Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:50, лекция
Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі де дәлел бола алады. Жасөспірімнің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан.
Әрине, бұл тұжырымның да
жаны бар шығар, оны дәлелдеу уақыт
еншісінде. Бірақ бір нәрсе айқын.
Ойын – көшпенді өмір салтының негізінде
шыққан және әскери ойынның көріністері
де бар.
4 Ойын ортасы
Ойын бастамаларын білгеннен кейін негізгі
ойға алған жоспарды іске асыру үшін ойын
ортасын мұқият зерделудің маңызы зор.
Бұл екі кезең бір-бірімен тығыз байланысты
болуымен қатар, ойынның соңына және нәтижесіне
қатты әсер етеді. Ә.Ақшораев ойынның басы
мен ойынның ортасы туралы: «…бұл кезде
ойынның негізгі шарттары (тақта үстіндегі
ойын күштеріне жауапкершілік, отаудағы
құмалақтарға қолайлы позиция беру, осал
отауларға қысым көрсету, т.с.с.) мен тактикалық
тәсілдер қолданып, сайыс тақта үстіндегі
позицияның өзгеруіне байланысты кезек-кезек
аңдысу, жүрістерді мұқият есептеу сияқты
жағдайларда өтеді» – дейді[12.161].
Көп жағдайларда ойыншылар негізгі жоспарды
ойын бастамасында түзіп алып, ойын ортасын
таңдап алған тактикасына сәйкес жүзеге
асырады. Қазіргі кездегі ойындардың соңына
дейін мұқият есептелетіні соншалық, ойыншының
ойын соңында ұтылудан басқа мұршасы қалмайды.
Және бұл жүрістердің барлығы мәжбүр жүрістерден
құралатындықтан, сіз қай кезде қате жібергеніңізді
де байқамай қаласыз. Сонымен қатар кейде
ойын ортасында шеберлер ойға алған бағытынан
ауытқып, ұтысты жүрістерді көрмей қалса,
кейде қарсыластың өзі қарсы қорғаныс
жүрістерін сәтті ойнап, ойға алған жоспарды
іске асыруға мүмкіндік бермейді.
Ойын ортасының нақтылы шекарасы әлі анықталмаған.
Ақшораев еңбегінде ғана бұл мәселе сөз
болады. Онда да оның шекарасы – 8-14 жүрістер
арасы деп көрсетілген. Бірақ әлі де болса,
тереңінен зерттелуі қажетсінеді. Айтылғандарды
нақтылы түсіну үшін, ойын партиясын талдап
көрейік.
5 Ойын соңы
Ойын соңы – ойынның басы мен
ортасында туындаған түрлі