XXI ғасырдағы Қазақстанның білім беру жүйесінің әлеуметтік мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 19:38, курсовая работа

Описание работы

Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерін жалпы әлеуметтагудың арнаулы теориясы- білім әлеуметтануы зерттейді. Ол білім жүйесінің белгілі бір заңдылықтары арқылы жеке әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі салаларымен, басқа – да әлеуметтік жүйелерімен, процестермен, институттарымен әр түрлі қарым-қатынасын, байланысын талдайды.сонымен бірге білім жүйесі қоғамның әлеуметтік құрылымына, қоғамдық қатынастарға, еңбектің өнімділігіне, өндіріске және басқа іс-қызметтің тиімділігіне әсерін, жеке адамды тұлғаға айналдырудағы интеллектульды, білім процесінің рөлін, адамның табиғат және қоғам туралы білімді, озық тәжірибені игеріп, бойына сіңіріп, оның үйлесімді дамуын, білім деңгейінің қызметке, жұмысқа, тәртіпке әсерін, адамдардың ғылыми көзқарасының қалыптасуын, адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайының өзгеруін, т.б. талдап зерттейді.

Работа содержит 1 файл

жобалык жумыс.docx

— 55.44 Кб (Скачать)

     Үздіксіз білім беру мазмұнын жаңарту қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты өзгеріске ұшырап отырады, ал мемлекеттік тілді оқытуды ақпараттандыру оқыту мақсаттарына терең деңгейде әсер етеді. Соған сәйкес қазақ тілін жеделдете оқытудың міндеті - адами қарым-қатынасқа дайын, әлеуметтік-лингвистикалық ахуалды дұрыс бағалайтын, мемлекеттік тілді білудің қажеттілігі мен әлеуметтік маңызын терең сезінетін, қазақ тілінде сөйлесім әрекетін жағдаятқа сәйкес үйлесімді қолдана білетін, жоғары азаматтық жауапкершілік пен әлемдік көзқарасының, сана-сезімінің дамуы күнделікті өмір қажеттілігі болып табылатын болашақ ақпараттық қоғам мүшелерінің сапалы жаңа моделін жасақтау болып табылады.

     ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген. Қазіргі заман талабына сай, Елбасының халыққа Жолдауы білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізіп отыр. «Жаңа технологиялық құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу», -деп атап көрсеткен. Осыны жүзеге асыруда жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы, білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей, біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс.

     Бұл-уақыттың талабы. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол - балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлға оқушыны дамыту жолдары: өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Демек, мектеп оқушыларының ғылым, білімнің қоғамдық қажетті деңгейі мен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемнің мәдениет арналарына сусындату қажет.

     Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер жүрегі – ұстаз. Яғни, негізгі білім қазығы –бастауыш сынып мұғалімдерінен үлкен үміт күтері сөзсіз. Осы міндеттерді жүзеге асыруда әр сыныптың ерекшелігі білім деңгейіне сай болуы қажет. Қазіргі заман талабына бейімделген шәкіртті тәрбиелеп, білім беруде өз тәжірибемде басты өзекті тақырыбымызды: «Жеке тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру», - деп атадық.

     Осы тақырыпты меңгеру барысында мынадай міндеттер шешімін табуға тиіс:

  1. Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау;
  2. Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;
  3. Оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға икемдеу, соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;
  4. Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының танымдық белсенділігін арттыру.

     Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың көмегімен мынадай зерттеу жұмыстары жүргізілді:

  1. Сауалнама
  2. Тест: психологиялық, пәндік
  3. Кесім алу
  4. Бақылау жұмысы

     Бұл күнделікті бағдарламаны меңгеруде қиындықтар туғызатынын байқай бастадық. Сол себепті жаңашыл-ұстаздардың озық іс-тәжірибелермен қатар, СТО стратегияларын сабақта және сабақтан тыс уақыттарда пайдалануға бет бұрдық. Мәселен, кітапханашымен байланыс жасай отырып, оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттырдық, әр сабақта тіл дамыту жұмыстары жасалды, яғни 4 шумақты өлеңдерді жаттауға ұсындық. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда әр сабақ мазмұнына сәйкес суреттер салу, диафильмдер жасау, ребус, сөзжұмбақ құрастыруды дағдыға айналдырып отырдық.

     Есте сақтау қабілеттерін арттыруда берілген мәтіндерді, өлең-шумақтарды, аңыз-әңгімелерді оқушы есінде көбірек сақтап қалу мақсатында түрлі кестелер толтырылды.

     Бұл ретте басты ұстаным - бастауыш сынып оқушыларына сабақты жоғарғы қызығушылықпен өткізу екендігін баса айту қажет. Әр тақырыпты өткенде, таңдау кезінде алдымен ой қозғалады.

     Сабақтың кейбір кезеңдерінде оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда өз ойын жазбаша жазуын, логикалық ойлауын үнемі қарастырылады. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өзін-өзі ұстауын, өз ойын еркін жеткізуі, оқушы бойында инабаттылық тәрбиесінің қалыптасуына үнемі көңіл бөлініп отырады.

     Осындай атқарылған істер барысында тәжірибелік істердің ілгері басқанын байқадық және мына нәтижелерге қол жеткіздік:

  • білім деңгейі мен білім сапасының артуына;
  • логикалық ойлау деңгейі мен тілдік қарым-қатынас деңгейлерінің өсуіне;
  • кез-келген ортада өзін-өзі ұстау мәдениетінің жоғарлауына;
  • қазіргі ортаға бейім, саналық та, тәрбиелік дәрежесінің оң өзгерістерінің сипат алғанына көз жеткіздік.

     Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

     Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

 

3. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

     Білім беру жүйесінің қоғамдағы өміріндегі маңыздылығы ескеріле отырып, алдағы уақыттағы осы салаға қойылатын талаптар көрсетілуі қажет. Бұл, алға қойылған мақсат Қазақстан Республикасының президенті- Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында (2012 ж.14.12.) білім беру жүйесі бөлімінде айтып кеткен:

    «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.

Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып  қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз  үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау  машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.

     Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.

     Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары

    Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек.

     Сіздер білесіздер, мен басты міндеті балаларымыздың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру болған «Балапан» бағдарламасы бастамасын көтердім. 
     Ол жүзеге асырыла бастаған сәттен бері 3 956 жаңа балабақша мен шағын орталықтар іске қосылды.

     Туу көрсеткішінің жоғарылығын, жалғасып жатқан демографиялық өсімді ескере келе, мен «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдадым. Үкімет пен әкімдердің алдына балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамтуға қол жеткізу міндетін қоямын.

     «Қазақстан-2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын.

     Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді.

     Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет.

     Біз академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс.

     Жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкершілігі білім беру саласында айрықша көрінуі керек. Бұл ең бірінші кезекте лайықты білім алуда оқу ақысын өз   бетінше төлей алмайтын жастарға көмек беруге қатысты.

     Ол үшін қажетті шаралар:

• Жоғары және орта білім  беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құру.

• Көпсатылы оқу гранттары  жүйесін әзірлеу.

• Бүкіл ел бойынша ғылыми-зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік  мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру. 
• Жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту.

     Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады.

• Біз қалайтындардың барлығы  үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық  білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз.

• Ескірген немесе сұраныс  жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп  және болашағы бар бағыттарды күшейту  қажет.

• Орта және жоғары білім  берудің оқу жоспарларының бағыттылығы  мен басымдықтарын оларға тәжірибелік  машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік  біліктілікке ие болу бағдарламаларын  қосып, өзгерту.

• Кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құру.

     Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты. Бүкіләлемдік тәжірибенің көрсетуінше, бүкіл инновациялық өндірістік циклды жеке бір елде жүзеге асыруға тырысу – велосипед ойлап шығару деген сөз. Бұл – өте қымбатқа түсетін және әрдайым нәтижелі, жемісті бола бермейтін іс. Табысқа жету үшін ғалымдардың талай буынының тәжірибесіне, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептердің арнаулы ақпарат және білімдерінің көп терребайт көлеміне негізделген дербес ғылыми база қажет болады

     Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз. Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн. 
     Біз шығыны көп емес зерттеулер мен әзірлемелерге ден қоюға тиіспіз. Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беріп, бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс.

     Біз – жас ұлтпыз және бұл біздің қолымыздан келеді.

     Оған қоса, біз ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына әбден-ақ белсене қатыса аламыз. Бұл бізге ғалымдарымыздың күш-жігерін шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу.

• Біз 2013 жылдың өзінде-ақ ғылым  мен бизнестің толыққанды кооперациясы жөнінде шаралар қабылдауға тиіспіз. Үкіметке технология трансферті мүмкін болатын салааралық секторларды  анықтауды және оларға жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялар  тарапынан сұраныс тудыруды тапсырамын. 
• Болашағы зор ұлттық кластерлер қалыптастыру жөнінде нақтылы Жол карталарын әзірлеу аса маңызды.

• Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі  үшін құқықтық базаны анықтауды да тездету қажет. Міндет – мұндай әріптестіктің  бүгінгі күнгі ең озық құралдары  мен тетіктерін енгізу.

• Авторлық құқықтар мен  патенттер мәселелерін реттейтін  заңнаманы қайта қарау. Үкімет 2014 жылдың соңына дейін бұған дейін  берілген барлық патенттер мен тіркелген  авторлық құқықтарды олардың коммерциялануының  ықтималдығы жөнінен талдаудан  өткізуі қажет.

     Құрметті отандастар!

     Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді.

     Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді.

Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер.Мемлекет басшысы  ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым.

     Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде.

     Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар – сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер.

Информация о работе XXI ғасырдағы Қазақстанның білім беру жүйесінің әлеуметтік мәселелері