Отбасы әлеуметтануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 10:55, реферат

Описание работы

Ешқандай халық, ешқандай өркениетті қоғам отбасысыз болуы мүмкін емес. Отбасы – қоғамның ажырамас ұяшығы және оның маңызын төмендету болмайды. Шолушы болашақ қоғам да отбасысыз ойлай алмайды. Әрбір адам үшін отбасы бастаулардың бастамасы. Бақыт түсінігін әрбір адам ең алдымен отбасымен салыстырады: өз үйінде бақытты адам ғана бақытты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды бастамасы. Ол адамның басты қоғамдық байлығын өндіреді.

Содержание

I Кіріспе.
Отбасы – қоғамның ажырамас ұяшығы
II Негізгі бөлім:
1• Отбасы әлеуметтануы
2• Отбасы түсінігі, құрылымы мен қызметтері
3• Отбасының тарихи қалыптасу формасы
III Қорытынды.
IV Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Отбасы әлеуметтануы.docx

— 32.16 Кб (Скачать)

 

 

Мазмұны :

 

I Кіріспе.

Отбасы – қоғамның ажырамас ұяшығы

 

II Негізгі бөлім:

1·    Отбасы әлеуметтануы

2·    Отбасы түсінігі, құрылымы мен қызметтері

3·      Отбасының тарихи қалыптасу формасы

 

III Қорытынды.

IV Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ешқандай халық, ешқандай өркениетті қоғам отбасысыз болуы  мүмкін емес. Отбасы – қоғамның ажырамас ұяшығы және оның маңызын төмендету болмайды. Шолушы болашақ қоғам да отбасысыз ойлай алмайды. Әрбір адам үшін отбасы бастаулардың бастамасы. Бақыт түсінігін әрбір адам ең алдымен отбасымен салыстырады: өз үйінде бақытты адам ғана бақытты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды бастамасы. Ол адамның басты қоғамдық байлығын өндіреді.

Қазіргі заманғы отбасының  проблемасы өте маңызды және актуальды  жағына жатады. Отбасының маңыздылығы, отбасы – қоғамның бірден-бір негізгі әлеуметтік иниституттары, адамзат өмірінің басты тасы ретінде аықталды. Басқаша қарасақ, қазіргі уақытта отбасы иниституты ішкі терең дағдарысты басынан өткізуде.Отбасының экономикалық, әлеуметтік, адамгершілік негіздері бұзылғаны анықталды, ол отбасы өмірінің бейнесіндегі, өмірлік некедегі, аз балалы болудағы, жалғыз басты – үйленбеген тәуелсіздердің мәртебесінің өсуіндегі және т.б. девальвация үдерісін тездетті. Кез келген отбасы сыртқы факторлардан басқа, оның табиғи өмірлік айналымынан өткен кезде туындаған проблемалармен кездеседі. Бүгінгі күні отбасы күрделі жағдайда тұрғандығын констатациялауға болады, бұл кезде төмендегіні атап өтсек болады:

Тұрғындардың шұғыл қайыршылануы, отбасы кірістерінің төмендеуі;

Жасөспірім суицидінің өсуі;

Кәмелетке толмаған балалары бар жұмыссыз отбасылар санының  өсуі (олардың ішінде шамамен 10%-жартылай «аналық» отбасылар, 10%-көбі-көп балалылар);

Жартылай отбасылардың таралуы  мен ең болмаса бір бала тууды  тілемейтін жұбайлардың санының  өсуін көрсеткен, ата-ана және отбасын (жұбайлар) бөлісуі;

Неке мен отбасы иниституттарын бөлу. Нақты некелердің өсуі мен некесіз балалардың туылуы т.б.

Көп ұрпақты отбасылардың және ұрпақтар арасындағы қарым-қатынастың бөлінуі;

Кедей, қайыршы (бақытсыздыққа  ұшыраған) отбасылардың өсуі;

Толық емес отбасылардың санаты көбеюде.Осындай жағдайларды, яғни проблемаларды жою қажет. Өйткені отбасы қоғамның ең басты негізі. Қазіргі жаһандану үдерісінің кесірінен бүкіл дүниежүзі елдеріне көптеген проблемаларымен күресуге тура келеді.

Отбасымен әлеуметтік жұмыс қазіргі заман талабынан туындап отыр. Біздің елімізде де отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ертеден қалыптасып, өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен айқындалады.

 

Отбасы түсінігі, құрылымы мен қызметтері

 

Француз ғалымы О.Конттың пікірінше, қоғамды қарастыру барысында бірінші кезекте отбасына көңіл бөлу қажет. Ол отбасын – индивид бағынып, басқарылатын кішкентай қоғам, әлеуметтік өмір мектебі, қоғамды құрушы негізгі элемент деп атап көрсетті. Ол отбасылық қарым-қатынастарға «құштарлық пен бірін-бірі ұнатуға негізделген адамгершілік-сезімдік одақ» деп анықтама берді.

Отбасы адамзат пайда  болуымен қатар қалыптасқан ежелгі қоғамдық формалардың біріне жатады.

Отбасы – неке мен қандас туыстық қатынасқа негізделген, ортақ мекен-жайы, өндіруші формасы, экономикалық мүддесімен сипатталатын және балалардың әлеуметтенуіне жауапкершілікпен қарайтын әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасы - индивидті туыстарымен  байланыстырып, жас ұрпақты тәрбиелеп,оның бойындағы эгоизмді жеңуге баулитын, аға ұрпақтың тәжірибесін, салт-дәстүрді сақтап, алға апаратын, индивидті әлеуметтендіріп, қоғамға қызмет ету үшін қажетті қасиеттерді игертетін, табиғи индивидуализмнен арылтып, басқалар үшін өмір сүруге үйрететін, ұрпақтар арасындағы жақсы қарым-қатынасты, қоғамдық тепе-теңдікті, аға ұрпақ пен жастар арасындағы дәстүр мен жаңашылдық балансты сақтайтын әлеуметтік институт.

Кез-келген қоғамда отбасы екі жақты сипатқа ие болады. Бір жағынан отбасы - әлеуметтік институт, екіншіден – кішігірім әлеуметтік топ ретінде сипатталады. Отбасы институттарымен неке институты тығыз байланысты. Неке – еркек пен әйел қарым-қатынастарының ресми нормалар арқылы реттеліп, жұбайылық пен ата-аналық құқықтар мен міндеттердің белгіленіп отыратын тарихи формасы.

Отбасы шағын әлеуметтік топ ретінде индивидтің мүдделерін қоғамдық мүдделермен байланыстырады. Осылайша жеке мүдделер қоғам тарапынан қабылданған әлеуметтік құндылықтар, нормалар мен тәртіп үлгілері негізінде ретке келтіріліп отырады. Сонымен қатар, отбасы кішігірім әлеуметтік топ ретінде туыстық байланыстарға, жұбайлар, ата-аналар мен балалар, жақын туыстары арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негізделеді.

Отбасы атқаратын міндеттеріне, отбасындағы билікке, өркениетті даму типіне қарай дәстүрлі (патриархалды) және эгалитарлы болып бөлінеді.

Дәстүрлі отбасы – авторитарлық басқару үрдісіндегі сияқты бір адамның билігіне негізделеді. Яғни, отағасының беделі үстем, отбасылық өмірдегі барлық маңызды мәселелерді өзі шешіп, отбасы мүшелерінің қауым алдындағы тәртібіне де өзі жауап береді және сыртқы ортада отбасының өкілі болып есептеледі. Отбасылық қарым-қатынастар отбасы мүшелерінің қалыптасқан иерархиялық рөлі негізінде құрылады.

Эгалитарлы отбасы – демократиялық қарым-қатынасқа, әйел мен еркек арасындағы теңдікке, әріптестікке негізделген.

 

Отбасы қызметтері:

 

1) репродуктивті қызметте  – іштен өсе отырып, өзін қайталап  өндіру механизміне ие болады. Яғни, баланың дүниеге келуі арқылы  отбасы қоғамның биологиялық  үздіксіздігін қамтамасыз етеді;

2) тәрбиелік қызметте  – баланың өміріндегі ең жауапты кезеңде отбасы оны әлеуметтендіріп, орнықты дамуыны жағдай жасайды, қабілетін, талабын, қажеттіліктерін айқындайды. Ішкі адамгершілік, сезімдік, қамқорлық, сыйластық факторларын игеріп, бала өзінің жоғары «менін» қалыптастыратын мінез-құлық нормаларын меңгере бастайды;

3) шаруашылық тұрмыстық  қызмет – отбасы мүшелерінің  сұраныстарын қамтамасыз ету,  олардың денсаулықтарын қолдау, балаларға қамқор болуымен сипатталады;

4) экономикалық қызмет  – кәмелетке толмаған және  еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерін  материалдық жағынан қамтамасыз  ету, оларға қолдау көрсетуге негізделеді;

5) алғашқы әлеуметтік  бақылау - әлеуметтік өмірдің  әртүрлі салаларында отбасы мүшелерінің  тәртібін моральдық жағынан қалыптастыру, жұбайлар қарым-қатынастарындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастарды ретттеу қызметін атқарады;

6) рухани қатынасты дамыту  қызметі – отбасы мүшелерінің  тұлғасын қалыптастыруға, олардың  рухани құндылықтарын байытуға, некелік одақтың достық негізін бекітуге негізделеді;

7) әлеуметтік мәртебе  беру қызметі – отбасы мүшелеріне  белгілі бір әлеуметтік мәртебе беретін қоғам құрылымын ұдайы жетілдіріп отыруға арналады;

8) әлеуметтік және сезімдік  қорғау қызметі – адамға жақын  туыстары тарапынан қолдау көрсетіп, адамның өзін отбасында қадірлі, сүйікті сезініп, өміріне араша түсетін жандардың барын ұғынуы оның қамқорлық, қауіпсіздік сезімін оятып, бойына рухани күш-жігер, сенімділік береді;

9) фелициотологиялық қызмет  – отбасындағы сүйіспеншілік,  махаббат пен бақытқа негізделеді.

Сонымен, отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат тарихында  маңызды рөл атқарады. Ол баланың дүниеге келіп, өсіп-жетілуін қамтамасыз етіп, отбасы мүшелерінің тіршілігін қолдап, ұрпақтардың физикалық және әлеуметтік мәдени жалғастығы арқылы социумның өмір сүруінің базалық алғышарттарын жасайды.

Отбасы өзінің отбасылық  және демографиялық құрылымы арқылы әлеуметтік-тарихи дамуға өзіндік ықпалын тигізеді.

Отбасының тарихи қалыптасу  формасы

Отбасы адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ежелгі формаларының бірі. Ол дін, мемлекет сияқты әлеуметтік институттардан әлдеқайда бұрын пайда болған.

Отбасы өзіндік процестері, атқаратын қызметтері арқылы әлеуметтік топ ретінде дамып отырады. Отбасының тарихи дамуы туралы мәселе әртүрлі қоғамдық ғылымдардың зерттеу өзегі болды.

Америка ғалымы Льюис Морган (1881-1881) өзінің этнологиялық зерттеуінің нәтижесінде (солтүстік Америка тайпаларындағы индеец-ирокездерді зерттеген) «Ежелгі қоғам» деген еңбегін (туыстық отбасылық қатынастар туралы) жарыққа шығарды. Ол еңбегі бойынша, ежелгі отбасының пайда болуы ешқандай нормалар арқылы реттелмейтін қауымдастықтар мүшелерінің арасындағы жыныстық қатынастардан басталды деп көрсетті. Кейіннен ғалымдар Морганның зерттеуіне сүйене отырып, отбасының даму тарихын мынадай фазаларға бөлді:

 

1) промискуитет – адамзаттың  тағылық сатысына негізделеді.  Бұнда қоғамның барлық мүшелерінің  арасында шексіз жыныстық қатынас  орнаған.

Келе-келе жыныстық қатынастар шектеліп, жеке топтар қалыптаса бастаған. Бұл процесс келесі отбасы формасының қалыптасуына негіз болды.

2) қандас-туыстық отбасы  – топтық некемен сипатталады.  Бұнда жыныстық қатынасқа түсуге  бір ұрпаққа жататын адамдардың арасында ғана рұқсат етілген. Бір ұрпаққа жататын адамдар (аға, сіңілі, қарындас т.б) өздерінің туыстық деңгейлеріне тәуелсіз бір отбасын құрған. Бұндай отбасы эндогамиялық қауым бола отырып, бір адамның ұрпағын немесе бір руға, бір тайпаға жататын адамдарды отбасы қылып біріктіреді.

Кейіннен жыныстық әріптестердің ортасы азаюына байланысты дамыған отбасы формаларының қалыптасуына әкеліп соқты.

3) пуналуалды отбасында  жыныстық қатынастардан әйел  жақтың қандас жақын, алыс туыстары ажыратылады. Бұл отбасы типіне әлі де топтық неке жатады. Бірақ эндогамияның орнына экзогамиялық қауым қалыптасты. Яғни, экзогамиялық некеде әртүрлі ру адамдарынан отбасын құру жүзеге асқан.

Пуналуалды отбасы сонымен  қатар бір әйел мен бір еркектің арасында ұзақ та тұрақты байланыстың орнауымен ерекшеленді. Бұл байланыс алғашқы болып жұптық некенің қалыптасуына негіз болды.

4) синдиасмикалық отбасында бір еркектің бір әйелмен тұрып, сондай-ақ өзінің полигамиялық (бірнеше топтың арасындағы некелік қатынас) белгісін, яғни топтық некелік белгісін сақтауға рұқсат етілді. Бұндай отбасында некелік қатынас оңай бұзылып, ер адам өзінің жыныстық әріптестерін алмастырып отырған (бала болған жағдайда ол анасына қалдырылған).

Кейіннен қоғамның жетілдіріле бастауына байланысты еркек пен әйелдің арасындағы жыныстық қатынастарды реттеу арқылы моногамиялық отбасы құрылды. Ол рулық құрылымның ыдырап, жеке меншік пен таптардың пайда болуы кезінде қалыптасты.

5) моногамиялық отбасы – бір еркек пен бір әйелдің арасында тығыз некелік байланыстың орнауымен ерекшеленеді. Моногамияның қалыптасуы – жеке меншіктің пайда болып, оны қорғауға тырысу, әкелік құқықты сақтап, отбасы мүлкін иеленуге ұрпағының құқығын қамтамасыз ету себептерімен байланыстырылады.Моногамиялық отбасының күшеюімен қатар ескі рулық құрылым ыдырап, адамзат қауымының жаңа формасы қалыптасты.

Отбасындағы билік құрылымы  демократикалық немесе авторитарлық деп  екіге бөлінеді. Отбасындағы авторитарлық  билік әйелдің еркекке қатаң  бағынуын, осыдан барып, отбасы мүшелерінің  арасындағы қарым-қатынастар қатаң  тәртіп арқылы сипатталады. Отбасындағы  демократикалық билік ерлі-зайыпты  адамдардың қабілеттеріне қарай  басшылық рөлдерді бөлуге негізделген. Мұнда әрбір отбасы мүшесі шешім  қабылдауға қатысады, балаларды сендіру, нандыру, көз жеткізу негізінде  тәрбиелейді, мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Отбасындағы билікті зерттеу  ондағы адамдардың арасындағы функцияларды белгілеуге, ал, әрбір отбасы мүшесінің  осы рөлдерді қалай орындап жатқанына, сонымен бірге ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы түсінбеушілікті анықтауға әсер етеді.

Отбасының рөлдік(атқаратын  қызметі) құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже  – нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға, т.б. негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығын айтады.Әдет – ғұрып, салт бойынша отбасында әйел адам үй шаруашылығын жүргізу, бала табу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сөйтсе де еркек пен әйел функциялары өзгеріп отыруы мүмкін. Бүгінгі күні көптеген әйел адамдар өндірісте жұмыс істейді және жалпы отбасылық шешімді қабылдауға қатынасады. Мұның өзі отбасының атқартын қызметінің барлық жағына әсерін тигізеді, әсіресе, демографиялық (туу) тәртібіне зор ықпалын тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге келуін азайтты, некелік айырылысу көбейіп кетті.

Отбасы идеологиясы деп, әрбір отбасында қалыптасқан  белгілі бір қарым-қатынастар мен  құндылықтар жүйесінің жиынтығын  айтамыз.

Неке – бұл қоғам  тарапынан ретке келтірілген  әлеуметтік қатынастар, мұнда жеке-дара құштарлық сезім тұратылыққа, өзара  бейімділікке және неке шарттары ерлі-зайыптылардың  нақты әрекетіне айналады. Бейімділік жаңа сәби туғаннан кейін тұрақтылыққа айналады, ол жан-жақты дамыған және толық ұйымдасқан түрге ауысады. Дау – жанжал негізінде бейімділік тұрақты зорлық, күштеу жағдайына  да айналуы мүмкін, Ақыр аяғында  ол отбасының ыдырауына, некенің  бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

Отбасын құруда табысқа жету, отбасының ыдырауына жол бермеу – бұл маңызды әлеуметтік мәселе. Отбасының береке-бірлігі әр уақытта  ішкі және сыртқы күштер ықпалымен  қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық жасау, отбасында  еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын  іске асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, т.б.

Сыртқы күштер: қоғамдық пікірдің қысымы, экономикалық жағдайлардың қысымы, қоғамдық ортаның баланы қамқорлыққа  алуға талап-тілегі, отбасының өзінің әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі, т.б.

Информация о работе Отбасы әлеуметтануы