мәселелерге келгенде ғана соттардан басымырақ болады. Дегенмен де, құқықтық мәселелерді шешу тез соттың басымдығына кіреді.АҚШ заңнамасы әкімшілік мекемелердің уәкілеттілігін және іс әрекет тәртібін, соттардың әкімшілікке бақылау жасауын реттейді. Олар толық түрде әкімшілік қызметтің барлық түрін: әкімшілік норма шығармашылығын, әкімшілік квазисоттық қызметті, соттардың әкімшілікке бақылау жасауын реттейді. Әкімшілік мекемелердің барлық іс әрекеті, заңмен қарастырылған ескертпеден басқа жағдайларда әкімшілік құқық нормаларына бағынады. Тергеу жүргізуден және мәлімет жинаудан, нормативті немесе жеке актілердің жобасын дайындаудан, ашық мәжілісте оны қарастырудан, ол бойынша шешім қабылдаудан, осы шешімді жариялаудан бастап, жоғарғы органдарда және сотта оны даулауға, әкімшілік іс бойынша соттардың қарастыру және қаулы шығаруына дейін әкімшілік процесс кезеңдерінің барлығы реттелген. Мұнда басты назар жеке және заңды тұлғалар құқықтарының іс жүргізу кепілдіктеріне аударылады. Американ ғалымы Э. Фройнд осыған байланысты былай деп атап өтеді, «әкімшілік құқық-бұл әкімшілік шығарған құқық емес, әкімшілікті бақылайтын құқық» .1946 жылдан бастап АҚШ-та «Жалпы әкімшілік процедуралар туралы» федералды заң қолданылып, штаттарда әкімшілік процедуралар қосымша аймақтық заңдармен реттелген. 1946 жылғы заң әкімшілік-құқық шығармашылық қызметін реттеуге бағытталған. Заңда эталондық процедуралар тізімі берілген. Ол бойынша, реттеуші ведомства нормативті актілерді қабылдау немесе өзгерту барысында қабылданатын құжаттар, өз қызметінің ережелері, тиісті істер бойынша сот шешімі туралы халықты хабардар етіп, нормативтерге енгізілетін барлық өзгертулерді «Федералдық регистрде» жариялауы тиіс.АҚШ –тың әкімшілік, реттеуші ведомстваларының басқа да мемлекеттік мекемелеріне қарағанда, заңдарға түсініктеме беретін, толықтыратын нормативті актілерді (ұйғарымдарды) қабылдау құқығымен қатар, олардың орындалуын бақылау құқығы бар.Профессор Н.А. Крашенников ойынша, Федерация органдары және оның субъектілері арасындағы қайшылықтарға, заңшығарушы және атқарушы биліктердің мүдделерінің тоғысуына байланысты АҚШ әкімшілік жүйесінде көптеген тәуелсіз ведомствалар жүйесі (агенттіктер) қалыптасты. Олар, норма шығармашылығы және квазисоттық уәкілеттіліктері берілген әкімшілік мекемелер құқығына ие бола отырып, министрліктерден оқшауланған және өз алдына дербес түрде .АҚШ әкімшілік әділеті азаматтық және конституциялық процестермен тығыз байланысты. Жалпы юрисдикциялық соттарда әкімшілік-құқықтық дауларды қарастыру және тиісті өкілеттілігі бар түрлі квазисоттық органдарды құру оның ерекшелігі болып табылады. 1957 ж Азаматтық құқық туралы Заңға сәйкес, атқарушы билік шеңберінде азаматтық құқықтар бойынша ерекше Комиссия құрылған, оның мүшелерін Сенаттың келісімімен президент тағайындайды. Комиссия, дауыс беру барысында нәсілі, терісінің түсі, діні, жасына және басқа да жағдаяттарға байланысты саяси құқықтарына қысым жасалғандығы туралы азаматтардың арыздарын қарастыруға міндетті. Сонымен қатар, әкімшіліктің нормативті актілерін, федералды үкімет заңын және саясатын бағалауға міндетті. Кемсітуге жол бермеу үшін Комиссия квазисоттық тыңдаулар өткізуге міндетті және үйлестіру өкілдігіне ие.Американдық заңнама, әкімшілік-құқықтық қатынастар шеңберінде пайда болатын барлық мәселелерді шеше алмайды. Мемлекеттік және құқықтық дамудың осы аспектісінде Жоғарғы Соттың қызметі маңызды болды. Жоғарғы Сотта қаралатын, азаматтар және мемлекеттік мекемелер арасындағы әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істер, жоғарғы сот Э. Уоррен төрағалығы кезеңінде (1960 жылдары) көбінесе азаматтардың пайдасына шешіліп отырды.Дегенмен, әкімшілік процестің негізгі принциптері заңнама деңгейінде, оның ішінде конституциялық деңгейде бекітілген. АҚШ әкімшілік құқық нормаларын қолдану тәжірибесі үшін, тиісті құқықтық процедураларды сақтау туралы талаптары бар конституцияға енгізілген V және XIV түзетулерінің маңызы зор. Американдық заңгерлердің пікірінше ол, қаралатын іс бойынша барлық мүдделі тұлғалардың хабардар етілуі және оларға істі талқылауға қатысу мүмкіндігін беру сияқты екі өзара байланысты элементтен тұруы қажет. «Тиісті дәрежедегі құқықтық процедуралар» талабы, жекелеген құқық субъектілерінің құқықтарының теңдігін қамтамасыз ететін, мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі құқық үстемдігі жүйесінің іргелі принципі болып табылады.АҚШ заңнамасында, әкімшілік құқық бұзушылық, лицензиялық, зейнетақы, салықтық және жекелеген нақты тұлғалардың құқығы мен міндеттері туралы шешім шығарылатын басқа да істерді мекемелерде қарастыру тәртібі толық түрде реттеледі. Мұндай дәлелдемелерге ерекше назар аударылады.
Қортынды
Қазіргі кезде классикалық англо-американдық үлгі өзгерістерге ұшырауда, өйткені жалпы құқықтағы соттар процесі баяулығына, формализмдігіне, қымбатқа түсуіне байланысты азаматтар үшін қиындық туғызып отыр. Ф. Ридли осы мәселе төңірегінде былай деп жазады: мұнда басқарудың заңсыз актілерін даулаудың жаңа түрлері пайда болып отыр, атап айтқанда: парламент депутаттарына жүгіну артып, қаржы, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік, ауыл шаруашылығы, еңбек қатынастары бойынша мамандандырылған әкімшілік соттар құрылуда, әкімшілік істер бойынша Парламенттік уәкілдің уәкілеттілігі кеңейіп, білім, медицина, полиция саласында квазисоттық органдар дамуда. Жалпы, құқықтанушылар, англо-саксон жүйесінің артықшылықтары ретінде нақтылықты, бейресмилікті, әкімшілік трибунал мүшелерінің жоғарғы кәсіби деңгейін, процестің қолайлылығын көрсетеді; кемшіліктеріне: әкімшілік трибуналдардың ведомствалық бағыныстылық істерді ғана қарастыруын, әкімшілік трибуналдардың жалпы юрисдикциядағы соттарға тәуелділігін жатқызады.Сонымен АҚШ-тың құқықтың жүйесі Ұлыбританияның құқықтық жүйесінің әсерімен қалыптасты .Даму процессінде алынған ағылшын құқықтық институттарының заңдары өзгерістерге ұшырады.АҚШ құқығында жаңа құқықтық институттар пайда болып олардың ағылшын құқығынан айырмашылық пайда болды.Нәтижесінде жаңа құқықтық жүйе пайда болып өзінің құрылымы жағынан федеральдық мемлекет болғаннан соң Ата заңы соған сәйкес жазылған. АҚШ –тың қоғамдық қатынастарды реттейтін дамыған құқықтық жүйе.
Информация о работе АҚШ-тың құқықтық жүйесінің қалыптасуы және тарихы