Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 20:59, реферат
Дене шынықтыру тәрбиесінін максаты — салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.
– денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;
– табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;
– дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушьшық пен қажеттілікті тәрбиелеу;
– табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)
– ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;
– гитиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.
Қазақ халқының
«Бірінші байлық – денсаулық»,
«Дені саудың – жаны сау»,
«Жаны саудың – тәні сау»
деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен
нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына
жеткізу.
Дене шынықтыру тәрбиесінін максаты
— салауатты өмір сүру негіздерін білу
және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру
және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.
– денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды
дұрыс дамытуға ықпал жасау;
– табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып
жетілдіру;
– дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға
тұрақты қызығушьшық пен қажеттілікті
тәрбиелеу;
– табиғат күштерімен балалар денесін
шынықтыру (күн, су, ауа)
– ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті
жетілдіру;
– гитиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Елдің болашағын салауатты өмірге тәрбиелеу
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай,өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр.
Еліміздің даму бағытын бекіткен «
Қазақстан – 2030 » бағдарламасында салауатты
өмір салтын ұстану мемлекеттік манызды
бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі
баса көрсетілген.
Салауаттылық ұғымы қазақ халқының салт-дәстүрін,
көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін,
әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру.Бір
сөзбен айтқанда өз ұлтының дінін ұстануға
үйрету.
Салауаттылық
- ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ
болу, дене және жан тазалығын сақтау,
тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның
киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін
игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты
кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық
жегізеді.
Жасөспірімдердің салауаттылық
өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді
жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік
ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір
заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне
бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды
да жауапкершілігі мол міндет болып табылады.
Бала тәрбиесі әсіресе,
мектептен тыс уақыттағы сыныптан тыс
жүргізілетін жұмыстардың мән-мағынасы
өте зор болып келеді. Бүгінгі қоғамымызда
салауатты өмір салтына деген саналы көзқарастың
жеткіліксіздігі азаматтардың рухани
деңгейінің төмендігіне
және оның нәтижесінде жағымсыз жайттардың
кең өрістеуіне себепкер болып отыр. Жастар
денсаулығының нашарлауы, олардың ағзаларының
ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіздігі
, азып-тозуы, тез шаршағыштығы, өмірінің
қысқа болуы – осы жайттардың айқын көрінісі.
Бұл мәселелердің барлығы жастар арасында
тәрбие жұмыстарының жұтаңдығының салдары
екендігі даусыз.
Жастары әлсіз, денсаулығы
нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес,
жалқау, тәрбиесіз болса ол мемлекет қашанда
әлсіз, қорғансыз. Жастар - біздің болашағымыз.Ал
бізге болашағымыздың айбындылығы мен
жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт
күткізіп отырған бүгінгі жастар - ертеңгі
қоғам иелері.
Салауатты өмір салты - адам
үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей
байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің
бір бөлігі. Ал денсаулық
адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның
болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты.
Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі
ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда
оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл
қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп
ұққан жөн.
Сондықтан адам
денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың
ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты
экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени
әуес болып табылады.Бүгінгі таңда балалар
мен жастардың денсаулық жағдайына басты
назар аударуда.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың
мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны
көздейді:
- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен
қарау;
- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас
ерекшелігін ескеру;
- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген
деректерге ғана
сүйену;
- Экологияландыру адам организміне қоршаған
орта факторларының
әсерін білу;
- Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру,
салауатты өмір салты
туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып
оны ұстана білу;
- Үздіксіз оқыту,салауатты өмір салты
дағдыларын үздіксіз
қалыптастырып үнемі пайдалану;
- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын
ұстанған қоғам мүшесін
дайындау.
Денсаулық адам бақытының
бірінші байлығы.Әрбір
Рухани бай адам дегеніміз
- өз тілін,өз тарихын,салт-дәстүрін жоғары
бағалап,жан-жақты,өзін-өзі басқаратын,өмірдің
ағымына дұрыс көзқараспен қарай алатын,мейірімді,әділ,
Денсаулығының ширақ
шынығуы;
(шапшаңдығы,төзімділігі,
Әрқашан алға ұмтылып,жеңіске жетуге құштарлық
қабілеттері арта түсті;
Бәсекеге қабілетті елдің болашағы тек
жалаң адамдар тобынан ғана емес,сонымен
бірге денсаулығы мықты,рухани дүниесі
бай,жаны мен тәні таза,танымдық белсенділігі
мен өзіндік білім алуға деген ынтасы
және шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан
тұруы тиіс. Салауатты өмір салты - келеңсіз
жағдайлардың алдын алу,адамдардың денсаулығын
күшейтумен олардың жан-жақты үйлесімді
дамуына қалыпты жағдайды туғызуды көздейді.
Дені сау адамның
көңіл-күйі көтеріңкі өмірге құштар,қандай іске болсын дайын, мақсатына
жету жолындағы қиыншылыққа төзімді болады.
Ал, ауру - адамның мүмкіндігін шектейді,көңіл
күйі жабырқаулы адам ештеңені жоспарлап,алдына
айқын мақсат қоя алмайды. Баланың денсаулық
жағдайы көптеген факторлардың әсеріне
байланысты.Мысалы:ата-ананың денсаулығы,үйдегі
жалпы жағдай,білім алу мүмкіншілігі,әлеуметтік
жағдай,т.б.
Корытынды:
«Он екі мүшең сау болса - жарлымын деме»,- деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын,тән сұлулығын,жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға,теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған.
Физикалық белсендiлiк тiршiлiк
Егер 3 – 4 километрдiң
ұзындығының жаяу серуендерiн жасасаңыз
қимыл аздығы сіз үшін ешқашан қиындық
келтірмейді.
Дені сау адам өзі үшін де, ол
өмір сүріп жатқан қоғам үшін де
керек. Қоғамдағы не бір жұмысты да сол
денсаулық иесі ғана атқара алады.
Шопенгауердің «Дені
сау кедей – ауру корольден бақытты»,-
деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.
Ал денсаулықты сақтаудың тиімді жолдарының
бірі, біз жоғары да айтып өткендей салауатты
өмір салтын ұстану және күнделікті өмір
тұрмысына дене шынықтыру жаттығуларын
енгізу.
Дене шынықтыру жаттығулары
деп жалпы және арнайы таңдалған қимыл
кешенін, емшара ретінде дене шынықтыруда
және дене тәрбиесінде қолданылатын жаттығуларды
айтады.
Дене шынықтыру жаттығулары
денсаулықты нығйтып, ағзаның
бұзылған функцияларын қалпына
келтіреді және сонымен бірге
дене шынықтыру жаттығулары