Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 20:11, реферат
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
1. Педагогикалық үдеріс
2. Педагогикалық сендіру және иландыру
3. Сендіру-иландыру формалары және оған қайылатын талаптар
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Институты
Реферат
Тақырыбы: Педагогикалық үдеріс.
Сендіру және иландыру
Педагогикалық үдерістегі сендіру және иландыру
Жоспар:
1. Педагогикалық үдеріс
Педагогика –
кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын
оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша
байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде
қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың
ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген
айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы
тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп
атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың
ірге тасы- философия, дəлірек айтсақ,
тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын
оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие
философиясы өз алдына білім саласы ретінде
тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық
жүйе идеяларын пайдаланады. Философия
– педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын,
педагогикалық құбылыстар мен процестерді
зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді.
Сондықтан да, философияны оның біртұтас
жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен
бірге педагогиканың əдіснамалық негізі
деп атау қабылданған.
Қоғамдық құбылыс
ретінде тəрбие дамуы мен педагогикалық
білімдердің өткен жолын педагогика тарихы
зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа
көз тігеміз.
2. Педагогикалық сендіру және иландыру әдісі
Тәжірибеде педагогтар оқушылардың сана-сезіміне, іс-әрекетіне, оқуына, тәртібіне әсер етудің алуан түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, қолданып отыр. Соның ішінде коммуникативтік әсер етуде сендіру-иландыру әдістерінің де мәні зор. Жаңадан қызметін бастаған жас педагогтардыңибәрі бірдей бұл маңызды әдісті меңгеріп өз жұмысында қолдана алады деуге болмайды.
Социалды-психологиялық теория негізін зерттей отырып, педагогикалық қарым-қатынас тәжірибесі бойынша коммуникативтік әсер ету әдіс-тәсілін сендіру-иландыру дейміз. Оқушы жастардың айнала өмірмен, қоғаммен табиғатпен өзара қарым-қатынас, олардың бір-бірімен өзара әсері, көзқарасы білімі, мінез-құлық тәртібі, сенім туғызады. Сенім тәрбиелеушілердің игі қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді, сана-сезіміне, ерік-жігеріне ықпал етеді. Алайда мұғалімнің сендіру-иландыру әдісі тек сөз жүзінде болуы тиісті емес,ең алдымен мұғалімдердің, жанұяның қнегеле істерімен, жинақталған тәжірибе негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Ізгілік-адамгершілік тұрғыда сендіру тәсілін дұрыс таңдап қолдана білу пайдалы іс-әрекеттерді жандандыра түседі. Сондықтан сендіру-иландыруәдісі жоспарлы іс-қимылда басшылыққа алынуға тиіс. Дұрыс ұйымдастырылғансенім іс-әрекеттің жақсы нәтижеге жетуіне ықпал жасайды. Мұғалімнің негізгі міндеті-сенімді белсенді әрекетке құлшындыру. Педагогикалық практика үнемі иландыру әсерімен беттесуде, өйткені оқытушы өз жұмысында белгілі табысқа жіне нәтижеге жету үшін түрлі суггесивті тәсілдерді арнайы немесе арнайы емес түрде қолданады.
“Иландыру” ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Бірінші жағдайда, әдетте бір адамның басқа адамға психологиялық әсері; екінші әсердің кереметтілігінде, оның нәтижесінде алынған әсердің сипаты, адамның оны ұажетті сынақтан өткізбей қабылдауы.
Иландыру әсер етудің әмбебап категориясы болып табылатын адам қмірінің әр түрлі саласында қолданылады: психотерапияда, педагогикада, қоғамдық өмірде және “суггестия” ұғымымен теңестіріледі. Суггетивтілік екі түрі гетеросуггетивтілік – бір адамды басқа біреудің иландыруы және аутосуггетивтілік яғни өзін-өзі иландыру.
Сендіру – бұл ойлау қызметімен бірге интеллектуалды күйзеліс процесі. Сендіру тек белгілі бір көзқарасты қабылдатуға қол жетуге ғана емес, негізгісі адамға ұсынылып отырғанды оның өз еркімен істеуі.
Сендіру қолданудағы шектеулер. Сендірудегі бірқатар шектеулерді атап өтейік:
Сендіру процесінің мақсаты уайымдау мен түсінуде бірліктің болуындағы немесе айқын емес екі кісінің немесе оданда көп адамдардың пікірталасы болғандықтан соңғы сендіруді қалыптастыру тағы да бір негіз болады.
Сендіру процесінің мақсаты уайымдау мен түсінуде бірліктің болуындағы немесе айұын емес екі кісінің немесе оданда көп адамдардың пікірталасы болғандықтан соңғы сендіруді өалыптастыру тағы да бір негіз болады. Түсінудің негіздерін оқытушының жақсы оның кәсіби қызметіне ерекше рол атқарады. Оны атап өткен жөн, өйткені онсыз студенттердің оқу тәрбие процесінде және педагогтың өзінің де меңгеруі мүмкін емес.
Адамның сенімі 3 компоненттен құралады: білім тәртіп, сезім және мынадай формулалар арқылы іске асырылады: түсінік беру, түсіндірілген, қабылдау, қабылданған, түсінемін-қабылдадым, істелетін іске басшылыққа аламын.
3.Сендіру- иландыру формалары және оған қойылатын педагогикалық талаптар
Сенім-иландыру – жүйелі түрде қалыптасқан процесс болғандықтан оқыту процесінің түрлі формалары арқылы жүзеге асырылады. Сендіру-иландыру формалары: мұғалімнің сөзі, жанұя оның үлгісі, әңгімесі, мұғалім үлгісі, диспут, дискуссия, түрлі хабарлар, оқушылар жиын конференциялары, сынып сағаты, газет-журналдарды пайдалану, сабақтан тыс оқу т.б.
Оқушылардың сенімін арттырып белгілі бір оқиғаға деген иланымын, үлкен мәні бар. Тәрбиешінің мұғалімнің жеке басының өнегесі- оның ерік-жігері мен ықтиярянсыз-ақ оқушыға әсер етеді. Балалар сабақта және басқа уақыттада мұғалімнің өзін қалай ұстайтынын, қалай киінетінін өз айналасындағы адамдармен қалай араласатынын қадағалайды, байқайды. Мұғалім ең алдымен өзіне сенімді болуы тиіс. Мінез-құлқы тұрақты болуы керек. Осы сияқты т.б. педагогтарға тән қасиеттердің болуы мұғалімдер мен тәрбиешілерге бедел туғызады. Педагогтарға бедел сайын оқушылардың оларға деген сенімі арта түседі. Оқушылар сенімін-илануын қалыптастырған уақытта оның интельектуалдық – эмоциялдық жағдайын еске алу керек, жас ерекшелік, мүмкіншіліктерін есепке алу керек. Оқушылар сенімін арттыруға қойылатын педагогикалық талаптарға мұғалімнің жеке бас үлгісі мен ата-бабалардың өнегесі
Информация о работе Педагогикалық үдеріс. Сендіру және иландыру