Отбасы әлеуметтануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:12, реферат

Описание работы

Отбасы – ертеректен келе жатқан әлеуметтік институттардың бірі. ОЛ алғашқы қауымдық құрылыстың топырағында таптардан, ұлттардан және мемлекеттен бұрын пайда болды. Отбасының қоғамдық құндылығының шарты тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақтар әкелі, балаларды тәрбиелеу және олардың өзіндік санасын қалыптастыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім:
• Отбасы әлеуметтануы
• Отбасы түсінігі, құрылымы мен қызметтері
• Отбасының тарихи қалыптасу формасы
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

отбасы.docx

— 21.70 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

Кіріспе.

Негізгі бөлім:

·  Отбасы әлеуметтануы

·  Отбасы түсінігі, құрылымы мен қызметтері

·  Отбасының тарихи қалыптасу формасы

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Отбасы әлеуметтануы

Отбасы – ертеректен келе жатқан әлеуметтік институттардың бірі. ОЛ алғашқы  қауымдық құрылыстың топырағында таптардан, ұлттардан және мемлекеттен бұрын  пайда болды. Отбасының қоғамдық құндылығының шарты тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақтар әкелі, балаларды  тәрбиелеу және олардың өзіндік  санасын қалыптастыру болып табылады.

Тарихи дамудың барысында алдымен  қоғамдағы өндірістің түріне, өмір салтына және қоғамдық қатынастардың билеушілік ықпалы әсерінен отбасы мен қоғамның, отбасы мен тұлғаның қатынастары ылғи да өзгерісте болады. Қоғамдық прогресс белгілі дәрежеде әйелдерге деген кемсітушілікті жоюға, яғни әйелдердің өндірісте, әлеуметтік және рухани салада, неке заңдарында, отбасының қызметін елеулі өзгертуге, некелік-отбасылық қатынастарды жетілдіруге жағдайлар туғызды және оның тәрбиелік дәрежесін көтерді.

Отбасы қоғамның ұйытқысы болып  табылады. Сондықтан оның қызметіне әлеуметтік қатынаста және мәдениетте болып жатқан жағымды, жағымсыз процестердің барлығы да ықпал етеді. Отбасына және оның адамгершілік жағдайына оны қоршаған ортамен әлеуметтік факторлар тікелей әсер етеді. Оны біз күнделікті өмірден, еңбек ұжымдарынан және тұратын мекенінен байқаймыз.

 

Отбасы түсінігі, құрылымы мен қызметтері

Француз ғалымы О.Конттың пікірінше, қоғамды қарастыру барысында бірінші кезекте отбасына көңіл бөлу қажет. Ол отбасын – индивид бағынып, басқарылатын кішкентай қоғам, әлеуметтік өмір мектебі, қоғамды құрушы негізгі элемент деп атап көрсетті. Ол отбасылық қарым-қатынастарға «құштарлық пен бірін-бірі ұнатуға негізделген адамгершілік-сезімдік одақ» деп анықтама берді.

Отбасы адамзат пайда болуымен қатар қалыптасқан ежелгі қоғамдық формалардың біріне жатады.

Отбасы – неке мен қандас туыстық  қатынасқа негізделген, ортақ мекен-жайы, өндіруші формасы, экономикалық мүддесімен сипатталатын және балалардың әлеуметтенуіне жауапкершілікпен қарайтын әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасы - индивидті туыстарымен  байланыстырып, жас ұрпақты тәрбиелеп,оның бойындағы эгоизмді жеңуге баулитын, аға ұрпақтың тәжірибесін, салт-дәстүрді сақтап, алға апаратын, индивидті әлеуметтендіріп, қоғамға қызмет ету үшін қажетті қасиеттерді игертетін, табиғи индивидуализмнен арылтып, басқалар үшін өмір сүруге үйрететін, ұрпақтар арасындағы жақсы қарым-қатынасты, қоғамдық тепе-теңдікті, аға ұрпақ пен жастар арасындағы дәстүр мен жаңашылдық балансты сақтайтын әлеуметтік институт.

Кез-келген қоғамда отбасы екі жақты сипатқа ие болады. Бір жағынан отбасы - әлеуметтік институт, екіншіден – кішігірім әлеуметтік топ ретінде сипатталады. Отбасы институттарымен неке институты тығыз байланысты. Неке – еркек пен әйел қарым-қатынастарының ресми нормалар арқылы реттеліп, жұбайылық пен ата-аналық құқықтар мен міндеттердің белгіленіп отыратын тарихи формасы.

Отбасы шағын әлеуметтік топ ретінде индивидтің мүдделерін қоғамдық мүдделермен байланыстырады. Осылайша жеке мүдделер қоғам тарапынан қабылданған әлеуметтік құндылықтар, нормалар мен тәртіп үлгілері негізінде ретке келтіріліп отырады. Сонымен қатар, отбасы кішігірім әлеуметтік топ ретінде туыстық байланыстарға, жұбайлар, ата-аналар мен балалар, жақын туыстары арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негізделеді.

Отбасы атқаратын міндеттеріне, отбасындағы билікке, өркениетті даму типіне қарай дәстүрлі (патриархалды) және эгалитарлы болып бөлінеді.

Дәстүрлі отбасы – авторитарлық басқару үрдісіндегі сияқты бір адамның билігіне негізделеді. Яғни, отағасының беделі үстем, отбасылық өмірдегі барлық маңызды мәселелерді өзі шешіп, отбасы мүшелерінің қауым алдындағы тәртібіне де өзі жауап береді және сыртқы ортада отбасының өкілі болып есептеледі. Отбасылық қарым-қатынастар отбасы мүшелерінің қалыптасқан иерархиялық рөлі негізінде құрылады.

Эгалитарлы отбасы – демократиялық  қарым-қатынасқа, әйел мен еркек арасындағы теңдікке, әріптестікке негізделген.

Отбасы қызметтері:

1) репродуктивті қызметте –  іштен өсе отырып, өзін қайталап  өндіру механизміне ие болады. Яғни, баланың дүниеге келуі арқылы  отбасы қоғамның биологиялық  үздіксіздігін қамтамасыз етеді;

2) тәрбиелік қызметте – баланың  өміріндегі ең жауапты кезеңде отбасы оны әлеуметтендіріп, орнықты дамуыны жағдай жасайды, қабілетін, талабын, қажеттіліктерін айқындайды. Ішкі адамгершілік, сезімдік, қамқорлық, сыйластық факторларын игеріп, бала өзінің жоғары «менін» қалыптастыратын мінез-құлық нормаларын меңгере бастайды;

3) шаруашылық тұрмыстық қызмет  – отбасы мүшелерінің сұраныстарын  қамтамасыз ету, олардың денсаулықтарын  қолдау, балаларға қамқор болуымен сипатталады;

4) экономикалық қызмет – кәмелетке  толмаған және еңбекке жарамсыз  отбасы мүшелерін материалдық  жағынан қамтамасыз ету, оларға қолдау көрсетуге негізделеді;

5) алғашқы әлеуметтік бақылау  - әлеуметтік өмірдің әртүрлі  салаларында отбасы мүшелерінің  тәртібін моральдық жағынан қалыптастыру, жұбайлар қарым-қатынастарындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастарды ретттеу қызметін атқарады;

6) рухани қатынасты дамыту қызметі  – отбасы мүшелерінің тұлғасын  қалыптастыруға, олардың рухани  құндылықтарын байытуға, некелік одақтың достық негізін бекітуге негізделеді;

7) әлеуметтік мәртебе беру қызметі  – отбасы мүшелеріне белгілі  бір әлеуметтік мәртебе беретін қоғам құрылымын ұдайы жетілдіріп отыруға арналады;

8) әлеуметтік және сезімдік қорғау  қызметі – адамға жақын туыстары  тарапынан қолдау көрсетіп, адамның өзін отбасында қадірлі, сүйікті сезініп, өміріне араша түсетін жандардың барын ұғынуы оның қамқорлық, қауіпсіздік сезімін оятып, бойына рухани күш-жігер, сенімділік береді;

9) фелициотологиялық қызмет –  отбасындағы сүйіспеншілік, махаббат пен бақытқа негізделеді.

Сонымен, отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат тарихында маңызды  рөл атқарады. Ол баланың дүниеге келіп, өсіп-жетілуін қамтамасыз етіп, отбасы мүшелерінің тіршілігін қолдап, ұрпақтардың физикалық және әлеуметтік мәдени жалғастығы арқылы социумның өмір сүруінің базалық алғышарттарын жасайды.

Отбасы өзінің отбасылық және демографиялық  құрылымы арқылы әлеуметтік-тарихи дамуға өзіндік ықпалын тигізеді.

 

Отбасының тарихи қалыптасу формасы

Отбасы адамдардың әлеуметтік қауымдастығының  ежелгі формаларының бірі. Ол дін, мемлекет сияқты әлеуметтік институттардан әлдеқайда бұрын пайда болған.

Отбасы өзіндік процестері, атқаратын  қызметтері арқылы әлеуметтік топ ретінде дамып отырады. Отбасының тарихи дамуы туралы мәселе әртүрлі қоғамдық ғылымдардың зерттеу өзегі болды.

Америка ғалымы Льюис Морган (1881-1881) өзінің этнологиялық зерттеуінің нәтижесінде (солтүстік Америка тайпаларындағы индеец-ирокездерді зерттеген) «Ежелгі қоғам» деген еңбегін (туыстық отбасылық қатынастар туралы) жарыққа шығарды. Ол еңбегі бойынша, ежелгі отбасының пайда болуы ешқандай нормалар арқылы реттелмейтін қауымдастықтар мүшелерінің арасындағы жыныстық қатынастардан басталды деп көрсетті. Кейіннен ғалымдар Морганның зерттеуіне сүйене отырып, отбасының даму тарихын мынадай фазаларға бөлді:

1) промискуитет – адамзаттың  тағылық сатысына негізделеді.  Бұнда қоғамның барлық мүшелерінің  арасында шексіз жыныстық қатынас орнаған.

Келе-келе жыныстық қатынастар шектеліп, жеке топтар қалыптаса бастаған. Бұл процесс келесі отбасы формасының қалыптасуына негіз болды.

2) қандас-туыстық отбасы – топтық  некемен сипатталады. Бұнда жыныстық  қатынасқа түсуге бір ұрпаққа жататын адамдардың арасында ғана рұқсат етілген. Бір ұрпаққа жататын адамдар (аға, сіңілі, қарындас т.б) өздерінің туыстық деңгейлеріне тәуелсіз бір отбасын құрған. Бұндай отбасы эндогамиялық қауым бола отырып, бір адамның ұрпағын немесе бір руға, бір тайпаға жататын адамдарды отбасы қылып біріктіреді.

Кейіннен жыныстық әріптестердің ортасы азаюына байланысты дамыған отбасы формаларының қалыптасуына әкеліп соқты.

3) пуналуалды отбасында жыныстық  қатынастардан әйел жақтың қандас жақын, алыс туыстары ажыратылады. Бұл отбасы типіне әлі де топтық неке жатады. Бірақ эндогамияның орнына экзогамиялық қауым қалыптасты. Яғни, экзогамиялық некеде әртүрлі ру адамдарынан отбасын құру жүзеге асқан.

Пуналуалды отбасы сонымен қатар  бір әйел мен бір еркектің арасында ұзақ та тұрақты байланыстың орнауымен ерекшеленді. Бұл байланыс алғашқы болып жұптық некенің қалыптасуына негіз болды.

4) синдиасмикалық отбасында бір еркектің бір әйелмен тұрып, сондай-ақ өзінің полигамиялық (бірнеше топтың арасындағы некелік қатынас) белгісін, яғни топтық некелік белгісін сақтауға рұқсат етілді. Бұндай отбасында некелік қатынас оңай бұзылып, ер адам өзінің жыныстық әріптестерін алмастырып отырған (бала болған жағдайда ол анасына қалдырылған).

Кейіннен қоғамның жетілдіріле бастауына байланысты еркек пен әйелдің арасындағы жыныстық қатынастарды реттеу арқылы моногамиялық отбасы құрылды. Ол рулық құрылымның ыдырап, жеке меншік пен таптардың пайда болуы кезінде қалыптасты.

5) моногамиялық отбасы – бір еркек пен бір әйелдің арасында тығыз некелік байланыстың орнауымен ерекшеленеді. Моногамияның қалыптасуы – жеке меншіктің пайда болып, оны қорғауға тырысу, әкелік құқықты сақтап, отбасы мүлкін иеленуге ұрпағының құқығын қамтамасыз ету себептерімен байланыстырылады.

Моногамиялық отбасының күшеюімен  қатар ескі рулық құрылым ыдырап, адамзат қауымының жаңа формасы қалыптасты.

Сонымен, отбасының тарихи дамуы  – реттелмейтін жыныстық қатынастардан  басталып, олардың моногамиялық отбасы шеңберінде шектелуімен жүрді. Адамзат  даму процесі барысында, ойлайтын, саналы іс-әрекет ететін жан ретінде өзінің әріптесінен тұлғаны, өмірлік серікті іздеді. Нәтижесінде әйел мен еркектің арасындағы байланыстар күшейіп, отбасы мүшелерін берік некелік одаққа біріктірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Ұлы ғалым нені аңсады?// «Ақиқат», 1996,

Қабдиев Д. Социально-экономические  воззрения казахских просветителей-демократов.

Әлеуметтану. И.Шәмшәтұлы, М.Дәкенов, Д.Дәуіт, И.Күнхожаев. А.,


Информация о работе Отбасы әлеуметтануы