Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 17:39, статья
Суицид - латын тілінен алынған, қасақана өзін-өзі өлтіру деген мағына береді. Суицид терминін италиян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізген. Қазіргі кезде “Суицидалогия” деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыт бар, ол социология , психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД МӘСЕЛЕСІ
Суицид - латын тілінен алынған, қасақана өзін-өзі өлтіру деген мағына береді. Суицид терминін италиян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізген. Қазіргі кезде “Суицидалогия” деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыт бар, ол социология , психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.
Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланды. Европа халқында өзі-өзі өлтіретін адамдар – вампирға айналады деген. Ал көне Греция, Спарта, Афинада өзін өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген. Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша - қылмыскерлер деп санаған.
Дюркгеймнің суицид теориясына байланысты “адам бір проблемаға тірелген кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін-өзі өлтіруге барады” деген.
Суицидалды мінез-құлық психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін-өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқу бар деуге де болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл-ойы кеміс адамдар, бірін жүйке жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе ,енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен. Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания, психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Суицидальді мінез-құлық тағы да балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен балалар арасында көптеп кездеседі.
Сонымен қатар, отбасы аралық қақтығыс, әке - шешесінің айырылысуына да байланысты болады. Айта кетер болсақ, жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5% (пайыз), 9 жастан кейін 80% (пайыз) өзін өлтіру әрекетіне барады. Жеткіншек кезеңінде суицидальді әрекеттің себебі болып ата-анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздарда өздерінің жігіттеріне байланысты әрекеттерге баратыны анықталған.
Жапонияда бар болғаны 1986 жылдың өзінде 25 524 жағдай тіркелген.
Швейцарияда әскер қатарына шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2%(пайызы) өзін-өзі өлтіруге барған, ал 24% (пайызы)- да суицидальді ойлар анық көрінген.
Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидпен өлген балалар саны 4 есеге көтерілген , ал оның 21% (пайызы) қыздар болса, қалған 79% (пайызы) ұлдар құрайды.
Қазір жастар өз өмірлерін бағалай алмайды. Егер бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз алдарына елестетіп, ата-аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ болады.
Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздықта үлкен әсерін тигізеді. Қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.
Өз-өзіне қол салу қазіргі таңда әлемді алаңдатып отырған үлкен мәселеге айналып бара жатыр. Жыл сайын 1милн. Адам өзін-өзі ажалға қияды екен, ал 10-20милн. адам өзін өлтіруге әрекет жасайды. Әрине бұл жан түршігерлік жағдай. Өйткені әлемде 20секунд сайын 1адам өледі, 2 минут сайын әрбірі өмірмен қоштасқысы келеді.
Адамдардың өзін-өзі құрбан етуіне не себеп? Суицид әйелдерге қарағанда ерлерде 4есе жоғары екен. Ең алаңдатарлығы, өз-өзіне қол салу бұрын егде жастағы адамдар арасында жиі болса, суицид қазір жастар арасында белең алып келеді. Бүгінде әлем бойынша 18-24 жас арасындағы жастардың 80% (пайызы) өлім туралы көбірек ойлайды екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жақында таратқан мәліметтеріне сүйенсек, бұл қайғылы құбылыс 2020 жылдарға қарай бір жарым есеге артады дейді мамандар. Қысқасы, өзіне қол жұмсаған адамдар саны соғыста өлгендерден әлдеқайда асып түспек. Ең көп адам құрбан болатын Жапония елі өткен жылы осы мәселе бойынша мемлекет қазынасынан 32миллиард АҚШ долларын бөліпті. Себебі, 2003жылы бұл елде 34мыңнан аса адам өзін мерт еткен.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлем елдерін жоғары, орта, төмен деп үш топқа бөлген. 100мың адамға шаққанда өлім көрсеткіші жылына 20 адамнан асса жоғары, 10-20 адам аралығына болса орта, 10 адамнан аспаса төмен болып есептеледі. 100 адамға шаққанда әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген елдер:
Ары қарай:
Төменгі көрсеткіштегі елдер:
Грекия
Италия
Армения
Гваметала
Филиппин
Албания
Доминикан республикасы
Ал, мұсылман мемлекеттері мен Африка елдерінде бұл көрсеткіш жоққа тән. Себебін түсіндіре кетсек, мұсылман дінінде өзіне қол жұмсау күнә болып саналады. Соңғы жылдары “жасөспірімдер суициді” деген ұғым өз алдына бөлек отау тікті.
Суицид бұл бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы үшін жаһандық және қайғылы проблема. Жер бетінде өзіне қол жұмсаған адамдар саны соғыс және зорлықпен өлтіру нәтижесінде өлгендердің санынан көп. Суицид әсіресе дамыған мемлекеттерде кең тараған. Әсіресе Шығыс Еуропада ең көп. Ең төменгі көрсеткіш – Латын Америкасы мен мұсылман мемлекеттерінде. Осыған байланысты БДСҰ ( бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы) 10-шы қыркүйекті - бүкіләлемдік өзін-өзі өлтіру күнінің алдын алу күні деп белгіледі.
Суицидтің салқыны Қазақстанда да қаулап өсіп келеді. Оқушылар арасындағы суицид өте жоғары деңгейде өсіп келеді. Ресми деректерге сүйенсек: 2010 жылы елімізде 237 жасөспірімнің балғын өмірі қиылған. Соңғы бес жылда аман қалғандарын қоспағанда өзіне қол жұмсаған 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны 7 пайызға өскен. Қазіргі жағдайда Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары қаралы көштің алдында келеді. Әрқайсысында жылына 40 шамалы жасөспірім өздерін мерт етеді. Оңтүстік Қазақстан, Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды обылыстарының әрқайсысында 25-үстінде бала өз қолдарынан ажал құшқан. Статистикалық мәліметке жүгінсек, өзіне қол жұмсағандардың 3\1 бөлігі маскүнемдік пен нашақорлықтың кеселінен, 3\2 бөлігі депрессияның себебінен көз жұмады, -депті.
өзін өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі суицидалды кезеңнен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым- қатынастың шектелуі мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы болып табылады.
Шынайы мінез құлық тұлғаға деген шынайы немесе қиын мәселелері ол адам шешілмей қалған кезде өзіне қол жұмсайды. Сондай –ақ шантажды іс- әрекет бар, ол бала өзі ойлаған ойын жүзеге асыруы үшін, оны қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде пайдаланады. Ол көбінде өзін ренжіткен адамның адында жасалады.
Жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиілеуіне көбінесе, отбасылық және қоғамдық тәрбиенің жоқтығы, зорлық-зомбылық, есірткі қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіс толы фильмдердің тікелей қатысы бар болып келеді. Сонымен қатар өмірдегі таршылық, материялдық тапшылықтан, одан қалса ақыл есі кем, психологиялық әлсіздігінен де болады дегенді айтуға болады. Суицидке ұшыраған жастардың арасында қыз балалар ұлдарға қарағанда алда келеді екен. Мұның себебін қыз баланың шыдамсыздығымен түсіндіруге болады. Сондай- ақ жасөспірім қыздарға отбасында туған ұрыс керіс өзін өлімге итермелеуіне айтарлықтай әсерін береді. Ал ұл балаларды айта кетсек ұрыс- керіс нәтижелерімен қатар басына басқадай қиындықтар яғни қорқыту- үркіту салдарынан өздеріне қол жұмсайды. Бұл көп кездесетін жайттың бірі болып саналады. Қыз балаларға қарағанда, ұлдардың басым бөлігі осы қорқытудың салдарынан өз өмірлерінен қол үзеді екен. Жалпы жастардың басым көпшілігі, отбасында туындайтын түрлі себептерге байланысты өздерін құрбан етіп жатады.
Қазіргі кезде жастарды суицидке, олардың өмір тәжірибелерінің болмауынан, олардың алға қойған мақсаттарына жете алмауыда осыған итермелейтін себептердің бірі.
Ұсыныстар
Елдің ертеңі мен келешегінің дәнекері бұл біздің жас ұрпағымыз. Болашақты қалыптастыру жас ұрпақ пен тікелей байланысты. Сондықтан біздің жастардың дені сау, ұлағатты ұрпақ болып өсіп, жетілуін қалыптастыру қажет. Ең алдымен бұл жерде, отбасының рөлі үлкен. Себебі ата – ана баласына әрдайым көңіл бөліп, баласы қайда, немен айналысып жүргені жайлы әрдайым хабардар болып отырса бұл баланың дұрыс қалыптасуының кепілі. Әке-шешенің өзіне деген назарына, өзіне деген қолдауына бала әр кез зәру. Ата-ана перзентін әр кезде қолдап, дұрыс жолға бағыттып отыруы қажет. Осылай баланың жалғыз еместігін, қорғаны бар екендігін түсіндіру маңызды. Сонымен қатар баланың қоршаған әлеуметтік ортасымен байланысын қадағалап отыру керек. Баланың достары, таныстары яни қоршаған әлеуметтік ортасын қалыптастыруына ата-анасы көмек қолын созуы керек. Жастардың суицидке баруына қоршаған әлеуметтік ортасының әсері айтарлықтай бар.
Жастардың өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алу шараларының тағы бірі, мектеп бағдарламасына психология пәнін енгізу немесе мектепте психологтардың аптасына екі үш рет балалармен кездесу ұйымдастырып, тұрақты түрде балалармен жұмыс істеуі шарт. Бұл жасөспірімнің өз өмірін қадірлеуге, өзін қоршаған әлеуметтік ортасын түсінуге көмегін тигізеді. Сонымен бірге өмірінде туындаған қиын сәттерден шығудың дұрыс жолын табуға үйренеді. Психологиялық әлсіздік болмайды. Міне осы шаралады қоғам жұмыла қолға алса жастарымызды суицид дертінен арашалап алуына себепкер болады деп білемін.