Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 16:49, реферат
Әлеуметтану, басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, жеке адамды зерттеудің бір ракурсы – жеке адам - әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның шынайы әрі жалғыз қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің, институттардың және тағы басқалардың бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады. Жеке адам және қоғам мәселесі әлеуметтануда салыстырмалы тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты 2 ракурста зерттеледі.
а социологиясы
Тұлға социологиясы
Әлеуметтану, басқа
гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы,
жеке адамды зерттеудің бір ракурсы
– жеке адам - әлеуметтік өмірдің
қайнар көзі, оның шынайы әрі жалғыз
қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік
өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің,
институттардың және тағы басқалардың
бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады.
Жеке адам және қоғам мәселесі әлеуметтануда
салыстырмалы тәуелсіз, бірақ бір-бірімен
тығыз байланысты 2 ракурста зерттеледі.
Біріншісі әлеуметтік
институттар, қауымдастықтар, жалпы
қоғам қалай құрастырылған, жеке
адамның қажеттіліктерімен
«Қоғам және жеке
адам» мәселесінің екінші ракурсының
мәні - бірнеше мәселеден тұрады:
белгілі бір социуммен жеке адам
қаншалықты өзара әрекет етеді, қаншалықты
өз тәуелсіздігін, автономдылығын көрсете
алады; немесе қоғам, қоғамдық байланыстар,
институттар жеке адамның құндылықтарын,
олардың иерархиясын, өмір жолын
қатал реттейтіндігін зерттейді.
Әлеуметтану шынайы
әрекет ететін, таңдайтын, талғайтын
субъект ретіндегі жеке адамды зерттейді.
Сонымен қатар, тұлғаның шынайы өмір
әрекетінің тұрақты, қайталанбалы элементтеріне,
оның қоғаммен өзара байланыстарына
көп көңіл бөледі. Жеке адам социологиясының
басты проблемасы болып әлеуметтік
жағдайлар (байланыстар, әлеуметтік және
билік институттары, әлеуметтік қауымдастықтар)
мен адам іс-әрекетінің өзара ықпалы
табылады. Бұл мәселелерді шешуге
талпыныс болып жеке адамның түрлі
әлеуметтік концепцияларының (ХХ ғасырдың
екінші жартысынан) пайда болуы саналады:
Чарльз Кули, Джордж Мидтің айнадағы Мен
теориясы, Райт Линтон, Талкотт Парсонс
және т.б. рөльдік теориясы, социологиядағы
необихевиоризмның жекелеген
Рөльдер теориясын
жақтаушылардың ойынша, жеке адам дегеніміз,
индивидтің қоғамда атқаратын әлеуметтік
рөльдері жиынтығының функциясы
болып табылады, сондықтан, әлеуметтік
рөль – индивид пен қоғам әрекеттістігі
механизмінің маңызды элементі. Адамдар
арасындағы әлеуметтік байланыстар
олардың қоғамдық қатынаста белгілі
бір жұмыс түрін (мұғалім, инженер,
әке, бала және т.б. функциялар) орындау
тапсырмасы түрінде болатын әлеуметтік
функциялар негізінде құрылады. Атқарылған
функциялар қоғамдағы әлеуметтік құрылымдағы
адамның жағдайын сипаттайды. Осылайша,
студенттің басты функциясы кәсіби
және жалпы азаматтық мәдениетті
танып білу. Индивидтің функциялары
және одан туындайтын міндеттер мен
құқықтар жеке адамның әлеуметтік статусын
белгілейді. Жеке адамның әлеуметтік
статусы - бұл индивидтің әлеуметтік
топтардағы және бүтіндей қоғамдағы
позициясы. Ол табиғи (жынысы, жасы) және
әлеуметтік сипаттамалар (мамандық, кәсіп
түрі, табыс, қызмет жағдайы және т.б.)
арқылы анықталады, сондай-ақ, туа біткен
(ұлттық, әлеуметтік тегі, туған жері)
және қол жеткізілген (білім, мамандық,
біліктілік) статустар болады.
Әлеуметтік статустар
иерархиясы қоғамдағы немесе әлеуметтік
қауымдастықтағы, қабаттағы, топтағы
адамдардың белгілі бір позициясының
маңыздылығын бейнелейтін «престиж»
ұғымымен бекітіледі. Мамандық, лауазым,
қызмет түрлері престижді болуы
мүмкін. Престиж – адам тілектерін,
ниеттерін, әрекеттерін қозғаушы, ал
престиждік бағалау – кәсіби жұмыс
бастылықты, әлеуметтік орын ауыстыруды,
тұтыну құрылымын анықтайтын т.б. адам
мінез-құлқын реттеуші болып табылады.
Рөльдік теория негізін
қалаушылардың бірі Р.Линтон әлеуметтік
рөльді – адам статусымен байланысты
күтілетін мінез-құлық ретінде
анықтайды. Бұл рөльдік күту адамның
әлеуметтік статусынан туындайтын белгілі
бір мінез-құлық ережелерді немесе
нормаларын орындау және игеру жағдайында
іске асады. Әр статусқа көптеген рөльдер
қызмет ететіндігін атап айту маңызды.
Зауыт директоры жоғарыдағы басқарушылар
алдында бір рөльде, қол астындағыларының
алдында екінші рөльде, әке түрінде
– үшінші рөльде болады. Бірақ барлық
жерде ол зауыт директоры болып
қала береді, бұл оның басты статусы.
Алайда, барлық рөльдерде, сонымен бірге,
директор, әке рөльдерінде де ол
әртүрлі ракурста көрінеді. Р.Мертон
берілген статустан туындайтын рөльдер
қосындысын рөльдер жиынтығы деп
атады.
Адам бір уақытта
бірнеше статусқа ие болуы мүмкін
және көптеген шексіз рөльдерді атқарады.
Әдетте, рөльдер жиынтығы сәйкес статусқа
бекітілген ресми және бейресми рөльдерді
қамтиды. Осылайша ЖОО оқытушысынан
тек жоғары кәсіптік ғылыми деңгейді
және т.б. ғана емес сонымен бірге, бейресми
ғылыми ортада қалыптасқан қарым-қатынас
стилін және мәдениет деңгейін игеру
талабы қойылады. Мұнда әр жеке адам
тек өзіне тән рөльдер
Рөльдердің көптігі
рөльдік қақтығыстар деп
Жеке адам өмір шарттары
мен қоғамдағы мінез-құлықты
Ұстанымдар теориясында
жеке адам индивидке күнделікті ықпал
жасау арқылы қоғамды тудыратын,
кейде саналы емес ұстанымдар түрінде
қарастырылады. Түрлі ұстанымдарды
жинақтай отырып, адам жеке адам болуға
әдеттенеді. Оның санасында жеке адам
болу қағидалы ұстанымы пайда болады.
Жеке адамның әлеуметтік
концепцияларының бір тобы жеке адамға
социогендік қажеттіліктер
Жеке адамға деген
көзқарастардың даму диалектикасы жеке
адамды ықшамдайтын схемаларын жеңу,
оның жүйелік түсінуге өту жолымен
іске асады.
Жеке адамның
әлеуметтенуі
Жеке адамның қалыптасуы,
индивидтің әлеуметтік-мәдени күйге
түсуі - бұл өте күрделі процесс.
Оған көптеген қозғаушы күштер, факторлар
қатысады. Әлеуметтану ғылымы жеке
адамның әлеуметтену процесін, әлеуметтік
қасиеттердің, құндылықтардың, мұрат-мақсаттардың,
ережелердің және әлеуметтік мінез-құлық,
білім алу, іскерлік пен дағды
принцитерінің қалыптасу процесін
талдауға мүмкіндік беретін негізгі
қатарды белгілеуге тырысады. Сол
арқылы адам әлеуметтік байланыстардың
және қауымдастықтардың әрекет ететін
мүшесі болады. Ал қоғам өз өмірін сабақтастық
арқылы жаңартып отырады. Сонымен бірге,
әлеуметтену процесінің түрі және үлгісі
қоғамның қандай кұндылыктарға бағынуына,
әлеуметтік әрекеттестіктердің қандай
түрінің туындауына байланысты екенін
ескеру қажет.
Қазіргі әлеуметтену
концепциясы француз социлогы Г.Тардтың
шығармаларынан бастау алады. Оның теориясының
негізі - адамдар қарым-қатынасының
түбірі еліктеу қағидасы болып табылады.
Ал оқытушы – оқушы қарым-
Әлеуметтену процесінің
бір маңызды ерекшелігі – бұл
әлеуметтенудің тек балалық шақпен
жастық шақта ғана қалыптасуы, оның
жаңа статустар мен рөльдерді
және қажетті әлеуметтік касиеттерді
есейген адамның бүкіл өмір бойы
игеруі.
Әлеуметтену процесінің
екінші маңызды ерекшелігі – бұл
жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие
институттары арқылы) не әдейі емес,
жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші
жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса
отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге
тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік
құндылықтар жүйесінің нақты
қызметі жеке адамның қалыптасуына
әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні
меңзеледі.
Үшіншіден, әлеуметтену
процесі – бұл жеке адамның
өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты
келбетін табуы екенін айрықша атап
көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену
процесі пассивті бейімделуден бөлек,
жеке адамның әлеуметтік жағдайларға
көнуінің, оның белгілі бір стандартты
айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы
(әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық
және рухани) факторлар ықпалымен
және жеке адамның өзіндік белсенділігі
қызметінің нәтижесі.
Әлеуметтік шындыққа
бейімделу, икемделу бұл әлеуметтенудің
мақсаты болып табылады, себебі,
бұл қоғамның функциялануының міндетті
шарты. Бірақ мұнда әдеттегі әлеуметтену
процесінен тыс, жеке адамның қоғамдық
қатынастар жүйесіндегі орнымен, оның
әлеуметтік белсенділігімен байланысты
шектен шығушылық болады. Бұл шектен
шығушылық бейімделудің жағымсыз түрі
болып табылады. Олардың бірі конформизм
(лат.conformism - ұқсас, тәрізді) деп аталады.
Конформизм - өз позициясының жоқтығымен,
белгілі бір үлгіге ерумен, беделге
бағынумен сипатталады. Конформизмнің
әлеуметтік сипаттамасы – бұл
конформды саналы адамның әр түрлі
өмірлік жағдайда өзін ақтау мақсаты
мен қателіктерін мойындамай түгелін
жағдай ағымына жабуы.
Ал енді жеке адамның
әлеуметтенуінің механизмі
Әлеуметтік бақылау
- бұл нормативті жөнге келтіру
арқылы құрамындағы элементтердің
қатынасын, әлеуметтік жүйелерді реттеуші
құрал. Әлеуметтік бақылау жүйесін
тұрақтандыру функциясы - әлеуметтік қатынастардын,
әлеуметтік (топтық, кластық, мемлекеттік)
құрылыстардын үстем типтерін тудыру
болып табылады. Әлеуметтік бақылау
жүйесінің мақсатты қызметі, оның бағыттылығы
және маныздылығы берілген әлеуметтік
жүйенің, ондағы бір-бірін ауыстыратын
қоғам типтерінің тарихи дамудағы тарихи
– шартты, әлеуметтік – экономикалық,
әлеуметтік – саяси, әлеуметтік –
құқықтық сипатына байланысты.
Әлеуметтік бақылау
– бүкіл әлеуметтік институттар:
саясат, білім, мәдениет, мораль бағытындағы
индивидтердің әлеуметтік тәртібін
реттейді.
Әлеуметтік бақылау
механизмі – қоғамның әр түрлі
санкциялар арқылы (қоғамдық көзқарас
әсерінен репрессияға дейін) әлеуметтік
топтар көмегімен жеке адамның белгілі
бір рөльдің нормаларға сәйкес әлеуметтік
рөльді орындауын қадағалаумен жүзеге
асады.
Әлеуметтік іс-әрекет
пен жеке адамның мінез-құлқының
механизмдері.
Әлеуметтік іс-әрекет,
жеке адам мінез–құлқы социологиясының
мәні адамның қоршаған ортаға деген
реакциясын емес, басқа адамдардың
қажеттіліктері, қызығушылықтары және
әрекеттерін және қоғамдағы әлеуметтік
нормаларды ескере отырып, саналы түрде
жасалған мақсатты әрекеттерді бақылайды.
Адамның ыстық шәйнекке тигендегі
немесе екі асығыс адамның кенеттен
соқтығысуына деген инстинктті реакция
әлеуметтік әрекетке жатпайды. Ал басқа
адамдармен қарым-қатынас және жеке
адамның еңбек қызметі, оның әлеуметтік
институттар арқылы қажеттіліктерін
өтеуі - бұл әлеуметтік іс-әрекет түрлері.
Әлеуметтік іс-әрекет
адамның әлеуметтік ортамен қатынасын,
оның қажеттіліктерді өтеу мақсатымен
қоғамдық қатынасты белсенді қолдану
немесе өзгерту үрдісін сипаттайды.
Мотиві бар және
әлеуметтік статусқа реакциясы бар
жеке адамның өз қылықтарының және
басқа әлеуметтік әрекеттерінің
жинағы адамның мінез-құлқын құрайды.
Жеке адамның мінез-құлқы мен
іс-әрекетінің объективті негізі болып
оның қажеттіліктері мен қызығушылықтары
табылады.
Қажеттіліктер адамның
сыртқы әлемге, әлеуметтік ортаға деген
тәуелділігін көрсетеді. Қажеттіліктер
екі түрлі болады: табиғи және әлеуметтік
(қоғаммен құрылған).
Қажеттіліктер өмір
сүру жағдайын сипаттайды. Өмір жағдайларына
қанағаттанбаушылық өмір жағдайларын
қолда бар мүмкіндіктер және еңбек
арқылы, әлеуметтік институттар арқылы
өзгертуге тырысатын адамның
іс-әрекетінің сипаттамасына айналады.
Мүмкіндіктеріне қарай индивид
мақсатты түрде белгілі бір әлеуметтік
жүйедегі белгілі бір қажеттілікті
қанағаттандыру мақсатымен әрекет етеді.
Енді осы кезде жеке адамның мүдделері,
оның мәні көрініс табады. Мүдде
ретінде, ең алдымен, адамның қоғамдағы
орны, екіншіден, оның басқа адамдар
қызметіне тәуелділігінің сипаттамасы,
үшіншіден орнаған әлеуметтік қатынастардан
туындаған қажеттіліктерді