Қоғам - әлеуметтік жүйе ретіне

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 09:47, реферат

Описание работы

Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды.

Работа содержит 1 файл

aziza.doc

— 119.00 Кб (Скачать)

Қоғам - әлеуметтік жүйе ретіне.

Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық  көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан  жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды.

Осылайша, қоғамды әдет–ғұрыптар, салт–дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, адамдардың үлкен және шағын топтары мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара әрекеттердің тұрақты жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі өндіретін жүйе болып табылады.

Қоғамды зерттеудегі  жүйелік тәсілдің негізгі мақсаты  — қоғам туралы түрлі ілімдерді  қоғамның жалпы теориясы болатындай етіп біртұтас жүйеге біріктіру.  Қоғам әр түрлі әлеуметтік байланыстардың, өзара іс-әрекеттер мен қарым-қатынастардың тығыз бірігуін, шоғырын білдіреді. Бірақ қоғамды жеке адамдардың, олардың байланыстарының, өзара іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының қарапайым қосындысы деп қарауға бола ма? Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру О. Конт пен Г. Спенсердің әлеуметтік философиясына тән. Бұл тұралы белгілі бір көзқарастарды М. Вебердің, П. Сорокиннің, Т. Парсонсонның  және А. Тойнбидің ілімдерінен көруге болады. К. Маркс өзінің қоғамдық- экономикалық формациалар туралы ілімінде жүйе ретіндегі қоғамға келесі түсінік берді. Бұл ілімнің жақтаушылары мен қарсыластары бар. Маркс пен Энгельстің еңбектеріне сүйене отырып, қоғамдық-экономикалық формацианы оған тән  өндіріс тәсілі, әлеуметтік құрылымы, саяси жүйесі мен рухани өмірі бар өзінің дамуының белгілі бір тарихи сатысында тұрған қоғам ретінде қарастырамыз. Бес қоғамдық- экономикалық формация атап көрсетілді: алғашқы- қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік. Олардың әрқайсысы , біріншіден, сапасы жағынан қоғамның белгілі бір типі ретінде, екіншіден, қоғамдық прогрестің сатысы ретінде сипатталады. «Қоғамдық- экономикалық формация » ұғымы қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде түсінуге мүмкіндік берді. Жоғарыда көрсетілген қоғамдық- экономикалық формациялар әлемдік тарихи процестің объективтік үрдісін көрсетеді. Олар тарихи процестің әртүрлі сатыларында дүниеге келе бастады. Әрбір жаңа формация қоғамның оданда гөрі жоғары типі болып саналады. Формациялық талдау методологиясы қоғамның бір формациядан басқасына күрделі өту процесің, бұл өтудің жолдары мен тәсілдерін, субъективтік және объективтік факторлардың өзарабайланысын зерттеуге негіздейдіҚоғамды жүйелілік тұрғысынан талдайтын болсақ, ол — қосынды емес, тұтас жүйе. Жүйе — өзара байланыстар мен қарым-қатынастарда болатын, бірыңғай тұтастықты білдіретін және тіршілік етуінің сыртқы жағдайларына қарай құрылымын өзгерте алатын элементтердің сапалық анықталған жиынтығынан тұратын пән, құбылыс немесе процесс. Кез келген жүйенің маңызды сипаты тұтастығы мен бүтіндігі болып табылады. Қоғам деңгейінде жеке әрекеттер, байланыстар және қарым-қатынастар жаңа жүйелі сапаны — элементтердің қарапайым қосындысы деп қарауға болмайтын ерекше сапалық күйді білдіреді. Қоғам өзіне кіретін элементтердің жеке алғанда ешқайсысында жоқ сапалардың тұтас жүйесі болып табылады. Өзінің интегралдық сапаларының салдарынан социологиялық жүйе оны құрайтын элементтерге қарағанда белгілі бір дербестікке, өзінің дамуының салыстырмалы дербес тәсіліне ие бола

 Қoғам тұтас жүйе  ретінде мынадай ішкі жүйелерден  тұрады: экономикалық, әлеуметтік, саяси  және идеологиялық. Бұлардың әрқайсысын  өз кезегінде жүйе ретінде  қарастыруға болады. Бұл ішкі жүйелерді әлеуметтік жүйенің өзінен ажыратып қарау үшін оларды социетальді деп атайды. Бұл жүйелер арасындағы өзара қарым-қатынаста себеп-салдар байланыстары басты рөл атқарады. Мұның өзі осы жүйелердің әрқайсысы өз бетінше өмір сүрмей, басқа жүйелерге себеп-салдарлық тәуелділікте болатынын білдіреді. Бұл жүйелердің барлығы иеарархияланған құрылымды білдіреді, яғни олар тізбектелген тәртіппен субординация, бағыныстылық арақатынаста болады. Сөйтіп, бұл жүйелердің алдыңғылары кейінгілеріне анықтаушы ықпал етеді, ал олар өз кезегінде алдыңғысына кері ықпал жасайд

 Әлеуметтік байланыстардың  сипаты мен түрі алдыңғы қатарға  шыққан жағдайда қоғам әлеуметтік  жүйе ретінде мынадай ішкі  жүйелерді қамтиды: әлеуметтік  қауымдастықтар, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік рөлдер, нормалар және құндылықтар. Олардың әрқайсысы бұл жерде де өзінің ішкі жүйелері бар айтарлықтай күрделі әлеуметтік жүйелерді білдіреді.

Материалды қорыту деңгейі  бойынша қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде зерттеудің өзара байланысты үш қыры бар:

а) “жалпы қоғамды” зерттеу, яғни қоғамның жалпылама, әмбебап қасиеттерін, байланыстары мен ахуалдарын (әлеуметтік философиямен тығыз байланыста және оның жетекші рөлімен бірге) бөліп  көрсету;

ә) қоғамдардың нақты-тарихи түрлерін, өркениеттің даму сатыларын зерттеу;

б) жеке нақты қоғамды, яғни нақты өмір сүретін елдер  мен халықтар қоғамдарын зерттеу.


Информация о работе Қоғам - әлеуметтік жүйе ретіне