Спорттық гимнастика

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 11:50, реферат

Описание работы

Спорттық гимнастика – спорттың негізгі түрлерінің бірі; еркін жаттығулар, таянып секіру және снарядтардағы жаттығуларды қамтиды. Қазақстанда спорттық гимнастика 1920 жылдардың аяғында дами бастады. Гимнастшыларды даярлауда В.Рякшин, А.Ершов, Г.Мещерский, Қ.Қуанышбаев, И.Муллаев, В.Байдин, т.б. жаттықтырушылар көп үлес қосты. Спорттық гимнастикадан Н.Ким – Олимпия чемпионы (1976), әлем кубогының жеңімпазы (1978), бірнеше дүркін КСРО чемпионы, Н.Ильенко – КСРО-ның абсолют чемпионы (жеке түрінен) және КСРО құрама командасының құрамында әлем чемпионы (1984), Ю.Цапенко – КСРО құрама командасының құрамында Олимпиада ойындардың күміс жүлдегері (1964).

Работа содержит 1 файл

Спорттық гимнастика.docx

— 59.42 Кб (Скачать)

Спорттық гимнастика – спорттың негізгі түрлерінің бірі; еркін жаттығулар, таянып секіру және снарядтардағы жаттығуларды қамтиды. Қазақстанда спорттық гимнастика 1920 жылдардың аяғында дами бастады. Гимнастшыларды даярлауда В.Рякшин, А.Ершов, Г.Мещерский, Қ.Қуанышбаев, И.Муллаев, В.Байдин, т.б. жаттықтырушылар көп үлес қосты. Спорттық гимнастикадан Н.Ким – Олимпия чемпионы (1976), әлем кубогының жеңімпазы (1978), бірнеше дүркін КСРО чемпионы, Н.Ильенко – КСРО-ның абсолют чемпионы (жеке түрінен) және КСРО құрама командасының құрамында әлем чемпионы (1984), Ю.Цапенко – КСРО құрама командасының құрамында Олимпиада ойындардың күміс жүлдегері (1964). Халықар. дәрежедегі спорт шебері Қ.Қалиева 1982 жылы республика чемпионы, халықар. жарыстардың жүлдегері болды. 1987 жылы В.Люкин (Алматы) Еуропаның және КСРО-ның абсолют чемпионы әрі КСРО құрама командасының құрамында В.Новиковпен (Алматы) бірге әлем және 1988 жылы Олимпиада ойындардың чемпионы атанды. 1991 жылы республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда алматылық Е.Ерімбетов, С.Федорченко, А.Дмитренко, т.б. гимнастшы жігіттер бірнеше дүркін Азия чемпионы, Азия ойындары, ізгі ниет ойындарымен қатар, әлем кубогының иегері және халықар. турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері болды.

Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы  зат (лента, доп, шеңбер, т.б.) не затсыз гимнастикалық және жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастикашұғылданушылардың  дене сұлулығын қалыптастырып, эстет. тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі  қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік  ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма  би басым келеді. Көркем гимнастикадан  дүниежүз. чемпионат 1963 жылдан өтеді. Олимпиялық ойындар бағдарламасында 1984 жылдан бар. Қазақстанда 1947 ж. Алматы дене тәрбиесі ин-тында көркем гимнастика секциясы ашылды. 1949 ж. гимнасшы-қыздар арасында тұңғыш респ. жарыс өтті. Қазақстандағы  көркем гимнастика спортын ұйымдастырып, дамытуда Л.Каспарова, Э.Волкова, К.Морозова, К.Степанова, Э.Осадчая, Л.Дягилева, т.б. спортшылар мен жаттықтырушылар  көп еңбек сіңірді. Көркем гимнастикадан  А.Батырбекова, С.Рахметова, С.Барлыбаева сияқты қазақ қыздары 1960 – 70-жылдары  республиканың бірнеше дүркін чемпионы болып, халықар. жарыстарға қатысты. 1991 ж. республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда павлодарлық Ә.Мұстафина, алматылық З.Жақыпова, шымкенттік Ә.Юсупова, т.б. гимнасшы қыздар бірнеше дүркін Азияның чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері болды. Павлодарлық  Майя Сүлейменова қазақ қыздары  арасында алғаш Халықаралық дәрежедегі төреші атанып, дүниежүзілік чемпионатқа  қазылық етті (Вена, 1995; Будапешт, 1996), екі рет Азия чемпионатына төреші болды (1994, 1996 ж.), Көркем гимнастика Шымкент, Алматы, Павлодар, Астана, Өскемен, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау қалаларында жақсы  дамыған.

Гимнастиканың орындалу тәртібі:

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабаққа  қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік  ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!»  «Алаңды айналып  алға бас!» жаттығулары

Жүру бағытында орындалатын  жаттығулар

Алға жүру:

1.Екі қолды жоғары көтеріп,  аяқтың ұшымен жүру

2.Қол белде өкшемен  жүру.

3.Қол желкеде жартылай  отыр жүру.

4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру.

Жүгіру бағытында орындалатын  жаттығулары:

1.Жеңіл жүгіріс

2.Тізені алға көтеріп  жүгіру.

3.Қолды артқа қойып,  аяқты артқа сермей жүгіру.

4.Аяқтың басын алға  сілтей жүгіру.

5.Оң қапталмен қолды  алға айналдыру.

6.Сол қапталмен қолды  артқа айналдыру.

Тыныс алу жаттығулары,сапқа 2 қатарға тұрғызу.

Жалпы дамыту жаттығулары

БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. Бір қолды екі  жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты  артта ұстау.

2.БҚ

3.Екінші аяқпенен де  осылай жасау. 

БҚ қолдарын төмен ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.

1.Сол аяғын ұшымен жанға  қояды, оң қолды жоғары көтеріп,  солға еңкейеді.

2.БҚ Екінші жаққа да  осылай жасау.

БҚ Бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама-қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады.

1.Алға қарай серіппелі  түрде еңкею

2.Солға бұрылу. Екінші  жаққа бұрылыс жасай, осылай  істеу.

БҚ қолдарын жоғары көтеріп  ұстап, бір-біріне арқаларын беріп  тұрады.

1.Сол аяқпен ілгері  аттау, артқа шалқаю.

2.БҚ екінші аяқпен де  осылай жасау.

БҚ Қолдарын шынтақтан  іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп  тұру.

1.Жартылай отыру.

2.БҚ келу.

БҚ серіктерінің иығына қолды  салып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады.

1.Сол аяқты алға-оңға  қарай сілтеу.

2.БҚ келу. Екінші аяқпенда  осылай жасау. 

БҚ табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстасып, гимнастикалық төсеніште қарама-қарсы  отыру.

1.Сол аяқты жоғары көтьеріп, созып ұстайды.

3-4 Оң аяқпен де осылай  жасау.

БҚ табандарын тіреп аяқтарын алшақ қойып бір-біріне қарама-қарсы  отыру, оң қолдарымен ұстасады.

1.Біреуі алға еңкейсе,  екіншісі шалқайды.

2.БҚ

3.Екінші жаққа еңкейіп   шалқаю.

4.Бұл да сондай, бірақ  сол қолмен ұстайды. 

БҚ арқаларын бір-біріне беріп, аяқтарын тіке жазып отырады. Қолдарын көтеріп басынан ұстайды.

1.«А» алға еңкейеді. «Б»  аяқтарын бүге, табанмен еденге  тіреле «А»- ның иығына жатады.

2.БҚ

3.Қайталау.

ІІ Негізгі бөлім

Оқушыларды 1 сапқа тұрғызу.

1.Гимнастикалық скамейкадан  секіру;

2.Гимнастикалық төсеніште  алға домалау.

3.Ағаш аттан аттау

4.Гимнастикалық төсеніште  артқа домалау.

5.Тепе-теңдік сақтап жүру.

6.Гимнастикалық қабырғада  мініп-түсу. Жаттығуларын жасату.

                     Алматы гуманитарлы-техникалық университеті

 

                                       

 

Кафедра : « Экономика  және бизнес»

 

СӨЖ



 

 

 

 

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы  гимнастиканың өрлеуі»

 

 

                                                       Орындаған: Тамабаева Г.М

                                                                             1 курс

 

 

 

                                         Алматы 2013


Информация о работе Спорттық гимнастика