Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 17:54, реферат
Кодекс жобасын дайындаумен айналысқан комиссияның құрамына Тронше, Порталис, Малльвиль, Биго-Преамке сияқты Францияның ұлы заңгерлері енді. Жоба төрт айдың ішінде жасалды. 1804 жылғы 21 наурыздағы заң барлық 36 титулды (тарауларды) біртұтас Азаматтық Кодекстің құрамына біріктірді. 1807 жылдан бастап ол Наполеон Кодексі деп аталды. Бұл акт 1789 жылғы “Адам және азамат құқықтары декларациясында” бекітілген келесі азаматтық-құқықтық қағидаларды одан әрі дамытқан: заңды теңдік, заңдылық, құқықтар мен бостандықтардың тұтастығы. Кодекстің құрылымына рим құқығы әсер еткен. Ол институциялық жүйе бойынша құрастырылған.
Кеңес мемлекетінде адам құқықтары саласы тек мемлекеттің ішкі ісі болып танылды. Мұнда адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың араласуына жол берілмеді. Тәжірибеде КСРО аумағында азаматтардың адам құқықтарын қорғауға қатысты хабарласуына рұқсат берілмей, бұл құқықтарды қорғауды өзінің мақсаты етіп қойған қандай да бір қоғамдық құрылымдардың құрылуына және олардың тексеруіне жол берілмеді. Осы принцип 1993 жылғы Ресей Федерациясының Конститутциясында көрініс тапты. Ресей Федерациясының халықаралық шарттарға сәйкес әрбір адам егер өзін қорғаудың мемлекет ішіндегі барлық құралдары таусылған жағдайда халықаралық адам құқығы мен бостандықтарын қорғау органдарына хабарласуына құқығы бар (3-бөлім. 46-бап).
Қазақстан
Республикасының
ҚР азаматтарына тиесілі құқықтарды олар қоғамдық әртүрлі қарым-қатынастарда қолданады. Бірақ бұл құқықтар біртекті емес, және оларды дұрыс түсіну үшін заңдарда және әдебиетте келтірілетін терминдердің бірдей болуы жөнінде келісіп алған жөн.
Құқық адамдар арасында, олар мен ұйымдар және т.б. арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Құқық адам мен заттың арасындағы қатынасты реттемейді, ал заттарға және материалдық емес игіліктерге қатысты қатынастарды реттейді. Осылайша барлық құқықтар мен міндеттер тек адамға, жеке тұлғаға немесе адамдар қауымдастықтарына тиесілі, сондықтан оларды жеке құқықтар деп атауға болады (кең мағына тұрғысынан). Бірақ азаматтар әртүрлі қоғам салаларына қатысып, әрбір саланың өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі құқыққа ие болады. Заң әдебиеттерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мынадай шартты түрдегі топтарға бөледі: саяси, жеке, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар. Демек, «жеке құқықтар» деп азаматтарға тиесілі барлық құқықтар емес, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардан айырмашылығы бар құқықтар жатады. Бұл топқа жеке тұлғаның өзінен ажырамайтын, жеке өмірінің әртүрлі салаларында қорғайтын азаматтардың осындай құқықтарын біріктіреді. Бұл құқық ар-ожданын, өмірін, денсаулығын, атын, әртүрлі жеке өмірі салаларының құпиялылығын, оның ішінде жанұя өміріндегі құпияларын және ҚР Конститутциясының ІІ бөлімінде кепілдік берілген басқа да нормаларды білдіреді. Дәл осы азаматтардың құқықтарын «жеке құқықтар» ретінде атайды (осы терминнің тар аясында). «Жеке құқықтар мен бостандықтар» ұғымы ғылыми әдебиетте ХХ-ғасырдың 40-жылдарының соңы мен 50-жылдарының басында қалыптасты.
Жеке
құқықтардың маңызды
1) жеке адамның бостандығына кепілдік береді, яғни азаматтың адамгершілік қатынастарда, жеке тұрмыстық өмірінде әртүрлі іс-әрекет етуін кедергісіз таңдау мүмкіндігін білдіреді (әрине, егер мұндай іс-әрекеттер құқық нормаларына қайшы келмеген жағдайда);
2) жеке азаматтың тұлғасын оқшауландырып, оның рухани мүдделерінің, қабілеттерінің, жеке өмірдегі дағдылары мен жеке ерекшеліктерінің жан-жақты көрініс табуына көмектеседі.
Жеке құқықтарда жеке мүдде, тұрмыс саласы, жеке адам өмірі, адам қауіпсіздігі конститутциялық қорғау объектісі болып саналады; мұнда азамат жеке творчестволық тұлға ретінде алдыңғы сапта көрінеді. Сондықтан гуманизм идеясы көрсетілген құқықтарда өзінің айқын конституциялық-құқықтық мәнін көрсетеді.
Жеке құқықтардың ерекшеліктерінің бірі олардың адамның жеке игіліктерінен ажыратылмайтын ар-ожданы, жеке өмірі, жеке қауіпсіздігі тәрізді құқықтарды білдіреді. Ажырамайтын бұл құқықтар басқа адамдарға келісім немесе басқа жолмен берілуі мүмкін емес және олардың мүліктік сипаты жоқ. Олардың өзгешелігі рухани, олар қамтамасыз ететін ажырамайтын игіліктердің материалдық емес сипатында.
Адам құқықтары мен бостандықтарының заң табиғаты оларды қоршаған адамдардың бұзудан бойын аулақ ұстау міндеттігін көрсетеді. Бұл құқықтардың жария құқықтық қорғау тұрғысынан азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттерінен тыс шеңберде жатқан жеке құқықтары саласына мемлекеттің араласпауы мұнда алдыңғы қатарға шығады. Мемлекет сонымен бірге қажет болған жағдайда азаматтарды мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың тарапынан болған заңсыз әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз етеді.
Жеке
құқықтар мен бостандықтардың белгілі
ішкі құрылымы болатын жеке жүйеге қатысты
(дәлірек айтқанда, азаматтың құқықтың
мәртебесінің шағын жүйесінде) қасиеттері
бар. Жеке құқықтардың жіктелуінің негізіне
жеке адам бостандығының ең маңызды атап
айтқанда: азаматтың жеке қауіпсіздігі,
оқшаулану мүмкіндігі мен жеке өмірі,
оның ар-ожданы мен абыройының қорғалуы,
жанұясы мен некесінің қорғалуы, рухани
өмірінің құпия тараптары, ар-ожданының
қорғалуы тәрізді құқық нысандарын алуға
болады. Жеке бостандықтың мұндай нысандарының
көрініс табуы маңызды әлеуметтік игіліктер
болып табылады және Конститутцияның
баптарында бекітілген заң нормаларының
көмегімен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі кезде Қазақстанда экономикалық және саяси жағдай тұрақтанған кезде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру және олардың жүзеге асырылуы маңызды болып отыр. Құқықтар мен бостандықтар мәселесін қараған кезде құқықтар мен бостандықтардың барлығының толық көлемде жүзеге асуы нақты демократиялық құқықтық мемлекет болған жағдайда орын алатындығын атап өткен жөн.
Осы Конститутцияда азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі бекітілген. Оларға экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық, педагогикалық, тәрбиелік және сыртқы экономикалық кепілдіктер жатады. Әдетте, ғылыми әдебиетте адам құқығының экономикалық, саяси және идеологикалық кепілдіктері аталады. Кейде жалпы кепілдіктердің басқа да түрлерін, атап айтқанда қоғамдық, әлеуметтік және рухани түрлерге бөледі.
Қазақстанда адам құқықтарының жүзеге асырылуының мынадай түрлері жатады:
1)
адам құқығының жағдайына
2) адам құқығын сақталуын бақылаушы мемлекеттік органдардың белсенділігін арттыруы;
3) сот, прокуратура қызметінің адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық нормаларға, атап айтқанда азаматтық (жеке) және саяси құқықтары мен бостандықтарын сәйкестендіруі;
4)
Қазақстан Республикасының
5)
адам құқығы саласындағы
Қазақ тіліне адам құқықтары жөніндегі негізгі әдебиеттің, халықаралық шарттардың мәтіндерінің, адам құқықтары бойынша басқа конвенциялар мен құжаттардың аударылуын қамтамасыз ету қоғамда бұл салада сауаттылықтың күрт көтерілуіне алып келер еді.
Біздің
республикамызда азаматтың
Қорыта
келгенде Қазақстан Республикасының
Конститутциясы адамның құқықтық мәртебесіне
қатысты халықаралық-құқықтық актілердің
барлық ережелерін бекітетінін атап өткен
жөн.