Отбасы социологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 14:48, реферат

Описание работы

Бір жағынан отбасы - әлеуметтік институт, екіншіден – кішігірім әлеуметтік топ ретінде сипатталады. Отбасы институттарымен неке институты тығыз байланысты. Неке – еркек пен әйел қарым-қатынастарының ресми нормалар арқылы реттеліп, жұбайылық пен ата-аналық құқықтар мен міндеттердің белгіленіп отыратын тарихи формасы.

Работа содержит 1 файл

Отбасы.docx

— 26.29 Кб (Скачать)

     Отбасы идеологиясы деп, әрбір отбасында қалыптасқан белгілі бір қарым-қатынастар мен құндылықтар жүйесінің жиынтығын айтамыз.

     Неке – бұл қоғам тарапынан ретке келтірілген әлеуметтік қатынастар, мұнда жеке-дара құштарлық сезім тұратылыққа, өзара бейімділікке және неке шарттары ерлі-зайыптылардың нақты әрекетіне айналады. Бейімділік жаңа сәби туғаннан кейін тұрақтылыққа айналады, ол жан-жақты дамыған және толық ұйымдасқан түрге ауысады. Дау – жанжал негізінде бейімділік тұрақты зорлық, күштеу жағдайына да айналуы мүмкін, Ақыр аяғында ол отбасының ыдырауына, некенің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

     Отбасын құруда табысқа жету, отбасының ыдырауына жол бермеу – бұл маңызды әлеуметтік мәселе. Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ықпалымен қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық жасау, отбасында еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын іске асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, т.б. Сыртқы күштер: қоғамдық пікірдің қысымы, экономикалық жағдайлардың қысымы, қоғамдық ортаның баланы қамқорлыққа алуға талап-тілегі, отбасының өзінің әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі, т.б. Сондықтан некедегі жетістік деп, тұлғалар серіктестігінің, яғни ерлі-зайыптылардың бейімділікке ептілігі, шеберлігі, іскерлігі, ішкі және сыртқы қысымдарды жоюдағы жеңіске жетуі және оның жемісі, т.б. айтамыз. Алуан түрлі адамдар бірлігінде қоғамда некенің мәнін түсінуге байланысты әр түрлі негіздер бар: жеке бақытқа жетуде некедегі адамдардың бір-біріне толық бейімделуі ерлі-зайыптылардың алдына қойған, тұлғаның жан-жақты дамуына ұласып, ерлі-зайыптылардың алдына қойған мақсатты іске асыруға ұмтылыс басты орын алады; некелік міндеттерді орындау, яғни балалардың болуы, оларды өз елін сүйетін азаматы етіп тәрбиелеу, экономикалық табысқа жету, мүлік жинау. Неке өлшемі (критериі): беріктік,төзімділік, субъектитік сезімге қанағаттану; ерлі-зайыптылардың рухани дамуы, бір-бірінің ыстығына күйіп, суығына тоңуы, балаларды қатылез, елгезек, қабілетті, алғыр, белсенді етіп тәрбиелеп, қалыптастыру, т.б.

     Өмірдің әр түрлі жағдайда өтетініне байланысты, көптеген отбасы толық бақытты бола бермейді. Ерлі-зайыптылардың арасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау –жанжалдардың күшеюі – бұл тұрақтылығымен қатерлі сипат алған, толық шешілмейтін дау-жанжал. Ал, тұрақты шиеленістің арты-ұрыс – керіс жинақтала келе отбасында агрессиялық көңіл күй қалыптастырып – ақыры отбасын ыдыратуға әкеп соғады.

     Дау- жанжалдар, олардың күшеюі ата-аналар арасында ғана емес, олардың балаларымен қарым-қатынастарында да болып отырады, бұлардың көшілігі, әсіресе, мәдени, өркениет жетістіктерін пайдалану кезінде жиі кездеседі. Оның себебі, жас ұрпақтар мәдениет пен өркениеттің даму кезеңінің жаңа сатысында өмір сүріп отыр, ал, ата-аналар мәдениет пен өркениеттің бұрынғы жетістіктері кезеңінде тәрбие алған. Жас ұрпақты өткен мәдениет және өркениеттің құндылықтары мен жетістіктері аса қызықтырмайды. Сондықтан ата-аналар жастардың жаңа мәдениет пен өркениеттің жетістіктеріне ұмтылуына, пайдалануына кедергі жасамай, бұл мәселеде ата-аналар белгііл бір келісімге келуі керек. Отбасында шиеленіс асқынған жағдайда отбасының дағдарысына ұласады. Бұл дағдарыстар алуан түрлі болады. Бұлар: некедегі үшбұрыштылық (яғни, бір махаббатта 3адамның кездесуі),мінез-құлықтардың, психикалық сипаттамаларының әр түрлілігі,отбасы мүшелерінің талап-тілектерінің, сұраныстарының сәйкес келмеушілігі, жыныстық қатынастарға қанағаттанбауы, ерлі-зайыпты адамдардың біреуінің әлеуметтік азғынға (яғни, маскүнемдікке салыну, қылмыстық істерге ұрынуы, заңсыз, некесіз бала таптыру, т.б.) ұшырауы. Мұның бәрі отбасы бұзуға, берекесін кетіруге, кесел әкелуге себеп болады, бұл жағымсыз факторлардың ақыры ерле-зайыптылардың өз балаларына деген ата-

                                     Сүлеймен Демирел атындағы университет

                                                      Экономика факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

                               

                   Тақырыбы:  Отбасы социологиясы

 

 

 

                                                                   

                                                                           Орындаған: Қалиақпер Айкерім

                                                                                      Пән: Әлеуметтану


Информация о работе Отбасы социологиясы