Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 17:58, реферат
Бұл оқу-әдістемелік кешен күрес пәнінің (еркін, грек-рим, қазақ күресі) мақсаты мен міндеттерін анықтайды, бөлімнің тақырыптық жоспарын, студенттердің өздік жұмысы тапсырмасының жүйесін, өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмаларын, емтихан сұрақтары тізімін мазмұндайды. Дене тәрбиесі және спорт факультеті студенттеріне арналған.
КҮРЕС
Бұл
оқу-әдістемелік
кешен күрес пәнінің (еркін,
грек-рим, қазақ күресі)
мақсаты мен міндеттерін
анықтайды, бөлімнің
тақырыптық жоспарын,
студенттердің өздік
жұмысы тапсырмасының
жүйесін, өзін-өзі
тексеруге арналған
тест тапсырмаларын,
емтихан сұрақтары
тізімін мазмұндайды.
Дене тәрбиесі және
спорт факультеті студенттеріне
арналған.
Пререквизиттері:
Бұл пәнді оқығанға дейін дене мәдениеті тарихы, спорттық күрес, жеңіл атлетика, адам анатомия, адам физиология, спорт психологиясы, таңдап алған спорт түрінің негізі сияқты пәндерді қарастырып өткендері абзал.
Постреквизиттері :
Пәнді оқу соңында Күреспәнінен (еркін, грек-рим, қазақ күресі), мақсатқасай бөлім сұрақтарымен жанжақты таныстыру.
Пәннің қысқаша мазмұны:
Екін күрес тарихы.Еркін күрес өз бастамасын ағылшындардан алады.Ағылшын еркін күресінде ( кэтчгольд ) шолақ шалбар киіп күрескен, қарсыласына әртүрлі захватжасай отырып, аяқпен әдіс жасайды,жауырынын жерге тигізгенше уақытқа бағынбай күресіп, жеңіске жетеді.Баскезінде кәсіпқой спорт ретінде таралды,XVIII ғасырда американдықтар әлемдік денгейге көтерді. Сол себепті америкалық еркін күрес атанды.
Америкалық кәсіби еркін күрес (реслинг) - АҚШ, Франция, Италияның кәсіби палуандары арасында кең тараған. Күрестің бұл түрінде күрестің қарапайым киімін киіп күрескен, тұншықтыру әдістерін қолданған. Қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жеткен. Палуандар күресуге шығар алдында канша уақыт күресетіндеріне келісіп алған.
1904 жылы АҚШ-ның Сент-Луис қаласында өткен ІІ-Олимпиадалық ойындар бағдарламасына бірінші рет еркін күрес кіріп, 47.6,52.1, 56.7, 61.2, 65.7, 71.6, 77.6 салмақ категорисындағы палуандар күресіп, барлық салмақ бойынша АҚШ палуандары жеңіске жеткен.
1955 жылы елімізде еркін күресті дамыту мақсатында Қазақстан спорт комитеттінің басшылары П.Ф. Матущакты шақыртады. Жоғарғы деңгейлі палуандарды дайындауға А. Купцов пен Х. Гиоев те үлкен үлес қосты. Еркін күрестің елге тез таралуының басты себебін мынадан көруге болады, еркін күрес қазақтың ұлттық күресі қазақ күресіне өте ұқсас.Екеуінде де ұқсас, жақын техника элементтері қолданылады. К. Байдосов Кеңес Одағының Қазақстандағы бірінші спорт шебері болды, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылар А. Айханов, А. Габсаттаров, А. Бугубаевтар Кеңес Одағының біріншілігінің жүлдегерлері мен чемпиондары атанды, ал М Мамыров Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болды.
Грек-рим күресінің даму тарихы. Палуандардың күрес өнері көпжылдық тарихы бола отырып біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жыл бұрын бастау алған, көне Грецияда пенталонның бір түрі ретінде дамып, адамның жылдамдық, төзімділік, ептілігін дамытып және әскерді дайындаудың негізгі құралы болды.
Панкратион - гректердің күрестерінің көне түрлерінің бірі. Бұл күрес түрінде қысқа шалбар киіп, аяқпен жұмыс жасап, қолға және аяқтан ұстап әдіс жасап күрескен, қарсыластың жауырынын жерге тигізіп жеңіске жеткен, уақыт шегі жоқ. Күрес әрі қарай дамуын Франциядвн алып, сол себепті күрестің бұл түрі әлемде француз күресі ретінде танылды. Бірінші рет,1848 жылы Монтенье көшесінде күрес аренасы ашылды, француздар күреске қатты қызығушылық танытты. Көлемі жағынан үлкендеу екінші арена 1867 жылы ашылды. 1905 жылы әлем біріншілігі өтті, мұнда Иван Поддубный бірінші орын, Қажымұқан Мұңайтпасов екінші орын алды, осы арқылы әлемде мықты палуандардың бірі екендерін дәлелдеді.
Қазақ халқының палуаны, біртуар батыры Қажымұқан Мұңайтпасов бұл күрес түрінен 4 рет әлем чемпионы атанды.
Алғашқы рет 1896 жылы Афинада өткен олимпиада ойындары бағдарламасына классика түріндегі күрес еніп, палуандар салмақ мөлшеріне қарамай күресті, чемпион атағын Германиялық палуан К.Шуман, күміс медальды Грециялық Г.Цитат жеңіп алды.
Қазақстанда грек-рим күресінің дамуы Ұлы Отан соғысынан кейін бастау алды. Күрес өнерінің дамуына Қазақстанда П. Ф. Матущак үлкен үлес қосты. Қазақ дене тәрбиесі институтында күрес бөлімін ашып, осы арқылы күрестің дамуына себепкер болды. Дене тәрбиесі институты күрестен мамандарды дайындау орталығына айналды. Осы жерден үлкен спортқа екі дүркін олимпиада ойындары чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Европа чемпионы В. Резанцев, олимпиада ойындары чемпионы Ж. Үшкемпіров, Ж. Серіков, әлем, Европа, Азия чемпионы, екі олимпиада жүлдегері, жеті дүркін Кеңес одағының чемпионы Д. Тұрлыханов, әлем чемпионы Б. Байсейтов жолдама алды.
Қазақша күрестің даму тарихы. Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың көне авторларының жазуынша, Қазақстанның даласы мен таулы айқаптарында сақ, массагет, исседондардың көптеген тайпалары өмір сүрген. Тайпалар арасында және рулар арасында қақтығыстар туындап, тайпалық одақтар құрыла бастады. Бұл туралы тек археологиялық материалдардан ғана емес, жазбалардан да байқауға болады. Бұл қолжазбалар, археологиялық зерттеулер Қазақстанның басты аумағын біздің дәуірімізге дейінгі VII-IV ғасырларда жайлаған тұрғындар, алып тайпа сақтықтар екенін көрсетеді. Олар одақ құрып, көшпелі өмір кешті және мал шаруашылығымен айналысты. Көне грег жазушысы Клавдий Элион жазады сақтарда мынандай салт болған, жігіт тек күресте жеңіске жеткен нен соң ғана үйлене алатын болған. Италияндық Марко Поло Орта Азияға саяхаты кезінде былай деп жазады, сақтар үшін күрес әскери-қолданбалы жаттығу болған, бойжеткендер жас жігіттермен тең дәрежеде күрескен.
Король Кастилии Генрих-ІІІ тапсырмасымен Орта Азияда болған уақытында Рей Ганзалесс Клавдио құнды деректер келтіреді. Атақты қолбасшы Тимурдың сарайында ол белдесу күресін тамашалайды. Бұл 1403-1406 жылдары болған, байқағанымыздай белдесу күресі өте ертеден бастау алады.
Ертеде қазақ күресі салмақ дәрежесіне қарамай өткізілген, бұл қатысушыларға тең жағдай тудырмады.
1938 жылы Алматыда бірінші колхозшылырдың республикалық спартакиадасы өтті. Спортакиада бағдарламасына қазақша күрес күресі енгізілді. Тарихта бірінші рет бұл ұлттық спорттық ойын біріншілігі үш салмақ категориясы бойынша өткізілді.( жеңіл салмақ 65 кг дейін, орташа салмақ 76 кг дейін, ауып салмақ 76 кг жоғары).
1952 жылы Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында Орта Азия және Қазақстан республикаларының кезекті спортакиадасы өтті. Спортакияда бағдарламасына ұлттық күрестен жарыс енгізілді. Бес туыстас республикалар арасынан ұлттық күрестен жарыс ережелері негізі ретінде қазақ күресінің ережелері алынды, өйткені бұл күрестің жарыс ережелері спорттық күрестің классикалық түрлеріне біршама жақынырақ.
1955 жылы сегіз салмақ категориясы енгізілді және қазақ күресі күресіне ережелер шықты. Бірінші қазақ күресінен жазба ережелердің авторы М. Рахымқұлов.
Күрес пәнінің негізгі мақсаты (еркін, грег-рим, қазақ күресі) - дене тәрбиесі және спорттың түрлі құрылымында өздік жұмыстарына керекті кәсіби-педагогтық білімді, дағды мен шеберлікті қалыптастыру.
Оқытудың міндеттері:
-
студенттердің кәсіби-
- оқытудың әдіс-тәсілдік іс-әрекет әдістемесін оқыту, физикалық тәрбие беру; Педагог мамандығына тұрақты қызығушылықты қалыптастыру.
Күрес пәні курсы (еркін, грег-рим, қазақ күресі) студенттерге теория мен әдістемені оқытуды қарастырады.
Күрес
пәнінің практикалық
сабақтарында (еркін,
грек-рим, қазақ күресі)
күрестің әдіс-тәсілдерін
үйреніп, күрес әдістерін
жасап, жаттығу түрлері
жасалады. Бұл сабақтарда
студенттер қорғану
әдістерін меңгереді,
қиын әдістерді жасап
үйренеді. Студенттердің
өздік жұмыстары әдебиеттермен
танысу, рефераттар
дайындау, курстық жұмыстар
мен жаттығуды жоспарлау,
күнделік жүргізу, ғылыми-зерреушілік
жұмыс жүргізу, жарыстарды
көру және талдау жасау,
қоғамдық жұмыстарға
қатысудан , т.б тұрады.
Тақырып
атау
Өзін -өзі қауіпсіздендіру жатығулары
Тұрыс, арақашықтық, ұстау.
Арқадан асыралақтыру әдісі
Сырттан шалып жығу әдістері
Қылтадан қағып жығу
Иықтан асыра тастау
Аяқтан іліп құлату әдістері
Жамбастан тастау әдістері
Ашалап тастау әдістері
Аяқтан орау әдістері
Арқалап тастау әдісі
Бөктеріп тастау әдісі
Ширып жығу әдістері.
Іліп құлату әдістері
Қағу әдістері
Кеудеден асыра лақтыру
Қырқа шалу әдісі
Диірмен әдісі
Өңгеріп тастау әдістері
Үйіру жығу әдістері
Іштен шалып жығу әдісін үйрету
Айналдыра тастау әдістері
Әдебиеттер
тізімі мазмұны:
1. Купцов А.П. (под общ. ред.) Спортивная борьба. Москва. 1978.
2.
Шепетюк М.Н.
3. Шепетюк М.Н. Обучение в спортивной борьбе. Алматы. 2003.
4. Туманян Г.С. Спортивная борьба. М. 1985.
5. Туманян Г.С. Школа мастерства борцов, дзюдоистов и самбистов. Москва. 2006.
6. Байдосов К.Р. Казахская национальная борьба. Алматы: Мектеп, 1987.
7. Матущак П. Ф., Мухиддинов Е. М. Казахша курес. Алматы: Рауан, 1995.
8. Таникеев М.Т. Казахские национальные виды спорта. Современные проблемы. Алматы. 1991.
9. Таникеев М.Т. Мир народного спорта. Алматы. 1998.
10. Матущак П.Ф. Наследники Кажымукана. Алматы: Казахстан, 1969.
11. Матущак П.Ф., Жолымбетов О. и др. Казахша курес: Методическое пособие. Алматы: Казахстан, 1973.
12. Мухиддинов Е.М. Казахша курес. Алматы: Казахстан, 1984.
13. Матущак П.Ф. Батыры на ковре. Алматы: Рауан, 1992.
14. Рахимкулов М.Р. Казахша курес: Правила соревнований. Алматы: Каз. гос. изд-во, 1957.
15. Галковский Н.М., Катулин А.З.(под общ. ред.) Спортивная борьба. Москва. 1968.
16. Газета «Sport». ¹ 4313 - 23.11. 2004., ¹ 4418 - 22.11.2005.
17. Қазақша курес. Жарыс ережесі. Алматы: Туран. 2002.
18. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы. 1990.
19. Табаков С.Е., Новик С.А. Инновационные технологии в спортивных единоборствах. М. 2005.
20. Матущак П.Ф., Болгамбаев М.Х. Классификация, систематика приёмов борьбы казахша курес. Алматы. 1973.
Қосымша
әдебиеттер:
21. Табаков С.Е., Новик С.А. Оценка соревновательной деятельности в единоборствах. М. 2003.
22. Блах В., Елисеев С., Игуменов В., Кулик Н., Мигасевич Ю., Подливаев Б., Селуянов В., Табаков С. Биологические концепции в подготовке борцов (самбо, дзюдо). М. 2005.
23. Лаптев А.Л., Полиевский С.А. Гигиена. Москва. 1990.
24. Курсовые кейсы и электронные лекции по дисциплине Борьба (вольная, греко-римская, казахша-курес).
25.
Интернет зал КарГУ
имени Е.А. Букетова. 8,9
и главный корпус.
Информация о работе Салық қызметінің органдарының құқықтары мен міндеттері