Саясаттанудың парадигмалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 22:09, реферат

Описание работы

Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.

Содержание

Кіріспе
1. Теологиялық парадигма
2.Натуралистік парадигма
3.Әлеуметтік парадигма жатады
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

саясаттанудың негізгі парадигмалары.docx

— 34.88 Кб (Скачать)

 Мінез-  құлықтың психологиялық түрткілерінің  бастапқылығын мойындай отырып, бихевиоризм оларды саяси мінез-құлықтың  мотивациясын индивидтің немесе  бұқараның (тобырдың) рефлекторлы-инстинктивті  сезімдері арқылы анықтайтын  микрофактор ретінде қарастырады.  Ескеретін жайт, біздің саясаттануда  бұқараның саяси мінез-құлқынық  психологиялық негізі тіптен  зерттелмеген проблема. Биосаяси  доктриналардың қатарына нәсілшілдік  те жатады. Нәсілшілдік белгілі  бір саяси қажеттіліктерге қызмет  ететін идеологиялық және саяси  доктрина болын табылады, ол ақ  нәсілге жатпайтын халықтар топтарынық  нәсілдік кемдігін танумен, әр  түрлі нәсіл өкілдерінің жалпы  өркениеттік дамуға қосқан үлесінің  теңсіздігін мойындау мен және  қазіргі кезеңдегі саяси процестердегі  ақ нәсілдің рөлінің басымдылығын  дәлелдеумен байланысты. Нәсілшілдік  идеология ретінде БҰҰ тарапынан  айыпталып және қазіргі жағдайда  мемлекетаралық қатынастарда саясат  факторы ретінде қолданылмаса  да, психологиялық тұрғыда адамдардың  мінез-құлықтық реакциясына ықпалын  тигізіп, бұкаралық санада маңызды  орын алып отыр.

3.Әлеуметтік парадигма

Әлеуметтік  парадигма қоғамдық ғылымдарда өте  кең тараған. Ол саясаттың шығу тегін, оның мәні мен функцияларын әлеуметтік себептер арқылы түсіндіреді. Оның негізінде  қоғамдық ғылымдардың рационалды түрде  дәлелденген жүйесі жасалған. Ол әлеуметтік шынайылықтың, оның проблемалық мазмұнының барлық байлығын көрсететін концептуалды негізге айналды.

 Қоғамдық  өмірдің тұтастай түсінігінен  шыға отырып, әлеуметтік парадигма  қоғамдық дамуды ішкі қарама-қайшылыққа  толы процесс ретінде қарастырады.  Үлкен әлеуметтік топтардың (байлар  мен кедейлердің, ауқаттылар мен  жарлылардың, сословиелердің, таптардың)  мүдделерінің антагонизмі қарама-қайшылықтың негізі. Әлеуметтік парадигма таптар мен тап күресінің идеологиясының концептуалды тұғыры болып табылады.

 К. Маркс  пен Ф. Энгельс бірігіп жазған "Коммунистік партияның манифесті"  атты белгілі шығармада әлеуметтік  парадигма адамзатты қанаудан  құтқаратын пролетариаттың бүкіл  әлемдік-тарихи мессиялық рөлін  орнықтыратын революциялық идеологиянық  концептуалды негізі ретінде  қолданылады. Бұл тарихи міндетті  пролетариат революция жасағанда  және өзінің таптық диктатурасын  орнатканда ғана орындай алады.  В.И. Лениннің ойы бойынша марксизмдегі  ең басты мәселе — пролетариат  диктатурасының тарихи болмай  қалмайтындығы мен оның тарихи  кажеттілігін мойындау.

 Марксизмде  әлеуметтік парадигма әлеуметтік - экономикалықка өзгереді. К.Маркс  пен Ф.Энгельстің көзқарасы бойынша,  қоғамдық дамудың іргетасы адамдардың  материал- дық игіліктерді өндіруі  болып табынады, ал ол сатылы  процесс ретінде, өндірістің ерекше  тәсілі ретінде жүзеге асырылып, қоғамның экономикалық базисін  қалыптастырады.

 Осы базистің  үстінде қондырма деп аталатын  құрылымданған жүйе пайда болады. Қондырма базиске қатынасы бойынша  қайтарымды әрі белсенді.Әр түрлі  өлеуметтік институттар қондырманың  маңызды компоненттері болып  табылады. Олар: идеологиялық көзқарастар,  ұйымдар, мекемелер, бұлардың  арасынан беделді орынды идеология  және ұйымдастырушы құрылым ретінде  (мемлекеттік билік, саяси партия  және басқалары) саясат иеленді.

Марксизмді  насихаттау немесе сынау біздің міндетімізге жатпайды. Біз тек мына мәселеге ғана назар аударамыз: әлеуметтік-экономикалық парадигма революциялық идеологиянық негізі ретінде аса мақсатты болғанымен оның әлеуметтік-жасампаздық рөлі тиімді болмады, себебі ол тарихи процестің  нағызжасампаз негізі ретіндегі  адамзаттың әлеуметтік-мәдени дамуының деңгейін төмендетіп жіберген еді.

 Әлеуметтік  парадигмалардың қатарына әлеуметтік-экономикалықтан  бөлек, патриархалды-тектік кұрылыс  ыдырап, ол жаңа нормалар мен  биліктік құрылымдары бар таптық  қоғамға өте бастаған кезде  ерекше мәнге ие болған этикалық-нормативті  тәсілді жатқызуға болады. Мұндай  тәсіл әсіресе Конфуций (б.з.д. 522-479жж.) мен Аристотельге (б.з.д.384-322жж.) тән.  Әрине, таптық қоғамның дамуы  мен мемлекет пен оның заңдарының  реттеуші рөлінің күшеюіне байланысты  этикалық-нормативті тәсіл екінші  орынға ығысты. Бірақ азаматтық  қоғам қызмет ете бастаған  қазіргі кезде аталған парадигма  дамудың жаңа қарқынына бет  бұруда.

 Әлеуметтік  парадигмалардың қатарына мәдени-антропологиялық  парадигма да жатады, оның көмегімен  саясаттың сырткары натуралистік  жалпыәлеуметтік негіздерінен адамның  өзіне, оның әлеуметтік мәдени  дүниесіне, ол өмір сүретін  өмірлік жағдайларға, оның осы  жағдайларға бейімделуі мен өзінің  жеке шешімдерін қабылдауға өтуі  іске асырылады. Бұл көзқарас  тұрғысынан, саясат адамның әрекетшіл  мәнінің құбылысы, оның шығармашылық  қызметінің жүзеге асуы болып  табылады.

 Бұл парадигма  бойынша, тұлға саяси өмірдің  қайнары мен өзегі болады. Адамзат  өзінің саясатқа қатысуын анықтайтын  өзгермейтін субстанциялық касиеттерге  ие. Индивидуалдық даму деңгейі,  тәжірибе мен мәдениетті игеру  адамның осы процеске жасампаздық  тұрғыда қатысуын анықтайды. Сондықтан  саясат сферасы адам осы процесте  өзін саяси субъект ретінде  көрсете алатын адамдардың ісәрекетінің  аймағы болып саналады.

 Мұнда,  саясаттың маңызды ерекшеліктері  адамдардың бірлескен өзара әрекетімен  анықталғанымен бұл парадигма  бойынша ортақ мүдденің жеке  мүдделердің жиынтығы ғана екендігін  ескерген жөн. Саясатта іске  асырылатын жалғыз шынайы мүдде  — жеке адамның саяси іс-әрекетінің  негізі, өзегі болып табылатын жеке мүдде. Сондықтан да, саясатта негізгі балама ретінде ортақ мүдде ұсынылған кезде, индивидті манипуляциялау қолға алынады, өйткені ортақ мүдде өткінші болып келеді.

 Осылай, мәдени-антропологиялық парадигма  саясаттағы жекелік принциптерді  концептуалды түрде негіздейді.

 Саясаттанулық  концепция ретінде мәдени-антропологиялық  парадигма әлсіз болғанымен, оның  саясаттың қолданбалы проблемаларын  зерттеуде, саяси өмір агенттерінің  жеке көзқарас мәселелерін талдауда  аса пайдалы нәтижелер беруі  мүмкін екендігін ескеру қажет.  Өйткені саясатты жеке қабылдау, жеке саяси реакция — саяси  өмірдің нағыз шынайы құбылысы. Сондықтан да оларды зерттеуде,  өлеуметтік-психологиялық негізін  ашуда, индивидтің әлеуметтік-мәдени  дамуға тәуелділігін анықтауда  жемісті нәтижелерге қол жеткізуге  болады.

 Мәдени-антропологиялық  парадигма саяси элитаның калыптасуын  және жетекші тұлғалардың (лидерлердің)  жасампаздық қасиеттері мен саяси  іс-әрекеттерін карастырумен байланысты  мәселелерді зерттеуде ерекше  құндылықка ие. Өйткені, саясат  сферасында белсенді жасампаздық  іс-әрекет элитарлық сипатта болады. Ол тұлғаның саяси іс-әрекетке  мүдделілігі, ерекше қасиеттері  мен қабілеті, яғни тұлғаның элитарлық  өлшемдері болғанда ғана мүмкін  болады.

Қорытынды

            Сонымен қорытындылайтын болсақ , Парадигма грек тілінен аударғанда  «үлгі» деген сөзден шыққан, яғни  зерттелетін мәселені шешу үшін  үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық  принциптердің, әдістемелік қабылдаудың  және эмпиризмдік нәтижелердің  бірігу жүйесі; ғылымның белгілі  бір даму кезеңінде ғылыми  қауымдастықпен қабылданған және  болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын  міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын  теориялық және әдістемелік ережелер  жиыны. Ал саясаттануда парадигма  деп – саяси өмірді бейнелеуде  білімді ұйымдастырудың сынын  білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың  бір тобын теориялық пайымдау  үлгісі деп мойындаған негізгі  тұғырнама желісін айтады. «Парадигма»  ұғымын 20 жж. ғылыми айналымға енгізген  американ философы және қоғам  тарихын зерттушісі Г.Кун.Ол сондай-ақ, белтілі ғылыми дәстүр шеңберінде  кейбір зерттеушілік практика  шеше алатындай жеткілікті мөлшерден  шеттелмеген проблемалар да болуы  тиіс. Біз саясатанудағы негізгі  парадигманың 3 негізгі түрін қарастырдық.  Олар: Теологиялық парадигма, Натуралистік парадигма, Әлеуметтік парадигма лар.

         Теологиялық парадигма саясаттың және оның проблемаларының табиғаттан тыс ұғымдармен түсіндірілуін қарастырады. Биліктің пайда болуын, билік өкілеттіктерінің мәні туралы, биліктің өз іс-әрекетінде жүзеге асыратын заңдары туралы, адамның билікке және биліктің адамға қатынасы туралы мәселелерді діни ілімнің белгілі бір догматтық құрылысы арқылы шешеді. Адамға саясат әлемің саяси катынастарды түсіндіретін діни пайымдар құдай берген деп қабылданады.       

          Натуралистік парадигмада басты себеп ретінде  адамның биологиялық, психофизиологиялық құрылымы мен сондай-ақ қоршаған табиғи ортамен аңықталатын табиғи фактор алдыңғы орынға қойылады.

             Әлеуметтік парадигма қоғамдық  ғылымдарда өте кең тараған.  Ол саясаттың шығу тегін, оның  мәні мен функцияларын әлеуметтік  себептер арқылы түсіндіреді.  Оның негізінде қоғамдық ғылымдардың  рационалды түрде дәлелденген  жүйесі жасалған. Ол әлеуметтік  шынайылықтың, оның проблемалық  мазмұнының барлық байлығын көрсететін  концептуалды негізге айналды.

Пайдаланылған әдебиеттер:


Информация о работе Саясаттанудың парадигмалары