Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 06:47, реферат
Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған.
Гимнастика
Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнасшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше. Спорттық гимнастика – спорттың негізгі түрлерінің бірі; еркін жаттығулар, таянып секіру және снарядтардағы жаттығуларды қамтиды. Қазақстанда спорттық гимнастика 1920 жылдардың аяғында дами бастады. Гимнастшыларды даярлауда В.Рякшин, А.Ершов, Г.Мещерский, Қ.Қуанышбаев, И.Муллаев, В.Байдин, т.б. жаттықтырушылар көп үлес қосты. Спорттық гимнастикадан Н.Ким – Олимпия чемпионы (1976), әлем кубогының жеңімпазы (1978), бірнеше дүркін КСРО чемпионы, Н.Ильенко – КСРО-ның абсолют чемпионы (жеке түрінен) және КСРО құрама командасының құрамында әлем чемпионы (1984), Ю.Цапенко – КСРО құрама командасының құрамында Олимпиада ойындардың күміс жүлдегері (1964). Халықар. дәрежедегі спорт шебері Қ.Қалиева 1982 жылы республика чемпионы, халықар. жарыстардың жүлдегері болды. 1987 жылы В.Люкин (Алматы) Еуропаның және КСРО-ның абсолют чемпионы әрі КСРО құрама командасының құрамында В.Новиковпен (Алматы) бірге әлем және 1988 жылы Олимпиада ойындардың чемпионы атанды. 1991 жылы республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда алматылық Е.Ерімбетов, С.Федорченко, А.Дмитренко, т.б. гимнастшы жігіттер бірнеше дүркін Азия чемпионы, Азия ойындары, ізгі ниет ойындарымен қатар, әлем кубогының иегері және халықар. турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері болды.
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.
Спорттың акробатика - жұптасып және топтасып орындалатын акробатикалық жаттығулар. Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса күрделі жаттығу.
Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады. Жалпы көркем гимнастикасының орындалуы би қозғалысына негізделген, қолда әр түрлі құрал-жабдықтарды ұстап жүріп немесе лақтыра отырып, сол құралдың қозғалысымен бірге билеп жүріп орындалады.
Ең әуелі гимнастика
сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік
ережесін үйрену керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен
орындалады. Гимнастикамен арнаулы шұғылданушы
өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың
жалпы ережесін білуі керек. Содан кейін,
әріптесін сақтандыра білуі керек. Мұны
орындау әр спортшының міндеті
Пайдаланылған әдебиет:
Қазақ энциклопедиясы