Тұлға социологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 22:19, реферат

Описание работы

Әлеуметтану, басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, жеке адамды зерттеудің бір ракурсы – жеке адам - әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның шынайы әрі жалғыз қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің, институттардың және тағы басқалардың бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады. Жеке адам және қоғам мәселесі әлеуметтануда салыстырмалы тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты 2 ракурста зерттеледі.

Работа содержит 1 файл

sociologiya.doc

— 91.50 Кб (Скачать)

Құндылықты бағыттар жеке адамның әлуметтік ұстанымы бола отырып, оның мінез-құлқын реттейді. Әлуметтік ұстамдар – бұл жеке адамның әлуметтік белгілі әрекеті  нысанына сәйкес әрекет етуі. Құндылықтық бағыттар жоғары деңгейдегі әлуметтік ұстанымдар бола отырып, жеке адамның өмір сүру жағдайымен, құндылықтарымен, индивдтің жеке әлуметтік объектке және жағдайға деген ұстанамдарымен, жеке іс-әрекеттің реттейтіндігімен ерекшеленеді. Құндылықты бағыттар жеке адамның негізгі әлуметтік мүдделерін көздеп, оның қызметінің стратегиялық бағытын анықтайды. Құндылықты бағыттар индивидтің өмірлік позициясы, оның көзқарасы, адамгершілік қағидалары түрінде болады.

Адамға жеке адам қызметін атқару бір жағынан  аурытпалық туғызса, екінші жағынан – бұл бақыт. Ауртпалық болады, себебі, әлеуметтік қызметтерді орындау оңай емес. Мысалға, жауапкершілік қызметін алайық. Қайсібір әлуметтік қауымдастықтың мүшесі бола тұрып жеке адамның бұл функцияны орындамауы мүмкін емес. Ол дегеніміз, индивидтің арасында байланыс орнату, және екі жақты міндеттер қабылдау. Басқаға деген жауапкершілігі бар жеке адам қауымдастықтың өзіне де осы талапты қоюға құқылы. Бірақ жауапты болу адамның көптеген қоғамдық міндеттерді орындауында талап етеді. Соның нәтижесінде өз қызметін, қажеттіліктерін және мүдделерін шектеу.талаптарына сай болуға мәжбүр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-филисофия, социология, психология, педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.

 Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.

 Тұлға- қоғамдағы болып жататын  әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.

 Тұға әлеуметтік қатынастар  мен байланыстардың бастапқы  агенті болып саналады. « Тұлға»  дегеніміз кім?

 Бұл сұраққа жауап беру  үшін «адам», «индивид», «тұлға»  деген ұғымдардың арасындағы  мазмұндық айырмашылықты біліп  алуымыз керек. « Адам» деген-адмазат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

 « Индивид» адам тегінің  нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық-бұл  әр адамның өзіне ғана тән  жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға»дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні.Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы. Адам қоғамсыз өмір сүре аламайды.

 Индивид- жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет-ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенімен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.

 Мысалы, кездейсоқ бір жағдайлармен  кішкентай адам балаларын аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерін тарихтан жақсы білемі. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың барлығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеттері болмаған. Кейін олардың қолға түскендерін адам қалпына келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.

 Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Ол үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың,ұйымның алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) іс-тәжірибелерін, сапа қасиеттерін өзінің бойына сіңіруі қажет.

 Адамның жануарлар дүниесінен  бөлініп шығуының негізі- өмір  сүру ортасын өз еңбегімен  өзгерту,қайта жасау тәсілін,  ол үшін еңбек құралдарын, оның  ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды.Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын бір-біріне сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен туады.

 Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен  шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға  түсетін, өзара байланыс жасауға  толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.

 Бұдан адам мәнінің тек  қоғамдық-әлеуметтік жағы шамадан  тыс үлкейтіліп, оның биологиялық,  психологиялық жақтарының маңызы  төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр  деген пікір тумауы тиіс. Анығында  адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Биологиялық өлшем- бұл адам организмнің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, организмнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.

 Психологиялық өлшем- адамның  ішкі жан дүниесі, онда жүріп  жататын саналы және санадан  тыс құбылыстар мен процестер,  сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы,  жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау, т.б.) адамның еркі мен спатын ( бейнесін), темпераментін, т.б. қамтиды.

 Осыған орай жеке-жеке алып  қарағанда бұл екі өлшемнің  әрқайсысы адам ұғымын тұтас  тұлға ретінде ашып бере алмайды,  өйткені биология мен психология адамдарды жеке- дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.

 Әлеуметтік өлшем- адамды  тұлға, яғни белгілі бір тип,  бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды.  Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын  оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.

 Тұлғаның идеалды типін, яғни  оның қоғамның идеясына сәйкес  келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшелігі, айырмашылығы барын зерттейді.Тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:

 а) Тұлғаның қоғамдық қатынастар  жүйесіне араласып, мұның бар  жақсылықтарын бойына сіңіріп,  тұлға ретінде қалыптасуын;

 ә) Әлеуметтік қатынастардың  және саналы іс-әрекеттің субъектісі  ретінде тұлғаны қарастырады. 

 Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Л тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:

1) Биологиялық, генетикалық дамудың алға шарттары.

2) Әлеуметтік ортаның болуы  қажет, өйткені онда мәдени  орта болады, онымен жас сәби  бала әр уақытта байланыста, қатынаста  болуы керек. Онсыз, яғни әлеуметтік  ортасыз сәби бала жан-жақты  дами алмайды.

 Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұлғаның құрылымын қалыптастырады.

 

Әлеуметтік  мәртебе және рөлдер

 

 

Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан түрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынас жасайды. Ол белгілі бір топтың ғана мүшесі болатын жағдай іс жүзінде кездеспейтіндіктен индивидтің әр түрлі топтарға қатысты жағдайын, сондай-ақ оның әрбір топқа қатысты функционалдық мүмкіндіктерін талдау үшін социологияда әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік рөл ұғымдары пайдаланылады.

 

Әлеуметтік мәртебе деп адамның топтағы немесе қоғамдағы позициясын, жағдайын айтады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жан-жақты және сонымен бірге жалпылама сипаттамасын: кәсібін, біліктілігін, атқаратын жұмысының сипатын, лауазымын, материалдық жағдайын, саяси ықпалын, іскерлік байланыстарын, ұлтын, дінін, жасын, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды.

 

Барлық әлеуметтік мәртебелерді негізгі екі түрге бөлуге болады: белгіленген және қол жететін  мәртебелер.

 

Тұлғаның күш-жігері мен сіңірген еңбегінен тыс қоғам тарапынан белгіленген мәртебе этникалық шығу тегі, туған жері, отбасы, жынысы мен жасы т.б. факторлармен байланысты. Қол жеткен мәртебе адамның өзінің күш жұмсауымен анықталады (мысалы, жазушы, генерал, студент, директор және т.с.с.).

 

Адамның қандай да бір мәртебеге ие болғаны (кей кезде тіпті оның тұлғасының осы мәртебемен теңестірілуі) сәйкестендіру деп аталады. Және де сәйкестендіруге туғаннан ие болғанына немесе күш-жігер жұмсауының нәтижесінде қол жеткізгеніне қарамастан, қалай болған күнде де оны жеке адам өзінің айналасындағы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау процесі арқылы меңгереді. …

 

Жеке мәртебе – адамның өзі  қоршаған аз топтың ішінен (отбасы, достары, көршілер, студенттік топ, ұрғылықты  жеріндегі көршілер,т.б.) өзінің қасиеттеріне қарай алған орны. Жеке мәртебе таныс адамдар ортасында басты мәнге ие болады, ал әлеуметтік – таныс емес адамдар арасында. Таныс адамдар үшін біздің ресми мінездемеміз емес, жеке қасиеттеріміз маңызды.

 Тұлғаның  мәртебесі мен мәні, орны туралы  ілімді батыс социологтары Дж.Мид, Р.Минтон, Р.Мертон, Т.Парсонс, Р.Дарендорф т.б. зерттеп дамытты.

 Тұлғаның  рөлі (мәні) туралы теория тұлғаны  “әлеуметтік мәртебе” және “әлеуметтік  мән” ұғымдарының көмегімен сипаттайды. Әлеуметтік мәртебе дегеніміз  – тұлғаның орны, жағдайы. Мәртебе алу – аталған адамның бүкіл мәртебелерінің жиынтығы. Мысалы, Маржан – біреудің қызы, әйелі, студент, апа, шеше, жас әйел, Алматы тұрғыны, топ старостасы. “Мәртебе алу” терминін ғылымға Роберт Мертон енгізді.

 Басты  мәртебе деп аталған индивидке мейлінше тән мәртебені айтамыз. Ол мәртебе бойынша айналадағылар оны ерекше бөліп көрсетеді, оны теңестіріп салыстырады. Әйелдер үшін дәстүрлі ортада қоғамда үй шаруасының мәртебесі, ерлер үшін бұрын да қазір де оның жұмыс орнымен байланысты – мұғалім, сот, жұмысшы, бухгалтер, т.б. мәртебе басты болып саналады. Ғалым үшін бастысы – ғылыми дәреже, менеджер үшін оның жұмысы.

 Жеке  тұлға - әлеуметтанудың өзекті  проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы  болып жататын әлеуметтік құбылыстар  мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша атйқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтық, қоғамның өмірін түсінуге болады. Жеке тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. “Жеке тұлға” дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін “адам”, “индивид”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. “Адам” деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

 Адам  – тарихи процестің субъектісі, жердегі материалдық және рухани  мәдениеттің дамуы ( homo sapiens түрінің  өкілі ). Адам табиғатынан жан, жеке тұлға болуға қабілетті. Егер адам қоғамда өсіп, өмір сүрсе, оның әлеуметтену қабілеті дамиды. Егер оның өмірі қоғамнан тыс болса, оның әлеуметтену қабілеті өшеді. Адам - тек қоғамда ғана адам.

 Индивид  ( лат. Individ – бөлінбейтін, ақырға ) – адамзат тегінің бір ғана өкілі және оның “алғашқы кірпіші”, жеке даралық – бір индивидті басқасынан ажыратушы қасиеттер жиынтығы. “Адам” ұғымы биологиялық және әлеуметтік мәндердің бірлігі, бұл адамның әлеуметтік мәнінде табиғи негіздер жатқанымен, оны табиғаттың өзге бөліктерінен ерекшелендіреді. Әлеуметтік мәннің қалыптасуы, әлеуметтену процесі ондағы биологиялық бастамалардың жайылып кетуін білдірмейді, қоғам қажеттілігіне сәйкес биологиялық сапаларының әлеуметтікке айналуын білдіреді. Егер бұл процесс табысты өтсе, біз жеке тұлға туралы айтамыз. Барлық тұлғалардың өзінің биологиялық, психололгиялық сипаттамалары ( эмоциялары, интеллектісі, әдеттері, мінез-құлық стилі, құндылық бағдарлары және т.б. ) болады. Бұл сипаттамалар әрбір тұлғаға жеке мінез береді.

 Мәртебенің мәні – сол мәртебеге сай мінез-құлықтың болуы. Мәртебенің символдары (рәміздері) мәселен әскери адамның киімі, бай мен кедейдің пәтрі. Мәртебенің міндеттері, дүниенің мәртебелі көрінуі.


Информация о работе Тұлға социологиясы