Питирим Александрович Сорокин

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 22:04, доклад

Описание работы

Теориялық зерттеулерге П. Сорокиннің (1889—1968 жж.) методологиялық және теориялық концепциялары да ықпал етті. Бұл белгілі әлеуметтанушы ғалым алғашқы маңызды еңбектерін Ресейде, кейін АҚШ-та жазды. Оның көптеген ғылыми еңбектері халықаралық деңгейде мойындалған еді. Солардың арасында "Революция әлеуметтануы", "Қазіргі әлеуметтанулық, теориялар", "Әлеуметтік және мәдени мобильдік", төрт томдық іргелі шығарма: "Әлеуметтік және мәдени динамика" және т.б. бар.

Работа содержит 1 файл

сорокин.docx

— 19.63 Кб (Скачать)

Питирим Александрович Сорокин (1889 жылы Вологодск губерниясы, Турья елді мекені[- 1968 жыл 10 ақпан, Винчестер, Массачусетс, АҚШ) - орыс-американ әлеуметтанушысы, әлеуметтік стратификацияны және әлеуметтік мобильділік теориясының негізін салушылардың бірі болып саналады.1930 — 1959 жж. аралығында Гарвард университетінің социология факультетінің деканы болған

Теориялық зерттеулерге П. Сорокиннің (1889—1968 жж.) методологиялық және теориялық  концепциялары да ықпал етті. Бұл  белгілі әлеуметтанушы ғалым  алғашқы маңызды еңбектерін Ресейде, кейін АҚШ-та жазды. Оның көптеген ғылыми еңбектері халықаралық деңгейде мойындалған еді. Солардың арасында "Революция әлеуметтануы", "Қазіргі  әлеуметтанулық, теориялар", "Әлеуметтік және мәдени мобильдік", төрт томдық іргелі шығарма: "Әлеуметтік және мәдени динамика" және т.б. бар.

Белгілі әлеуметтанушы Питирим  Сорокин (1889—1968 ж.ж.) 1922-ші жылға дейін  Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық  әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары  үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти  алмағанын байқап, оны өткір сынға  алды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу  жүргізе отырып, бұларды әлеуметтік ірі мәселелермен, мысалы, қоғамның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды  құратын элементтердің атқаратын  қызметімен байланыстырып түсіндіруге  тырысты. Осындай элементтердің  бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негізгі  түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т.б. әлеуметтік мобильдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді.

П.А. Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние  жүзіндегі өзгерістердің болашағын  түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі  тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі — қоғамның тұтастық (яғни, біріктіруші) тұрпаты. Бірінші тұжырымдасына  қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде  қарады. Ал, мұндағы әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс  ретінде көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай негізгі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл — парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде — интуицияның (яғни, жорамалдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән.

П. Сорокиннің әлеуметтік мәдени тұжырымдамасы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің пайда болатын  көзін және қозғаушы күштерін анықтайды. Одан әрі олардың диалектикасын  анықтаудың әрекеті, талабы болады. Қоғамның бірігу тұрпаты туралы тұжырымдамасында П. Сорокин өзінің болашаққа көзқарасын тұжырымдады. 60-жылдары оның бұл  тұжырымдамасы конвергенция тұжырымдамасының негізгі құрамында болды, өйткені  П. Сорокиннің бұл тұжырымдамасы  қоғамның алуан түрлі ұйымдары мен  жүйелерінің арасындағы байланыс-қатынастарды және адамзат қоғамының талап-тілегіне оларды пайдалануды нақты түрде  көрсетті. Олардың ішінде меншік түрлері  мен саяси құрылымдағы плюрализм (алуан түрлілігі), еңбекті жөне экономикалық тәртіпті ынталаңдыру, басқа елдермен қарым-қатынастардың, әдіс-тәсіддерін жоспарлау, т.б. болады. П. Сорокин жалпы адамзат қоғамы қиын-қыстау жағдайды басынан өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әруақытта бірігу бағытына қарай дамитындығын атап көрсетті.

Әлеуметтану жүйесі" атты туындысында П. Сорокин әлеуметтанудың ғылыми принциптерін жан-жақты, толық  етіп баяндайды. Оның пікірінше, әлеуметтану  ғылым ретінде жаратылыстану  ғылымдарының типі сияқты құрылуы тиіс. 'Табиғат туралы ғылым" мен "мәдениет жөніндегі ғылымды" бір-біріне қарама-қарсы  қоюға болмайды. Өйткені басқа  ғылымдардың зерттеу объектілері  әр түрлі болғанымен олардың бұл  объектілерді зерттеу әдістері бірдей. Әлеуметтану дүниені зерттегенде  өзгеріссіз, сол қалпында қарастыруы қажет. Кез келген нормативизм, яғни ғылымға адамгершілік және басқа  да субъективтік нормалар тұрғысынан қол сұғулар әлеуметтанудан біржола  аластатылуы керек. Бұл тұрғыдан алғанда шындық, қайырымдылық, әділеттілік  және т.б. сол сияқты принциптер мен  нормалардан бөлінуі тиіс. Әлеуметтану "объективтік пән" болуы керек, яғни адамдардың объективтік өлшеуге  және зерттеуіне қолайлы нақты өзара  әрекеттерін қарастыруы қажет. Әлеуметтану  тәжірибелік және нақты ғылым  болғысы келетіндіктен кез келген философиялық, құрғақ ой түріндегі  пайымдаулардан, ғылымда дәлелденбеген  құрулардан бас тартуы тиіс. Бұл  тұрғыдан алғанда жақсы жасалған статистикалық диаграмма қандай да болсын әлеуметтік-философиялық трактатқа  тұрарлық. Философиялық пайымдаудан  алшақтау — монизм идеясынан да, яғни кез келген құбылысты қайсыбір бастауға апарып қоса салудан да бас  тарту болып саналады. Монизмнің орнына П. Сорокин табанды әлеуметтанулық плюрализмді ұсынды.

Әлеуметтік аналитика  әлеуметтік құбылыстың құрылымын және оның негізгі формаларын зерттейді. Әлеуметтік механиканың (немесе әлеуметтік физиологияның) пәні — адамдардың өзара  әрекет ету процестері, басқаша сөзбен айтқанда, адамдардың басқа да күштердің  мінез-құлығын анықтауы, тигізер  әсері. Әлеуметтік генетика әлеуметтік өмірдің дамуын, оның жекелеген жақтары  мен институттарын зерттейді. Әлеуметтік құбылыстың дамуы оның құрылымымен  және өзге құбылыстармен өзара әрекет етуі арқылы анықталады, сондықтан  да әлеуметтік генетика әлеуметтік аналитиканы  және әлеуметтік механиканы өз құзырына біріктірген.

Практикалық әлеуметтану  қолданбалы пән ретінде сипатталады. Теориялық әлеуметтану қалыптастырған заңдарға сүйене отырып, ол алға қойылған мақсатқа орай қоғам мен адамға әлеуметтік күштерді басқаруға көмектесуі қажет. Практикалық әлеуметтану, түптеп келгенде, әлеуметтік саясат ретінде де көрінеді, өйткені ол әлеуметтік саясатты бағыттайды және дәлелдейді.

"Әлеуметтану жүйесі" еңбегінде П. Сорокин ең алдымен  әлеуметтік мінез-құлықты және  адамдардың қызметін, әлеуметтік  топтарды және қоғам құрылымын,  сонымен қатар оларда жүріп  жатқан әлеуметтік процестерді  неопозитивтік әлеуметтанудың зерттеу объектілері етіп алады. Бүкіл қоғамдық өмір және барлық әлеуметтік процестер құбылыстарға және екі немесе одан да көп индивидтердің өзара әрекет процесіне ажырайды. Міне, осы адамдардың әзара әрекеттері әлеуметтанудың тікелей зерттеу пәні болуы тиіс. Бұл жерде әңгіме индивидтердің мінез-құлқы мен қызметінен сырттай байқалатын "психорефлекторлық" өзара әрекет туралы болып отыр. Конттың позитивизмінен Сорокиннің неопозитивизмінің мәнді ерекшелігі осында. Конттың позитивтік әлеуметтануы қоғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде зерттесе, Сорокиннің неопозитивтік әлеуметтануының тікелей зерттеу пәні болып екі немесе шағын топтар деп аталатындарды құрайтын бірнеше адамдардың өзара әрекеттері қарастырылады. Осындай қарапайым өзара әрекеттерден әр түрлі әлеуметтік процестер қалыптасады. Екі индивидтің озара әрекетін П. Сорокин қарапайым әлеуметтік құбылыс ретінде сипаттайды. Бір иңдивидтің психикалық әсерленушілігі немесе сыртқы әсерлердегі өзгерістер келесі бір индивидтің әсерленушілігі және сыртқы әсерлер арқылы пайда болады. Мұндай өзара әрекетті Сорокин "әлеуметтік клеткалар" деп атаған, сол клеткалардан барлық қалған жеңіл және күрделі қоғамдық құбылыстар қалыптасады.

П. Сорокин АҚШ-та жұмыс  істей жүріп, эмпирикалық әлеуметтануды  тақырыбының ұсақтығы үшін және оның кең әлеуметтік проблемаларды қамтудағы  орашолақтығы үшін сынады. Сонымен  бірге "әлеуметтік орын ауысу", әлеуметтік құрылымдар мен жіктер жөнінде эмпирикалық  зерттеулер жүргізе отырып, П. Сорокин  оларды кең әлеуметтік құрылымдарға жатқызуға және қоғамдағы қозғалысты бұл құрылымдардың қызмет жасауымен  байланысты қарауға ұмтылды. П. Сорокин  әлеуметтік мекемелерді әлеуметтік құрылымдардың бірі деп есептейді, сондықтан да әлеуметтік жұмысқа  мектептің, бюрократияның, армияның, шіркеудің  және т.б. ұйымдардың қалай әсер ететіндігіне оның көңіл аударуы кездейсоқ  емес еді. П.Сорокин — ірі әлеуметтанымдық  концепциялардың авторы ретінде  белгілі болған ғалым. Осы концепциялардың  көмегімен ол дүниедегі өзгерістерді түсіндіруге талпынды. Бұлардың бірі — әлеуметтік-мәдени динамика концепциясы. Екіншісі — қоғамның интегралдық (тұтастыққа) жақындау түрінің концепциясы. Біріншісінің шеңберінде ол тарихи процесті мәдениеттер  типтерінің қозғалысы ретінде қарастырады  да, олардың әрқайсысын белгілі бір  тұтастық деп есептейді. П. Сорокин  мұндай негізгі типтердің үшеуін атап көрсетеді. Олар: сезімділік, ақылға қонымды пайымдылық, идеалистік. Бұлардың біріншісі шындықты тікелей сезімділікпен  қабылдаудың басымдылығымен сипатталады, екіншісі ақылға қонымды, пайдалы ойлардың үстемділігімен, ал үшіншісі — сезімталдықтың (интуицияның) басымдылығымен сипатталады. Мөдениеттің бұл түрлерінің әрқайсысы дамуда болады да, дамудың әр түрлі кезеңінде адамзат қоғамымен бірге жасасады.

П. Сорокиннің әлеуметтік-мәдени, динамикалық концепциясы — әлеуметтік өзгерістердің болу кезеңдері мен  қозғаушы күштерін және олардың қоғамдағы  диалектикасын талдауға арналған алғашқы  әрекеттерінің бірі бодцы. Ал енді, қоғамның тұтастығы туралы теориясына келетін болсақ, мұнда ол келешектің өзіндік нұсқасын ұсынуға ұмтылды. Бұл теория қоғамдық өмірдің әр түрлі  ұйымдары мен жүйелерінің өзара  байланысын түсінуге және бұлардың әрқайсысының жақсы жетістіктерін адамзат  мүддесіне пайдалануға деген  нақтылы шыңдық түріндегі көзқарастар  арасындағы неғұрлым алдыңғы қатарлы  теория болды. Адамзат қоғамының  шынайы жетістіктері жөніндегі бұдан  басқа да айтқандарының бірқатары  П. Сорокиннің көзқарасының дұрыстығын көрсетті. Атап айтсақ, бұл — меншік пен саяси құрылымның көп түрлілігі, еңбек пен экономикалық тәртіпті ынталандыру, жоспарлау тәсілдері  және т.б. жөніндегі мәселелер. Қалай  дегенмен де, адамзат көптеген қиыншылықтарға ұшыраса да, баяу болса да интеграция жолымен алға жылжуда.

ХХ ғасырдың соңында П. Сорокиннің өз заманында жасаған  қоғамның таптарға бөлінбей өз мүшелерінің  нақты теңдікте болуы – миф, адамзат  қоғамында ешқашан да ақиқатқа айналмайды деген ғылыми болжамы расталды.

П. Сорокин “Адам, өркениет, қоғам” деген еңбегінде теңсіздік  формасы мен оның пропорциясы  алшақтануы мүмкін, бірақ оның мәні тұрақты болатынын, әлеуметтік ұйымдар  алғаш пайда болған алғашқы қауымдық кезеңнен бастап ымырашыл әлеуметтік топртарда да қас қағымда теңсіздік  белгілері туындайтынын атап көрсетті. Ғалым көрсеткен теңсіздіктің алғашқы  формаларының бірі, бұл – “әрбір топты әр түрлі артықшылықтар  мен міндеттеріне қарай жыныстары  мен жасы бойынша топтарға бөлу” (П. Сорокин) болды 


Информация о работе Питирим Александрович Сорокин