Отбасы қатынастары субъектісі ретінде ата-аналардың заңды мүдделері мен жеке мүліктік емес қатынастарын қорғау

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 01:00, реферат

Описание работы

Жалпы әлеуметтануда отбасы және қатынастары терең зерттелген тақырып.
Адамдар бір-бірімен араласады, кездеседі, танысады,достасады,т.б. жастар неке қидырады. Осылардың негізінде берік немесе әлсіз отбасы құрылады.
Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оны әлеуметтік ретінде талдап, зерттейді.
Отбасы – бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстытық байланысқа және жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі.
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметіне көнінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады.

Работа содержит 1 файл

Жалпы әлеуметтануда отбасы және қатынастары терең зерттелген тақырып.docx

— 21.60 Кб (Скачать)

Отбасы қатынастары  субъектісі ретінде ата-аналардың  заңды мүдделері мен жеке мүліктік емес қатынастарын қорғау

 

 

Жалпы әлеуметтануда  отбасы және қатынастары терең зерттелген тақырып.

 Адамдар бір-бірімен араласады, кездеседі, танысады,достасады,т.б. жастар неке қидырады. Осылардың негізінде берік немесе әлсіз отбасы құрылады.

Әлеуметтанушылар  отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оны әлеуметтік ретінде талдап, зерттейді.

Отбасы – бұл  адамдардың некелік және туыстық, жалпы  тұрмыстытық байланысқа және жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі.

Отбасының аса маңыздылығы  оның қоғам алдында екі негізгі  атқаратын қызметіне көнінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп,өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі – ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып отырады.

Отбасының объективтік  өзгеру процесі оның топ ретіндегі  сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі  отбасы – неке және балалардың денсаулығын  сақтау, оларды тәрбиелеу құқықтық және моральдық жауапкершілігі бар  институтционалдық бірлік ретінде  зерттеледі.

Американ әлеуметтанушысы  Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері болады.

1. Отбасы мүшелері  әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне әкеледі.

Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас және жеке болады, оның басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде шектеулі болады;

Отбасы – бейімделуші  ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-теңдікті сақтауға тырысады.

Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындауме бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мұқтажын орындауды қамтамасыз етеді.

Отбасы жеке-дара институт ретінде – оның тұрмыстық  салты қоғамдық салты қоғамдық мүддеге сәйкес немесе сәйкес келмейтін жағдайларда зерттелінеді.

Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ отбасының өзгеру үлгісін жасайды.

Кіріспе 
Отбасы- бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстық байланысқа және өзара жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі. 
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар саныен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалр санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ ( яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі-ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасырып отырады. 
Отбасының объективтік өзгеру процесі оның топ ретіндегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы- неке және балалардың денаулығын сақтау, оларды тәрбиелеу құқықтық және моральдық жауакершілігі бар институционалдық бірлік ретінде зерттеледі. 
Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендігідей жалпы белгілері болады. 
1. Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің міңез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне әкеледі. 
2. Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас және жеке болады, оның басқалармен байланысты белгілі бір дәрежеде шектеулі болады; 
3. Отбасы- бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе тендікті сақтауға тырысады. 
4. Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындаумен бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мұқтажын орындауды қамтамасыз етеді. 
Отбасы жеке-дара институт ретінде-оның тұрмыстық салты қоғамдық мүддеге сәйкес немесе сәйкес келмейтін жағдайларға зерттелінеді. 
Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ отбасының өзгеру үлгісін жасайды. 
Ерлі- зайыпты адамдардың арасындағы қатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет пен құқық ережелері құқықтық сипатта болады. Ол неке мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету,ерлі-зайыпты адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б. Осыған сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.

 

 275-бап. Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және

               мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері

 

       Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері аумағында өздері бірге тұратын тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңнамасымен, ал бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде аумағында олардың соңғы бірге тұратын тұрғылықты жері болған мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Бұрын бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады     

119 бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін

                 адамдар

 

       1. Жетім  балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу  және оқыту мақсатында, сондай-ақ  олардың мүлiктiк және жеке  мүлiктiк емес құқықтары мен  мүдделерiн қорғау үшiн оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.

 

       2. Сондай-ақ, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.

       3. Бұл  мән-жайлар балалардың мүдделеріне  сай келетін жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген бірге туған ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді әртүрлі адамдардың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуына жол берілмейді.

 

       120-бап.  Мемлекеттің қорғаншылық немесе  қамқоршылық

                 жөніндегі функциялары

 

       1. Мемлекет  кәмелетке толмағандарға және әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырады.

       2. Мемлекеттік  органдардың және ұйымдардың  кәмелетке толмағандарға қорғаншылық  немесе қамқоршылық жөніндегі  қызметін үйлестіруді және өзара  іс-қимылын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады.

       3. Мемлекеттің  қорғаншылық немесе қамқоршылық  жөніндегі функциялары Қазақстан  Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

       Ескерту. 120-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

       121-бап.  Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты  белгілеу

 

       1. Қорғаншылық  немесе қамқоршылық жөніндегі  функцияларды жүзеге асыратын  органдар қорғаншылыққа немесе  қамқоршылыққа мұқтаж адамның  тұрғылықты жерi бойынша не қамқорлыққа жататын мүліктің орналасқан жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлейдi. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық қорғаншының немесе қамқоршының тұрғылықты жерi бойынша белгiленуi мүмкiн.

       2. Адамды  әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет  қабiлетi шектеулі деп тану туралы шешiм заңды күшiне енген кезден бастап үш күн iшiнде сот оған қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлеу үшiн бұл туралы сол адамның тұрғылықты жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға хабарлауға мiндеттi.

       3. Адамға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты немесе мүлікке қорғаншылықты белгiлеу қажеттiгi туралы тиiстi органдарға белгiлi болған кезден бастап бiр ай iшiнде қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.

       4. Қорғаншы  немесе қамқоршы тағайындауға мүдделi адамдар сот тәртiбiмен шағым жасауы мүмкiн.

 

       122-бап.  Қорғаншылар немесе қамқоршылар

 

       1. Мыналарды:

       1) сот  әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет  қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;

       2) сот  ата-ана құқықтарынан айырған  немесе сот ата-ана құқықтарын  шектеген адамдарды;

       3) өзiне Қазақстан Республикасының заңында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;

       4) егер  сот олардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

       5) денсаулық  жағдайына байланысты қорғаншы  немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, тек қана кәмелетке толған адамдар қорғаншылар немесе қамқоршылар бола алады.

       2. Қорғаншы  немесе қамқоршы тек қана оның  келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн. Егер бұл қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, жұбайы, ата-аналары, туыстары немесе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдар қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалуда басым құқыққа ие болады.

       Егер  қамқорлыққа алынушылардың мүдделерiнiң арасында қайшылықтар болмаса, бiрнеше адам үшін бiр қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға жол берiледi.

       3. Әрекетке  қабiлеттi және ата-ана құқықтарынан  айрылмаған, бiрақ олардың тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезінде, қорғаншылар немесе қамқоршылар ата-аналардың тiлегi ескерiле отырып тағайындалады.

       Балаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезiнде қорғаншының немесе қамқоршының адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерi, оның қорғаншылық немесе қамқоршылық мiндеттерiн орындауға қабiлетi, қорғаншы немесе қамқоршы мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерiнiң балаға көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкiн болса, баланың өз тiлегi ескерiледi.

       Егер  кәмелетке толмаған балаға қорғаншы  немесе қамқоршы болып тағайындалатын  адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), оның жұбайының келiсiмi талап етiледi.

       4. Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж және тиiстi білім беру, медициналық ұйымдардағы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарындағы адамдардың қорғаншылары немесе қамқоршылары осы ұйымдардың әкiмшiлiктері болып табылады.

       Қорғаншының  немесе қамқоршының мұндай ұйымға баланы уақытша орналастыруы қорғаншының немесе қамқоршының осы балаға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатпайды.

       5. Қорғаншылар  немесе қамқоршылар кез келген  адамдарға қатысты, оның iшiнде  сотта өкiлеттiктерін арнайы растамастан,  өз қамқорлығына алынғандардың құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.

17-тарау. ҚОРҒАНШЫЛАРДЫҢ  НЕМЕСЕ ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ

 ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНҒАНДАРДЫҢ  ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

       123-бап.  Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы

                 адамдардың құқықтары

 

       Осы  Кодекстің 60-62 және 67-баптарында  көзделген құқықтармен қатар,  қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы  адамдардың сондай-ақ:

       1) өздерінің  адамдық қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне;

       2) қорғаншы  немесе қамқоршы тарапынан қамқорлық  жасалуына;

       3) осы  Кодекстің 126-бабының 4-тармағында  көзделген жағдайларды қоспағанда, онымен бірге тұруға;

       4) өздеріне  тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге;

       5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға;

       6) қорғаншы  немесе қамқоршы тарапынан жасалатын  қиянаттан қорғалуға;

       7) қорғаншының  немесе қамқоршының отбасында  тәрбиеленуге;

       8) өздеріне  күтіп-бағу, тәрбиелеу, білім алу және жан-жақты даму үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне;

       9) тұрғын үйі болмаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға құқықтары бар.

 

 

 

 


Информация о работе Отбасы қатынастары субъектісі ретінде ата-аналардың заңды мүдделері мен жеке мүліктік емес қатынастарын қорғау