Ауырып ем ізденгенше

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 10:03, реферат

Описание работы

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

Работа содержит 1 файл

Ауырып ем ізденгенше.docx

— 42.09 Кб (Скачать)

Дене белсенділігі кардио- респираторлы жүйені нығайтады. Жүректің, тамыр мен тыныс алу мүшелерінің бейімделу мүмкіндігін жоғарлатып,ағзаның дене жүктемесіне қарсы тұруын қамтамасыз етеді.   

Өркениетті дамыған  қоғамды дені сау адам ғана құра алады. «Балаларымыздың болашағы біздің қолымызда» деген қағиданы жиі айтамыз.Денсаулықтың сау болуы қай кезеңде болсын маңызды,сондықтан кез келген білім беру мекемесі ең алдыңғы мақсаттардың біріне оқушының денсаулығын күтуді жоспарлайды. Біз алдымен оқушыға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіреміз.Баланың денінің сау болуы аурудың болмауымен ғана анықталмайдысонымен бірге аурудың алдын ала білумен де қатысты.

Адамның ең басты  байлығы – амандығы мен денсаулығы екенін айта келе сол денсаулықты  сақтауды, дұрыс тамақтанумен өзіне-өзі қамқорлық жасау туралы жасөспірімге педогогикалық негізде жүйелі білім беріп,ақпараттармен қамтамасыз етіп отырсақ, жас ұрпағымыз білімді, жан-жақты хабардар болып өседі. Жас ұрпақтың білімді, жан-жақты хабардар болуының бір кепілі – денсаулыққа келіп тіреледі. Осыған байланысты кітапханада ұйымдастырылған көрмелерді ұсынамын.         

 Көрмелер –  әр түрлі және әр типті баспа  басылымдарымен басқа да құжаттардың  белгілі бір іріктеу түрімен  біріккен жүйелі жинағы.Көрмелер ақпараттық міндеттерді орындаумен қатар, балалармен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметінің негізгі мақсаты:  бала- оқырмандарды дамыту мен тәрбиелеу процесін қамтамасыз етеді.Көрмелер ерекшеліктері мен белгілері қатарына қарай жіктеледі. Көрме- көпшілік іс- шараға арнап, белгілі бір тақырыпқа,  жеке тұлғаға,   елдегі болып жатқан жаңалықтарға,  оқуға көмекке арнап және шыққан және кітапханаға келіп түскен уақытына қарай жаңа әдебиеттер көрмесі болып   ұйымдастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ауырып ем ізденгенше