Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 20:12, реферат
Ертеңгілік гигиеналық гимнастика — таңертең ұйқыдан кейін организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығулары. Ұйқы кезінде адамның орталық нерв жүйесі де тынығады. Бұл кезде жүректің соғысы азайып, тыныс алуы баяулайды, бұлшық еттері босап, организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық нерв жүйесі мен әр түрлі органдардың қызмет белсенділігі арта бастайды.