Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 19:39, реферат
Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Отбасының қызметі
2.2.Қазақ халқының отбасы тәрбиесі
2.3.Отбасы әлеуметтануы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Отбасының қызметі
2.2.Қазақ халқының отбасы
2.3.Отбасы әлеуметтануы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.
Отбасы құрылымы отбасының
Отбасы құрылымының бұзылуы –
бұл оның қызметінің отбасымен
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Отбасының
шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы
мүшелерінің материалды
Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.
Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.
Өмір тәжірибесі көрсетіп
Әкімшілік құқұқбұзушылық кодексіне 27 шілде 2007 жылы енгізілген өзгерістерге байланысты ҚР ӘҚБ кодексінің 79-5 бабы бойынша отбасындағы тұрмыстық қарым-қатынастағы құқұқ бұзушылық әрекеттері үшін отбасының мүшелері жауапқа тартылады. Осындай әкімшілік істерді қарағанда, бұрын қазақ ұлтында болмаған сорақы қылықтар жиі кездеседі. Жұбайлар жас балаларының көзінше бірін-бірі ұрып соғып балағаттау, баласы әкесін ұрып, үйден қууы, қызы мен шешесі біріне бірі қол жұмсауы бұрын соңды құлақ естіп, көз көрмеген сұмдықтар, ұлтымыздың дінінде, әдет –ғұрпымызда мәдениет пен тарихымызда жоқ қылықтар. Тағы бір қынжылтатын жәйт, жанұядағы осындай қырғын – сүрен жылдан жылға еселеп өсіп келеді. Қазақ ұлтының өзіне тән қасиеті – ұл-қызын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, білім әперіп, лауазымды қызыметке орналастырып, кездескен адамға балаларының жетістіктерін айтып, немерелерінің қылықтарын паш етеді. Егер әкеден баласы, ал баладан немересі өсіп, лауазымды, ел-жұртына танымалды болса отбасының өсуі, оның прогрестік дамуы болып танылыды. Қазіргі отбасының жүйелерін реттейтін заңдарда, некені бұзу жеңіл, өте бір ерекше сот процедураларын қажет деп таппайды. Мысалы, Қазақ Республикасының « Неке және отбасы туралы» Заңының 4 бөлімінің 14-23 баптары некені ажырату тақырыбына арналған. Осы Заңның 18 бабында егер жұбайлардың кәмелетке толмаған балалары бар болса да, біреуінің келісімі болмаса, және жұбайлардың бір жағы өзінің іс-әрекетімен айрылысуға қарсы болып, кедергі жасаған жағдайда, сот арқылы некелері бұзылады. Неке бұзу туралы азаматтық істерді қарағанда соттың бар мүмкіншілігі сот мәжілісінде екі жақты татуластыру үшін әрекет жасауға мүдделі, екі жұбайдың аңсар көңілдерін, олардың талап тілектерін егжей- тегжейіне шейін зерттеп, не олардың некесін айыру қажет, не үш айға дейін екеуін татуластыру үшін мерзім береді. Жұбайлардың жанұясын сақтап калу үшін, олардың кәмелетке толмаған жас бүлдіршін балаларын тірі жетім ғылып қалдырмас үшін, заң жүзінде соттың құзырындағы бар мүмкіншілік осы. Әрине, жанұяны сақтау, не сақтамау екі жақтың – жұбайлардың мекеменшік құқұғы, білекті сыбанып тастап, олардың қарым-қатынасын өзгертем деу, рухани өмір аймағындағы принциптерге қайшы келеді. Осы жағдайда айта кететін бір жайт – батыстың алдыңғы қатардағы көп елдерінде некені бұзу, сот жүйесінде көп тосқауылдары бар күрделі азаматтық істер болып танылады. Сот мәжілістерінде некені бұзу жайлы істерді қарағанда, ондай азаматтық істерді зерттегенде, мұндай жағдайдың себептерін анықтауға тырыды. Отбасының шырқының бұзылуы, екі жұбайдың шаңырақтарының құлауы- адамдардың әлеуметтік - табиғи, материалдық және рухани өміріне байланысты. Қазіргі экономикалық дағдырыс көп отбасының шырқын бұзды, сонымен қатар жылдан жылға неке бұзу дерті өсіп келеді. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында ғана мынандай көрсеткіштерден көруге болады. Екі жағы келісіп, әділет баскармасында некелерін бұзған 2009 жылы 13 жұбайлар болса, ал 2010 жылы оның саны екі есе көп -23. Ал, аудандық сотқа айрылысу үшін арыз беретіндердің 95 пайызы әйелдер. Сот арқылы некелерін бұзғандардың көрсеткіші төменгідей: 2006 жылы – 101; 2007 жылы 115; 2008 жылы 126; 2009 жылы 137; 2010 жылы 152 жанұяның заң жүзінде некелері бұзылды. Жұбайлардың бөлек тұратын мекен-жайы болмаса, тұрақты жұмыс пен жалақысы болмаса, жұрт қатарлы киініп, тамақтанбаса, туған балаларына көмектерін көрсете алмаса, мұндай жанұяның ғұмыры ұзақ болмауы мүмкін.
Қазақ халхы
отбасын қалыптастырып қана қоймай, оның
рухани тазалығына, отбасын заңдастыратын әдет-ғұрып
пен салт - дәстүрдің сақталуына ерекше
мән берген. Байырғы заманда халқымыз
экзогамия «ру ішінде некелесуге тиым
салу» дәстүрін бетке ала отырып, қанның,
ұрпақтың тегінің таза болуына, сонымен
қатар басқа рулар мен тайпалармен жекжат,
құда болып, ел бірлігі мақсатын көздеген.
Алайда, еліміздің тарихында эндогамия
«тек өз руының, тайпасының ішінде ғана
некелесу» ақсүйектер ортасында етек
алған. Олар өздерінің тектерін жоғалтпаймыз
деп, қара халықпен араласпау мақсатымен
алыс туыстарына үйленіп, некеге отырған.
Сонымен қатар, бертін келе мұсылман
дінінің шариғат заңындағы некенің
үш түрі: тұрақты неке, уақытша неке және
кәнизәк неке болған. Шариғат заңы да қазақтың
салт-дәстүріне қайшылық туғызбай, байырғы
қағидаларды сақтады: жеті атаға дейін
қыз алыспау, әйелді ұрып-соғуға тиым салу
т.б. Некеге кедергі болатын себептер –
жақын туыстық, сүйек жақындық, әйел санының
белгілі мөлшерден аспауы, дінсіздік,
талақ айту. Қазақ елінің заңнамасының
жотасы болған Тәуке ханның «Жеті Жарғысында»
келешек ұрпақты қалай тәрбиелеу, үйлендірудің
жолдары - атастыру, айттыру және ерлі-зайыптылардың
қарым-қатынасы, олардың айрылуы жөніндегі
шарттары қарастырылған. Сонымен қатар,
қазақ халқының отбасын кұру,оны барынша
сақтау мақсатындағы этникалық ерекшеліктері,
ұлттық психологиясы жылдан жылға өз кұндылығын
жоғалтуда. Жалпыадамзаттың жоталы құндылықтарының
бірі – отбасының жан-жақты дамуы, толық
та, мәнді отбасының қамқорымен болашақ
ұрпақтарды тәрбиелеу. Бәріміз күнде
көріп жүрген келеңсіз іс-әрекеттердің
туатын себептері сан-қилы, жағымсыз істер,
заң бұзушылықтар, кылмыстар көбінесе
қоршаған ортадан, тәлім-тәрбиеден туады.
Бабаларымыз айтқандай, «ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі», деген қанатты сөзді
жадымызда ұстауымыз қажет. Тәрбиелеп
отырған ұл-қыздарымыздың көзінше отбасында
ыдыс-аяқ сынып жатса, әке-шешелері бірін-бірі
балағаттап сабап жатса, үлкен-кішіні
силамаса, отбасында шыдыамдылық, төзімділік
және әдептілік болмаса, жастардан, халқымыздың
келешегінен қандай үміт, қандай қайыр
күтеміз? Мұндай жағдайда, атақты жазушы
В.Скот былай деген: «қарақұстың ұясынан
сұңқар сирек ұшады». Халқымыздың байырғы
дәстүрлері – атастыру, айттыру қазіргі
заманда мүлде қолданбайды деуге болады.
Жастар не оқуда, не көшеде бірін-бірі
тауып алып, тез арада түсінісіп, тұрмыс
құрады. Өмірден тәжірибсі жоқ, әке-шешеден
жеткілікті тәлім-тәрбие алмаған, талаптары
өз шеңберінен асқан, мекеменшіктік психологиядағы
жастардың отбасы тез бұзылады. «Сот
сөйлуші заң, ал заң мылқау сот»,- деп, Цицерон
айтқандай, ерлі-зайыптылардың жас балғын
бөбектерінің қамы үшін, оларды жарастыру,
татуластыру мақсатында аталы сөздерді,
үлгі-өнеге айтып және жауапкершіліктерін
түсіндіріп бағамыз. Балаларының алдындағы,
ел-жұртының алдындағы борышын түсініп,
қайрынан қайтып, жарасып кеткен жастар
аз емес. Қазіргі заманда елімізде қалыптасқан,
азаматтық некелер орын алып жүр. Кейбіреулер
не дін жолымен, не заң жүйесімен некелерін
қидырмай ерлі-зайыпты түрде тұрмыс құрып,
оның заңды түрдегі некемен айырмашылығы
жоқ деп санайды. Ол әсте дұрыс ұғым емес.
Осындай некенің құқұқтық салдары ерлі-зайыптыларға
тиімсіз, себебі азаматтық некедегі адамдардың
үй мүліктерін бөлгенде, бала тәрбиелегенде
дау-даманы тудыратындығы, ортақ тұрмыстан
туған балаларының анықтама қағаздарының
тіркелуі мен олардың құқұқтарын заңды
түрде қорғауға көп кедергі жасайды.
Сонымен қатар, азаматтық түрде, яғни
заңсыз түрде отасып тұрған азаматтардың
қылықтары рухани-инабаттылық және этикалық
тұрғыдан болашақ ұрпақтарға негативтік
әсерін тигізеді. Отбасы-шағын мемлекет,
мемлекетіміз мықты болу үшін қазақ елінде
әрбір жанұяның тағдыры бізді бейтарап
қалдыруға тиісті емес. Халқымыздың бақытты
да, шатты тыныс-тіршілігі оның бірлігі
жанұясына байланысты. Еліміздің әрбір
азаматының жылылық, мейрімділік және
ізгілік касиеттерімен тәлім –тәрбие
алып, болашақта сол бойына сіңген этикалық,
эстетикалық құндылықтарды өзінің жалғас
ұрпағына жеткізсе, мемлекетіміздің келешегі
мол болып, ұлтымыздың өркендеуіне әкеледі.
Кезінде атақты педагог А.С. Макаренко:
«біздің балалар –біздің қарттығымыз,
жаман тәрбие – болашақтағы қайғымыз,
бұл біздің көз жасымыз, бұл басқалар алдындағы,
бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз»
деген екен. Ұлтын құрметтеген, көзі ашық
саналы азаматтарымыз осы ұғымды бетке
алып еліміздің ертеңгі тағдырын ойлайтындықтарына
кәміл сенемін.
Зерттеуші
отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу
кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың
тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың
атқаратын қызметіне, рөліне баса назар
аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы,
ондағы ережелрдің, жыныстық тәртіптің,
болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен
қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.
Ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы ұлтқатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қарсы қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым- қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет пен құқық ережелері құықтық сипатта болады. Ол неке мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету, ерлі-зайыпты адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б. Осыған сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.
Неке туралы басқа да ережелер бар, олар моральдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде болады. Олардың қатарына: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көңілін табу, жағыну ережелері, некені және некелік тәртіпті сұрыптап алу, отбасындағы билікті және міндетті бөлісу, баларды тәрбиелеу, отбасындағы бос уақытты дұрыс пайдалану, т.б. кіреді. Отбасы қатынастарының басқа да түрлері бар. Мысалы, туыстармен, достармен, т.б. қатынасу.
Ережелер
мен салт-дәстүрлер отбасының
дамуына, өзгеруіне байланысты
әрбір кезеңде әр түрлі
Отбасы
мүшелерінің арасындағы қарым-
Отбасындағы билік құрылымы демократикалық немесе авторитарлық деп екіге бөлінеді. Отбасындағы авторитарлық билік әйелдің еркекке қатаң бағынуын, осыдан барып, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар қатаң тәртіп арқылы сипатталады. Отбасындағы демократикалық билік ерлі-зайыпты адамдардың қабілеттеріне қарай басшылық рөлдерді бөлуге негізделген. Мұнда әрбір отбасы мүшесі шешім қабылдауға қатысады, балаларды сендіру, нандыру, көз жеткізу негізінде тәрбиелейді, мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Отбасындағы билікті зерттеу ондағы адамдардың арасындағы функцияларды белгілеуге, ал, әрбір отбасы мүшесінің осы рөлдерді қалай орындап жатқанына, сонымен бірге ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы түсінбеушілікті анықтауға әсер етеді.
Отбасын құруда табысқа жету, отбасының ыдырауына жол бермеу – бұл маңызды әлеуметтік мәселе. Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ықпалымен қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық жасау, отбасында еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын іске асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы:Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет
2. Социальная работа: теория и
Агафонов А.Н, Менменбеков К.Н,
3. Қазақ отбасы. Х. Арғынбаев. «Қайнар» баспасы 1996ж.
4. Педагогика. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. «Дарын» әлеуметтік –гуманитарлық университет 2004ж.
5. Ғылым тарихы мен философиясы. К. Енжебаев, Есімханов Т . Оқу құралы. Алматы «Білім» баспасы 2006ж.
6. Отбасындағы әлеуметтік
7. Основы социальной работы. «Академия» Москва 2005г.
8. Социальная работа с семьей. Учебное пособие. Москва 2007г.
9. История социальной работы. А.П Григорьев.