Темпераменттің жалпы түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 18:03, реферат

Описание работы

Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.

Работа содержит 1 файл

КІРІСПЕ.doc

— 35.00 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ 

  

Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.  

Гиппократтың  пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса - адамның дені сау, дұрыс араласпаса - сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді. 

Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда - өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады. 

Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді. 

Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал. 

  

  

  

  

 

 

1. Темпераменттің  жалпы түсінігі 

  

Белгілі бір  адамға тән және өмір әсерлеріне жауап  реакциялардың динамикасы, тонусы мен  бірқалыптылығында көрініс беретін  мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктерін - темперамент деп ұғынуымыз керек. 

Мінез-құлық  тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық  жағын көрсететін қасиеттің бірі болып табылатын темперамент  жас балалардың ойыны үстінде, түрлі  қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалады. 

Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке  жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал. 

Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса - адамның дені сау, дұрыс араласпаса - сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді. 

Мәселен, холериктік темперамент – choie (өт)-, сангвинигтік темперамент -sanguis (қан), флегмативтік темперамент  - рһlegma (шырын), меланхоликтік темперамент - melanos (қара өт) деген сөздерден алынған. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда - өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады. 

Кейіннен темперамент  жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді. 

Жоғары жүйке  қызметінің негізгі қасиеттерін  ашқан И.П.Павловтың ғылыми еңбегі ерекше. Ол темпераменттің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын көрсетті. Павлов өзінен бұрынғылардан өзгеше жолмен, атап айтқанда, дененің сыртқы құрылымын зерттеген неміс психиатры Кречмерден, қан сауыттарының құрылымын зерттегендерден (П.Ф.Лесграфт) басқаша ағзаларды біртұтас нәрсе деп қарап, ондағы ми қызметіне ерекше назар аударды. 

Ми біріншіден, барлық мүшелер мен ұлпалардың жұмысын  реттейді, екіншіден, жүйедегі сан алуан  бөліктердің қызметін үйлестіріп, біріктіреді, үшіншіден, ол барлық органдардың импульстарынан әсер алып отырады да осыған орай өз қызметін қажетті күйге түсіреді, төртіншіден, ол ағзаның сыртқы ортамен байланысын, бұлардың бейнелерін сәулелендіруді жүзеге асырып отырады. 

  

Информация о работе Темпераменттің жалпы түсінігі