Жетім балалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 14:05, реферат

Описание работы

Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.

Работа содержит 1 файл

Жетімдер.docx

— 27.98 Кб (Скачать)

       

      Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер  тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.

      Қазақстан Республикасында соңғы жылдары  жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Әртүрлі жағдайларға  байланысты ата-ананың қамқорлығы мен  сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Бұл  мәселе Қазақстан Республикасының  «Қазақстан-2030» даму стартегиясына  сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп  жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде  қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар  тәрбиесіне қазіргі кезде  ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі  күн талабы.

     Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік  ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті  толығымен  тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл  бала дамуында артта  қалушылықты, масыл-дықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың  төменгі деңгейін  туындатады. 

      Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және «әлеумет-тендіру», «бейімдеу» ұғымдары бөліп қарастырылады. Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың  зерттеулеріне, тәжірибелерге  сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда  сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп  болады.

 жалпы  білім беретін мектептердегі  оқушылар мен жетім балалар  үйіндегі жетім балалардың әлеуметтік  дамуының ерекшелігі олардың  біреулері отбасында, ал екіншілері  отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленуінде  ғана емес, сондай-ақ  олардың  қоғамдағы белгілі бір орынды  иеленулеріне де байланысты екені  байқалды. Ал, бұл жайлы жинақталып, бір жүйеге келтірілген мәліметтер  өте аз. Осыған байланысты отбасынан  тыс мекемелерде тәрбиеленіп  жатқан жасөспірім тұлғасының  педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік- педагогикалық  даму мәселелеріне  тоқталып, жан-жақты  зерттеу қажеттілігі   байқалды.

    Қазақстанда « Неке және отбасы туралы» Заң 1998 жылы 17 желтоқсанда қолданысқа енді. Осы заңның 76-бабының  екінші тармағында былай делінген: «Қазақстан Республикасының  азаматы болып табылатын бұл  балаларды Қазақстан Республикасының  аумағында тұрақты тұратын Қазақстан  Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін.

      Мемлекетімізде жетім балалардың  жағдайы мәз емес екендігі  жөнінде бұған дейін баспасөз  беттерінде әлденеше рет  айтылды.  Көтерілген мәселелер мен айтылған  сындардан нәтиже шығару үшін  қазіргі күні мемлекеттік органдар  жұмыс істеп жатыр. 

Әр баланың  жеке өсу процесі сияқты, оның  қоғамдағы орны, дәлірек айтсақ, қоғамның баларға деген қамқорлығы ретінде.

         Балалық шақтың, ересек адамның  да өмірі сияқты өсу процесі екенін ескерсек, ересек адамның қалыптасуының маңыздылығы балалық шаққа байланысты.

    Оларды  әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын  себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділік-терінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыпта-суы  төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар- тәрбиеші-педагог-қоғам  жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген  тұжырым жасауға болады. Демек, жетім  балаларға әлеуметтік-педагогикалық  тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып  табылады. Бұл жетім балаларды  өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы  жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық  алғы шарттар жасалуы және теориялық  тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік  тұрғыдан нақты қарастыру, кезек  күттірмейтін мәселе деп айтуға болады.

      Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер  шектеулі қарым-қатынастың  шеңбе-ріндегі  әлеуметтік байланыстардың тұйық  жүйесінде өмір сүреді. Отбасының,  білім беру жүйесінің  әлеуметтендіру  әсері  барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері  тарылады. Қоғам мекемедегі баланы  шеттетіп, оны өзінен және де  мәдени құндылықтар мен  заңдылықтардан  алшақтатады. Балаға қоғамнан  алшақтату жағдайында  әлеуметтік  мәдени тәжірибені жеткізу қиындайды,  ол ересек болған кезде де  орны толмас тапшылық болып  қалады.

Осы айтылғандарды  және жоғарыдағы аталған ғалымдардың  еңбектерін саралай келе, біз аталмыш  мәселенің терең өз дәрежесінде  зерттелмегенін айқындадық. Демек, жетім  балалардың жеке тұлғасына қойылатын  қоғам талаптары мен олардың  әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына қоғамдық ортаға толық тартылмауы, жетім балаларды  тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық  негіздерінің толықтай ашылмауы мен  әлеуметтік педагогтардың ойлардың дара ерекшеліктерін ескеріп оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы кәсіби білік-тіліктерінің жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылық туындайды.

    Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму жағдайы  бала тұлғасының әлеуметтенуі балалар  іс-әрекеттерінің ерекше ұйымдастырылған, әлеуметтік тұрғыдан тәуелді, қоғамдық және тұлғалық маңызға ие болатын  баланың өзін-өзі анықтауға, ұсынуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық құбылыстармен түсіндіріледі.

    Жалпы, «Жетім балаларды әлеуметтендіру»  сөзінің мағынасын  Қазақстандағы балалар үйі мен ондағы жетім балаларды әлеуметтендірудің жай-күйін сараптау арқылы түсіндіруге болады. Қоғамнан ауқымды орын алып отырған ең өзекті мәселелердің бірі – жетім балалар мәселесі. Олардың өмірге даярлық процесі тар шеңберде өтетіндіктен, бұл балалардың әлеуметтенуі де өзіндік ерекшелікке ие. “Жетім”  ұғымының анықтамасына келетін болсақ, бұл да бір тарихи сипатқа ие термин (Сурет 1).

    Қазақстан Республикасында (ҚР) жетім және ата-ана  қамқорлығынсыз қалған балаларды кәмелетке  толғанша мемлекет тікелей қамқорлығына алады, сондай-ақ кәмелетке жеткеннен  кейін де олардың жоғары оқу орындарына қабылдануына, жұмысқа орналасуына, баспанамен қамтамасыз етілуіне заңдарда белгіленген негіздерде түрлі жеңілдіктер  көрсетіледі.

Жетім ұғымымен қатар кейінгі кезде  «Әлеуметтік жетім» ұғымы қолданыста бар. Әлеуметтік жетімдер дегеніміз белгілі  бір себептерге байланысты ата-аналары құқығынан айырылғандардың балалары және тастанды балалар. Әлеуметтік жетімдер балалардың  ерекше категориясы. Олардың рухани және адамгершілік құндылықтары, тәртіп мәдениеті туралы түсініктері теріс, себебі

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет  1 - Х-ХХІ ғасыр аралығындағы «жетім»  ұғымының анықтамасы

олар  толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия,  алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Аталып отырған  мәселе қоғамда кеңінен орын алуда, сондықтан да одан сырт айналу қажет  емес. Бұл мәселе жөнінде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларды  жүздеген мектеп-интернаттардың, балалар  үйі мен мүмкіндігі шектеулі балаларға  арналған мекемелердің және т.б. ұйымдардың жұмысынан байқай аламыз. Жетім балалар  мәселесіне байланысты қабылдаған бірқатар норматив-тік құжаттарда ата-ана  қамқорлығынсыз қалған балалардың уақытша, түпкілікті отбасында тәрбиеленулері, рухани-адамгершілік, еңбек тұрғысынан жан-жақты дамуы, білім алуы және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуі қадағаланады.

       ҚР интернаттық білім беруді ұйымдастыру тәртібі туралы ережесінде интернаттық ұйымдар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жетім, панасыз балалар мәселесі көтерілген. Атап айтқанда онда «Интернаттық ұйымдар – белгілі бір категориядағы азаматтарға тұратын орын беріп, білім алу құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін орта, білім беру жүйесінің мекемелері» – деп анықтама беріледі. Бұл интернаттардың қазіргі кезде бес түрі бар: жалпы типті мектеп-интернат, яғни ол ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған және жетім балалардың, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылары, жалғыз басты аналар (әкелер) мен денсаулық жағдайы, еңбегі, өмір жағдайына байланысты қоғамдық тәрбиені қажет ететін ата-аналарының (олардың орнын ауыстырушылар) балаларына тұратын орын беріп, білім алу құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін орта, білім беру жүйесінің мекемесі; санаториялық типтегі мектеп-интернаттар, мұнда денсаулықтарына байланысты атап айтқанда, туберкулез-өкпе ауруына душар болған балалардың емделуі, оқуы, тәрбиесі қамтамасыз етіледі; девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернаттар, сот пен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссияның шешімімен балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту; жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар – білім мен тәрбие алуда отбасы жағдайына жуықтайтын қолайлы жағдай жасап, мамандық таңдауға көмек көрсететін және оларды өз бетінше өмір сүруге дайындауды қамтамасыз ететін  білім  беру мекемелері. 

            Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, соңғы жылдары ата-ана  қамқорлығынсыз қалған балалар саны қарқынды өсуде, әсіресе әлеуметтік жетімдер саны көбейіп келеді. Жетімдер үйіндегі балалардың 95%-ы әлеуметтік жетімдерді құрайды. Бұл мекемелерде балаларға бірдей талап қойылып, нәтижелері де бірдей болуы көзделуімен, әрқилы көрсеткіштерге ие. Сонымен қатар, көбіне белгілі бір жасқа дейін сол мекемелер көлемінде ғана қарым-қатынасқа түсетіндіктерінен қоғаммен бетпе-бет тікелей келгенде көпшілігі тығырыққа тіреледі. Олардың әлеуметтенулері де осы тұрғысынан ерекше-ленеді. 

    Қазіргідей  елімізде экономикалық жағдай жақсарып, елдің тұрмысы түзеле бастаған тұста  бала мен отбасылық мүдделер ескеріліп, интернат типтес балалар үйлерінен басқа да қамқорлықтың баламалы түрлері көбейе бастады. Мысалы, патронаттық тәрбие. Патронат - ата-анасыз қалған баланы өз отбасына аламын деген адам мен мемлекеттік ұйым арасындағы келісім-шарт арқылы жүзеге асырылатын тәрбие формасы. Содан кейін патронаттық келісім-шарттарға көрсетілген уақыт бойында баланы патронаттық ата-анасы тәрбиелейді. Патронаттық тәрбие - балалар үйіндегі жетім балаларды әлеуметтендірудің және оларға отбасы жағдайында тәрбие берудің бірден-бір көзі.

    Т.Парсонстың ойынша, әлеуметтену бала дүниеге  келген қоғам мәдениетіне қатысты  болса, ролдерді қанағаттандырушы қызмет үшін бағыт-бағдар реквизитін игеру  қажет. Әлеуметтенуде, дейді Э.В.Ильенков тәрбиемен қатар алдын-ала әдейі  дайындықсыз, өздігінен туындаған  ықпал арқылы адамның қоғамның толыққанды, толық құқылы мүшесі болуы байқалады.

  Сонымен, әлеуметтену:  индивидтің  әлеуметтік топқа, қоғам өміріне араласуы; адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі; әлеуметтік доктринаға сай адамдардың әлеуметтік рөлдерді атқаруы және т.б. Осы анықтамаларға сүйене отырып, біз өзіміздің жетім балаларды әлеуметтендіру анықтамамызды ұсындық. Жетім балаларды әлеуметтендіру дегеніміз олардың әлеуметтік қасиеттерді, тәжірибені меңгеру барысында өздері әлеуметтік тәжірибеге ене отырып, өзіндік жеке өмірде әрекет етуге бағытталған көпқырлы күрделі үдеріс.

Әлеуметтендіру  ұғымы көбінесе әлеуметтенудің негізгі  механизмдері арқылы да түсіндіріледі.

    Атап  айтқанда, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық  механизмдер (импринтинг, еліктеу, экзистенциалды қысым көрсету, идентификация, рефлекция), әлеуметтенудің әлеуметтік-педагогикалық  механизмдері (әлеуметтенудің дәстүрлі механизмі, әлеуметтенудің институционалды  механизмі, әлеуметтенудің стильді  механизмі, әлеуметтенудің тұлға аралық механизмі)

    “Әлеуметтендіру”  ұғымы алғашқы рет өткен ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде қолданыла бастады. Сондықтан да болар бұл ұғымды ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында американдық  психолог ғалымдар А.Бондураның, Д.Доллэрдтің, Дж.Кольман-ның, А.Парктің, В.Уолтерстің және басқалардың аттары атала бастады. Жетім балаларды әлеуметтендіруді біз арнайы схема арқылы талдап көрсетуімізге  болады (Сурет 2).

    Әлеуметтену процесін төртке бөліп қарастыруға  болады: адамның стихиялық әлеуметтенуі; тікелей әлеуметтену; әлеуметтенудің әлеуметтік бақылауы адамдардың өзін-өзі  өзгертуі.

    Осы механизмдер мен процестер әлеуметтік-педагогикалық  жұмыстар жүйесі бола отырып, тікелей  әлеуметтік педагогтың қызметімен айқындалады.

    Әлеуметтік-педагогикалық  қызмет баланың, жасөспірімнің отбасында,  мектепте, қоғамда т.б. орталармен қалыпты қарым-қатынасқа түсуі үшін, өзін-өзі ұйымдастыра білуі. Ал әлеуметтік педагог болса, төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасауы қажет: диагностикалық қызметі; өз құзырлығы шеңбері бойынша көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау; кәмелетке толмағандардың, кәмелет жасындағы, тәрбиешілердің құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру; «Ерекше назардағы» балалар мен «Ерекше назардағы» тәрбие субъектілерімен жұмыс; тәрбиешілер, медициналық қызметкерлері, басқа да қызметкерлермен, балалар комитетімен, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесімен, балалардың өзін-өзі басқару органымен, құқықтық оперативті топпен, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиямен, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты үйлестіру.

Информация о работе Жетім балалар